Фразеологиялық оралым- кемінде екі сөздің тіркесуінен жасалған, мағынасы біртұтас, құрамы мен құрылымы тұрақты, даяр қалпында қолданылатын тілдік бірліктер.
Этнолингвистика– гректің “ ethnos ” (халық, тайпа) және лингвистика деген ұғымдарынан туындайтын, тілді оның мәдениетке қатысы тұрғысынан зерделейтін әрі лингвистикалық, этномәдени және этнопсихологиялық факторлардың біте қайнаса келіп, тілдің қызметі мен дамуына тигізетін әсерін зерттейтін тіл білімінің саласы.
Этнос– ғылым ретінде өткен бір дәуірлерде дүниеге келіп, белгілі бір геолграфиялық ортада қалыптасып, шұғылданған тіршілік-тірлігі бірыңғай, мінез-құлқы ұқсас, діні де, тілі де бір, салт – дәсүрі мен әдет-ғұрпы ортақ, өзінің ортақ тегін, туыстығын сезіне білетін, сатылап даму барысында аналық, аталық, рулық, тайпалық, ұлыстық және халықтық дәуірлерді басынан кешіріп, бүгінде дербес ел болып отырған адамдар қауымы.
әлемнің тілдік бейнесі -біріншіден, белгілі бір ұлттық тілге қатыссыз, яғни тіларалық өзгешеліктерге тәуелсіз айқындалатын ұғым; екіншіден, керісінше, тілдік ерекшеліктерге, ең алдымен, лексикалық номинация жүйесіндегі өзіндік белгілерге бағыттала әрі ұлттық тілдің негізінде қалыптасатын ұғым (Э.Д.Сүлейменова);
әлеуметтік лингвистика- тілдің қоғамдық қызметтерін, әлеуметтік шартталған белгілері мен заңдылықтарын кешенді түрде зерттейтін қазіргі тіл ғылымының маңызды бағыттарының бірі, ол тіларалық байланыс жағдайындағы кез келген тілдің өмір сүру формасына, қоғамдық қызметінің ауқымы мен сипатына қатысты айқындалатын тілдердің қызмет ету ерекшеліктерін қарастыратын сала (Э.Д.Сүлейменова);
когнитивтік лингвистикадегеніміз –танымдық құрылымдардың лингвистикалық сәйкестіктері мен мүмкіндіктерін анықтау, белгілі бір тілдік жағдайды қойылатын мақсатқа, әсер етуші себеп-салдарға орай әр түрлі тілдік құралдар арқылы сипаттау, олардың әр келкі деңгейде қабылдану өзгешелігін зерделеу;
концепт –адам санасының ойлау бірліктері мен психикалық ресурстарын, білім мен тәжірибенің бейнелі көрсеткіштерін құрайтын, хабарлы құрылымдарды түсіндіруге мүмкіндік беретін когнитивті лингвистиканың негізгі ұғымдарының бірі;
лингвомәдени концепт- жалпы бір ұлт мәдениетінің басты элементі, адамның ментальды әлемінің басты ұяшығы; этномәдени санада сақталған, белгілі бір ұлттың ұрпақтан ұрпаққа берілетін ықшам әрі терең мағыналы шындық болмыс, ұлттық мәдени құндылықтары жөніндегі сан ғасырлық түсінігін білдіретін құрылым (Ислам Айбарша);
мәдениетдегеніміз – адамзат өмірін ұйымдастырып, дамытатын арнайы тәсілдер жиынтығы; қоғамның дамуын сипаттайтын тарихи деңгей; белгілі-бір адам әрекетінің қалыптасу негіздері; ұлттар мен этностардың тарихи дәуірлеуінің сипаттамасы; қоғамдық, этикалық нормалардың даму деңгейі;
- адамдардың сөйлеу әрекетін оның мінез-құлқындағы өзгешеліктерімен байланыстыра, тілдік тұлға ұғымын жеке психологиялық аспектіде қарастырыра дамып отыратын бағыттардың маңыздысы;
ұлттық-мәдени кеңістік және этномәдени белгілер -өзге мәдени құбылыстармен бетпе-бет келгенде ғана айқындалатындықтан әрі мағыналық ерекшелігін информациялар мен эмоциялар тізбегі, адам өмір сүретін және қызмет ететін виртуалды әрі шынайы шарттар құрайтын ерекшеліктер;
ұлттық мәдениет -этникалық мәдениеттің негізінде қалыптасатынына қарамастан, жазу мен білім жүйелеріне қатысты сұрыпталып, қоғамның әлеуметтік-саяси әрі технологиялық дамуында, әдебиеті мен өнерінде, пәлсапасы мен ғылымында көрініс табатын құбылыс, ғалымдар бұл ұғымды «белгілі бір елде, мемлекетте тіршілік ететін адамдардың рухани өмірін сипаттайтын символдар, наным-сенімдер, құндылықтар, өзін-өзі ұстау нормалары сынды ерекшеліктерден құралған күрделі құрылым» деп сипаттайды;
фрейм –1)онтологиялық тұрғыданфреймдер ғылыми-практикалық әрекеттерді ұйымдастыру құрылымы деп қаралу керек; 2)гносеологиялық тұрғыдан– аталмыш әрекеттердің танымдық бейнесі анықталуы қажет; 3)когнитивтік тұрғыдан– фреймдер адам санасындағы деректерді жинақтайтын, реттеп отыратын құрылым ретінде айғақталуға тиіс;
2 ДӘРІСТЕР
1-Дәріс. 1.Тіл – Мәдениет – Адам – Этнос.Адам және мәдениет. Мәдениет және өркениет.
Тіл мәдениетпен тығыз байланысты: ол мәдениетке енеді, онда дамиды, оны білдіреді. Мәдениет сөзі латынның Colere сөзінен шыққан, құру, тәрбиелеу, дамыту, құрметтеу, табыну деген мағынада жұмсалады.XIII ғасырдан бастап адамның әрекетімен, еңбегімен, оның мақсатқа бағытталған ойлауымен пайда болғанның барлығы мәдениетке жатады деген түсініктер қалыптасқан. Мәдениет – бұл әлеуметтік-гуманитарлық танып-білудің іргелі ұғымдарының бірі. Мәдениет ұғымына берілген анықтамалар көп. Күні бүгінге дейін дүниежүзінде мәдениетті танудың бірыңғайлығының жоқтығы, ортақ көзқарастардың болмауында
Этнос – өзінің шығу тегі мен тарихи тағдыры туралы ортақ түсінікпен, тілдің, мәдениет пен психика ерекшеліктерінің и ортақтықтарымен, топтық бірліктердің сана-сезімімен байланысқан адамдардың тілдік, дәстүрлі мәдениетті қауымдастығы.
Өркениет термині (латынның – азаматтық, қоғамдық) XVII ғасырда пайда болды. Сол кезде өркениетті жабайылыққа қарама-қарсы деп түсіндірілді. Өркениетті мәдениеттің синонимі ретінде де түсіну қалыптасқан. Бұл екі термен мәдениет пен өркениетті алғаш рет XIX ғасырдың соңында ажырата бастады.Бұл екі терминнің қатынас мәселесімен О. Шпенглер, А. Тойнби, Н. Бердяев т.б айналысты.
Ұсынылатын әдебиеттер:
1. Қайдар Ә. Халық даналығы. Алматы: «Толғанай Т», 2004. – 560 б.
2. Қайдар Ә. Қазақ тілінің өзекті мәселелері. Алматы: Ана тілі, 1998
2-Дәріс. Тіл мен мәдениеттің өзара байланысы.Тіл және ұлттық мәдениет. Рухани және матералдық мәдениет.
Кез келген халықтың мәдениетінде тілдің алатын орны орасан зор. Мәдениеттану ғылымында тілдің мәнін зерттеушілер өз қырынан танып, өз тұрғысынан баға береді. Мұндай баға негізінен мына пайымдауларға саяды:
- тіл – мәдениеттің айнасы. Ол айнада адамның ақиқат өмірдегі айналасы ғана емес, халықтың менталитеті, ұлттық ерекшелігі, дәстүрі, салт-санасы, моралі, құндылықтар нормасы мен жүйесі, дүниенің бейнесі (суреті) айқын көрінеді;
- тіл – мәдениетті жинақтаушы, сақтаушы. Халықтың білімі, танымы, материалдық және рухани байлығы тілдік жүйеде сақталады. Олар негізінен фольклорлық шығармаларда, көркем туындыларда, әртүрлі жазба мұраларда сақталады;
- жинақталған, сақталған дүниеліктер тіл арқылы ұрпақтан ұрпаққа жетіп отырады. Жас бала ана тілін үйрену барысында мәдениетті, бұрынғы ата-бабалардың тәжірибе, білімін қоса игереді;
- тіл – жеке адамды қалыптастырудың мәдени құралы. Жас ұрпақ ана тілі арқылы халықтың менталитетін, дәстүрін, салт-санасын қабылдайды.
Тіл мәдениеттен тыс тұрмайды. Мәдениет дегеніміз тіл болса, тіл дегеніміз мәдениет. ХХ ғ. тілші ғалымдар, тіл ғылымының негізін салушылар тіл, ойлау, мәдениет атты үштіктің өзара бір-бірімен байланысын ашты.
Ұсынылатын әдебиеттер:
1. Қайдар Ә. Халық даналығы. Алматы: «Толғанай Т», 2004. – 560 б.
2. Қайдар Ә. Қазақ тілінің өзекті мәселелері. Алматы: Ана тілі, 1998
Тіл арқылы мәдениеттанудың ғылыми бағыттары.Этнолингвистика.Елтану. Лингвомәдениеттану
Тіл білімінде бүгінгі таңда тіл арқылы мәдениеттанудың бір-бірімен өзара тығыз байланысты жаңа ғылыми бағыттары қалыптасып келеді. Олар:
Этнолингвистика.
Елтану.
Лингвомәдениеттану.
Тіл арқылы мәдениеттану аспектілері қазақ тіл білімінде 1980 жылдан былай қарай ғылыми негізде сөз етіле бастады. Әсіресе, қазақ тіл білімнде «тіл және мәдениет» мәселелеріндегі сабақтастық туралы ғылыми тұжырымдар арқылы ғасырдың соңғы жиырма жылында зерттеу материалдарының аясы кеңіп, толыға бастауы академик Ә.Т.Қайдаров есімімен байланысты.
Жалпы халықтық тілді пайдаланудың қалыптасқан дәстүрлі үлгісі бар. Ол үлгі – тілдік норма, немесе әдеби тіл. Мұнда назар аударатын нәрсе - әдеби тіл мен көркем шығарма тілі екеуі бір ұғымды білдірмейді. Әдеби тіл ол тек көркем шығарманың ғана тілі емес, жалпы жазба тіл түрлерінің бәрін түгел қамтиды. Солай бола тұрса да, көркем шығарманың ғана тілі емес, жалпы жазба тіл түрлерінің бәрін түгел қамтиды. Солай бола тұрса да, көркем шығарма тілінен оның шеңбері тар. Өйткені әдеби тіл – сөйлеуде және жазуда пайдаланып, нормаланған, қалыптасқан тіл. Көркем шығармада стилдік мақсатта жалпы халықтық тілдегі қарапайым, жаргон және жергілікті ерекшелік сипатындағы сөздердің бәрі де қолданыла береді. Сондықтан әдеби тілден көркем шығарма тілінің аясы кең, әрі тілдің басқа формаларына қарағанда көрнекті орын алады.
Ұсынылатын әдебиеттер:
1. Қайдар Ә. Халық даналығы. Алматы: «Толғанай Т», 2004. – 560 б.
2. Қайдар Ә. Қазақ тілінің өзекті мәселелері. Алматы: Ана тілі, 1998
4-Дәріс. Дүниенің тілдік бейнесі және эмпирикалық таным.
Әрбір тіл дүниені өзінше жүйелеп бөледі, яғни оны концептуализациялаудың өзіне тән тәсілдері болады.
Тіл – адамның дүние туралы білімін қалыптастырудың және сол білімнің өмір сүруінің аса маңызды тәсілі. Адам өз танымын, нәтижесін сөз арқылы «тіркеп» отырады. Тілдік формаға түскен осы дәстүрлі білімдердің жиынтығы бірде «аралық тіл», «дүниенің тілдік репрезентациясы», «дүниенің тілдік моделі», «дүниенің тілдік бейнесі» деп аталады.
Дүниенің тілдік бейнесі бар да, дүниенің концептуалды бейнесі бар. Дүниенің концептуалды бейнесі өзгеріп отырады: мысалыАй, Күнт.б. жөнінде ұғымдар өзгерді, ал дүниенің тілдік бейнесі өзгермей қалып қойды:күн ұясына батты, ай тудыт.б. Бұлардың архетип, прототипі мифологиялық таныммен байланысты:Ай өледі, қайта туады; күннің ұясы болады, ұясына кіреді, ұясынан шығадыт.б.
Ұсынылатын әдебиеттер:
1. Қайдар Ә. Халық даналығы. Алматы: «Толғанай Т», 2004. – 560 б.
2. Қайдар Ә. Қазақ тілінің өзекті мәселелері. Алматы: Ана тілі, 1998
5-Дәріс. Лингвомәдениеттаным.Лингвомәдениеттану ғылымының әдістері, мақсаты мен міндеті. Лингвомәдениеттанудағы зерттеу нысаны мен тақырыбы, теориялық және практикалық мәні.
ХХI ғ. тіл білімінде тілді тек коммуникация мен қарым-қатынас құралы ғана емес, сонымен қатар ұлттың мәдени ақпараты жинақталған код ретінде қарастыратын бағыт қалыптасты. Бұл бағыттың іргесі В. Гумбольдт А.А. Потебня және т.б. ғалымдардың еңбегінде қаланған. Мысалы: В. Гумбольдт: «Менің ұлттық тілімнің шегі – менің көзқарасымның шегін білдіреді», – дейді [152, 5 ст.]. Әрбір тарихи кезең, қоғамдық құбылыстар белгілі бір әлеуметтік заңдылықтармен сәйкес келіп және оның әрбір белесі мен қадамы өзіндік ерекшеліктерімен айқындалады. Адамзат баласының ұлттық және этникалық ерекшеліктері тарих пен табиғат дамуының қайталанбас кереметі. Осындай ұлттық және этникалық жағынан танылатын жайттардың бірі – ру-тайпа атауларының тілі мен ру-тайпа атауларына байланысты қалыптасқан тұрақты тіркестер.
Бүгінгі таңдағы ғаламдық өркениет аясындағы жаһандану үдерісіне байланысты тіл біліміндегі зерттеулер бағытының ауқымды да интеграциялық сипатына сай тіл мен мәдениет сабақтастығын анықтаудың мәні зор.
Кез келген тілді ұлт тілі арқылы зерттейтін – лингвомәдениеттану саласы. Жалпы тіл білімінде лингвомәдениеттану ғылымы тілді зерттеудің бір саласы ретінде кейінгі кезеңдерде қалыптасқан. Ал лингвистика мен мәдениеттану ғылымдарының түйісу нүктесінен ХХ ғасырдың 90-жылдарында өз алдына жеке жаңа бағыт пайда болуына әкелді, бұл бағыт Э. Бенвенист, В.Н. Шаклеин, В.А. Маслова және т.б. ғалымдардың еңбектеріне байланысты «лингвомәдениеттану» деген атқа ие болды. В.А. Маслова тіл мен мәдениеттің арақатынасын «Язык теснейшим образом связан с культурой: он прорастает в нее, развивается в ней и выражает ее» [152, 6 с.], –деп түсіндіреді.
Лингвомәдениеттану – ұлттық сипаты бар әлеуметтік, рухани және тұрмыстық қатынастар мен заңдылықтарды тілдік бірліктер мен амал тәсілдерден іздейтін, зерттейтін тіл білімінің бір бағыты.Ғалымдардың тұжырымдамалары тіл мен мәдениеттің өзара байланысын, арақатынасын айқындауға ұмтылуынан туындаса керек. Мәселен, В. Гумбольдт тіл мен мәдениеттің қарым-қатынасы мәселесін қарастырады: 1) материалдық және рухани мәдениет тілде көрінеді; 2) кез келген мәдениет ұлттық, оның ұлттық сипаты тілде көрінеді; 3) ұлттық рухтың көрінуі оның мәдениетінде; 4) тіл – адам мен оны қоршаған дүниені жалғастырушы аралық [154, 203 с.].Адам өзінің әлемге деген көзқарасын, дүниетанымын тіл арқылы бейнелейді. Әрбір тілдің өзінің ішкі, ұлтық өзгешеліктері бар болғандықтан, кез келген тіл әлемнің суретін өзінше салады. Себебі әр халықтың басынан кешірген тарихы, рухани болмысы, тұрмыс-тіршілігі, әдет-ғұрпы, салт-санасы сол тілді иеленушілердің ортасында қалыптасып, сол тілде сақталады. Демек, сөз заттың тікелей атауы ғана емес, адам санасындағы шығармашылық үдерістің жемісі. Олай болатын болса, сөз затты атап қана қоймай, оны танытады, анықтайды. Ал таныту белгілі бір халықтың өмір сүріп отырған кезеңдеріндегі нақты жағдайларына байланысты әр алуан болады. Бұдан әр халықтың өзіндік қайталанбас ерекшеліктері, ұлттық этникалық өзгешеліктерін сипаттайтын тілдік деректері болады деген қорытынды жасаймыз.
Лингвомәдениеттану – бұл лингвистика мен мәдениеттің аясында пайда болған, тілде көрініс тауып бекітілген халық мәдениетінің көрінуін зерттейтін ғылым.Ол зерттеу мақсаты, міндеттері , әдістері, нысаны бойынша өз алдына дербес сала болып табылады. Тіл бір уақытта мәдениетті сақтаудың, дамытудың, қалыптастырудың құралы, бөлігі болып табылады. Тілдің көмегімен материалдық және рухани мәдениеттің шынайы туындылары жарыққа шығады. Осы идеяның негізінде мыңжылдықтардың табалдырығында жаңа ғылым лингвомәдениеттану қалыптасты.
Тіл, мәдениет, этностың өзара әрекеттесуі мәселесі жаңалық емес.
XX ғасырдың басында « Сөздер мен заттар» мектебі пайда болды. Ол тіл мен мәдениет мәселесін құраушы элементтердің тіл мен мәдениетті құраушы кірпіштерін зерттеу жолына бағыттап, тіл білімінің лексика мен этимологиясындағы маңыздылығын көрсетті.
Ұсынылатын әдебиеттер:
1. Қайдар Ә. Халық даналығы. Алматы: «Толғанай Т», 2004. – 560 б.
2. Қайдар Ә. Қазақ тілінің өзекті мәселелері. Алматы: Ана тілі, 1998
6-Дәріс.Лингвомәдениеттанудың базалық түсініктері.Мәдени концепт. Мәдени дәстүр. Мәдени кеңістік. Мәдени ая. Мәдени сема. Фрейм.
Мәдени семалар– сөздің мағыналық құрылымындағы мәдени ақпаратқа ие элемент, семантикалық бірлік (единица). Мысалы,жылқы– «тақ тұяқты төрт түліктің түрі; өзі көлік, ал еті, сүті азық ретінде пайдаланатын жануар» десек, «еті», «сүті» деген семалар – мәдени ақпарат беретін семантикалық бірлік. Қазақ мәдени-тілдік қоғамдастығында 1)қантіршілік, күш-қуат көзі деген символдық мәнді білдіреді. Мысалы,қан жоқ, сөл жоқ«күш-қуаты кеміген»,бетіне қан жүгірді;2)қантуыстық, бауырластықтың символы, мысалы,қаны бір, қандастармыз, қанына тартпағанның қары сынсын«түбі бір туыс»; 3)қанжастықтың, сұлулықтың символы. Мысалы,бетінен қаны тамған«жас, сұлу»; 4)қанқасиеттіліктің символы, мысалы,қаны жібермейді«қаннан құтылмайды» деген мағынада.
Мәдени ая(фон) – белгілі бір этностың әлеуметтік өмірі мен белгілі бір тарихи уақиғамен байланысты жайттарды білдіретін, тілдік таңбалардың жүйесі. Мысалы: а)қымызмұрындық, сіргежияр, сіргемөлдіретер; жар-жар, алтыбақан, шілдехана, үкітағар, тағаз берут.б.; ә)Жеті жарғы, Қасымханның қасқа жолы, Есімханның ескі жолы; Қазақ қайың сауғанда, қырғыз Ғисар ауғанда; Ақтабан шұбырынды, алқакөл сұлама; Он сан ноғай бүлген күн буыршын мұзға тайған күн, Әрмембет өлген күн; Желтоқсан оқиғасы т.б.
Лингвомәдениеттану саласын нақтылай, айқындай түсетін ұғым – концепт. Концепт адам санасында әмбебап қызмет атқарады. Концепт термині ғылыми әдебиеттерде ХХ ғасырдың ортасында қолданысқа енген. Алайда 1928 жылы жарияланған С.А. Аскольдовтың «Концепт и слово» атты мақаласында концепт терминін «мысленное образование, которое замещает нам в процессе мысли неопределенное множество предметов одного и того же рода» [168, 267 с.], – деп түсіндіреді.
Орыс тіл білімінде концепт терминіне көптеген анықтамалар берілген. Дегенмен, ғалымдардың пікірлері біржақты болмағандықтан, лингвомәдениеттану саласында концепт мәселесіне байланысты тартыс туындайды. Ұғым белгілі бір заттың жалпы, көзге көрінетін заттық белгілерін береді. Ал концепт заттың тек көзге көрінетін ғана емес, кез келген абстрактілі белгілерін бере алады. Демек, ұғым мен концепт екі түрлі мәселе.
В.Н.Телияның көзқарасы бойынша, «концепт – это все то, что мы знаем об объекте во экстенсии этого знания» [162, 97 с.], –дейді.Яғни белгілі бір заттың жалпы абстракциялы белгілерінің барлығы концептіні құрайды. Сондай-ақ, В.Телия концептіні белгілі бір зат не құбылыстың әлемдегі типтік образдары мен «прототипін» қалыптастыратын категория екенін ерекше атап өтеді.
Н. Уәлиев ұғым мен концепт, мағына мен концепт жайлы былайша ой толғайды: «Ұғым мен концептінің мағынасы тепе-тең емес. Ұғым белгілі бір объектінің танылған аса мәнді белгілерінің жиынтығы болса, концепт мазмұн межесі жағынан объект туралы барлық білімнің жиынтығы, ал тұрпат меже тұрғысынан тілдік бірліктердің (лексикалық, фразеологиялық, паремологиялық т.б.) құралдардың жиынтығы болып табылатын ментальды, ұлттық ерекшеліктерді танытатын құрылым.
В.А. Маслова концептінің мынадай ерекше құрылымын ұсынады:
- негізгі (актуальды) нышан;
- қосымша (белсенді емес, тарихи) нышан;
- ішкі форма (әдетте түсінілмейтін) [177, 21 с.].
Концепт – көп аспектілі ментальді құрылым болғандықтан, әр концептіде (бірінші және екінші атауыштың қызметтеріндегі сөздердің) аталған терминдер түрлі коннотацияларға, түрлі аялық білімге ие.
Мәдени дәстүрлер– әлеуметтік және мәдениетті тұрғындардың ең құндылықты элементтерінің жиынтығы
Мәдени мұрагерлер –мәдениетке маңызды ақпарттардың, мәдени құндылықтардың берілуі.
Мәдени кеңістік –мәдениеттің, оның өкілдері санасында тіршілік ету формасы.
Фрейм– стереотипті ситуацияның ойбейнесі (М.Минский). Осы аталған когнитивті жасалымның денотаттық ситуациямен байланысы. Денотаттық ситуация стереотипті болады. Фреймнің тағы бір маңызды категориялық ерекшелігі – тілдік және тілдік емес білімді біртұтас когнитивті бейнеге (образға) айналдыра алатын құрылымдығы.
Фреймнің тағы бір ерекшелігі – оны екінші реттегі номинация арқылы объективтендіруге болатыны.
Ұсынылатын әдебиеттер:
1. Қайдар Ә. Халық даналығы. Алматы: «Толғанай Т», 2004. – 560 б.
2. Қайдар Ә. Қазақ тілінің өзекті мәселелері. Алматы: Ана тілі, 1998
7-Дәріс.Мәдени коннатация.Мәдени коннотация тілдік белгідегі мәдениеттің экспоненті ретінде.
Мәдени коннотация.Сөздің лексикалық мағынасының құрылымына енбейтін, бірақ сол сөздің мағынасымен қабаттаса, жарыса жүретін компонентмәдени коннотациядеп аталады. Мысалы,қымыз«бие сүтінен ашытылған сусындық тағам» десек, вербалды таңбаның лексикалық мағынасы. Ал осы лексикалық мағынамен жарыса жүретінқымыз – көптің асы, астың асылыдеген компоненттер мәдени коннотоцияға жатады.
Тілдің мәдениетпен байланысуы қалай жүзеге асатыны туралы мәселе әрбір зерттеулерде әртүрлі беріледі: бірде ұлттық-мәдени компонент ретінде, немесе аялық білімдер ретінде. Зерттеуші В.Н. Телияның пікірінше, бұл байланыс мәдени коннотация арқылы жүзеге асады деп санаймыз.
Жалпы коннотациялар сөзден шығатын асоциацияларға негізделеді, әйтсе де, олар кей кезде шынайылыққа сүйенеді:садыр– қулықтың (сайтан қу ма, садыр қу ма?),матақ(керей) – тентектіктің (матақ, жүрген жерің шатақ),Белгібай(найман) – жомарттықтың (Береген Белгібай ),тобықты(арғын) – сөзге шешен, іске алғыр, ұйымшыл (сөз маржаны тобықтыдан табылады, бөз арзаны Бұқардан табылады, толғағы бір тобықтының баласы т.б) және т.б.
Көбінесе, коннотациялар бағалаушы рөлінде келіп, сонымен қатар әлем картинасын құрайтын тілдің ұлттық ерекшелігін анық байқатады. Мысалы, алғашында наймандардың әлемді қабылдау картинасынданайманның қызына шыдағанға тозақ жұмақтай көрінеді; найманның қызын алған, жұмаққа барадытіркестері жағымды мағына берсе, арғындардаажалыңнан бұрын өлгің келсе, не екі аяқты мотоцикл ал, не арғыннан қатын ал– жағымсыз баға алған; ал найман тайпасының ішіндегі қызай табының қыздары жайлы тек жағымды ғана баға берілген:арғыннан ән таңда, қызайдан қыз таңда.Коннотациялар әлемді бағалау формасы арқылы көрінеді.