«Фразеологизмдердің лингво мәдени ерекшеліктері»



бет2/4
Дата26.06.2018
өлшемі72,69 Kb.
#44696
1   2   3   4

Ұсынылатын әдебиеттер: 

1. Қайдар Ә. Халық даналығы. Алматы: «Толғанай Т», 2004. – 560 б.

2. Қайдар Ә. Қазақ тілінің өзекті мәселелері. Алматы: Ана тілі, 1998

3. Маслова В.А. Лингвокультурология. – М: Академия, 2001. – 208 с.

4. Маслова В.А. Когнитивная линвистика. Минск: Тетра Системс, 2004. 


8-Дәріс. Тілдің паремиологиялық қоры. Тілдің фразеологиялық қоры. Эталондар. Стереотиптер. Символдар.

Лингвомәдениеттанудың зерттеу тақырыбының бірі – тілдің парамиологиялық қоры. Өйткені, мақалдар – таңдау үшін біршама үлкен кеңістікті беретін, халықтық сананың стериотиптері. Мақал мен мәтелдер дәстүрлі түрде ауыз әдебиетінде жанрлы мәтіндер ретінде оқып танылады. 

Тілдің фразеологиялық қоры – халықтың тілі мен мәдениеті туралы мәліметтердің ең бағалы қайнар көзі. Мұнда халықтық мифтер, дәстүрлер, салттар, әдет-ғұрыптар мен тәлім туралы түсініктер жинақталған.

Эталондар – заттардың, құбылыстардың, нысандардың сапалары мен қасиеттерін өлшейтін болмыс.

Стереотип – қоршаған ортаның нақты шындық көрінісі. Бізге белгілі кезкелген тіркес астарында стереотиптік құбылыс бар. Мысалы: тарақ найзалы батыр; кең қолтық керей; астындағы атын алты ай іздеген Малтүгел; қыржаңға өкпелеген қыржы; ұл туса қызай қуанар, гүл өссе қыз қуанар. Соңғы мысалды алатын болсақ, түздің қатерлі де қиын шаруаларын атқару ер адамның мойнына жүктелген іс екені қалып алған жағдай, ал жаугершілік заманда, үркінді кезеңде ер-азаматсыз отбасы өмір сүре алмас еді, сондықтан қазақ отбасында дүниеге ұл бала келсе, қуаныш еселенеді. 

Символ – әр қырынан танылатын көпқырлылығымен танылатын мәдениеттің тұрақты элементі. Мысалы, бөлінгенді бөрі жейді; бір рулы ел.

Бейне когнитивтік модель қалыптастыратын таңба, кейіпкерлер мен нысандар: Айбике, Нұрбике, Айдабол, Ергенекті Уақ, Байыс, Қу дауысты Құттыбай, Тұз еккен Малтүгел.

Жоғарыда көрсетілген когнитивті модельді ұйымдастыратын бірліктер мен таңбаларға (ассоциация, стереотип, символ, бейнелер) зер салсақ, олардың адамның ойлауы мен түсінуіне, қабылдауына, елестетуіне ықпалы ерекше екенін тануымызға болады. «Денотат – латынның белгілеу, білдіру сөзі, белгілі бір сөз білдіретін объектив дүниедегі зат не құбылыстар. Референт – латынның хабарлайтын сөзінен шыққан, білгілі бір тілдік элемент қатынаста болып ойдың элементтеріне тән, ойда бейнеленген объектив дүниедегі заттар мен құбылыстар» [158, 66 б.]. Тілтанымдағы денотат пен референт ұғымдарына берілген анықтамаларды зерделейтін болсақ, денотат – сөз мағынасын, референт – ұғымның мәнімен сәйкес келеді. Алайда тіл білімі мен логикаға қатысты жазылған еңбектерде аталған екі термин тең дәрежеде қарастырылады. 

Сөздің лексикалық мағынасының құрылымдық элементтерінің енді бірі –сигнификаттық мағына. Сигнификаттық мағына деп – түйсік арқылы қабылданып, жалпыланған субъективті бейнені айтамыз [159, 86 б.]. Сигнификаттық мағына бір жағынан денотатпен, екінші жағынан танымдық бейнемен байланысып жатады. 

Мағына таным теориясымен тығыз бірлікте қарастырылады. Ұлт танымының, оның ішінде жеке бір халық, қазақ халқының биік танымы мен талғамын танытатын мәдени құндылықтары болса, осы құндылықтарды жүзеге асыратын жеке-жеке ру, тайпа болып бірлесіп өмір сүрген адамдардың мәдени көрсеткіші – көркем де бейнелі тілі. 

Аз сөзбен көп мағына таныта білген қазақ халқының ру-тайпа атауларының қойылуының өзін де үлкен мән жатыр. Мәселен, жоғарыда айтылған тілтанымдағы денотат, референт, сигнификат сынды ұғымдар негізінде Найман, Уақ, Қоңырат, Қыпшақ, Арғын, Керей руларының өзіндік аталуы мен белгілерін ажыратып көрсетіп, ұсынып отырмыз.

денотат (ру атауы) 

Найман сигнификат – қазақ арасындағы

бірігіп өмір сүрген ру аты 

референт – Алтайдан Балқашқа дейінгі кең байтақ қазақ жерін мекендеген, сегіз арыс, тоғыз таңбалы. Негізгі таңбасы – бақан, ұраны – Қаптағай). 


денотат – ру атауы

Уақ сигнификат – қазақ арасында 

бірлесіп өмір сүрген ру атауы

референт – саны жағынан аз ру. Ергенекті Уақ деп те атайды. Ұраны – Жаубасар, таңбасы – ашамай


Ұсынылатын әдебиеттер: 

1. Қайдар Ә. Халық даналығы. Алматы: «Толғанай Т», 2004. – 560 б.

2. Қайдар Ә. Қазақ тілінің өзекті мәселелері. Алматы: Ана тілі, 1998

3. Маслова В.А. Лингвокультурология. – М: Академия, 2001. – 208 с.

4. Маслова В.А. Когнитивная линвистика. Минск: Тетра Системс, 2004. 


9-Дәріс. Мифологиялық атаулар. Тілдің танымдық құрылымының мифтік негіздері. Тіл мен мифтің сабақтастығы. 

Мәдени семантика салт, наным, сенім, рәсім т.б. тәрізді атаулардың мазмұнында ұшырасады. Қазақ тұрмысында нанды аса қастерлі тағам деп ерекше қасиет тұтады. Дәм-тұздың атасы нан деп біледі. Сөздің лексикалық мағынасымен жарыса жүретін мәдени коннотациялық мағына әуелде дәм-тұзды киелі санайтын наным-сеніммен байланысты. Нан ұрсын, дәм-тұзын аттамау, дәм-тұз ұрсын, дәм тартты, дәм тартпады, дәмнен үлкен емес, нанды баспайды, таспен атқанды аспен ат т.б. дегендер нан-тұзды киелі деп танумен байланысты. Сөйтіп, нан-тұз, тұз-дәм зұлымдыққа қарама-қарсы қойылады. Зұлымдық дәм-тұздан аса алмайды, зұлымдықтың бетін дәм-тұз қайтарады деп білген.

Байырғы қазақ қоғамындағы дәм-тұз адамдарды біріктіреді, ал қазан елдің бүтіндігін, бірлігін сақтайды деп білген. Жауласқан, кектескенде дұшпанның қазанын қақ айыру, қазан сындыру серті болған. Бұл семантикалық таңба дұшпанды бірлігінен, бүтіндігінен айыру деген мағынаны білдірген.

Қазіргі кез білім, ғылымның заманы деп, мифологиялық санаға қатысты әртүрлі жол-жоралғы, салт-дәстүр, ритуал т.б. қоғамдағы орнын мүлде жоққа шығаруға болмайды. Ритуал, жол-жоралғы, салт-дәстүр адамдарды қоғамдастырып отырады, салт-дәстүрі ортақ болғандықтан, бірін-бірі жақын тартады.Салт-дәстүр, жол-жоралғыны білмеген, мойындамағандарды қоғамдастықтан «бөтен» деп санайды. Тілдік қарым-қатынас мәдениетінде мұндай факторды елемеу коммуникативтік сәтсіздікке ұшыратады. Сондықтан мәдени-тілдік құзыреті жоғары тілдік тұлға тілдік коммуникацияда мифологиялық санамен байланысты факторларды да бағдарға алуға тиісті векторлардың бірі деп қарайды.

Тілдік тұлға үшін мәдени-тілдік семантиканың аса күрделі түрі фразеологимдер, паремологизмдер тәрізді тілдік таңбаның мазмұн межесіндегі құралдармен байланысты.Мақал-мәтелдер белгілі бір құбылысқа «жаман»/«жақсы» деп баға береді, адамдарға ақыл-кеңес береді, сақтандырады: Жауды аяған жаралы қалады, Тәуекел түбі – желқайық, өтесің де кетесің, Уайым түбі – тұңғиық, батасың да кетесің; Жал-құйрығы қалың деп, Жабыдан айғыр салмаңыз.

Тәртіпке шақырады: Әкесі тұрып ұлы сөйлегенннен без, анасы тұрып қызы сөйлегеннен без;Көңілді тыныштандырады: Орнында бар оңалар; Батар күннің атар таңы бар; Сақтандырады:Жаман айтпай жақсы жоқ; жау жоқ деме, жар астында, бөрі жоқ деме бөрік астында; ауру  астан, дау – қарындастан.

Барлық фразеологизмдер, барша мақал-мәтелдер этномәдени семантика бола бермейді. Этностың ақиқат дүние туралы көзқарасы, салт-дәстүрі, жол-жоралғылары әдет-ғұрпы, моралі, әдеби, тұрмыс-тіршілігімен байланысты ақпараттар жинақтаған тұрақты сөз орамдарының мазмұндық құрылымында ақиқат дүниенің тілдік бейнесін көрсететін ұлттық ерекшелікті (спецификаны) танытатын компоненттер болады.«Адам қартаймайтын шайтан емес қой» деп қайсыбір кісілер мұндай тілекті қош алмайды. Қазақ ұғымында қарттық үлкен құрмет, адамның қызметі, атақ-дәрежесінен гөрі жасын сыйлау, жасына қарай жол беру жағы мықтап ескеріледі. Үлкендердің байырғы кезде кәрілікке жеткізсін, жағың түспей жамандық көрме, ақ сақалды сары тісті болдейтіні сол этикалық норманы айқын аңғартады.

Ұсынылатын әдебиеттер: 

1. Қайдар Ә. Халық даналығы. Алматы: «Толғанай Т», 2004. – 560 б.

2. Қайдар Ә. Қазақ тілінің өзекті мәселелері. Алматы: Ана тілі, 1998

3. Ақбердиева Б. Лексика-фразеологиялық жүйедегі мифтік-танымдық құрылымдар. Алматы, 2000. Автореферат.


10-дәріс. Ру-тайпа атауларынан қалыптасқан тұрақты тіркестердің этномәдени негіздері.

Ру-тайпа атауларынан қалыптасқан тіркестердің этномәдени негіздері. Фразеологизмдердің материалдық мәдениетке қатысы. 

Ұлттық мәдениетті тіл арқылы тану, рухани мәдениетке жататын тілдік бірлік ретндегі фразеологизмдер арқылы танудың маңызы өте зор. Ру-тайпа одағы қоғамдық құқықтық қатынастар институты, ол құқықтық қатынастарды реттейді, ол қоғам мүшелерінің (жүз, тайпа, ру, тап, тармақ т.б.) әлеуметтік қатынастарына қызмет етеді, ол ру-тайпа мүшелерінің мәдени қатынасына қызмет етеді; ол жалпы адамзаттың ұлттық құндылықтары негізінде тәрбие ісіне қызмет етеді; ол санаға, қоғамдық санаға сөз арқылы әсер етуге қызмет етеді. Ру-тайпа құқықтық мәдениет әлеуметтік этика  тәрбие  ұлттық құндылық  қоғамдық стереотип  ұлтық менталитет ретінде қарастыруға болатынын көреміз, оны жоғарыдағы сызбадан көруге болады. 

Ұлттық болмыс тұрғысынан алып қарағанда, әлеуметтік этиканың қалыптануында адамның өткендегі тәжірбиесі маңызды орын алады. Мысалы, қазақы ұғымда қуанышты жағдайды қабылдаудың өз ерекшелігі бар. Құнанбайдың немере інісі Ақбердіге Құнабайдың «Бетқұдықты Ақбердіге берсін!», – деген сәлемін әкелген Абайға Құлыншақ ақын: «Ақберді, Ақберді, Ақбердіге Құдай бақ берді», – деп тақпақтай бергенде, Бала Абай іле жөнеліп: «Бақ берген емей немене, Борсақтан қалған аз жерді «Менікі» деп тап берді деген екен. Ақберді, Ақберді, Ақбердіге Құдай бақ берді мағыналық бірлігі осы бір қуанышты оқиғадан кейін ел аузында қалса керек. Ұлттық қабылдау, ұлттық түсінікте бақты берейін десе, бір-ақ сәтте бере салар деген қағида қалыптасқан, сонымен қатар есте қаларлық жағдайда өлең сөзбен термелей жөнелу бұл да қазақы топырақтан өніп шыққан бір белгі [161, 147 б.]. Ұлттық менталитет. Қазақ халқы салт-дәстүрін, әдет-ғұрпынан бой тартпаған халық. Көптеген күрмеуі қиын мәселе дала дәстүрі негізінде шешіліп отырған. Мысалы, өліп кетті Өтекең, майға толды Көтекең тұрақты тіркесінен жол-жоралғы негізіндегі даулы мәселенің оңтайлы шешімін тапқанын көреміз. Айдабол балаларының арғы атасының аты Көтібақ болса керек. Ауыл ішіндегі істің аяғы насырға шауып (Абыралы жерінде), кісіге жазығы жоқ, көпшіл де діншіл жан Өтебай қазаға ұшырайды. Екі ауыл да бір Үсеннің балаларынан. Елдің тыныштығын, азаматтардың амандығын қалайық дей отырып, сол елдің болысы, Ноха қажы 2000 теңгедей ақшалай құн кескен екен. Жоғарыдағы сөзді Өтебайдың құрдасы Күлшім деген айтып, елге таралып кетіпті. Ағайын арасына жік түспеуін көздеген шешім қалыптасқан дәстүр негізінде оң шешімін тапқан [162, 110 б.]. 

Қоғамдық стереотип. Халық рухының өмірлік мәні оның тілінде сақталған. Сондықтан кез келген мағыналық – бірлік ру-тайпа өмірінің мәнді бір бөлшегі. Қазақ халқының өзіндік сөйлеу өнері қалыптасқан. Шешендік өнерді, оны иеленуші адамды ерекше құрмет тұтқан. Сол себепті шешен де шебер сөйлеудің қыр-сырын жетік білген қазақ халқының ұлттық сөйлеу ерекшеліктерін төмендегідей бөліп көрсетуге болады:

Біріншіден, қазақ үйіне келген адамды бірден әңгімеге тартпаған, алдымен сый-құрметін көрсетіп, ыңғайы келді-ау дегенде, қалыптасқан жөн-жоба негізінде көңіл-қошын білдірген. Екіншіден,әңгімелесу ахуалында айтылған сөздің астарлы мағынасына көз жеткізіп барып қана, өз ойын айтқан. Қазақ көп жағдайда қойылған сұраққа бірден жауап қайтармаған. Үшіншіден, тілдесудің ойдағыдай өтуінің этикалық шарты бар. Сөйлеушіге оң пейіл білдіру, тілдесуге ықыласты екеніңді көрсету, оның сөзін түсіністікпен ден қоя тыңдау т.б. сондай-ақ әңгімеге, сөзге құлақ түріп, назар аударудың вербалды белгісі – қоштау таныту арқылы жүзеге асады. Қазақ амандасудан бастап қоштасуға дейін тиісті қалыптанған жазылмаған ережені сақтайды. Қазаққа кеңдік, есептеспеушілік, «бір Алла біледі» деушілік, қанағат, тәубеге келушілік қасиеттері тән. Сөздікте берілген тұрақты тіркестерден ұлттың ерекшелігін бағамдауға болады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет