Функциональная грамотность важнейшее условие повышения качества образования



Pdf көрінісі
бет205/271
Дата20.05.2022
өлшемі12,08 Mb.
#144190
1   ...   201   202   203   204   205   206   207   208   ...   271
Қолданылған әдебиеттер: 
1.
Даулетова Н.А «Оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыру әдістері» 
Атырау.2019ж 
2.
ҚР БҒМ «Ақпараттық талдау орталығы» АҚ. PISA-2015 Халықаралық зерттеуінің негізгі 
нәтижелері. Ұлттықесеп. Астана, 2017 жыл. 
 
 
Жунусбеков Сабыржан Ермуханович 
Қарағанды қаласы «№27 ЖББОМ» КММ 
Көркем еңбек пәні мұғалімі
 
ОҚУШЫЛАРДЫҢ ФУНКЦИОНАЛДЫҚ САУАТТЫЛЫҚТАРЫН АРТТЫРУДАҒЫ 
«КӨРКЕМ ЕҢБЕК» ПӘНІНІҢ МҮМКІНДІКТЕРІ 
 
Болашақтың бүгінгіден де нұрлы болуына ықпал етіп, адамзат қоғамын алға апаратын 
күш тек білімде ғана. Қай елдің болмасын өсіп өркендеуі, өркениетті әлемде өзіндік орын алуы 
оның ұлттық білім жүйесінің деңгейіне, дамыту бағытына байланысты. Қазіргі кезеңде елімізде 
білімберудің жаңа жүйесі жасалып, әлемдік білім беру кеңістігіне бағыт алуда. Бұл педагогика 
тарихы мен оқу-тәрбие үдерісіндегі елеулі өзгерістерге байланысты болып отыр, себебі, білім 
беру жүйесі өзгерді, білім берудің мазмұны жаңарды, жаңа көзқарас, жаңаша қарым-қатынас 
пайда болды.[1,15б.] 
Мектептегі еңбекке баулу пәні «Технология» атауынан «Көркем еңбекке» өзгеруінде 
үлкен мән бар. Алғашқысында оқушыларға техникалық бағытта ғана білім берілсе, қазіргі талап 
шәкірттер алдында мол мүмкіндіктер ашып отыр, оған себеп пән мазмұнының техникалық және 
эстетикалық бағыт алуы. Бейнелеу, сызу және технология пәндерінің бір пән аясына кіріктірілуі 
мұғалімнен үлкен жауапкершілікті талап етеді. 


416 
Жалпы орта білім беру жүйесіндегі «Көркем еңбек» пәнінің ерекшелігі әртүрлі өнер 
түрлерін зерделеу, идеяларын өнер тәсілдері арқылы көрсету, әмбебап (тұрмыстық) және арнайы 
(пәндік) білімдер мен икемділікті, материалдар мен нысандарды түрлендіру және көркем өңдеу 
дағдыларын, машықтарын иелену болып табылады.[2,1б.] 
«Көркем еңбек»оқу бағдарламасының мақсаты– өнер және еңбек технологиясы саласында 
функционалдық сауаттылықты арттыру, шынайы өмірге шығармашылықпен қарайтын тұлғаны 
тәрбиелеу. 
Оқу бағдарламасының мазмұны материалдарды бес ортақ білім беру бағыттары арқылы оқып-
үйренуді қарастырады: 
Визуалды өнер; 
Сәндік-қолданбалы өнер; 
Дизайн және технология; 
Үй мәдениеті; 
Тамақтану мәдениеті. 
Аталған бөлімдердің алғашқысына қысқаша тоқталатын болсақ:«Визуалды өнер» 
бөлімінің мазмұны: Классикалық және заманауи өнер; Қазақстандық суретшілердің 
шығармашылығы; Бейнелеу өнері жанрлары мен түрлері; Сандық өнер (фото-сурет, анимация, 
медиа құралдар); Бейнелеу (визуалды) өнерінің көркем тәсілдері; Көркемдік материалдар және 
техникалармен эксперименттеу бөлімдерін қамтиды. Байқап отырғанымыздай «Визуалды өнер» 
бөлімінің мазмұны мұғалімнен жан-жақты бейнелеу өнері саласының заманауи бағыттары 
бойынша хабардар және сауатты болуды талап етеді. 
Бұрынғы бағдарламаға жақын болғанымен өзінше алға қояр мол мүмкіндіктерді байқауға 
болады; заманауи материалдар түрлері, өңдеу құралдарын білу және қолдана білуге міндеттейді. 
Оқыту мақсаттары жүйесінің шығармашылық әрекет үдерісі барысында тәжірибелік және 
негізгі білім қалыптастыруға бағытталған үш бөлім бойынша ұйымдастырылған. 
«Шығармашылық идеяларды дамыту және зерттеу»
бөлімі .[3,9б.] 
«Шығармашылық жұмыстарды жасау және дайындау»
бөлімі . 
«Таныстырылым, талдау және шығармашылық жұмыстарды бағалау»
бөлімі. 
Аталған оқу мазмұнын пайымдай келе,іс- тәжірибеде біршама жұмыстар атқарылды. 
Мұғалім мен оқушының арасындағы оқу іс-шарасының негізгі дәнекері-оқулық. Бірақ оқу 
үрдісінде тек оқулық мазмұнымен шектеліп қалсақ онда оқушының қабілет деңгейін, 
дарындылығын дамыту жолын тежеген боламыз. Сондықтан сабақта және үйге тапсырма 
бергенде баланың пәнге деген қызығушылығына және өз бетімен ізденуіне назар аударамын. Оқу 
үрдісінде топпен жұмыс жасау барысында, зерттеу жұмысын жүргізуде ақпараттық 
сауаттылықтарын арттыру мақсатында тапсырмалар беріледі. Оқушылар ұялы телофондарын 
интернет жүйесіне қоса отырып, ақпараттар жинақтап, постерге сызба-суретті салады. Топтық 
жұмыс нәтижесінде берілген тақырып бойынша оқушылар өз жұмыстарын шығармашылықпен 
дайындап, ортаға салады. 
Топпен жұмыс оқушыларды бірлікте жұмыс жасау үрдісіне бейімдейді. Сыныптағы 
оқушыларды 6 топқа бөліп әр топқа әр түрлі жәндіктер: құмырсқа, көбелек, өрмекші, инелік, 
қоңыз және шегіртке үлгісінде болашақ муляж эскизін орындауға постер таратылды. Әр топтың 
алдына түрлі қолданудан босаған ыдыстар: пластикалық шөлмектер, тетрапакеттер берілді. Осы 
материалдар пішінін трансформациялау (өзгерту) арқылы тиісті жәндіктер үлгісін елестете 
отырып, суретін (нобайын) бейнелейді. Әр топтағы оқушылардың сыни ойлау қабілеті әртүрлі, 
өз ойын- идеяларын ортаға сала отырып, сабақ соңында әр топ өз эскиздерін қорғап шығады.
Келесі сабақта оқушылар жәндіктер муляжын жасау ісіне кіріседі. Алдыңғы сабақта 
дайындалған эскиздер негізінде дайындап әкелген қалдық заттардан (бос шөлмектер, сым, жіп, 
веер, т.б.) құралған материалдар негізінде әр жәндіктің сұлбасын өлшеп-пішіп, қиып-жалғап, 
кесіп-үзіп, созып-иіп, т.б. көптеген әдіс-тәсілдер балалардың ой-қиялынан туындап жатты. 
Сабақ барысында эскизбен жұмыстың сәйкестілігіне және жұмыс барысында 
материалдың ыңғайына қарай кейбір бөлшектер өлшемі, пішіні өзгеруіне оқушылар көз жеткізді. 
Осы сәтте алдыңғы сабақта көрсетілген шетелдік суретшілер макеттеріндегі бөлшектер (сағат 
тілі, көзілдірік құлағы, шприц т.б.) балалар жұмыстарында тиімді қолданыс тапты. 


417 
Оқушылардың өздері әкелген тұрмыстық ұсақ-түйек заттары да муляж жасауда қолданысқа 
пайдаланылып, кәдеге жарады. 
Сабақ арасында сергіту сәті жасалды, әр топ өз жәндіктерін интерпретациялап дыбыстар 
шығарып әртүрлі қозғалыс қимылдарын 2-3 минут белсенділікпен қызықты көрсетті, серігу 
кезінде де балалар шығармашылықтың тағы да бір қырын көрсете білді. Топтағы балалар өз 
жұмыстарының күшті және әлсіз жақтарына тоқталып, өзіндік баға беріп, рефлексия жасалды. 
Сабақ соңында әр топ мүшелері жұмыстарын сынып алдында қорғады, эскиз және муляж 
бойынша жеткен жетістік, кемшіліктер туралы айтылды. Жалпы идея мен жұмыс соңына дейінгі 
кезеңдермен пікір алмасты. Әр топ шыққан топтарды бағдаршам үлгісінде бағалады. Сабақ 
аяғында оқушылар өз пікірлерін стикерге жазып тақтаға қалдырды.
Қорыта айтқанда, сыни тұрғыдан ойлайтын оқушыларда белсенділікбайқалады, олар 
сұрақ қойып, дәлелдерді талдайды, мағынаны анықтау үшін саналы түрде стратегиялар 
қолданады, ауызша, жазбаша, көзбен шолу дәлелдеріне сенімділікпен қарайды.
Оқушылар әлемді түсіну үшін құрылымдар мен модельдерді игеріп қана қоймай, өз 
құрылымы бар ортаға қатысады. Оқу сан алуан тәжірибелік қызметке қатысуды қамтиды [1, 
78б.]. 
Үй тапсырмасын бергенде оқушының сабақта алған білімін әрі қарай өзінің 
мүмкіндігінше дамытуына мүмкіндік беремін. Сабақта және үйде орындаған жұмысының 
нәтижесінде оқушының пәнге деген қабілеті және қызығушылығы артады. Мысалы, 7-сыныпта 
«Бейнелеу өнеріндегі заманауи бағыттар» тақырыбында оқушылар топтық тапсырмаларда: 
«Инсталляция», «Поп-арт», «Граффити» және «Абстракционизм» бағыттары бойынша сабақта 
зерттеу жұмыстарын жүргізеді, әр топ пікірлерін білдіріп, дәлелді материалдарды сынып 
назарына таныстырып қорғайды.Үйге тапсырма берілгенде осы ойларын әрі қарай дамыту 
мақсатында әр топтың мүшелеріне өздері зерттеген тақырыптың бір нұсқа-үлгісін дайындап 
келуі ұсынылады. Сонда оқушының сабақта зерттеген тақырыбы үй тапсырмасы негізінде 
жалғасын тауып, толыққанды нәтижеге жетеді.
Оқу үрдісіндегі тәжірибе көрсеткендей соңғы бір-екі жылда оқушылардың жаңа пәннің 
талаптарына төселіп қалғандары байқалады және қуантады. Әсіресе зерттеу жұмыстарында 
оқушылардың бірден интернет желісінде ақпараттар табу, және қорғау жұмыстарында қолданыс 
табуы, жаңартылған білім берудің өз алдына жақсы жолда келе жатқандығын дәлелдей түседі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   201   202   203   204   205   206   207   208   ...   271




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет