Функциональная грамотность важнейшее условие повышения качества образования



Pdf көрінісі
бет20/271
Дата20.05.2022
өлшемі12,08 Mb.
#144190
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   271
Пайдаланған әдебиеттер:
1.
Бастауыш білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты, ҚР Үкіметінің 2015 жылғы 
«25» сәуірдегі № 327 қаулысына қосымша, 16 - бет.
2.
«Қазақстан Республикасында орта білім мазмұнын жаңарту аясында қазақ тілінде оқытатын 
мектептердің бастауыш сынып мұғалімдерінің біліктілігін арттыру бағдарламасы», «Назарбаев 
Зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығы, 2015, 8 – бет.
3.
“Графические органайзеры https://masam.by/graficheskie-organajjzery/
4.
“Чтение с увлечением” “Планета” баспасы.
Аманжолова С.Б. Хамзина Ж.У. 
«№53 мектеп-лицей» КММ Қарағанды қ. 
 
ҚАШЫҚТЫҚТАН ОҚЫТУ: ҚАШЫҚТЫҚТАН ОҚЫТУДЫҢ ФОРМАЛАРЫ МЕН 
ӘДІСТЕРІНІҢ ТИІМДІЛІГІ 
Білім беру – болашақтың іргесін қалыптастыру, еліміздің ілгері басуының алғышарты. 
Саналы ұрпақ тәрбиелеу ұстаздардың алдында тұрған үлкен міндет. Әлемнің озық елдерімен 
терезені теңестіру, білім арқылы ғана жүзеге асырылатын үрдіс. Сол себепті, педагог ретінде өзіме 
жүктелген міндеттің қаншалықты салмақты екенін жақсы түсінеміз.
«Білім негізі - бастауышта», демекші, оқушының жеке тұлға болып қалыптасуы, өмірден өз 
орынын табуы, мектеп табалдырығын аттаған сәттен бастап қалана бастайды. Шәкірттің бойында 
оқуға деген ынта алғашқы сәттен бастап қалыптасатын болса, оны әрі қарай дамыту оңайға түсетіні 
рас. Оң, солын тани қоймаған, балалықтың буынан босай алай, өмірінің маңызды кезеңіне қадам 
басқан бүлдіршіндермен жұмыс жасау біздің бірнеше жылғы тәжірибемізге айналғандай. Әр бала
жеке әлем. Сол себепті біз барынша жан – жақты әдіс-тәсілді қолданып, балалармен біте қайнасып, 
біріге қызмет етеміз. 


46 
Жалпы, қандай әдіс-әдіс тәсіл болмасын, ең алдымен ол оқушыға қызықты, сабаққа ұтымды 
және нәтижесін беруиі тиіс. Еліміздің болашағы, көркейіп, өркениетті елдер қатарына қосылуы 
бүгінгі ұрпақ бейнесінен көрінеді. Қазіргі білім беру саласындағы проблема - әлеуметтік 
педагогикалық және ұйымдастыру тұрғысынан, білім мазмұнына жаңалық енгізудің тиімді, жаңа 
әдістерін іздестіру, оларды жүзеге асыра алатын мұғалімдерді даярлау. 
Әсіресе, соңғы бір жылда енгізілген жаңашылдық, білім беру саласында бұрын-соңды 
болмаған, оқытушылар үшін де, оқушылар үшін де жаңа қырынан танылған қашықтықтан оқыту 
әдісі болды. Әлем халықтарын әбігерге салған, тосыннан келген дерттің салдары біздің елді де 
айналып өтпеді. Қауіпсіздікті алғашқы орынға қойғандықтан, сақтық шараларын барынша ұстануең 
маңызды міндет еді. Сол себепті аз ғана уақыттың ішінде дәстүрлі оқуды қашықтан білім алуға 
алмастырып, бастап та кеттік. Бастапқыда жасыратыны жоқ, жұмыс жасау біраз қиыншылықтар 
туғызғаны рас. Әсіресе, менің шәкірттерім бастауыш сынып оқушылары болғандықтан, олармен 
сынып ішінде тығыз қарым-қатынас орнатып, үнемі диалог арқылы сабақ түсіндіру 
жүргізілетіндіктен, қашықтан оқу барысында салмақтың басым бөлігі оқушылар мен ата-аналарға 
түсті. Себебі, ересек оқушылар гаджетпен жұмыс жасау, ғаламтор секілді нәрселерді бұрыннан 
білсе, бастауышта оқитын балалар үлкендердің көмегіне көбірек мұқтаж болды. Сондықтан, біз 
қашықтан оқу барысында шәкірттердің ата-анасымен тығыз қарым-қатынас орнатып, енгізілген 
жаңа жүйелер, қосымшалар, платформалар жайында толыққанды мәлімет беріп, пайдалану тәртібі, 
жүйенің артықшылықтары жөнінде айтып отырдық.
Бастауыш сынып оқушыларының дағдыларын меңгертумен бірге қоршаған орта туралы 
түсініктерді кеңейту, оларды шығармашылық бағытта жан – жақты дамыту бүгінгі күннің басты 
талабы. Осы талап тұрғысынан алғанда оқу тәрбие үрдісін ұйымдастырудың сан түрлі әдіс – 
тәсілдерін іздестіру мен жаңа технологияларды тиімді пайдаланудың маңызы зор. 
Сол себепті қашықтан оқу барысында түрлі қосымшалар, платформалар, мессенджерлер 
пайдаланып, олардың ұтымды тұстарын алдағы уақытта да сабақ барысында жүзеге асыруды 
жалғастыратын боламыз. Мәселен: 
Bilimland.kz – бұл ұстаздар үшін де, оқушыларға да оңтайлы ұйымдастырылған онлайн 
мектеп. Ең ұтымдысы сабақ жоспарлары мен оқушыларға баға қою, тапсырмалар беру, тексеру 
тәрізді жұмыстардың бәрі бір алаңқайға топтастырылған. Біз бастыуыш сынып оқушыларына 
тапсырма беру барысында YouTube ссылкасын қою арқылы қызықты тапсырмалар жүктеп, түрлі 
видеолар көмегімен сабақты түрлендіруді жөн көреміз.
Zoom-конференциясы. Бұл қашықтан оқу барысында қаншама көмегін тигізді. Ең бастысы 
онлайн түрде оқушыларымның жүзін көріп, тікелей тілдесуге мүмкіндік бар. Яғни, олардың 
көкейінде қандай да бір сауалдар туындаса, оны бірден маған жолдап, кері байланыс орнатуға 
тамаша мүмкіндік. Оған қоса, көрнекіліктерді пайдалану барысында да ешқандай қиындықтар 
туындамайды. Біз шәкірттерімнің қызығушылығын ояту мақсатында үнемі өтетін тақырыпқа 
байланысты алдын-ала презентациялар дайындап, оны бірден конференция барысында көрсетіп 
отырдық.
Bandicam-қашықтан оқыту барысында көмекші құралдардың бірі болды. Мұның негізінде 
біз видеороликтер дайындап, оны оқушылардың назарына ұсынуды үйрендік. Ең ұнағаны, 
оқушылар қажет сәтті көшіріп алып, қайталап көрулеріне мүмкіндіктері бар. Түсінбеген жерлері 
болса видеоны қайта қосып, маңызды деген жерлерін скрин жасауларына жағдай жасалған. 
Kahoot-әлеуметтік оқыту үшін ұйымдастырылған сайт. Біз бастауыш сынып оқушыларына 
сабақ бергендіктен, бұл сайттың бізге үлкен көмегі тиді. Себебі мұнда, әр-түрлі пішіндер көмегімен 
түрлі викториналық ойындар ұйымдастыруға болады. Дұрыс және бұрыс жауапты бірден 
анықтайтындықтан ұстаздың да жұмысын жеңілдетіп қойған. Нәтижесін көру, жақсы ұпайға қол 
жеткізу мақсатында ойынға оқушылар үлкен жауапкершілікпен қатысып, бірлесе атқарған жұмыс 
өз нәтижесін берді.
Жалпы қашықтықтан оқу барысында өзім қолданған ең маңызды деген әдіс – тәсілдер осы 
болатын. Оған қоса, WhatsApp желісі арқылы да оқушылармен үздіксіз байланыс орнатып, үнемі 
кері байланыс ұстап отырдық. 
Жалпы, бастауыш сынып оқушыларының оқу мотивациясын, оқуға деген қызығушылығын 
арттыру барысында мынадай жолдар өз тиімділігін көрсетеді: 
1.Баланың бойындағы пәнге қызығушылық па, немесе ынта ма соны ажырату керек. 


47 
2.Оқушы бойында қай пәнге қызығушылығы жоғары, қай салаға қабілетті екенін анықтау. Мұғалім 
оқыту жүйесінде үрдісті шебер басқара білуі және оқушының қызығуын, ынтасын, ықыласын, 
таным процестерін дамытып отыру керек. 
3.Баланың жеке тұлғалық қасиеттері мен қызығушылығын, жас ерекшелігін ескере отырып, сабақты 
қызықты етіп ұйымдастыру, яғни сабақта жаңа, озық технологияларды пайдалану (ойын арқылы 
оқыту, деңгейлеп саралап оқыту, дамыта оқыту, сыни тұрғыдан оқыту технологиясының кейбір 
элементтері т.б ). 
4.Сабақты өткізу барысында мақсатты нақты, айқын белгілеп, соған жетудің жолдары мен 
тәсілдерін көрсету. Сабақтың уақытын бөлу барысында мұғалімдердің осыған назар аударғаны жөн. 
Сабақты «қызығушылықты ояту» тәсілімен басталуы да маңызды болып табылады. 
5.Сабақ барысында тақырыпқа қатысы жоқ болса да, балаларға «жаңалықтар» айту. Бұл жаңалық 
хабар немесе болған оқиға, әлемдегі қызық жайттар түрінде болуы мүмкін. 
6.Баланы мадақтау, ынталандыру, баланың күшіне қабілетіне сенім білдіру, ынталандыру (бағалау 
барысында балаларға қолдан жасаған суреттер, фигуралар тарату) баланың жұмысын бүкіл 
сыныпқа көрсетіп үлгі ету, дәптер тексеру соңында ынталандыру сөздерін жазу. 
7.Шығармашылықпен жұмыстандыру. Бастауыш сыныптарда шығармашылықпен жұмыс жасауға 
мүмкіндік көп. Дүниетану, математика, сурет, музыка сабақтарында жеке тапсырма беру арқылы 
балада ойды тұжырымдап айту, идеяның пайда болуы оны шешу, оның логикалық дамуы көрінеді. 
Баланың сабақ бойында ынта, ықыласы жоғары болады. 
8.Оқу белсенділігін арттыруға арналған ойындар мен тренингтерді қолдану. Баланың оқуға 
ынтасын ояту үшін оған эмоциянальды жағымды көңіл – күй сыйлаудың маңызы зор. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   271




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет