«Фразеологизмдердің лингво мәдени ерекшеліктері»



бет3/4
Дата26.06.2018
өлшемі72,69 Kb.
#44696
1   2   3   4

Ұсынылатын әдебиеттер: 

1. Қайдар Ә. Халық даналығы. Алматы: «Толғанай Т», 2004. – 560 б.

2.Манкееева Ж.А. Қазақ тілінің заттық мәдениет лексикасы. – А, 2000. – 354 б.

3. Смағұлова Г. Мағыналас фразеологизмдердің ұлттық-мәдени аспектілері. Алматы: Ғылым, 1998.

4. Жанпейісов Е. Этнокультурная лексика казахского языка. Алматы, 1989


11-дәріс. Фразеологиялық концепт. Ру-тайпа атауларына байланысты қалыптасқа ТТ-ң жалпы ұлттық концептілерді бейнелеуі. Жағымды және жағымсыз мәндегі концепт.

Белгілі бір ұлтқа тән концептілер қатысы басқа ұлттың концепт аясынан өзгеше ұлттық концепт аясын құрайды. Адам ойының бір парасында өмірге деген концептуалдық көзқарас туындап, қалыптасады. Дегенмен, бұндай көзқарастың ұжым санасында қалыптасуына көңіл бөліп, «концепт» терминінің өрісіндегі ұлттық менталитетке, ұлттың өмірге деген көзқарасының ұстанымдарына да көңіл бөлінуі қажет-ақ. Шығыс Қазақстан аймағындағы ру-тайпа атауларынан қалыптасқан тұрақты тіркестерді айрықша таңбалар жүйесі ретінде ала отырып, олардың бойындағы заман көшінде, үдерісінде жинақталған мағынаның мәнін ашу, яғни оның ғасырлар тезінде ұйыған кодын табу, мәнісін айқындау арқылы тіл біліміндегі құндылық дәрежесін көрсетсе, сапалы ұрпақ өз өмірінде қолдана біліп, жағымды тұстарын ғибрат етсе, бүгінгі ұрпақ рухани жұтаңдықты сезінбес еді. 

Шығыс Қазақстан аймағындағы ру-тайпа атауларынан қалыптасқан тұрақты тіркестерді лингвомәдени аспектіде қарастыру барысында төмендегідей тақырып аясында зерделедік:

- Шығыс Қазақстан аймағындағы ру-тайпа атауларынан қалыптасқан тұрақты тіркестердің жағымды мәндегі концепт жасауға қатысы.

- Шығыс Қазақстан аймағындағы ру-тайпа атауларынан қалыптасқан тұрақты тіркестердің жағымсыз мәндегі концепт жасауға қатысы.

Осындай жағымды мәнді ТТ-дің ру-тайпа атауларына байланысты қалыптасқан тұрақты тіркестердегі көрінісіне назар аударсақ. Мысалы: мұрындай мол қыл; айылың құйысқандай болсын, алашың туысқандай болсын; Айтақтай ұл туар, Ардагердей ат тумас; тұзақшыдай ел болмас, Зайсанға жетер жер болмас.

Жағымды сапада қарастырылған ру-тайпа атауларынан қалыптасқан тұрақты тіркестерді кесте бойынша көрсеткенде, олардың мағыналық өріс кеңдігін, бойына жинақтаған аялық білім өресін шамалауға болатынына көз жеткізе аламыз. 

Концепт – бұл белгілі концептуалдық жүйе иелерінің қоршаған шындық объектілерін идентификациялаудың өлшемі жайлы ақпарат [196, 3 с.]. Қалыптасқан концепті тілдік бірліктерден көрініс тапты. Тіл қатынас құралы қызметін атқарып, ойды жарыққа шығарып қана қоймайды, ол сонымен қатар адамның әрқилы көңіл күй толқындары мен жан дүние тебіреністерін де реттеп отырады. Ендігі ретте осы жағымсыз мәнді ру-тайпа атауларына байланысты қалыптасқан тұрақты тіркестердегі көрінісіне назар аударайық. Мысалы: сыбанның қызындай үйде қартайтамысың? сыбандай сырдаң қылма, қыржыдай қырысқақ қылма; ақымбеттей ұрысқақ қылма; Қожамқұлдың үйіне қонғанша, Дәуленнің жұртына қон; Айбикенің ауылына қонғанша, Нұрбикенің көшіп кеткен жұртына қон; қараға қонғанша далаға қон, далаға қонғанша молаға қон; Тоқабайдың үйіне қонғанша, Жанайдың жұртына қон. 


Ұсынылатын әдебиеттер: 

1. Қайдар Ә. Халық даналығы. Алматы: «Толғанай Т», 2004. – 560 б.

2. Қайдар Ә. Қазақ тілінің өзекті мәселелері. Алматы: Ана тілі, 1998

3. Маслова В.А. Лингвокультурология. – М: Академия, 2001. – 208 с.

4. Маслова В.А. Когнитивная линвистика. Минск: Тетра Системс, 2004. 


12-дәріс. Жағымды мәндегі концепт. «Бірлік», «Жан-жақты» концептісі. Концептілерді бірнеше ішкі мағыналық өрістерге жіктеу. «Бірлік» концептісі 

Адамдар арасындағы қарым-қатынасқа қатысты кез келген ұлттық мәдениет мәселелері, мысалы, «бірлік - ынтымақ» тәрізді ұғымдар қай кезде де, қазірдің өзінде де маңызды мәні бар мәселе. Қазақ халқы бірліктің, татулықтың, ынтымақтың жарасымдылығын ерекше бағалайды. Тіпті, бір жағадан мойын, бір жеңнен қол шығара алмаған қандастарға «алтау ала болса, ауыздағы кетеді, төртеу түгел болса, төбедегі келеді» деп, өмірдің сәнін, мәнін, береке, бірлігін еріксіз мойындатар мақалды да ғибрат еткен. Бұл жердегі «алтау» деп отырғанымыз – әрбір шаңырақ құрушыларда үш жұрттан алты жұрты (отанасы: өз жұрты, нағашы жұрты, қайын жұрты; отағасы: өз жұрты, нағашы жұрты, қайын жұрты) болса, «алтау» (ала болса) дегеніміз осы. «Төртеу» – төрт төңірегің, яғни туған-туысқаныңмен тату болып, төңірегің мен оңды келісімде болсаң, төрт құбылаң сай. Мысалы, төре жоқта «ноқта ағасы» төрелік етеді; арғын – аға, қыпшақ – жаға, қоңырат пен найман еншілес егіз; «Ақжолдаса» арғын қалмайды, екеуі бірігіп «Сарманайлап» түйілсе, басқалардың тамтығы да қалмайды және т.б 

«Жанды-жақты» концептісі Шығыс Қазақстан аймағында мынадай көрініс тапқан: Қаракесек көп пе, қара шыбын көп пе? отыз ұлды Қожан; Құлыншақтың бес қасқасы; бес бәйтен, жеті самай; жаныс көп пе, қамыс көп пе? тоғыз үй Тоқпанбет; үш көнші; жеті жолымбет; тобай ұлы орыстан да көп; тоғыз тума; Әдеттің алты қасқыры; алты ақша, үш тілеуберді, тоғыз тума, үйде Шоңы бар, түзде Шорманы бардың не арманы бар; Қыдыралы, Кедейсің, Қойке келсе не дейсің; төлеңгіт – Жаназардың туына, Өмірзақтың құтына жиналған ел және т.б. 

Қазақы ұғымда туыстық қатынасты саралауда сүйегі, табы, тармағы, руы деп тарата айтатын үрдіс қалыптасқан. Берілген контекстегі «жанды-жақты» сөзі өз кезегінде қазақы жіктелімге сәйкес мағыналық жүк жинаған сөздердің бірі. Іштей туыстық қатынасқа негізделген, алыс болса да қандас туыстардың күнделікті тұрмыс барысында атқарылатын шаруалардың ретін келтіріп, мыңдаған әрекеттердің басын ортақ мақсатқа жұмылдыра білген, әлеуеті қуатты, барыс-келіс, алыс-беріске оңтайланған, өз қажетін өтейтін, табысын еселейтін іске барлық ағайын-туған жұмыла кірісіп, «өз таныс», «көз танысты» оң жағына ала отырып, мәселесін өз пайдасына ғана шешетін, ұйымшылдығы жарасқан, «өз» бен «өзгелер» санасатын, құрығы ұзын әулет туралы мағлұмат беретін сөз ретінде алынды. Көшпелі елдің салтында жанды-жақты болған өз еліңде бедел, сыртқы жауға айбар саналған.


Ұсынылатын әдебиеттер: 

1. Манкееева Ж.А. Қазақ тілінің заттық мәдениет лексикасы. – А, 2000. – 354 б.

2. Смағұлова Г. Мағыналас фразеологизмдердің ұлттық-мәдени аспектілері. Алматы: Ғылым, 1998.

3. Жанпейісов Е. Этнокультурная лексика казахского языка. Алматы, 1989


13-дәріс. «Сүйіспеншілік», «Қонақжайлылық» концептісі.

«Сүйіспеншілік» концептісі

Киелі, қасиетті «атамекен» ұғымы қазақтың мифтік ғалам бейнесінде де орын алады. Қазақтың киелі жері ретінде Көктөбе, Қазықұрт тауы, Жиделібайсын, Ұлытау т.т. атауға болады. Дегенмен, кез келген қазақ үшін өз туған жері киелі де қасиетті. Қазақтың «сүйсінер ұлың болса, сүйінерге жарар ол» деген сөзінің дақпыртымен елдің елдігін көтерген, рудың таудан асқан тауқыметін арқалаған, ақыл өресінің ауқымдылығымен өз маңайын жауға алдырмаған атақты ұлдары жайлы ел ішінде айтылып жүрген біршама тұрақты тіркестер жинақталды. Мысалы, ел сыншысының ел ішіндегі беделіне орай Өскембайға (тобықты биі) өзіңнің бағың Қыдырдай болса, Құнанбайдың (Абайдың әкесі, тобықты билеушісі) бағы Шыңғыстай болады; шешендігі, кемеңгерлігі үш жүзге тараған Төле би, «Хан батыры», «Дарабоз» деген атақтарға жанкешті ерліктері арқасында ие болған Қабанбай батыр жайлы – Қазақта Қабанбайдан асқан батыр жоқ, Төледен асқан би жоқ; барлық істің түйінін бір адамға қаратып отыру дегенге саятын  Тайлақ келмей сабаның аузы шешілмес және Сүйіндік, сүбелігім, елдің көркі; Мұса да шықты маядан, жылқысы кетпес саядан; білсең, Кегенбаймын, білмесең, деген баймын; көбелдестер би болып, көппен кеңес құрған жер; көкте Құдай, жерде Құлбай; Төйкеден ұл туыпты, елі үшін күн туыпты және т. б. тұрақты тіркестер ел есінде мәңгі қалған есімдер. 

«Қонақжайлылық» концептісі

Қазақ – қонақжай, меймандос халық. Қазақтар үйге келген (құдайы қонақ, сыйлы қонақ, құрметті қонақ т. б.) қонақты «қонақ келді – құт келді» «қырықтың бірі – Қыдыр» деп ата дәстүрмен құшақ жайып қарсы алған, тұрып – төсек, жайылып – жастық болған, сый-сияпатын көрсетіп шығарып салған. Қонақ сыйлау қазақтардың бойына сіңген менталитеттік қасиеттеріне жатады.

Қазақтың қонақжайлылығы туралы жоғарыдағыдай жылдар тезі дәлелдеген пікірлер жеткілікті, ал тіліміздегі қалыптасқан тұрақты тіркестер қонақжайлылықтың кепілі тәріздес. Мысалы,Қарақұрсақтың қыры кеткенінің үйіне барсаң, сорпалық қызылы бар мал союға жарайды, ата құты шаңырақтарынан үзілмеген, қарынның майлы құрышы; Бура, қазы-қартаны тура; және т.б. Мысалы: Қаратаз барсаң, Можан бар, асулы тұрған қазан бар  Қаратаз табынан Қалба өңірінде мырзалығымен, қонақжайлылығымен аты шыққан Жидебай ұлы Можан дейтін асқан жомарт адамға 12 мың қой бітіпті. Күн сайын бір қойды сол маңайдан әрлі-берлі өткен жолаушыларға арнап сойғызады екен. Можанның мырзалығы сондай, ол кісінің үйі далаға жайып қойған дастарқан немесе жол бойында тұрған асхана сияқты болған. «Қаратаз барсаң Можан бар, асулы тұрған қазан бар» осы үрдіске байланысты қалыптасқан. Асқан дарқандықтың үлгісі ретінде:Бармақ мырза, Тана мырза, Береген Белгібай және т.б. тілдік бірліктер қалыптасқан.


Ұсынылатын әдебиеттер: 

1. Манкееева Ж.А. Қазақ тілінің заттық мәдениет лексикасы. – А, 2000. – 354 б.

2. Смағұлова Г. Мағыналас фразеологизмдердің ұлттық-мәдени аспектілері. Алматы: Ғылым, 1998.

3. Жанпейісов Е. Этнокультурная лексика казахского языка. Алматы, 1989


14-дәріс. Ру-тайпа атауларынан қалыптасқан тұрақты тіркестердің жағымсыз мәндегі концепт жасауға қатысы. «Берекесіз», «Кесірлік», «Оспадарлық» концептісі.

«Берекесіз» концептісі

Жалпы редакциясын танымал ғалым Т. Жанұзақов басқарған «Қазақ тілінің сөздігінде» берекесіз сөзіне: 1) бей-берекет, қалай болса солай; 2) тоқтауы жоқ пәтуасыз, тұрлаусыз, шалағай [197, 97 б.] деген түсініктеме берілген. Берекесіздік – іштей байланысты тұтастықты мінажат етпей, дегбірсіздікпен, ақыл таяздығынан, кісілік парасаттылығы, адамгершілік санасы жүрдім-бардымдау болғандықтан, алдың-дұлдың мінезбен маңайындағылардың шырқын бұзу, мазасын кетіру сонымен қатар жөн-жосық, жоралғыны белінен басып, жүйесіздікке, ретсіздікке бой ұру. Даукес

Қазақ «өспейтін адам, өнбес дау қуады» дейді. Осы пәлсапаның айнымас бір тармағы іспеттес ру, оның табы, тармағы атауларынан қалыптасқан мағыналық бірліктер. Шығыс Қазақстан, оның ішінде Семей, Ақсуат өңірінде даукестіктің символы ретінде есенамандықтар жайлы өте жиі айтылатын сөз-дерек бар. Мысалы: 1-аңыз:

Абай төбе би болатын Шар өзені бойындағы Қарамола съезі тарихқа мәлім. Сонда Найманның Есенаман руынан съезге көп келіпті. Олар өңшең өкпешіл, даукес адамдар. Көбінің ісі итпен байланысты. Бірі жоғалған итін т.б. айтып, әйтеуір есе бермепті. Содан «Қырық иттің құнын даулаған – Есенаман» атанып кетіпті [ 198]. 

«Кесірлік» концептісі

1 өріс – мысқылдағыш

Ашыған көжеге мас болған тоғаспысың?; үш айлық хан Тоғас; тоғалақ келді деп жардан құлаймыз ба? тоғалақ, неғып жүрсің жағалап?; туматай туыс, көті қуыс, бәрін жиып бір-ақ уыс; 

2 өріс – мақтаншақ 

Он жеті ұлды Бертіс; Қарқаралы хан Бертіс; керейдің жігіттері төр бермейді, қыздары сөз бермейді; 

3 өріс – қырсық

Қисая қалса, қыржы болғаны; қыржи, Мәмбетқұл, қыржи; қыңырайған қыржы; қыржаңға өкпелеген  қыржы. 

«Оспадарлық» концептісі

Ұр да жық

Атап айтқанда, өзен бойындағы жерге таласып, дерек ретінде алынған бейіттің орнын тегістеп, үстіне қой түнеткеннен: мола бұзған Сәдімбек; жайбарақат қымыз ішіп отырған ауылдың үстінен жүріп өткен құйынды аңдамай «аттанға» басып, елді қырып ала жаздағаннан: құйынға шапқан Асан [208, 45-46 бб. ]; барымта кезінде мен шормын, шормын, Құдайдан да зормын деп шабатын болғандықтан осы тіркес және мінез алдың-дұлдыңдығына байланысты: Үркештің үргенінен сақта; Саманжанның сары жұдырығынан сақта; қанды Қареке; тоқабай сарыны сәнге сабайды; садырмысың, мінезің шадырмысың?; Атап айтқанда:

Бүлдіруші

Арғын бүлінсе  Әйбикеден, найман бүлінсе  Жәмбикеден, үйсін бүлінсе  Күнбикеден; ел бүлігі тобықты, көп пысыққа молықты; тобықтының қаны сұйық; қыпшақ бұзады, арғын түзейді; қыпшақтың қарасы ашуланшақ, омырау келеді; сарысының көзі өткір, тілі ащы келеді.

Алауыздық

Бұланның асының берекесіндей; екі ақымбет қатар қонбас; байғана, қия жерден тайғана; ешкінің тілін кескен Байбөрді; бәйкісіге билік берме; малды сақау бүлдіреді  халықты жақау бүлдіреді; жеті кезеңде жеті ешкісі үсіп өлген Құлеке; жанболат ұрпақтары кейде сегіз, кейде алтау; қазымбеттің отауы он үйден аспасын.

«Сараң- пайдакүнем» концептісі

Сараң

Айбикенің ауылына қонғанша, Нұрбикенің көшіп кеткен жұртына қон; Қожамқұлдың үйіне қонғанша, Дәуленнің жұртына қон;өңшең мамай етке тойып, жалғыз қабасты сыртқа қойған; 

Пайдакүнем

Тұрмыс – болмыс айнасы. Оған мына бір мысалды тілге тиек етейік: көнші пайдақорлықты сүйеді, атақозы адалдықты сүйеді; Мамырбай құда болыпты, Жасыбайға демекке, Жасыбай құда болыпты, Мамырбайды жемекке (Жасыбай – тума қылыш, Мамырбай – тарақты) Тарақты мен тума Жамбастоған мен Жұмыршақта қойы қоралас, ауылы аралас тату-тәтті өмір сүрген. 

Ұсынылатын әдебиеттер: 

1. Манкееева Ж.А. Қазақ тілінің заттық мәдениет лексикасы. – А, 2000. – 354 б.

2. Смағұлова Г. Мағыналас фразеологизмдердің ұлттық-мәдени аспектілері. Алматы: Ғылым, 1998.

3. Жанпейісов Е. Этнокультурная лексика казахского языка. Алматы, 1989


15-дәріс. Ұлттық сана және тіл. Тілдік тұлға және оның мәдени құзіреті.

Ұлттық сана және тіл. Сөз мәдениеті – ұлттық сананы дамытуға қызмет ететін пән. Ұлттық сана рухани мәдениет ғылым мен білім, материалдық мәдениет және дене тәрбиесі мәдениетімен байланысты аса күрделі құрылым. Ұлтты, Отанды, Тілді мақтаныш тұтатын сезім де ұлттық сананың құрылымына кіреді. Тілді, елді, елдің ғасырлар бойы жасаған рухани, материалдық дүниесін жақсы көру сезімі қай кезде болсын қазақ халқында жеткілікті болған. «Қазақ» дегенде «Тіл» дегенде басқасынан бұрын сезімнің буырқанып кететін де сондықтан. Мысалы, ХХ ғасырдың басында А.Байтұрсынұлы намыстың отын үрлеп, қалғып кеткен ұлттық сананы оятты. 

1972 жылы Қазақ ССР Ғылым академиясы ұйымдастыруымен және баспасы, радио-телевизия қызметкерлерінің аудармашы, журналисттердің қатысуымен «Тіл мәдениеті және баспасөз» атты республикалық ғылыми-теориялық конференция өткізді. Конференцияны ана тілінің тазалығы, ана тілін дамыту, ана тілін қастерлеу, дәріптелу рухында өтті. Көрнекті тіл мамандары І.Кеңесбаев, әсіресе М.Балақаев, А.Ысқақов, Р.Сыздықова т.б. ат салысумен болған бұл жиынның ұйытқысы Тіл білімі институты болдыАкад. І.Кеңесбаевтың «Қазақ тілінің фразеологиялық сөздігінің», проф. А.Ысқақовтың басқаруымен құрастырылған онтомдық «Қазақ тілінің түсіндірме сөздігінің» жарық көруі әдеби тілдің нормаларын танытудағы лексика-фразеологиялық байлығын жүйелеп, тәртіпке келтірген лингвистикалық мәні ерекше еңбек екені өз алдына, мұндай рухани дүние ұлттық сананы байытып, әртүрлі ұғымдардың тілдік тұлғаның, тілдік ұжымның санасында вербалдануына, сөйтіп, когнитивтік санадағы білімдер жүйесін орнықтыруға, байытуға ықпал ететін тілдік құралдар болғаны даусыз. Адам санасындағы ақиқат дүние туралы ақпараттар – сыртқы дүниенің тілдік тұлға санасындағы моделі. 

