Мәдени дәстүрлер – әлеуметтік және мәдениетті тұрғындардың ең құндылықты элементтерінің жиынтығы
Мәдени мұрагерлер – мәдениетке маңызды ақпарттардың, мәдени құндылықтардың берілуі.
Мәдени кеңістік – мәдениеттің, оның өкілдері санасында тіршілік ету формасы.
Фрейм – стереотипті ситуацияның ойбейнесі (М.Минский). Осы аталған когнитивті жасалымның денотаттық ситуациямен байланысы. Денотаттық ситуация стереотипті болады. Фреймнің тағы бір маңызды категориялық ерекшелігі – тілдік және тілдік емес білімді біртұтас когнитивті бейнеге (образға) айналдыра алатын құрылымдығы.
Фреймнің тағы бір ерекшелігі – оны екінші реттегі номинация арқылы объективтендіруге болатыны.