Температураның әсері. Өсімдіктердің фотосинтез процесі үшін температураның алатын орны ерекше. Температураның өзгеруі фотосинтезге өте үлкен әсер етеді. Фотосинтезге температураның әсері фотохимиялық және биохимиялықреакциялардың болуына байланысты. Фотосинтездің биохимиялық реакциялары 25-30° С-ге дейінгі шекте Вант-Гофф заңына бағынады. Бүл осы шекте температураның әрбір 10 градусқа артуы реакцияны 2-3 есе тездетеді деген сөз. Фотосинтездің бүл реакциялары үшін температура коэффициенті (310= 2-3-ке тең болады. Температураның бүл шектен артуы фотосинтез реакцияларын тездетпестен, керісінше, оны тежейді, одан соң ферменттік жүйелердің инактивациясы салдарынан фотосинтезді толық тоқтатады. Фотохимиялық реакциялар температураға тәуелді емес деуге болады. Олардың температура коэффициенті 1,1-ден 1,4-ке дейін.
Фотосинтездің минимум, оптимум және максимум температураларын ажыратады. Минимум температурада фотосинтез әзер басталады, ал максимум температура дегеніміз фотосинтез жүріп жатса да, депрессия байқалатын ең жоғары температура болып табылады. Оптимум температура фотосинтез үшін нағыз қолайлы, температураның осы үш нүктесінің жағдайы өсімдіктердің географиялық шығу тегіне байланысты. Қарағай мен шырша үшін минимум температура — 0,5° С болады. Арктика, альпі және қоңыржай аймағы өсімдіктерінің фотосинтезі қату температурасынан біраз төменгі температурада тоқталады, ал тропика аймағы өсімдіктерінің фотосинтезі +4° С-дан +8° С-ға дейінгі, субтропика аймағы өсімдіктерінде 0° С немесе +2° С температурада тоқталады.
Қоңыржай аймағы өсімдіктерінің фотосинтезі үшін оптимум температура 25-30° С, суыққа көндіккен өсімдіктер үшін 8-15? С-ға дейін, тропика және шөл аймақтарының өсімдіктері үшін +40° С-ға дейін болады. Арктика аймағы өсімдіктерінің фотосинтезі үшін максимум температура шамамен +12° С, оңтүстік ендіктер өсімдіктерінің фотосинтезі үшін «+50° С, жылы су көздерінде өсетін бактериялар мен балдырлар үшін +80° С-дан 90° С-ға дейін.