Ұсынылатын әдебиеттер: 

1. Қайдар Ә. Халық даналығы. Алматы: «Толғанай Т», 2004. – 560 б.

2. Қайдар Ә. Қазақ тілінің өзекті мәселелері. Алматы: Ана тілі, 1998

3. Маслова В.А. Лингвокультурология. – М: Академия, 2001. – 208 с.

4. Маслова В.А. Когнитивная линвистика. Минск: Тетра Системс, 2004. 

 ПРАКТИКАЛЫҚ САБАҚТАР



Практические занятия


1.Адам және мәдениет. Мәдениет және өркениет. Мәдениеттің даму бағыттары. 


1



2.Тіл және ұлттық мәдениет. Мәдениеттің түрлері: материалдық және рухани мәдениет.


1



3. Мәдениет, оны анықтаудың тиімді жолдары. Тіл арқылы мәдениеттанудың ғылыми бағыттары. Этнолингвистика. Елтану. Лингвомәдениеттану.


1



4. Лингвомәдениеттанудың тарихы мен теориялық негіздері. Лингвомәдениеттанушы мектептер.


1



5. Дүниенің тілдік бейнесі және эмпирикалық таным. 


1



6. Ұлттық мәдениеттің қалыптасуына негіз болатын басты факторлар. Географиялық фактор. Тілдік фактор. Діни фактор. Этнонимдік фактор. Психикалық фактор.


1



7. Аралық бақылау жұмысы


1



8.Лингвомәдениеттанудың негізгі түсініктері, базалық категориялары.


1



9.Фразеологиялық концепт, олардың түрлері.


1



10.Жағымды және жағымсыз мәндегі концепт.


1



11.Лингвомәдениеттану. Заттық және рухани мәдениет. 


1



12.Ұлттық мәдениеттің қалыптасуына негіз болатын басты факторлар. Географиялық фактор. Тілдік фактор. Діни фактор. Этнонимдік фактор. Психикалық фактор.


1



13. Рухани мәдениет лексикасының этномәдени негіздері. Ру-тайпа атауларынан қалыптасқан тіркестердің этномәдени негіздері.


1



14.Фразеологизмдердің материалдық мәдениетке қатысы. 


1



15. Аралық бақылау жұмысы


1






4 СТУДЕНТТІҢ ОҚЫТУШЫМЕН ӨЗДІК ЖҰМЫСЫ


  1. Ә.Қайдардың еңбектері, этнолингвистикаға және линвомәдениеттануға қатысты пікірлері


  2. Фразеологиялық концепт және оның типтері.


  3. Негізгі лингвомәдениеттанымдық категориялар.


  4. Қазақ фразеологизмдерінің қалыптасуындағы ұлттық мәдени маңызы бар түпдеректер.


  5. Мәдениет пен өркениет.


  6. Субмәдениет. Культурема.


  7. Тілдің табиғаты туралы көзқарас.


  8. Тілдік тұлға. 


  9. Фразеологизмдердің елтану мақсатындағы орны мен рөлі. 


  10. Этнопсихологиялық факторлар;


  11. Этномәдени ұғымдарға негізделген этнографиялық фразеологизмдерді топтау.


  12. Ұлттың дәстүрлі мәдениет үлгілеріндегі дағдылы ұлттық рәсімдердегі тұрақты айтылатын тіркестер;


  13. Қазақ тіліндегі символдық мәні бар сөздер мен сөз тіркестері;


  14. Фразеологизмдердің материалдық мәдениетке қатысы. 


  15. Ру-тайпа атауларынан қалыптасқан тіркестердің этномәдени негіздері.






Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет