4. Фотосинтездің сыртқы орта мен өсімдіктер жағдайына тәуелділігі.
Өсімдіктегі фотосинтез процесіне әсерін тигізетін сыртқы орта жағдайларына мыналарды жатқызуға болады: жарық, көмірқышқыл газының концентрациясы, температура. Жарықтың фотосинтезге әсері. Көміртегінің ассимиляциялануы үшін өсімдікке жарық керек. Мұны байқау үшін ішінде суы бар элодея өсімдігі салынған стаканды күн түскен жерге қойып, біраз уақыт бақылау керек. Бір минутта осы элодея бүтағының жапырақ-тарынан қанша көпіршік шыққанын санауға болады. Егер ішінде өсімдігі бар стаканды ол жерден алып, көлеңкелі жерге қойса, одан шығатын газ көпіршіктерінің саны азаяды, стаканды күн түскен жерге қайтадан қойғанда, газ көпіршіктері тағы жиі шыға бастайды. Бүл, әрине, жапырақта фотосинтез процесі тек жарық бар жерде ғана жүріп, көлеңкелі жерде не саябырсығанын, не мүлде жүрмейтіндігін көрсетеді. Жарықтың әсеріне бейімделу нәтижесінде барлық өсімдіктер тіршілік ету бейімділігіне байланысты түрліше болады.
К.А.Тимирязев көлеңкесүйгіш өсімдіктердің фотосинтез екпінділігі күн жарығының жартылай артуында, ал жарықсүйгіш өсімдіктерде толық күн жарығында ғана фотосинтез екпінділігі артатындығын анықтаған. Жарықтың фотосинтез процесіне тікелей қатынасының болуы себепті алғашқы жарық куатының артуы фотосинтез екпінділігін күшті арттыра бастайды, ал одан кейін арта түсу фотосинтез екпінділігін біршама арттырады, бірақ бұл кездегі фотосинтез екпінділігінің арту мөлшері алғашқыдан кеми түседі, ақырында жарық куаты артқанмен де фотосинтез екпінділігі артпай, қайта кеми бастайды, мұның себебі: жапырақтың сусыздануы, устьицалардың жабылуы және т.б.
Достарыңызбен бөлісу: |