Функциональная грамотность важнейшее условие повышения качества образования



Pdf көрінісі
бет51/271
Дата20.05.2022
өлшемі12,08 Mb.
#144190
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   271
Әдебиеттер
1.Қазақстан Республикасының Президенті Қасым – Жомарт Тоқаев «Ана тілі» газетіне сұхбаты. 
2.Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы. «Оқушылардың функционалдық 
сауаттылығын қалыптастыру». (Әдістемелік құрал), 3 бет. 
3.Бағдан Момынова, ф.ғ.д. профессор «Аналитизм және клише тұлғалардың тіркесімдер сөздігенде 
тіркелуі турасында» мақаласы. (интернет желісінен) 
4.Ф. Ш. Оразбаева, Ж.Т. Даулетбекова, Р.С.Рахметова, А.Қ. Рауандина, А.Н. Юсуп «Қазақ тілі мен 
әдебиеті» оқулығы, 6 – сынып, 104,108 беттер, Көкжиек- Горизонт, 2018 жыл. 
5. Ф. Ш. Оразбаева, Ж.Т. Даулетбекова, Р.С.Рахметова, А.Қ. Рауандина, А.Н. Юсуп «Қазақ тілі мен 
әдебиеті» мұғалім кітабы, 6 – сынып, Көкжиек- Горизонт, 2018 жыл. 
Альжанова М.Ж 
Мағжан Жұмабаев атындағы гимназия, Қарағанды қаласы 
 
КӨРКЕМ ШЫҒАРМАНЫ ОҚЫТУДАҒЫ САУАТТЫЛЫҚ 
Ұлттың жаны – тіл, рухы – әдебиет. Әдебиет пәні білім беру жүйесіндегі басты пәндердің 
бірі болып саналатындықтан, оның алдына қоятын мақсаты да биік. Әдебиет пәнінің мақсаты – 
оқушылардың рухани дүниесін байытып, оларға көркемдік, сезімдік, адамгершілік, азаматтық 
тәрбие беру нәтижесінде жеке тұлғаны дамыту.
Әдебиеттің негізі - көркем шығарма. Әдебиет пәні оқушы жүрегіне жол тауып, оның 
зердесіне замана келбетін өмірдің тылсым-тіршілігін, тынысын жеткізетін халқымыздың көркем 
тарихы, ұлттық сананы тәрбиелейтін, адам мен қоғам жайындағы түсінігі мен тәжірибесін реттейтін 
өмір оқулығы болып табылады. Академик Зейнолла Қабдоловтың «Әдебиет – ардың ісі» деген сөзі 
ақиқат. Оқушы әдебиет пәнін оқуда шығармаларды оқып қана қоймай, көркем шығармадағы 
кейіпкер арқылы адам баласының жан-дүниесіне үңіледі. Өмірдің күрделі қайшылықтарына 
тереңдей еніп, өзі де көркемдік әлем эстетикасынан ләззат алып, араласып отырады. Әдебиет пәні – 
әсемдікті өмірдің шынайы жағынан танытар басты құрал. Себебі, тәрбие негізі – сөз қуатында.
ХХІ ғасырдың жан-жақты, зерделі, дарынды, талантты тұлғаны қалыптастыруда білім беру 
мәселесі, оның оқыту жүйесін заман талабына сай үйлестіре алу міндеті туындап, жаңа талаптар 
қойылуда. Жалпы бүгінгі таңда мұғалім – бағыт беруші, ұйымдастырушы рөлінде. Оқушының 
ізденем десе барлық жағдай өз қолында. Біздің мақсат баланы ойландыра алу, сыни көзқарасын 
қалыптастыру. Сыни тұрғыда ойлау дегеніміздің өзі – ой қозғай отырып, оқушының өз ойы мен 
өзгелердің ойына сыни қарап, естіген, білгенін талдап, салыстырып, жүйелеп, білмегенін өзі 
зерттеп, дәлелдеп, тұжырым жасауға бағыттау, өз бетімен және бірлесе отырып шығармашылық 
жұмыс жасау. Қысқаша айтқанда, өз пікірін ашық айта алуға үйрету. Қазіргі кезде білім беру 
үрдісінде елуден астам жаңа технология қолданылады. Дамыта оқыту, деңгейлеп оқыту, саралап 
оқыту деген сияқты қаншама оқыту түрі бар. Соның ішінде оқушы бойындағы «менді» 
қалыптастыратын – сын тұрғысынан ойлау технологиясы. Сын тұрғысынан ойлау – сынау емес, 
шыңдалған ойлау. Бұл жобамен жұмыс жасау барысында мұғалім оқушының өзін ізденуге 
жетелейді, ойлауға үйретеді. Белсенділігін оятып, оқушы белсенділігінің артуы оны 
шығармашылыққа жетелейді. Шығармашылық қабілет әр баланың табиғатында болуы мүмкін. 
Біздің міндетіміз – оқушыға оның бойында жасырынып жатқан мүмкіндіктерін ашып көрсету.
Жалпы сабақ мақсаты – оқушыны өмір сүре алуға үйрету. Не өтсеңіз де ол оның өмір 
сүруіне пайдасын тигізу керек.
Функционалдық сауаттылық – адамның сыртқы ортамен қарым-қатынасқа түсе алу қабілеті 
және сол ортаға барынша тез бейімделе алуы мен қарым-қатынас жасай алу деңгейінің көрсеткіші. 


108 
Олай болса, функционалдық сауаттылық тұлғаның белгілі бір мәдени ортада өмір сүруі үшін 
қажетті деп саналатын және оның әлеуметтік қарым-қатынас жасауын қамтамасыз ететінбілім, білік 
дағдылардың жиынтығынан құралады. Ол – ұлттың, елдің немесе жеке адамдар тобының мәдени 
және әлеуметтік дамуының өлшемі. Осындай сапалық сипаты тұрғысынан қарағанда 
функционалдық сауаттылық жеке адамды дамытудың тетігі ретінде қолданылады. Сондықтан 
теория мен практиканың байланыста болуын қамтамасыз ету үшін әрбір пән бойынша берілетін 
білімнің мазмұны мен көлемін анықтағанда теориялық қағидалардың, заңдылықтар мен 
ережелердің, яғни ұғымдық-ақпараттық материалдардың бала өмірінде кездесетін түрлі 
проблемалық мәселелерді шешуге көмегі тиетіндей, бала оны қолдана алатындай практикалық 
маңызы ескерілуі тиіс. Сондай-ақ оқушылардың оқу материалын тек жаттап қана алмай, оның мән-
мағынасын терең түсінуін қамтамасыз ету міндетті болып саналады.
Әдебиет – оқушыға беймәлім өмірді танытатын қуатты құрал. Әдебиет арқылы біз 
оқушыларға ұлттық болмысымызды, асыл қасиеттерімізді, адамның өмірге көзқарасын танытамыз, 
ол оқушының мінез-құлқына ықпал етеді, күллі тіршілігіне әсер етеді. Әдебиеттегі көркем 
туындыларды оқыған сайын өмір сырын, отан, тарих, ерлік, елдік, жақсылық, жамандық секілді 
ұғымдардың мәнін терең аңғарады. Оқушы әдебиетті оқып, оның тереңіне бойлай алса, өнерді 
сүйетін, өмірді сүйетін, құндылықтардың құнын білетін, рухани бай, көркемдік талғамы бар, 
адамгершілігі жоғары тұлға боп қалыптасады.
Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мектепте оқытылу жайы әркімді де толғандыруы тиіс. Қоғам 
ілгері дамыған сайын оқыту мазмұны да жетіліп келеді.
Функционалдық сауаттылық деген не өзі... Оқушылардың 40 пайызы әдеби мәтінді толық 
түсінуге қиналады. Сауатсыздық дерті бізде әлі толық жойыла қойған жоқ. Сөйлемді дұрыс жазып 
үйренгенмен, дұрыс түсініп оқи алмай жүргендер қаншама. Ұрпақтың сауаттылығы – елдің 
келешегі. Оқу сауаттылығы қай кезеңде болсын өте өзекті. Осы ретте Қарағанды облысы білім 
беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен оқушылардың функционалдық
сауаттылықтарын қалыптастыру, танымдық қызығушылығын, шығармашылық қабілеттерін дамыту 
мақсатында «ХХІ ғасыр - сауатты ұрпақ ғасыры!» атты оқу сауаттылығы апталығы өткен болатын.
Сауаттылық - ауқымы кең ұғым, адам өмірін дамытудың үлкен бастауы. Облыс көлемінде 
бастау алған бұл іс-шара өте құптарлық. Себебі оқу сауаттылығы мен жазу сауаттылығы арқылы біз 
өзіміздің тілімізге деген құрметімізді, кітап оқуға деген құштарлығымызды оятамыз.
Оқушылардың тіл, әдебиет сабағына деген қызығушылықтарын дамытуда, орфографиялық 
сауаттылық деңгейін арттыруда, оқушылардың танымдық белсенділігін арттыру, оқушылардың 
сөздік қорын байыту, отбасылық кітап оқу дәстүрін жандандыру мен жетілдіруде бұл апталықтың 
маңызы зор болды. Апталықта қамтылған басты тақырыптар: «Функционалды сауаттылық-тұлға 
қалыптастырудың жаңа жолы», «Оқу сауаттылығы және заманауи қоғам», «Ұстаздық еткен 
жалықпас...», «Кітап-өмір ұстазы».Жүргізілген жұмыс түрлері: «Челлендж», «Квест ойыны», 
«Kahoot тест», «Дискуссия», «Бейне репортаж», «Буккроссинг», «Kitap Fest» кітаптар фестивалі, 
«Sòz-zerde» зияткерлік сайысы, «Бестік тест», «Эссе байқауы», «Дөңгелек үстел», «Шешендік өнер 
сайысы», «Оқу сауаттылығы тесті», «Мұғалімдер арасындағы сайыс», «Вертуалды экскурсия», 
«Танымдық сайыс», «Сахналық қойылым», «Буктрейлер», шеберлік сабақтар мен авторлық 
бағдарламалар сайысы да жүзеге асты. Қазіргі ақпарат тасқынының астында қалған қоғам дамуында 
оқу сауаттылығына байланысты жүргізілген жұмыстардың пайдасы өте зор болды. 
Оқу сауаттылығы дегенді әдетте кітап оқу мен оның мазмұнын түсіндіру, жазу-сызудағы 
сауаттылық деп түсінетіндер әлі де бар арамызда. Қазір бұлармен қатар, оқушының оқып білгенін 
кәдеге жаратуы маңызды. Алған білімін тәжірибеде сынап, тақырыпты заманауи бағамдап қана 
қоймай, сын тұрғысынан ойлап, бейнероликтер жасап, танымдық ток-шоуда пайдалана білуі тиіс. 
Кітапты оқып, одан алған білімді мазмұндау жеткіліксіз. Әлгі тақырып бойынша эссе жазып, жазған 
эссемізді бейнеролик арқылы әлде басқа да техника тілінде сөйлету маңызды. Осы орайда біздің 
жеткен жетістігіміз – жұмыс түрлерін түрлендіру арқылы оқушыларды кітап оқуға қызықтыра 
алдық, бағдарламада жоқ шығармаларды оқытып, оларға буктрейлер жасатып, кітапқа деген 
қызығушылықтарын арттыра алдық. 
Сауаттылық бір күнде келмейді. Ата-ана, оқушы, ұстаз – осы үштік біріккенде ғана 
ұрпақтың сауаттылығы жүзеге асады. Қазіргі технология заманында, түрлі гаджеттердің заманында 
мұндай шаралардың өтуінің маңыздылығы зор. 


109 
Сабақ – мұғалімнің шығармасы. Мұғалімге сабақты өткізу туралы қағида осынып, ақыл-
кеңес беру артық іс. Себебі әр мұғалім және оның өткізетін сабағы – өзінше бір ерекше дүние. 
Әдебиет – өмір оқулығы. Онда бүкіл дүние тынысы бар. Басты назарда тек сабақ нәтижесі 
ұстанылуы керек. Кім дұрыс береді деген сұрақ болмауы керек. Әсіресе, әдебиет сабағында. Көркем 
шығарманы оқыту мұғалімнің толық түрде шығарманың мазмұнын жеткізуден басталады. 
Мазмұндау барысында түсініксіз сөздер қатарын талдау үшін қазіргі оқулықтарда сөздіктер тізбегі 
берілген. Сөздікпен жұмыс арқылы сауаттылыққа тәрбиелеуге болады. Сөздік жұмысы көркем 
шығарманы оқытумен тығыз байланысты. Шығармада түсініксіз мен сөз тіркестері жиі кездеседі. 
Бұл жұмысты жүргізудің мақсаты – көркем шығарманы оқушыларға түсінікті ету, сөздік қорын 
жаңа сөздермен, сөз тіркестерімен, халқымыздың сөздік қорының байлығын, шеберлігін байқату, 
тілін дамыту. Сөздерге түсінік берудің шығармаларды оқытуда үлкен мәні бар. Қазіргі жаңартылған 
білім мазмұны бойынша жасалған оқулықта «сөз маржан», «лұғат» атты айдар бар. Сол айдарда 
берілген сөздерді талдау арқылы оқушының сөздік қоры дами түседі. 
Әдебиетті сүю, қызығып оқу – жай сауаттылық емес, өзінше шабыт, үлкен даналық. 
Қызықтыру мен үйрету – егіз. Оқушыны әдебиетке тарту арқылы біз қазіргі кезде білім саласында 
өткізіліп жатқан «Абай оқуы», «Мұқағали оқуы», «Шәкәрім оқуы», «Қасым оқуы», «Жамбыл оқуы» 
сияқты түрлі конкурстарға дайындай аламыз.
Кітап оқудан тыйылған адам – ойлаудан да тыйылады. Біздің бұл мақала арқылы айтқымыз 
келгені «қазір ешкім кітап оқымайды» деп қол сілтей салмай, оқушыларды қалай да болсын көркем 
шығарманы оқуға тарту, себебі, біз, шындап кіріссек «кітап оқуды сәнге айналдыра» алатынымызға 
көз жеткіздік. 
Ендеше, Жүсіпбек Аймауытовтың сөзімен айтсақ, «Шығарманы қайталап, зерттеп, талдап 
оқыған оқушы ғана терең білім алатынын» әрқашан есте тұтқан абзал. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   271




©engime.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет