5.2.2.1. Қарапайым және арнайы спорттық техникаларды орындау кезіндегі дағдылар мен реттілікті білу және анықтау
Сабақтың мақсаттары: оқу әдістері
Барлық оқушылар орындай алады: Оқушылар футбол ойынындағы қарапайым комбинацияларды біледі және қолданады алады.
Көпшілігі орындай алады: Қарапайым қимыл қозғалысты спорттық техникаларды бірдей орындайды.
Кейбір оқушылар орындай алады: Жаттығулардың дағдылар мен реттілікті білу және орындау арқылы тактикаларды игереді.
сабақта күтілетін жетістік критериі: Қимыл қозғалыс кезінде комбинацияларды анықтау. Жаттығулардың реттілігімен орындайды. Жаттығу барысында алаңды көріп болжап бағыттай алады.
Тілдік мақсат: Пәнге қатысты сөздік пен терминдер:
Ағылшынша: «Food – аяқ» «Bool – доп». Стратегия, комбинация, тактика, идея.
Ұйымдастыру кезеңі Сәлемдесу. Оқушыларды сапқа тұрғызу, спорт секторының рапорты, оқушылардың спорт киімдерін тексеру. Саптық жаттығулар орындау
(оң – ға, сол – ға, артқа бұрыл ).
Жалпы дамыту жаттығулары.
«Жеке» әдісі арқылы орындалады. Оқушыларды қақпашының қимыл – қозғалысын үйрету. Қорғаушының әрекетін түсіндіру. Жартылай қорғаушы қимыл – қозғалыстары.
Қимыл – қозғалыс кезінде оқушыларды 5 адамнан бөліп айып добын орындау арқылы қақпаға соққы жасайды. Олар кейбір жаттығулардың реттілігін біледі және орындайды.
Сыныпты сапқа тұрғызып бірінші екіншіге санақталып, екі топқа бөлемін. Оқушыларды кедергілер арасынан эстафеталық әдістерді пайдалана отырып допты алып жүреді және допты сыныптастарына беріп қайта орнына қайтады. Допты аяқтың ішкі жағымен алып жүреді Саралау әдісі 1) Қабілеті төмен оқушыларға біршама уақыт бөлемін 2) Айып добын орындауға топқа тапсырма беремін.
Тапсырма:
1) Допты алып жүру кезінде тактикалық тәсілдерді меңгеруі 2) Жаттығу барысында футбол элементтерін тапсырмалар арқылы меңгеру
Сабақтың соңы: Оқушыларды сапқа тұрғызу қайта денені қалпына келтіру жаттығуларын жасау. Жаймен жүріп, қолды биікке көтеріп төмен түсіріп дем алып, дем шығару. Дескриптордың нәтижесінде «Бас бармақ», «Мадақтама», «Бас бармақ» әдістері арқылы оқушылар арасында қалыптастырушы бағалау жүргізіледі. Құралдарды жинастып сабақтан босату