Функциональная грамотность важнейшее условие повышения качества образования



Pdf көрінісі
бет204/271
Дата20.05.2022
өлшемі12,08 Mb.
#144190
1   ...   200   201   202   203   204   205   206   207   ...   271
1-қадамда 
мұғалім әңгімені алдын ала мағыналы бөліктерге бөлу керек. Содан соң түсінуге 
бағытталған әр үзінді бойынша, әр бөлікті оқығанға дейін немесе оқыған соң қойылуы мүмкін 
сұрақтар ойластырылады.
 
2-қадамда с
оңында оқыған мәтінін қайта қарауға және алынған білімді қолдануға ықпал ететін 
тапсырма беру керек. Бұл үй тапсырмасы болуы мүмкін. Аз ғана әдіс оқушының функционалдық 
сауаттылығын қалыптастыруға бағытталу қажет. 
«Ойын жинақтау» әдісіоқытылатын пән немесе зат құбылыс туралы терең толық мәлімет беретін 
логикалық түрде рәсімделген жалпы бір нәрсенің идеясын айқындайды. 
Ойын жинақтау 3 кезеңмен өткізіледі. 
1) Мұғалім ұғымдар сипаттамаларына кіріспе береді. Бұл сипаттамалар бойынша оқушылар 
қандай түсінік туралы әңгіменің өрбігенін бақылайды. 
2) Мұғалімнің ұғымға қосымша мінездеме енгізуі. Сипаттамалар осы ұғымға жататындығын 
оқушылар анықтауы қажет. 
3) Сабақта әлі айтылмаған сөздердің сипаттамаларын беруге тиіс. Осы ұғым бойынша оқушылар 
қорытынды жасайды. Сабақтың оқылымға және тыңдалымға дейінгі бөліктеріне қолдауға 
болады.
«Данышпан үкілер» әдісі ойлаудың бірнеше түрлерін дамытып, оқыған мәтінін тереңірек 
түсінуге көмектеседі. Ол үшін білім алушылардың әрқайсысы мәтінді өз бетінше оқып, оны топ 
ішінде, кейін сынып болып талқылайды. Әдісті жүзеге асырудың тәсілдері:
1-қадамда білім алушыларды топқа бөліп, мәтінді оқуға уақыт беріледі.
2-қадам. Мәтінмен жұмыс істеудің негіздері.
Мәтіннен негізгі (жаңа) ұғымдарды тауып, оларды алфавиттік ретте жазыңыз. 
Мәтіннен сіз күтпеген, сіздің бұрынғы ұғымдарыңызға қарсы тұрған ақпаратты табыңыз.
Сізге жаңалық болған ақпаратты жазыңыз.
3-қадам. Маңызды өмірлік даналық. Мәтіннің негізгі ойын бір сөйлеммен білдіріңіз.
4-қадам. Таныс және таныс емес. Мәтіннен сізге алдында таныс болған және мүлдем таныс емес 
ақпаратты табыңыз.
5-қадам. Иллюстрациялық бейнелеу. Мәтіннің негізгі ойын сурет, сызба, карикатура т.б. арқылы 
бейнелеп көріңіз.
6-қадам. Үлгі боларлық қорытынды. Оқыған мәтіннен келешекте қажет болатын маңызды 
қорытынды шығаруға бола ма?
7-қадам. Талқылауға арналған маңызды тақырыптар. Сыныпта талқылауға тұрарлықтай, ерекше 
көңіл бөлуге болатын ойларды, пікірлерді табыңдар. Тәжірибеме енгізген әдістің оқушының 
ізденіс жұмысының жанданып жатқанын байқатты. Сонымен бірге ойлау деңгейлеріне сай ой-
пікірлері қалыптасты. Сабақтың жинақтау бөлігінде қолдануға болады. 
Өткен уақыттардағы көп қолданысқа енген ұтымды әдістердің бірі - «Кубизм» әдісі. 
Оқушылардың берілген мәтінді жан-жақты қарастыруына, мәтінмен терең танысып, әртүрлі 
ойлау дағдыларын жүзеге асыруына және мәтін бойынша рефлексия жасай алуына мүмкіндігі 
зор. Ұсынылған өзекті мәселе бойынша өз көзқарасын шығармашылық тұрғыдан жеткізе алады. 
Бұл әдісте білім алушыларды 6 топқа бөліп, кубиктік әр қыры бойынша өздеріне берілген көркем 
шығармадағы көтерілген мәселелердің әлеуметтік жағдайы, құндылығы, т.б. қырлары бойынша 
тапсырмалармен жұмыс жасайды., талқылайды, ортақ әзірлеме әзірлейді. Жасаған жұмыстары 
бойынша таныстырылып дайындап, қорытынды жасайды. Әдісті жүзеге асыру бағыттары: 


415 
1-қадам. Мұғалім білім алушыларды өз қалауына қарай сыныпты 6 топқа бөледі.
2-қадам. Білім алушыларға кубиктің көмегімен тапсырмалар беріледі.
Суретте (түсі, пішіні, өлшемі).
Салыстыр (неге ұқсас, неге ұқсамайды?). 
Байланыстыр (бұл туралы ойлағаныңызды көзге елестетіңіз).
Таңда(Неденжасалған?Недентұрады? Не үшін?). 
Қолдан (бұнымен не жасауғаболады?).
Дәлелде («ия», «жоқ» деп оған дәлел келтіру, бұл жақсы ма, әлде жаман ба? Неге?)
3-қадам. Әр топ кубик бойынша берілген тапсырмалармен жұмыс жасайды.
4-қадам. Жазған мәліметтерін топта талқылап, таныстырылымға дайындайды.
5-қадам. Білім алушылар таныстырылымдарын сынып ортасында тұрып қорғайды.Сабақтың өн 
бойына арналған зерттеу тапсырмасы – оқушылардың ортаға бейімделуіне, кез келген 
тақырыпты өмірмен байланыстыра алуына жол ашады. 
Ойымызды жинақтай келе, сабақ барысында оқушылардың функционалдық сауаттылығын 
арттыру мақсатындағы тиімді әдістердің нәтижесі бар. Жүйелі жұмыс пен міндетті 
жауапкершілік арқылы оқушылардың бойында бірнеше дағды қалыптастыра аламыз: 
Ізденімпаздық 
Зерттеушілік 
Өмірге бейімделу 
Сенімділік 
Интеллектуалдық 
Шығармашылық. 
Оқушыларды функционалдық сауаттылығын дамытуда қазақ тілі мен әдебиеті пәнін дұрыс 
жүргізе білудің маңызы зор.Заман талабына сай дайындалған мұғалімнің шеберлігі мен жетістігі 
– функционалды сауатты шәкірттерінде болмақ. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   200   201   202   203   204   205   206   207   ...   271




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет