Математика, физика және информатика пәндерінің
«Функционалдық сауаттылықты дамыту: талап және нәтиже»
атты апталықтың ашылуы .
Би. 7 - класс оқушылары.
Қазақша сандар пойызы (бейне баян)
І – жүргізуші:
Құрметті оқушылар мен ұстаздар! Бүгінгі математика, физика, информатика апталығының ашылу салтанатына қош келдіңіздер! Оқушылардың қызығушылығын арттыру барысында пән аптылықтарының орны ерекше. Бұл апталықты өткізудегі негізгі мақсатымыз — оқушылар информатика мен математиканы тек сабақта ғана пайдаланып қоймай , өмірмен де байланысты екенін түсіндіру. Түрлі сайыстар мен іс- шаралар өткіземіз. Сол іс-шаралар арқылы сіздердің пәнге деген қызығушылықтарыңыз бен құрметтеріңізді ояту.Олай болса бүгінгі апталыққа қош келдіңіздер!
Апталықты ашу үшін мектебіміздің директоры Құдайбергенова Мейрамкүл Аяғанқызына сөз кезегін береміз.
«Функционалдық сауаттылықты дамыту: талап және нәтиже»
атты апталығымыздың жоспарымен таныстыруға МИФ бірлестігінің жетекшісі Мусина Алмажай апайға сөз кезегін береміз.
«Жұбыңды тап» трениннгі. (ынтымақтастық және топтық жұмысты ұйымдастыру).
Топтар өздерін таныстырады.
Тестілеу бағдарламалары арқылы тест жүргізу.
Топтық жұмыс. Смарт аяқ киім (бейне баян)
Ducere Technologies атауына ие индустар компаниясы электронды ұлтарақтары бар «смарт» аяқ киім шығаруға дайындалып жатыр. «Lechal» аяқ киімінің табанына орнықтырылған арнайы сезгіш аппараттары адамға дұрыс жол көрсету бағдарламасымен қамтылған. «Смарт» аяқ киімнің жұмыс істеу принципі өзге де смарт бұйымдардың принциптері секілді Bluetooth арқылы жұмыс істейді. Аяқ киім ауадағы байланыс арқылы смартфонға қосылып, діріл арқылы жол туралы ақпарат бере алады. Осылай, Lechal қайда қай жолмен баруды өз иесіне көрсетіп отырады.
Жоба.
Сандар туралы (бейне баян)
ІІ– жүргізуші:
Дүниеде құбылыстың мәнінде,
Зерттейді ол өзгерістің бәрінде.
Нақты ғылым дүние кілті бүгінде,
Бүкіл әлем сөйлейді, нақты ғылым тілінде.
І – жүргізуші:
Үшбұрыштар Бәйтеректе көз ұшында көрінген,
Пирамида орын алған Астананың төрінен.
Математика күллі әлемді өз тілінде сөйлетіп,
Білімнің нұрлы шуағы шар тарапқа тарайды.
«Математиктер» тобы
Ғылымдардың патшасы атанғансың,
Евклид, Фалес, Пифагордан бата алғансың,
Төзбейтін өтірікке жалғандыққа!
Жасықтан емессің сен қаталдансың
Ақыл – ойды тәртіпке келтіретін
Нағыз пән математика атанғансың
Жас достар,
Мұны жақсы ұғайық
Математика ғылымы
Құрметтеуге лайық
Дүниедегі құбылыстың мәніне
Табиғаттың, қозғалстың бәрінде
Мүмкін емес есептерсіз түсіну
Есебіңіз дүние кілті әлі де.
«Логикалық есептерді шешудің әртүрлі әдіс-тәсілдері» жобасы.
Қорғайтын 6-класс оқушылары.
ІІ – жүргізуші:
Интернет желісін жүктейсің де,
Әлемдік жүйеге сен енесің
Өмірдің тулап жатқан толқынында.
Өзіңді өзгелермен бір көресің
«Информатиктер» тобы!
Армысыңдар, Бүгінгі кешке жиналған қауым!
Құтқарып ауыр бейнеттен
Техниканы үйреткен
Роботтай –адамды
Тіл бітіріп сөйлеткен.
Білмегенді білдірген
Өлшеп киім кигізген
Барлық істі атқарып
Пайдасын елге тигізген
«AutoPlay Media Studio» бағдарламасындағы жоба жұмысы.
Қорғайтын 7-класс оқушылары: Райхан Назерке,Тельғұс Әсем
І – жүргізуші:
Түсіріп аспан заңын жұмыр жерге,
Бақтырып жұлдыздарды ескен желге,
Жансызға жан бітіріп қолға салып,
Физика кереметті көрсетті елге.
«Физиктер» тобы
Уа, халайық, халайық!
Бәріңе жар салайын!
Әлемдік тартылыс,
Күшін сен сыйладың
Ауырлық, үйкеліс,
Күшін сен сыйладың
Сыйладың сен маған,
Тұрақты сандарды.
Ом менен Ньютонның
Әр түрлі заңдарын
Электр қуатын сыйладың сен маған,
Жасанды көз нұрын сыйладың сен маған.
Сенсіз бұл өмірде жүру де жоқ маған.
Сенсіз бұл өмірді сүру де жоқ маған
«Эксперименттік тапсырмалар» жобасы.
Рефлексия. «Мен, осы аптылқтан күтемін...»
ІІ – жүргізуші:
Тәрбиелеп біліммен ұрпақтарын,
Қазағым бесіктен ақ берген білім.
Ұқтырып ғылымның кереметін,
Әр сөзінен дананың терген ілім.
Осы апталыққа барлықтарыңызды белсене қатысуларыңызды сұраймыз!
1- Оқушы: Ғылымдардың патшаасы атанған,
Евклид, Фалес, Пифагордан бата алған,
Төзбейтін өтірікке жалғандыққа!
Жасықтан емессің сен қаталдансың
Ақыл – ойды тәртіпкек келтіретін
Нағыз пән математика атанғансың
2- Оқушы: Армысыңдар, бүгінгі кешке жиналған қауым!
Құтқарып ауыр бейнеттен
Техниканы үйреткен
Роботтай –адамды
Тіл бітіріп сөйлеткен
Компьютер емей немене
Білмегенді білдірген
Өлшеп киім кигізген
Барлық істі атқарып
Пайдасын елге тигізген
3- Оқушы Ұстаз да, шәкірт те бас иетін,
Компьютер, бар сенің қасиетің.
Бір емес бірнеше іс атқарасың,
Жалғыз өзің, мыңның ісін атқарасың.
Ақапарат, ақпараттық әрекетті.
Жүзеге асырасың, бас ұрасың
Интернет желісін жүктейсің де,
Әлемдік жүйеге сен енесің
Өмірдің тулап жатқан толқынында.
Өзіңді өзгелермен бір көресің
Ақапарт, ақпараттық әрекетті.
Жү.зеге асырасың, бас ұрасың
4- Оқушы Қатысыңыздар, Қолдаңыздар, Есептен шет қалмаңыздар, ойлаңыздар, есеп додасы басталды, кірісейік жұмысқа! Жайбарақат болмаңыздар. Қатыратын бастарыңызды , Апталық міне басталды.
ӘН: …………………………………………………………..
Осы әннен кейін кейін информатка мен математика пәні бойынша білімдерімізді толықтырайық.
Геометрияда жаңалық ашқан Зевс құдайына ашқан үшін Зевс құдайына жүз өгіз сойып құрбан еткен кім? (Ж: пифагор)
Информатика қандай ғылым (ЭЕМ арқылы ақпаратты жинау, сақтау, түрлендiру, жеткiзу және оны пайдалану заңдылықтары мен тәсiлдерiн зерттейтiн жаңа ғылыми пән.)
Геометрияны білмейтіндер академияға кірмей- ақ қойсын деген кімнің сөзі (Платон)
Компьютердің құрылғылары нешеге бөлінеді және оларды ата (2-ге негізгі және қосымша)
Арифметика дегеніміз – бұл математиканың негізі. Осы сөзді айтқан орыс жазушысы кім? (Л.Н.Толстой)
Бірінші баланың әкесі ұлына 150 сом,ал екінші ұлына 100 сом берді.дегенмен екі ұлы бірігіп өздерінің қорларына 150 сомға, ғана көбейткені белгілі болды. Неліктен?
Самолет А-дан В қаласына дейінгі қашықтықты 1 сағат 20 минутта ұшып өтті. Ал қайтра жолда 80- ақ минутта ұшты . Бұл қалай?
Ақпараттар ағынын , есіңде мол сақтайды. Оқушының сенімін , ол әркез ақтайды (Ж. процессор)
Кішкене ғана саусаққа,Ұқсайды ма білмеймін. Сақұтай алар өзіне барлық қызық дүниені. (Ж.Флэшка)
Аналитикалық машинаның жобасын жасаған кім? (Ж: 1834 жылы оқымысты Чарлз Бэббидж «аналиталық машинаның» жбасын жасады.)
Адам мен монитор арасындағы қашықтық қанша болу қажет? (Ж: 50-70 см)
Microsoft фирмасын құрған адам (Ж: Билл Гейтс)
Ақпараттың ең кіші өлшем бірліктері (Ж: Бит)
Теріс санды «бересі» демей нөлден кіші сан деп атаған математиктер кімдер? (Ж: Неміс математиктері М.Штифель, А.Жирар)
Windows сөзінің қазақша бламасы қалай аталады? (Ж: Терезе)
16. айнымалы шама ұғымын ең алғаш математикаға енгізген француздың атақты математигі кім? (Ж: 1641 жылы Лейбниц)
Вирустың кері әсерін жоятын программа (Ж: Антивирус)
Жиын теориясының негізін салушы кім? (ХІХ ғасырдың екінші жартысы , Г.Контер)
Екілік санау жүйесінің сандары (Ж: 0 мен 1 )
Қазіргі қолданылып жүрген теңдік (=) белгісін бірінші рет қолданған ағылшын дәрігері кім? (Рекорд 1557 жыл)
Компьютердің айналаындағы әзіл-қалжыңдар.
Интернетке кіріп алып, қайда баратыныңды білмесең дисперсияға ұшырағаның…..
Баласының ұмытқанын көрген әкесі баласына: балам –ау сенің жадын форматталып кеткен ба ?- депті, әлде вирус кіріп кеткен ба ? не қарап тұсын депті.
Бір тарақан өлтіру үшін неше программалаушы қажет?. Екеу….. біреуі тарақанды ұстап тұрады, екіншісі оны тышқанмен бастырады.
Оқушы программалаушыдан Windows 95, Windows XP, DOS операциялық жүйелерінің айырмасын түсіндірудісұрадыы: программалаушы оған:
— Аэропортқа келдің дейік. Ұшуға дайындалып тұр, ішке кірсең кілем, күшті орындықтар, шамдары жарқырап тұр. Жолаушылар отырған соң , ұшақ аэропортты бір айналады да, қайта қонып жолаушылардың одан шығуын сұрады. Бұл- Windows XP
— Келесі орында тағы бр ұшақ тұр, оған жолаушылар отырған соң , ол аэропортты бір айналады да жарылып , жерге құлайды. Бұл- Windows 95
— Ал үшіншісі ұшақтың түрі нашар, сырты кір, дөңгелектері де қисайған секілді.Жолаушылар жүктерін ұшаққа тиеп,өздері оны итеріп от алдырып, ішіне секіріп мінген соң , ақырын ұшып барып барар жеріне жетеді. Бұл- DOS деп түсіндіреді.
Келесі кезекте тақтада ілініп тұрған «Математика» туралы ұлы ғалымдардың айтқан сөздерінен мысал келтірілді.
Математиканың түсінікті болған 10 беті, түсінбей жаттап алған жүз беттен артық, ал өздігінен оқып игерген бір сәт , әйтеуір түсінікті он беттен артық. Юнг
Еңбек пен жаңалық ашудың байтақ және қиырларына апаратын кең жол мектеп білген матеатикалық білімдер арқылы өтеді Маркушевич
Математика – ұлы ғылым, адамның ең бір асыл қасиеттерінің тамаша жемісі. Писарев Д.И
Математикада формуланы есте сақтау қажет емес, тек ойлау процестерін есте сақтау керек. Ермаков
Құрметті оқушылар бір апта бойы өз жалғасын табатын аптылқтың бағдарламсымен сіздерді таныстырып өтейін.
Дүйсенбі:
1. Апталықтың ашылу салтанаты
2. Қызықты есептер (математика және информатикаға байланысты)
Сейсенбі:
«Информатика» пәні бойынша тренинг
«ХХІ ғасыр- техника ғасыры» тақырыбы бойынша баяндама оқылады. Кез-келген оқушы келіп , мұғалімнің баяндамсын тыңдап, өз ойларын ортаға салады (ашық есік күні)
Сәрсенбі:
«Информатика» пәні бойынша ашық сабақ
«Қызықты математика» үйірмесі бойынша ашық сабақ
Бейсенбі: Оқушылра шығармашылығы
Математика және Информатика пәндері бойынша еркін тақырыпта баяндама , рефераттар жазып қорғайды.
Жұма:
«Математика» пәні бойынша ашық сабақ
«ХХІ ғасыр көшбасшысы» атты интелектуалдық ойыны
Сенбі:
Қорытынды кеш . Марапаттау.
Елбасымыз «ХХІ ғасыр – білім мен ғылым ғасыры» деп атаған. Математика- ғылымдар патшасы, информатика- ақпараттар ғылымы. Яғни оған бүгінгі күнде көзіміз жетіп отыр, күннен күнге ғылым мен техника өрлеп дамып келе жатыр. 50 елдің қатарына қосылу үшін әрбір жас өз үлесін қосу керек. Биыл тәуелсіздігіміздің 20 жылдық мерейтойы. 20 жыл ішінде біз көптеген жетістіктерге қол жеткіздік.
Бүгінгі кешті мен «Білімсіз –адам, тұзсыз тағаммен тең» деп аяқтағым кеп отыр. Барлығымыз бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығарып жұмыс жасайық. Білімді және Белсенді болыңдар!
М - математика ғылымдар патшасы
И - информатика ақпараттар ғылымы
Ф - физика табиғаттың патшасы
Коучинг сессия жоспары
Сабақтың тақырыбы: Таланты және дарынды балаларды оқыту. Инклюзивті оқыту.
Сабақтың мақсаты : Жаңа заман талабына сай оқыту әдісін өзгертудің ақиқаттығын түсіндіру.
Инклюзивті оқытудың ерекшелігін әріптестерге ұғындыру.
Сілтеме: Мұғалімдерге арналған нұсқаулық,50-57 бет
Оқу нәтижелері : Жаңа оқыту әдістемесі бойынша талантты және дарынды балалар мен мүмкіндігі шектеулі балаларды бірге оқыту қажеттілігін мұғалімдердің есіне сала отырып, әрбір оқушы бойында бір-біріне деген құрмет,достық,сыйластық секілді адами құндылықтарды қалыптастыра білу мұғалімнің міндеті екендігіне олардың көзін жеткізу.
Негізгі идеялар : Талантты және дарынды оқушыны анықтау кімнің еншісі екендігін пікірлесе отырып анықтау. Инклюзивті мектептің қарапайым мектептен айырмашылығын түсіндіру.
Жаттығулар: 1. Тренинг «Мен өзіме және басқаларға тілеймін»
2.Топтастыру.
3. . Бейне жазба көрсету.(талантты бала)
4. . Ротация жасату.
1. Талантты және дарынды бала, ол кім?
2. Таланттың көзін ашатын тек мұғалім бе, әлде.....
3.Сіз талантты оқушымен қандай жұмыс түрлерін жүргізіп жүрсіз?
5. “Инклюзив”сөзіне ассоциация жасату.
6 “Танец”видеосын көрсету.
7.Инсерт.Инклюзия туралы мәтін.Топ бойынша талдау .
Бірлескен жұмысқа негізделген тәсіл:
Жеке,жұппен,топпен ротация әдісі арқылысұрақтарға жауап іздеу. Әр қатысушы өз көргендерін және білгендерінен нәтиже жасап , талқылау және жазу. Жұппен және топпен талқылау.Рафт әдісін қолдану.Эссе жазу.
Қажетті құралдар:
Стикерлер , қаламдар , плакаттар
Оқуға арналған тапсырма: Мұғалімге арналған нұсқаулық .
Коучинг сессия жоспары
Сабақтың тақырыбы: Сыни тұрғысынан ойлауға үйрету жолдары.
Сабақтың мақсаты : Ақпараттық құзіреттілігі дамыған,сыни ойлау тұрғысынан жаңа,тың шешімдер қабылдай білетін ұрпақ тәрбиелеуге дайын мұғалімдер қауымдастығын құру.
Оқу нәтижелері : Мұғалім – оқушы әлеуметтік өзара әрекеттестігі оқумен қалай байланысты екендігін және осындай қарым –қатынастың мүмкіндіктерін қалай кеңейтуге болатынын түсіну.Мұғалім-оқу үдерісін басқарушы,оқушы-белсенді ізденушіге айналатындай жағдай жасау.
Негізгі идеялар : Сын тұрғысынан ойлауды дамытатын педагогикалық технологияларды сабақта күнделікті қолдана білуге дағдыландыру.
Жаттығулар: 1.Би терапиясы.Әріптестермен би билеу сәті.
2.Топқа бөліну,орналасу сәті.
3.Жеребе бойынша мемлекет аттары жазылған қағаздарды алып,топ ішінде дайындалу.
4.Әр топтан ортаға шығып,өз мемлекеттерімен таныстыру.
5.Спартандық бала туралы мәтін таратып беру.
6.Кубизм әдісі бойынша әр топқа тапсырма беру.
7.Постер қорғау.
Бірлескен жұмысқа негізделген тәсіл:
Топпен жұмыла жұмыс істеу,”миға шабуыл”.Кубиктің қырлары секілді әр түрлі мазмұндағы тапсырмалар орындау.Эссе,бес жолды өлең жазу.
Дереккөздер:
Стикерлер , қаламдар , плакаттар ,бейне жазбалар.
Оқуға арналған тапсырма: Мұғалімге арналған нұсқаулық.
Коучинг сессия жоспары
Коучинг сессиясының тақырыбы: Оқытудағы жаңа тәсілдерді қолдану жолдары.
Сілтеме: Мұғалімге арналған нұсқаулық.
үлестірмелі материалдар.
бейнесюжеттер .
Мақсаты: Қазақстандағы мұғалімдердің білім саласын дамытуда Кембридж университетінің бағдарламасы аясында қалыптасқан оқытудағы жаңа тәсілдерді өз тәжірибесінде қолдану арқылы оқу үдерісінің даму деңгейін қалыптастыру. Күнделікті сабақты жоспарлау барысында қажетті критерийлерді меңгертуге ықпал ету. Топпен ынтымақтаса ықпалды жұмыс жасауға дағдыландыру..
Оқыту нәтижесі: Оқыту процесін ұйымдастыру барысында кездесетін түрлі қиындықтарды жеңе білу мақсатында психолог пен ұстаздар арасындағы ынтымақтастық. Оқытудың жеті модулін сабақ барысына кірістіре білуге бағыт беру
Негізгі (түйінді) идеялар: Топпен ынтымақтаса жұмыс жасаудың заман қажеттілігі екенін ұғынады.
Тапсырмалар: Тапсырманың сипаты
Берілген тапсырманы орындаудағы қолданылған тәсілдер
Түрлі- түсті фигуралар таңдау арқылы топқа бөлу, жағымды атмосфера орнату
Сергіту сәті. Жайлы музыкаға билеп,көңіл көтеру сәті. 2.Тренинг.Жұмсақ ойыншықты қолдан- қолға өткізіп, музыкамен сүйемелдеу, музыка тоқтаған сәтте ойыншық қолында қалған адамға 3 сұрақ қою.
3.Топқа геометриялық фигуралар арқылы бөлу.
4.Ой сергек. Бір адам күнде жұмысқа барар кезде
9-қабаттан төменге лифтімен түседі екен де,жұмыстан қайтарда 5- қабатқа дейін лифтімен барады да, ары қарай жаяу көтеріледі екен, неге? ( себебі, ол лилипут екен). 5.Соңғы 100 жылда пайда болған ғылым мен техникадағы жаңалықтарды атаңыз, әр топ бір жаңалықты алып,3 пайдалы, 3 зиянды жағын жазып шығуы керек. 6. Мәтін таратып беру. Әр топқа тапсырма беру.
1-топ.Білу, түсіну.Шығарманың авторы кім? Бұл аударма ма, әлде төл туындысы ма? Мысалдың қандай ерекшелігі бар?
2-топ.Қолдану. Қозы құтылуы үшін не істеуі керек еді?
3-топ.Талдау.Қасқыр неге жауыз? Қозының орнында болсаң не істер едің?
4-топ. Жинақтау.” Айлалы батыр алдырмас ” дегенге қосыласыз ба? Қозыны қалай құтқарар едіңіз?
5-топ. Бағалау. Қасқыр- жауыздықтың, ашкөздіктің, жыртқыштықтың жиынтық образы
Топтық жұмыс, жұппен жұмыс.
Блум таксономиясы
Рефлексия
1.Бүгінгі сабақты «Екі жұлдыз, бір тілек » әдісімен қорытындылайды. 5 мин
Топ мүшелері ынтымақтастықта, сыйластықта және бір- бірінің қабілеті мен үлесін құрметтейді; нәтижеге жетуге бірлесіп ұмтылады, бір- бірін жетелейді.
топтық жұмыс
Ресурстар: Постер,маркер,түсті қағаз,желім,тақ
Достарыңызбен бөлісу: |