5. Изобразительное искусство : Изучение цветов и их смешивание с помощью
датчика цвета. Робот может рисовать и реализовывать другие
Art-
проекты.
6. Иностранные языки : Программное обеспечение на английском языке.
Робот может произносить слова на разных языках.
7. Физкультура : Робот может считать число приседаний или измерять пульс.
8. Музыка : Изучение нот.
Таким образом, будущее за технологиями, а будущее технологий
-
за
учителями нового формата, которые лишены предрассудков, не приемлют
формального подхода и могут своими знаниями “взорвать мозг” ученикам и
расширить их кругозор до бесконечности. Будущее зависит от Великих
Учителей
STEAM !
Cписок использованной литературы 1.
Тен А. С. Новые тренды в современном образовании. Электронный
ресурс:URL:
http://zkoipk.kz/ru/2016smart3/2541-conf.html
2.
Азизов Р. Образование нового поколения: 10 преимуществ STEM
образования Электронный ресурс:URL: https://ru.linkedin.com/pulse/
-stem-
rufat-azizov
252
ФУНКЦИОНАЛДЫҚ САУАТТЫЛЫҚ МАТЕМАТИКАЛЫҚ БІЛІМ САПАСЫН АРТТЫРУ ҚҰРАЛЫ РЕТІНДЕ Индира Шайхыскаковна Абишева, Павлодар педагогикалық университеті
Жас ұрпақтың функционалдық сауаттылығының төмен деңгейі олардың
қоғамға бейімделуін және әлеуметтенуін қиындатады. Қазіргі қоғамға кәсіби
қызметте өз әлеуетін барынша арттыра алатын, сол арқылы қоғамға пайда
әкелетін және елдің дамуына үлес қоса алатын тиімді азаматтар қажет. Бұл
қоғам деңгейінде мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын
дамыту мәселесінің өзектілігін түсіндіреді.
Функционалдық сауаттылықты
дамытудың жалпы бағдары Қазақстан
Республикасында білім беруді дамытудың 2011
-
2020 жылдарға арналған
мемлекеттік бағдарламасында анық көрсетілген. Ондағы басты мақсат жалпы
білім беретін мектептерде Қазақстан Республикасының зияткерлік, дене және
рухани тұрғысынан дамыған азаматын қалыптастыру, оның физикалық
құбылмалы әлемде әлеуметтік бейімделуін қамтамасыз ететін білім алудағы
қажеттіліктерін қанағаттандыру болып табылады [1].
ЮНЕСКО
-
ның анықтамасына сүйене келе сауаттылық деген сөз
тұлғаның оқу, түсіну
және күнделікті өмірге қатысы бар қарапайым қысқа
мәтіндер құрастыра алуы екен. Кейіннен бұл тәсіл біржақты деп танылды.
Функционалдық сауаттылық кең мағынада қарастырыла бастады: компьютерлік
сауаттылық, саяси, экономикалық сауаттылық т.б.
Функционалдық сауаттылық –
бұл оқушылардың мектепте оқу
барысында қол жеткізе алатын білім деңгейі және тұлғаның өмірдің әртүрлі
салаларындағы стандартты өмірлік міндеттерді шешу қабілетін білдіретін білім
деңгейі.
Функционалдық сауаттылық тұжырымдамасына негізделген танымал
халықаралық бағалау зерттемелерінің бірі «Экономикалық ынтимақтастық
және даму ұйымының» (ЭЫДҰ) қолдауымен өткізетін «15 жастағы
оқушылардың оқу жетістіктерін бағалаудың» халықаралық бағдарламасы
(Programmer for international Student Assessment - PI
SA) болып табылады. PISA
15 жастағы жасөспірімдердің мектепте алған білімдерін, іскерлігімен
дағдыларына даму іс
-
әрекеттердің әртүрлі салаларында, сондай
-
ақ тұлға аралық
қарым
-
қатынас пен әлеуметтік қатынастарда өмірлік міндеттерді шешу үшін
пайдалана алу қабілеттерін бағалайды. PISA зерттеулері қазіргі уақытта әлемде
мектептік білім берудің тиімділігін салыстырмалы бағалаудың әмбебап құралы
ретінде қарастырылады [2]. Ал
,
функционалдық сауаттылықты PISA қазіргі
қоғамдағы адамның толыққанды жұмыс істеуі үшін
қажетті білім мен дағдылар
деп түсінеді. PISA өз мониторингінде сауаттылықтың 4 түрін бағалайды: оқу,
математикалық, жаратылыстану және қаржылық.
253
Бүгінгі күн талабына сай жан
-
жақты дамыған, белсенді, өмірге
қызығушылығы
бар адамды мектеп табалдырығынан дайындап шығарудың ең
бір тиімді тәсілінің бірі оқытудағы