10.4.2. Мақсаты. Жұмсақ дәрілік түрлермен, рецептурада қолданылатын арнайы оралымдар және қысқартулармен таныстыру. Білу: жұмсақ дәрілік түрлерді рецепт түрінде жазу.
10.4.3. Дәріс тезистері.
Жұмсақ дәрілік түрлер: жағылма, балауыз, пластырь, линимент, паста
1) жағылма – Unguentum – теріге, жараға және шырышты қабықтарға жағу үшін жақпа негізден және бір немесе бірнеше дәрілік заттардан тұратын жұмсақ дәрілік түрі.
Жағылма негіздері-вазелин-Vaselinum
Ланолин-Lanolinum
жануарлар майлары.
синтетикалық негіздер.
Жағылма түрлері: қарапайым (1 дәрілік зат және 1 жақпа негіз), күрделі (2 компоненттен артық), официналдық (рецепте көрсетілмейтін тұрақты концентрациясы бар), көздік (стерильді жағдайда дайындалады және 3-5 грамм аз мөлшерде беріледі).
Рецептте қысқартылған және толық түрде жазылады:
а) қысқартылған түрде жазу (қарапайым және официнальды жағылмалар үшін қолданылады): дәрілік түрдің атауы, дәрінің атауы, концентрациясы, салмағы:
Rp.: Unguentі Neomycini sulfatis 1% - 30,0
Да. Signa. Терінің зақымдалған жерлерін майлау үшін.
б) толық түрде жазу (қарапайым және күрдел іжақпа майлар үшін қолданылады): жаңа жолдан алынған дәрінің атауы, негізі, жағылма алу мақсатында араластыру туралы нұсқау:
Rp.: Sulfacyli – natrii 1,0
Lanolini 2,0
Vaselini 5,0
Misce, ut fiat unguentum
Da. Signa. Көзге арналған жағылма.
2) жұмсақ консистенциялы крем-жағылма "Судағы жағылма"түріндегі эмульсияны білдіреді.
3) пішінін сақтауға қабілетті және серпімділікпен иілгіштікке ие тұтқыр консистенциялы гель-жағылма.
Достарыңызбен бөлісу: |