413
Жумажанова К.М.
Балқаш қаласы, «№16 жалпы білім беретін мектебі» КММ
ОҚУШЫЛАРДЫҢ ФУНКЦИОНАЛДЫҚ САУАТТЫЛЫҒЫН АРТТЫРУДА ОҚУ
САУАТТЫЛЫҒЫНЫҢ МАҢЫЗЫ
Білім алушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту – бүгінгі
заманның басты
талабы. Болашақ азамат өз ұлтының асыл мұрасынан сусындау арқылы туған халқының
тарихымен, мәдениетімен жете танысып, білімін кеңейтеді. Туған тілінің бай қазынасын игеріп,
грамматикасын терең меңгерген білім алушы қоғамның кез келген саласында қиналмай қызмет
етіп, өзінің функционалды сауаттылығын көрсете алады. Себебі білім алушылардың берілген
білімді
игеруі мен іске асыру қабілеті, ойының дәлдігі, өмірге көзқарасының қалыптасуы, өз
бетінше
білім алуға дайындығы, басқа ғылым негіздерін меңгеру нәтижелері сауаттылық
деңгейіне байланысты болғандықтан бүгінгі күннің мәні мен маңызы зор өзекті мәселелерінің
бірі – оқытудың түрлі әдіс-тәсілдері арқылы білім алушының функционалдық сауаттылығын
дамыту. Ал кең мағынасында ол тек білік пен білімділік
әлеміне барудың жолы ғана емес, ол-
ұлттың, елдің немесе жеке адамдар тобының мәдени және әлеуметтік дамуының өлшемі.
Осындай сапалық сипаты тұрғысынан қарағанда функционалдық сауаттылық жеке адамды
дамытудың тетігі ретінде қолданылады.
Бүгінгі күн талабындағы оқушылардың сөздік қорларының жеткілікті болуы, оқу
сауаттылығының яғни,
мәтіндерді дұрыс ұғына алуы, алған білімін шығармашылықпен
ұштастыра алу бағыттарын тиімді әдістер мен берілген тапсырмалар арқылы қалыптастыруға
тырысамын.
Негізгі мақсат:
— оқушылардың қазақ тілі мен әдебиет сабақтарында ой ұшқырлығын дамыту;
— сөйлеу шеберлігін шындау;
— тіл
мәдениетін көтеру;
— пәнге деген қызығушылығын арттыру;
— оқушылардың ізденгіштік, танымдық іс әрекетін, көзқарасын қалыптастыру;
— жеке тұлға ретінде белсенді сезіне білуге тәрбиелеу;
Тәжірибе ретінде оқушыларды оқу сауаттылығына жетелейтін, бүгінде қолданып жүрген,
бірнеше тапсырмаларды ұсынамын.
«Мәтінмен жұмыс» әдісі білім алушыларды жеке не жұпта жұмыс жасауға, ақпаратты өз
бетінше жинақтауға жағдай жасайды. Сонымен қатар, шығармашылық жұмыс жасауда өте тиімді
әдістердің бірі. Алдымен мұғалім оқушыларды жұпқа бөліп алады да, оларға тапсырманы
орындаудың реті түсіндіріледі. Әдісті жүзеге асыру үшін төмендегі қадамдармен жұмыс жасау
қажет.
Бірінші қадамда мәтінді бірнеше бөліктерге бөлу ұсынылады.
Екінші қадамда бөлінген бөліктерге атау қою керек.
Үшінші қадамда бөліктердің негізгі ойын білдіретін сөйлемдерді анықтау крек.
Төртінші қадамда кейіпкерді сипаттайтын сөз, сөз тіркестері, сөйлемдерді табу Бесінші қадамда
мәтіндегі барлық кейіпкерлерді кезегімен атайды.
Алтыншы қадамда оқиға орын алған жерледі атайды.
Жетінші қадамда мәтінді аяқтаудың нұсқасын ұсынады.
Бұл әдіс арқылы функционалдық сауаттылықтарының
алғы шарттарының бірі қарым-
қатынас жасай алу, бейімделу дағдыларына қалыптасады. Оқушылардың бойындағы оқылымнан
кейінгі оқу сауаттылығын жетілдіреді.
Білім алушылардың оқыған мәтінін қаншалықты түсінгенін немесе түсінбегенін анықтау
үшін ашық сұрақтар қоюға болады:
1. Оқыған мәтініңізді өз сөзіңізбен баяндап бере аласыз ба?
2. мәтінді оқығаныңызды қалай немесе немен дәлелдер едіңіз?
3.Мәтін мазмұнын жеке көзқарас тұрғысынан түсіндіріңіз?
4. Мәтінде берілген ақпаратты жіктеп айтыңыз? Мәтінде берілген ақпараттарды жіктеп айтыңыз?
5. Қысқа ғана бірнеше сөйлеммен негізгі ойды анықтаңыз?
414
6.Мәтінде көтерілген негізгі ойдың басқа құбылыстардан, жағдаяттардан не болмаса ұғымдардан
ерекшелігі неде?
7.Мәтіндегі көтерілген мәселеге қарама-қайшы не мәселе болуы мүмкін?
8. Мәтіндегі оқиғаның не құбылыстың әрі қарай өрбуін, оның себебі мен салдарын болжап айта
аласыз ба? Осындай сұраулар оқушылардың жан-жақты мәтін жайлы ойлау дағдыларын
қалыптастыруға өз көмегін береді. Оқушы ойлауы – оның зейіні мен ынтасының көрсеткіші
десек, әр қойылған ашық сұрақтар дұрыс нәтижеге бағыттайды.
Бұдан кейін бүгінде қолданыстағы әдістердің бірі –«Бағытталған әдісін» де
қолдануға
болатынын айтуға болады. Бұл әдіс – оқушылардың мәтінді оқу барысында сұрақтар арқылы оны
түсінуге бағытталған тәсілі. Оқушылардың мәтінді оқу үдерісін мұғалім әр мағыналы
бөліктерінде тоқтатып отырады. Әдісті жүзеге асырудың тәсілдеріне тоқталсақ:
Достарыңызбен бөлісу: