Г. б юнусова Экологиялық құжаттау және сараптау


Экоқұжаттаманың біріктіру сабағы



бет4/8
Дата06.02.2017
өлшемі1,69 Mb.
#8813
1   2   3   4   5   6   7   8

Экоқұжаттаманың біріктіру сабағы
Мақсаты: Экоқұжаттаманың біріктіру сабағы

Жоспар:


1. Қоршаған орта сапасын тұрақтандыру және жақсарту.

2. Қазақстан Республикасының орнықты дамуға көшу тетіктерін құру.

3. Гидрометеорологиялық және экологиялық мониторингті жаңғырту және жүргізу.

Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің 2010 жылғы жұмысының қорытындысы және 2011 жылғы міндеттері туралы анықтамасы туралы құжаттама

2010 жылы Министрліктің қызметі қоршаған ортаның ластану деңгейін төмендетуге, қоршаған ортаны қорғауды және экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталды.


Министрліктің негізгі жұмысы келесі бағыттар бойынша жүргізілуде:

1. Қоршаған орта сапасын тұрақтандыру және жақсарту.

2. Қазақстан Республикасының орнықты дамуға көшу тетіктерін құру.

3. Гидрометеорологиялық және экологиялық мониторингті жаңғырту және жүргізу.


I стратегиялық бағыт.

Қоршаған орта сапасын тұрақтандыру және жақсарту.
1.1 мақсат. Қоршаған ортаға эмиссияларды төмендету

1.1.1 міндет. Қоршаған ортаға шығарындылар мен төгінділерді төмендету және қалдықтарды орналастыру шараларын іске асыру және әзірлеу.

Ағымдағы жағдай:

2010 жылға рұқсат етілген шығарындылар көлемі өткен жылмен салыстырғанда 1,5 %-ға төмендеп, 3,35 млн. тонна құрады (2009 жылы 3,4 млн. тонна болған).

2010 жылға ластаушы заттар төгінділерінің рұқсат етілген көлемі өткен жылмен салыстырғанда 1,75 %-ға төмендеп, 2,8 млн. тонна құрады (2009 жылы 2,85 млн. тонна болған).

Қоршаған ортаға эмиссияларды төмендету негізінен мұнай секторларындағы кәсіпорындардың табиғи және ілеспе газдарды кәдеге жарату бағдарламасы есебінен қамтамасыз етілді.

2010 жылы қалдықтарды кәдеге жарату пайызы 20,1%-ды құрады.

Қазіргі уақытта республиканың мұнай аймақтарында қалдықтарды кәдеге жаратудың нақты нәтижелеріне қол жеткізілді, атап айтсақ, Атырау, Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе және Қызылорда облыстары. Аталған аймақтарда құрамында мұнайы бар қалдықтарды қайта өңдеу проблемасы іс жүзінде толық шешілген.

Министрлік «Коммуналдық қалдықтармен жұмыс істеудің қауіпсіздігіне қойылатын талаптар» Техникалық регламентін әзірледі, онда қалдықтар қозғалысының барлық кезеңдерінде олардың түзілуінен көмілуіне немесе қайта өңделуіне дейін талаптар, қалдықтарды бөлек жинауға, жинауға, сондай-ақ өнім өндіретін барлық кәсіпорындардың кәдеге жарату міндеттемелеріне талаптар қойылады.

Экологиялық реттеу құралдарының бірі мемлекеттік экологиялық сараптама болып табылады.

Есеп беру кезеңінде 6672 жобалық материалдар қаралды, оның ішінде Комитет 622 жобалық материалдарын қарап, оның 112-на келісім бермеді. 55 жобалық материалдар штаттан тыс сарапшыларға жолданды.

Қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсаттар алуға 1507 құжат келіп түсті. Өтінімдерді қарау нәтижелері бойынша барлығы 1133 рұқсат берілді.

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың тапсырмасын орындауда Министрлік Өнеркәсіптік газдарды тазарту технологияларын ендіру бағдарламаларын әзірлеу, оларды кәдеге жарату және көміртегі отыны мен химиялық шикізатын алу жөніндегі іс-қимылдар жоспарын әзірледі. 2010 – 2014 жылдарға арналған «Жасыл даму» салалық бағдарламасы шеңберінде «АрселорМиттал Теміртау» АҚ-на А.В. Борисенко жүйесінің өнеркәсіптік газдарды тазарту бойынша кешеннің құрылысы» іс-шарасын іске асыру көзделген.

Техникалық-экономикалық қамтамасыз етуді әзірлеуге және бекітуге қаржы бөлу Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің 026 «Инновациялық гранттар ұсыну» бюджеттік бағдарламасы шеңберінде инновациялық грант түрінде қаралады.

Жоба инновациялық жобаның ТЭН дайындық іс-шараларын өткізу бойынша инновациялық гранттарды алуға өтініш бойынша оң Кешенді қорытынды алды.

Президент Әкімшілігінің Басшысы А.Е. Мусиннің 2010 жылғы
15 шілдедегі № 2713-3 тапсырмасына сәйкес Білім және ғылым министрлігі жауапты болып белгіленді.

Проблемалық мәселелер:

Қалдықтарды кәдеге жарату бөлігінде жергілікті атқарушы және мүдделі мемлекеттік органдармен өзара әрекет етудің жеткіліксіздігі.

Қалдықтарды қайта өңдеу бойынша шағын және орта бизнестің нашар дамуы, қалдықтарды қайта өңдеу технологияларының жоқтығы.

2011 жылға арналған жоспар:

Жалпы шығарындылардың белгіленген мағыналарының көлемі – 3,35 млн. тонна;

Жалпы төгінділердің белгіленген мағыналарының көлемі – 2,8 млн. тонна;

2011 жылы қалдықтарды кәдеге жарату пайызы – 20,7 %-ды құрайтын болады.


1.1.2 міндет. Қоршаған ортаға эмиссиялар деңгейін төмендету, қоршаған ортаға орнықты органикалық ластаушылардың әсерін төмендету, қоршаған ортаны қалпына келтіру және қоршаған орта сапасының нормативтеріне сатылап жету және экологиялық ережелерді күшейту үшін нормативтік әдістемелік құжаттаманы қамтамасыз ету үдерістерінің ғылыми қамтамасыз етуді қалыптастыру.

Ағымдағы жағдай:

2010 жылға 40 нормативтік әдістемелік құжаттар, экологиялық нормативтер, стандарттар мен талаптар әзірленді.

Министрліктің ғылыми-техникалық кеңесінде құжаттарды әзірлеушілердің қорытынды есептері тыңдалды.

2010 жылы Министрлік 18 жалғастырылған тақырып бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізді. 2010 – 2012 жылдары орындалуға жоспарланған 19 жаңа ғылыми-зерттеу жұмыстары бойынша конкурс өткізілді.

2009 жылғы 11 қыркүйекте Орынбор қаласында өткен Қазақстан мен Ресейдің аймақаралық ынтымақтастық VI Форумының қорытындысы бойынша Елбасының 2009 жылғы 9 қарашадағы № 93-5/4473-3 тапсырмасы шеңберінде «Орал өзені бассейнінің экологиялық жай-күйін кешенді зерделеу» және «Тобыл-Торғай су бассейнінің гидроэкологиялық проблемаларын кешенді бағалау» тақырыптары бойынша ғылыми зерттеу жүргізу үшін негіздеме әзірленді.

Президент Н.Ә. Назарбаевтың 2010 жылғы 9 ақпандағы № 01-25.27 «Сорбұлақ» сарқынды су жинақтаушы проблемаларына қатысты жеке тапсырмасы шеңберінде «Сорбұлақ көлінің бұзылу қаупін төмендету және орын алған қолайсыз экологиялық жағдайын бағалау мақсатымен оның сарқынды су жинақтаушының қазіргі жағдайын кешенді зерделеу» тақырыбы бойынша ғылыми зерттеулер жүргізу үшін негіздеме әзірленді. Аталған ҒЗЖ 2010-2012 жылдар аралығында жүргізіледі.

2011 жылға арналған жоспар:

24 тақырып бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарын орындау.



1.1.3 міндет. Қоршаған ортаны қорғаудың экологиялық-экономикалық тетіктерін жетілдіру.

Ағымдағы жағдай:

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне экологиялық мәселелер бойынша толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заң жобасы әзірленді.

Заң жобасы қалдықтардың жинақталған көлемдері үшін ынталандыратын төлемақы ставкасын белгілеу мәселелері бойынша Салық кодекске, ИСО 14000 халықаралық экологиялық стандарттарды және экологиялық таза өнімдердің стандарттарын ендіруді ынталандыру мәселелері бойынша «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңға, әлеуметтік-экономикалық бағдарламалар дайындау үшін қоршаған ортаны қорғау іс-шараларын қаржыландыруды анықтау әдістемелерін белгілеу мәселелері бойынша Экологиялық кодекске түзетулер енгізілетін болады.

Қазіргі уақытта заң жобасы Парламент Мәжілісінің қарауына енгізілді.



1.1.4 міндет. Мемлекеттік экологиялық бақылау жүйесін жетілдіру.

Ағымдағы жағдай:

Есеп беру кезеңінде бақылау-инспекциялық қызметтерінің негізгі көрсеткіштері келесіні құрады:

экологиялық заңнаманы сақтау бойынша шаруашылық субъектілеріне жүргізілген тексеріс саны – 10509 тексеріс, 8520 экологиялық заңнаманы бұзушылықтар анықталды, 8402 нұсқама берілді, 5845,7 млн. теңге жалпы сомаға 8366 әкімшілік айыппұлдар салынды.

Премьер-Министр К.Қ. Мәсімовтің 2009 жылғы 8 желтоқсандағы


№ 17-24/007-810 тапсырмасы бойынша Бас прокуратура, Мұнай және газ министрлігі және Төтенше жағдайлар министрлігі мен мүдделі мемлекеттік органдар өкілдерінің қатысуымен 2010 жылғы ақпан-мамыр аралығында КПО б.в. қызметіне жоспардан тыс кешенді тексеріс жүргізілді.

Өз кезегінде, Экологиялық реттеу және бақылау комитеті мен Жайық-Каспий экология департаментінің Батыс Қазақстан облыстық филиалы қызметкерлерінің қатысуымен 2010 жылғы 15 ақпанда жоспардан тыс тексеріс жүргізілді.

Тексеріс барысында бірнеше экологиялық заңнама бұзушылықтар анықталды.

1 996,3 млн. теңгеге әкімшілік айыппұл салынды. Астана қалалық мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының 2010 жылғы


19 шілдедегі шешімімен аталған айыппұл мемлекет кірісіне өндірілді.

Сондай-ақ, компания эмиссияларға рұқсаттары бар қоршаған ортаға қауіпті «янтарлық» деңгейдің 2463,6 тонна қалдықтарын орналастырғандығы және 2009 жылға КПО б.в. компаниясымен қоршаған ортаға орналастырылған қалдықтар саны өз еркімен және лимиттер эмиссияларына шамадан тыс рұқсаттар «янтарлық» тізім бойынша – 17287,1 тонна; «жасыл» тізім бойынша – 1218,1 тонна құрағандығы анықталды.

КПО б.в. тексеру нәтижелері бойынша жалпы 1 922,1 млн. теңгеге қоршаған ортаға қалдықтарды өз еркімен және нормативтен тыс орналастырғаны үшін залалды өтеу бойынша шағым түсіріліп, Жайық-Каспий экология департаментінің Батыс Қазақстан облыстық филиалы сотқа жіберілді.
Батыс Қазақстан облыстық мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының 2010 жылғы 24 қыркүйектегі шешімімен шағым қанағаттандырылып, талап-арыз мемлекеттің кірісіне өндірілді.

2010 жылғы 4 мамырдағы Үкімет отырысы хаттамасының


2-тармағына сәйкес мұнайгаз секторлы кәсіпорындарға мұнай операцияларын өткізу технологиялары мен қауіпсіздік техникасын сақтауға, штаттан тыс жағдайларға әсер ету және жүргізіліп жатқан жұмыстардың қоршаған ортаға әсерін бағалауға жоспардан тыс тексерістер жүргізілуде.

Экологиялық кодекстің 117-бабына сәйкес шаралар қабылдап, экологиялық заңнаманың орындалуына мемлекеттік экологиялық бақылау жүргізу кезінде анықталған бұзушылықтарды жою бойынша нұсқамалар берілді.


2011 жылға арналған жоспар:

2011 жылға арналған тексеріс саны шамамен 7587 тексерісті құрайтын болады.



1.1.5 міндет. Аумақтық бөлімшелердің материалдық-техникасын қамтамасыз ету, техникалық қайта жабдықтау және талдау зертханаларының жабдықтау, инспекциялық жұмыстың кадрлық және әдіснамалық қамтамасыз етілуін арттыру.

Ағымдағы жағдай:

ҚР СТ ИСО/МЭК 17025-2007 талаптарына сәйкес аккредитациядан Ақтөбе қаласының Тобыл-Торғай экология департаментінің және Астана қаласының Есіл экология департаментінің зертханалары өтті.

Жайық-Каспий экология департаментінің (Атырау қ.) және Балқаш-Алакөл экология департаментінің (Алматы қ.) зертханалары аттестациялық тексерістен өткізілді. Қазіргі уақытта аккредиттеу құжаттары ИЖТМ Техникалық реттеу комитетінің сарапшылар комиссиясының қарауында.

Ұлттық аккредиттеу орталығына қарауға 3 сынақ зертханасының материалдары жолданды.

2010 жылы «Қоршаған ортаны қорғаудың ақпараттық-талдау орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорын базасында Кадрлардың біліктіліктерін арттыру орталығы 18 оқу курстарын өткізді.

2010 жылға 370 тыңдаушылар оқытылды.



2011 жылға арналған жоспар: 3 зертхананы аккредиттеу.

1.2 мақсат. Табиғи ортаны қалпына келтіру.

1.2.1 міндет. Су бұру және кәріздік тазарту құрылыстары жүйесін салу, қайта құру және жаңғырту бойынша жобаларды іске асыру.

Ағымдағы жағдай:

4 872 863 мың теңгеге 7 инвестициялық жобаларды іске асырылуда.



2011 жылға арналған жоспар:

2011 жылға жалпы сомасы 9 828 329 мың теңге шығындар көзделуде.

Сонымен қатар, 2 800 000 мың теңгеге «Шучье-Бурабай курорттық аймағының су қоймаларын (Шучье, Бурабай, Қарасу көлдері) тазарту» жобасын іске асыру көзделуде. Сондай-ақ «Жамбыл облысындағы Тараз қаласының сарқынды суларын толық биологиялық тазарту кешенінің құрылысы» объектісі бойынша жобалық-сметалық құжаттамаларын әзірлеуді аяқтау қажет.

1.2.2 міндет. Экологиялық апат аймақтарындағы экологиялық жағдайды жақсарту іс-шаралар кешенін өткізу.

Ағымдағы жағдай:

Экологиялық апат аймақтарындағы экологиялық жағдайды жақсарту іс-шаралар кешені бойынша міндеттерді іске асыруға екі ғылыми жұмыс өткізілуде.

Сары-Шаған сынақ полигоны қызметінің экологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қатысты Мемлекет басшысының тапсырмасын орындауда Президент Әкімшілігіне Министрлік 2010 жылғы
10 желтоқсандағы № 10-01-40/5202-қбпү хатпен Ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссия отырысының хаттамалық тапсырмасының орындалуы бойынша ақпарат жолдады, онда сондай-ақ аталған мәселені бақылаудан алу туралы ұсыныс ұсынылды.

Премьер-Министр К.Қ. Мәсімовтің 2010 жылғы 12 тамыздағы


№ 115-р өкімімен Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданы Березовка ауылының проблемалық мәселелерін шешу жөніндегі ұсыныстарын әзірлеу үшін жұмыс тобы құрылды. Жұмыс тобы тұрғындардың денсаулық жағдайына және оларға ҚМГККО өндірістік қызметінің әсер етуіне талдау жүргізді, талдау нәтижелері негізгі аурулар бойынша денсаулық жағдайының көрсеткішіне қандай да бір сыртқы зиянды факторлар әсерінің тікелей тәуелдігі жоқтығын көрсетті.

2010 жылғы 30 қыркүйектегі хатпен Премьер-Министрдің Кеңсесіне талдау қорытындылары және атмосфералық ауаның мүмкін ластануына мониторинг жүйесін оңтайландыру мақсатында Березовка ауылында экологиялық мониторингтің қосымша автоматты станциясын қондыру ұсынысы бойынша ақпарат жолданды.

Премьер-Министрі Кеңсесінің Басшысы Ғ. Әбдірахымовтың
2010 жылғы 25 қарашадағы № 11-17/003-962 (2 т.) тапсырмасына сәйкес Березовка ауылының проблемалық мәселелерін шешу жөнінде қосымша шаралар қабылдау тапсырылды.

Осыған орай, Министрлік 2010 жылғы 7 желтоқсандағы хатпен Премьер-Министрі Кеңсесіне:

медициналық қызмет көрсету сапасын жақсартуға;

өмір сүру жағдайын жақсартуға;

экологиялық мониторингі жүйесін жетілдіруге;

Қарашығанақ мұнайгазконденсат кен орны санитарлық-қорғау аймағында мекендейтін тұлғаларды көшіруге бағытталған, іске асыруға ұсынылған және қабылданған іс-шаралар туралы ақпарат жолданды.

1.2.3 міндет. Табиғи ортаның тозуын тоқтата тұру, «тарихи» ластануды жою.

Ағымдағы жағдай:

Есеп беру жылында 32 000 мың теңге көлемінде Ақтөбе облысының Елек өзеніне жанасатын аймақтағы жер асты суларын алты валентті хроммен ластанудан тазарту бойынша жобалық-сметалық құжаттамаларын әзірлеу және мемлекеттік ведомстводан тыс сараптамадан өткізу жоспарланған.

Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Шетелдік инвесторлар кеңесінің 18-ші отырысында 2007 жылғы 7 желтоқсандағы № 01-10.1 Н.Ә. Назарбаевтың «тарихи» ластануларды жою бойынша, оның ішінде Шымкент қаласындағы топырақ жамылғысын қорғасынмен ластанудан, Ақтөбедегі жер асты суларын алты валентті хроммен ластанудан тазарту жобаларын іске асыруды қамтамасыз ету бойынша шұғыл шаралар қабылдау туралы берген тапсырмасына сәйкес республикалық және жергілікті деңгейлерде «тарихи» ластануларды жою бойынша орындалып жатқан іс-шаралар туралы ақпараттарға талдау жасалды.

2011 жылға арналған жоспар:

880 290 мың теңгеге «Ақтөбе облысының Елек өзеніне жанасатын аймақтағы жер асты суларын алты валентті хроммен ластанудан тазарту» жобасын іске асыру.

II стратегиялық бағыт.

Қазақстан Республикасының орнықты дамуға көшу тетіктерін құру.

2.1 мақсат. Теңдестірілген даму құралдарын қалыптастыру

2.1.1 міндет. Қазақстан аймақтары және салалары бойынша орнықты даму қағидаттарын ендіру және орнықты дамудың нысаналы көрсеткіштерін әзірлеу.

Ағымдағы жағдай:

003 «Қоршаған ортаны қорғау саласындағы ғылыми зерттеулер» бағдарламасы шеңберінде орнықты дамуға көшудің орнату параметрлері мен салааралық нысаналы көрсеткіштерінің түзетулерін ескере отырып, барлық аймақ үшін (14 облыс, Астана, Алматы қалалары) орнықты дамуға көшудің тұтас нысаналы көрсеткіштері әзірленді.

2.1.2 міндет. Қазақстан аймақтары бойынша тұрғындар денсаулықтарына қоршаған ортаның ластануынан қауіп-қатерді бағалау.



Ағымдағы жағдай:

Ауылдық елді мекендерге экологиялық-демографиялық зерттеу жүргізілді және Ақмола, Қостанай, Павлодар, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстарының 291 ауылдық округтердің паспорттары жасалды, солтүстік зерттеу аймақтардағы елді мекендердің өмір сүру қабілеттері деңгейін сипаттайтын ауыл аумақтарының табиғи, экологиялық-демографиялық, әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштері жай-күйінің ақпараттық және картографиялық деректер базасы құрылды.

2011 жылға арналған жоспар:

Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Атырау және Маңғыстау облыстарының ауылдық округтарына зерттеу жүргізу жоспарлануда.

2.2 мақсат. Халықаралық ынтымақтастықты тереңдету және орнықты дамудың аймақтарын қалыптастыру.

2.2.1 міндет. Экология және орнықты даму мәселелері бойынша басқа мемлекеттермен халықаралық ынтымақтастықты белсендіру, қоршаған ортаны қорғау мәселелерін реттейтін халықаралық конвенцияларды іске асыру.

Ағымдағы жағдай:

2010 жылғы 27 қыркүйек 2 қазан аралығында Астана қаласында Азия-Тынық мұхит өңіріндегі қоршаған орта және даму бойынша министрлерінің 6-шы конференциясы өтті.

6-шы Конференция шеңберінде Жапония, Корея, Тимор-Лесте, Ауғанстан, Бангладеш және Вануату өкілдерімен қоршаған ортаны қорғау министрлері мен вице-министрлері деңгейінде екіжақты кездесулер өткізілді.

6-шы Конференцияда Астана бастамашылығы, Министрлер Декларациясы және 2010-2015 жылдарға арналған Өңірлік іс-шаралар жоспары сияқты негізгі құжаттар қабылданды.

«Еуропа үшін Қоршаған орта» 7-ші министрлер конференциясына дайындық шеңберінде Министрлік келесіні атқарды:

2010 жылғы 5 ақпанда Алматы қаласында Астана бастамашылығын талқылау бойынша Сарапшы тобының Үшінші Кездесуі;

2010 жылғы 15-16 наурызда Женевада (Швейцария) БҰҰ ЕЭК ЭСК кеңейтілген бюросының отырысы, онда 7-ші Министрлер Конференциясының Күн тәртібінің жобасы және 7-ші Министрлер Конференциясының алдын ала шығыстар сметасы бекітілді.

2010 жылғы 25-26 наурызда Женевада (Швейцария) Қоршаған ортаның жай-күйін бағалау жөніндегі Үйлестіру тобының бірінші отырысы;

2010 жылғы 2-5 қарашада Женевада БҰҰ ЕЭК ЭСК 17-ші сессиясы.

Каспий маңы елдерінің сарапшылары Тегеран конвенциясына Хаттамалар жобаларын келісті:

1. Мұнаймен ластануға әкелетін тосын оқиғалар жағдайында аймақтың дайындығы, әрекет етуі және ынтымақтастығы туралы;

2. Трансшекаралық мәтінде қоршаған ортаға әсер етуді бағалау туралы;

Хаттама жобалары Каспий маңы елдеріне Тегеран конвенциясы Тараптар конференциясының Үшінші сессиясында оларға қол қою мақсатымен тиісті мемлекетішілік рәсімінен өткізу үшін таратылды.

Қазіргі кезде жоғарыда аталған Хаттамаларға қол қою туралы Президенттің Жарлық жобасы әзірленді, жоба Премьер-Министр Кеңсесінде мемлекетішілік рәсімін аяқтау сатысында.

2010 жылғы 24-26 наурыз аралығында Ванкувер қаласында (Канада) қазақстан делегациясы климаттың өзгеруі, көмірсутегі шығарындыларын басқару, таза энергетика, орнықты қаржыландыру, таза технологиялар т.б. сияқты мәселелерге арналған «Globe 2010» Конференциясына қатысты.

Бұдан басқа, 2010 жылғы 25-26 наурыз аралығында Кишинев қаласында (Молдова) Министрлік ТМД елдерінде жаһандық климаттық өзгерістерге бейімделу және олардың салдарларын жеңілдету ұлттық стратегиясын қалыптастыруда жәрдемдесу мәселелер жөніндегі екінші аймақтық оқу семинарына қатысты.

ЕҚЫҰ қолдауымен 2010 жылғы 27-29 қаңтарда Түркияда Орхус орталықтарының мәжілісі өтті.

2010 жылғы 18-20 қазанда Алматы қаласында Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қытай Халық Республикасының Үкіметі арасындағы Қоршаған ортаны қорғау саласындағы ынтымақтастық туралы келісім жобасын талқылау жөнінде қоршаған ортаны қорғау министрлерінің орынбасарлары деңгейінде арнайы мәжіліс өтті.

Осы отырыс шеңберінде қазақстан тарапы ШЫҰ мүше-елдерінің Қоршаған ортаны қорғау саласындағы ынтымақтастық тұжырымдамасының жобасы жөнінде мәселе көтерді. Тұжырымдама жобасында көзделген трансшекаралық су ресурстарын пайдалану проблемалары мен су қатынастарын реттеу шаралары талқыланды.

Тараптар аталған мәселе бойынша 2011 жылы келіссөздер шеңберінде консультацияларды жалғастыруға келісті.

Осымен қатар, Министрліктің ұсынысы бойынша ШЫҰ мүше-елдерінің Қоршаған ортаны қорғау саласындағы ынтымақтастық тұжырымдама жобасын талқылау бойынша 2011 жылғы наурызда Астанада ШЫҰ мүше-елдерінің қоршаған ортаны қорғау жөніндегі министрлік пен ведомство сарапшыларының кездесуін өткізу мәселесін пысықтауда.

2010 жылғы 2 шілдеде Астана қаласында Экономикалық ынтымақтастық жөніндегі қазақстан-француз үкіметаралық комиссиясының 9-шы отырыс болып өтті.

2010 жылғы 30 қыркүйекте Астана қаласында АТМЭӘК 6-шы Конференциясы барысында Министрлік пен Корея Республикасының Қоршаған ортаны қорғау министрлігі арасындағы қоршаған ортаны қорғау саласындағы өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды.

Министрлік пен Біріккен Араб Әмірліктерінің Қоршаған ортаны қорғау министрлігі арасындағы қоршаған ортаны қорғау саласындағы ынтымақтастық туралы келісім жобасы әзірленді.

2010 жылғы 6 мамырда Берлин қаласында қазақстан делегациясы қатысқан Сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі қазақстан-герман үкіметаралық жұмыс тобының 4-ші отырысы өтті. Су мониторингі, ұлттық тәуелсіз зертханалар құрылысы, өнеркәсіптік және тұрмыстық қалдықтарды кешенді қайта өңдеу бойынша, Парниктік газдар шығарындыларының Ұлттық сауда жүйесін құру бойынша жаңа технологиялар мен жобалар ендіру саласындағы ынтымақтастық жөніндегі алдын ала уағдаластыққа қол жеткізді.

2010 жылғы 18 шілдеде Германияның Федеральды Канцлері


А. Маркелдің сапары шеңберінде Мемлекет басшысы Н. Назарбаевтың қатысуымен Қазақстан Республикасының Қоршаған ортаны қорғау министрлігі мен Германия Федеративті Республикасының Қоршаған орта, табиғатты қорғау және ядролық реакторлар қауіпсіздігі федеральды министрлігі арасындағы қоршаған ортаны қорғау саласындағы Іс-қимылдар бағдарламасына қол қойылуы өте маңызды оқиғалардың бірі болды.

Сондай-ақ, Министрлік Парниктік газдар шығарындыларын сату Германияның Ұлттық органымен (DEHSt), DIW Консалтинг Берлин мен Климаттың өзгеруі жөніндегі Үйлестіру орталығымен бірлесіп,


2010 жылғы 25-26 тамызда Астана қаласында Қазақстанда «Парниктік газдар шығарындыларының тізімін және Сауданың ұлттық жүйесі үшін ұлттық реттеу органының функциясын қалай құру және басқару қажет» СО2 шығарындыларын сатудың ұлттық жүйесін дайындау жөніндегі жұмыс мәжілісі болып өтті.

2010 жылғы 8 қыркүйекте Киев қаласында (Украина) Экономикалық ынтымақтастық жөніндегі қазақстан-украина мемлекетаралық комиссиясының 9-шы отырысы өтті, оның шеңберінде қоршаған ортаны қорғау саласындағы мәселелер талқыланды.

Қазақстан-украина мемлекетаралық комиссиясының Күн тәртібіне сәйкес Қазақстан Республикасының Қоршаған ортаны қорғау министрлігі мен Украинаның Экология және табиғи ресурстар министрлігі арасындағы қоршаған ортаны қорғау саласындағы ынтымақтастық туралы келісімге қол қою мүмкіндігі мәселесі талқыланды.

Бүгінгі күнде аталған Келісім жобасы Украина тарапының мемлекеттік органдарының қарауында.

2010 жылғы 22-23 қарашада Душанбе қаласында Экономикалық ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық қазақстан-тәжікстан комиссиясының отырысы болып өтті. Жұмыс қорытындысы бойынша екіжақты ынтымақтастық перспективалары көрініс тапқан Хаттамаға қол қойылды.

2010 жылғы 2 қарашада Балтық аймағы мен Солтүстік елдері ынтымақтастық жөніндегі үйлестіруші Валдис Биркавс бастаған латвия делегациясымен кездесу өтті. Латвия тарапының инженерлік-техникалық қызмет және консультациялар ұсыну саласындағы жәрдемдесу жөніндегі жобасы талқылау тақырыбы болды.

2010 жылғы 4 қарашада Астана қаласында Экономикалық ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық қазақстан-австрия комиссиясының кезекті екінші отырысы өтті. Отырыс барысында қазақстан тарапы квоталарды сату жүйесі саласындағы, сондай-ақ 2050 жылға дейін төмен көміртекті дамуға көшу тұжырымдамасын әзірлеу саласындағы екіжақты ынтымақтастықты кеңейтуді ұсынды.

2010 жылғы қарашадан бастап Ауаның үлкен қашықтықтарға трансшекаралық ластануы туралы конвенция Хатшылығының қолдауымен Белорусь Республикасы, Қазақстан Республикасы және Ресей Федерациясының «Шығыс Еуропа, Кавказ және Орталық Азия елдеріне Ауаның үлкен қашықтықтарға трансшекаралық ластануы туралы конвенцияға хаттамаларды ратификациялаумен іске асыруда көмек көрсету» атты халықаралық жобасы іске асырыла бастады.

Сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі қазақстан-фин үкіметаралық комиссиясының кезекті 6-шы отырысын Хельсинки қаласында (Финляндия) өткізу жоспарланған. Фин тарапының ұсынысы бойынша кезекті ҮАК өткізу 2010 жылдың екінші жартыжылдығында жоспарланған.

Мемлекеттік органдардағы қайта құрылуларға, сондай-ақ Премьер-Министр Кеңсесі Басшысының 2010 жылғы 5 сәуірдегі № 12-28/1690 тапсырмасына орай Сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі қазақстан-фин комиссиясының отырысын өткізу Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің құзыретіне көшірілді.

Министрлік Президент Әкімшілігі, Сыртқы істер министрлігі аттарына Мемлекет басшысы Н.Ә. Назарбаевтың 2009 жылғы
24 сәуірдегі № 93-5/2014-1 тапсырмасын бақылаудан алу туралы өтінішпен хат жолдады.

Бразилия Федеративтік Республикасының Президенті Луиса Инасию Лула да Силваның Қазақстан Республикасына 2009 жылғы


17 маусымдағы және 2010 жылғы 28 тамыздағы сапарларының қорытындысы бойынша Министрлік Сыртқы істер министрлігіне Қоршаған ортаны қорғау саласындағы ынтымақтастық туралы келісімге қол қою мақсатқа лайықтылығы туралы хатты дипломатиялық арналар арқылы Бразилия Республикасының Қоршаған орта министрлігіне қайта жолдау өтінішпен хат жолдады.
Екі мемлекет арасындағы Қоршаған ортаны қорғау саласындағы келісімге қол қоюға бразилия тарапы қызығушылығының болмауына байланысты Министрлік СІМ-ге 2010 жылғы 26 маусымда Мемлекет басшысы тапсырмасының 7-тармағын бақылаудан алу туралы өтінішпен хат жолдады.

Каталог: files -> book
files -> Қазақстан тарихы 5 сынып. 2013-2014 оқу жылы
files -> Расул гамзатов
files -> Жамбыл атындағы республикалық жасөспірімдер кітапханасы Қазақстан ақын – жазушылары ХХ ғасырда
files -> «№ мектеп-лицей» мемлекеттік мекемесі Күнтізбелік- тақырыптық жоспар
files -> Ермұхан Бекмахановқа Сыздайды жаным, мұздайды қаным, жан аға!
files -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, жергілікті атқарушы органдар көрсететін білім және ғылым саласындағы мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту туралы
book -> Макс Лукадо сенің Қолыңнан келеді
book -> Игілігіміз үшін болатын азаптар Құдай неге қиындыққа жол береді?


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет