Г. б юнусова Экологиялық құжаттау және сараптау



бет5/8
Дата06.02.2017
өлшемі1,69 Mb.
#8813
1   2   3   4   5   6   7   8

2011 жылға арналған жоспар:

Астана қаласында «Еуропа үшін Қоршаған орта» 7-ші Министрлер конференциясын өткізу.

«Жасыл көпір» Астана бастамашылығын іске асыру жөніндегі Серіктестік бағдарламасы жобасын әзірлеу.

Каспий теңізінің теңіз ортасын қорғау жөніндегі негіздемелік конвенциясының Үшінші Тараптар конференциясын (Тегеран конвенциясы) өткізу.

«Каспий теңізінің теңіз ортасын қорғау жөніндегі негіздемелік конвенцияға Трансшекаралық мәтіндегі қоршаған ортаға әсер етуді бағалау хаттамасына қол қою туралы» ҚР Президентінің Жарлығына және «Каспий теңізінің теңіз ортасын қорғау жөніндегі негіздемелік конвенцияға Мұнаймен ластануға әкелетін тосын оқиғалар жағдайында аймақтың дайындығы, әрекет етуі және ынтымақтастығы туралы хаттамасына қол қою туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына қол қоюға дайындау.

«1992 жылғы 23-25 қарашада Копенгагенде қол қойылған Озон қабатын бұзатын заттар жөніндегі Монреаль хаттамасына Түзетулерді және 1997 жылғы 15-17 қыркүйекте Монреалда қол қойылған Озон қабатын бұзатын заттар жөніндегі Монреаль хаттамасына Түзетулерді ратификациялау туралы» Заң жобасына қол қоюға дайындау.

Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қытай Халық Республикасының Үкіметі арасындағы Трансшекаралық өзендер суларының сапасын қорғау жөніндегі келісімге қол қоюға дайындау.

2.2.2 міндет. Каспий теңізі шельфінің және іргелес аумақтардың ластануын алдын алу жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыру.

Ағымдағы жағдай:

2010 – 2014 жылдарға арналған «Жасыл даму» салалық бағдарламасын іске асыру іс-шараларында көзделген:

- Ақтау қаласында Каспий теңізінің проблемалары бойынша ғылыми-зерттеу институтын құру;

- мұнай кен орындарында суға бату зоналарындағы мұнай амбарларын жою;

- «Геоақпараттық жүйелер – Каспий теңізі» ақпараттық жүйесін құру және ендіру.

2.3 мақсат. Экономиканы бағыттау және жаңартылатын ресурстар мен энергия көздерін тиімді пайдалану үшін жағдайлар жасау

2.3.1 міндет. Энергия мен жаңартылатын энергия көздерін тиімді пайдалану саласындағы құқықтық негізді және стратегиялық құжаттарды құру.

Ағымдағы жағдай:

Энергия мен жаңартылатын энергия көздерін тиімді пайдалану саласындағы құқықтық негізді құру «Жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдау туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы


4 шілдедегі № 165-IV Заңымен реттеледі.

2.3.2 міндет. Жаңартылатын энергия көздерін пайдалану, энергоүнемділік және энерготиімділік бойынша жобаларға инвестицияларды тартуға ықпал ету.

Ағымдағы жағдай:

«Климаттың өзгеруі мәселелерін Қазақстан Республикасының стратегиялық жоспарлауына біріктіру арқылы орнықты даму саласындағы әлеуетті өсіру» атты Министрлік пен БҰҰДБ бірлескен жобасының шеңберінде әзірленген Қазақстан экономикасының төмен көміртекті дамуы тұжырымдамасының жобасында жаңартылатын энергия көздерін пайдалану, энергоүнемділік және энерготиімділік бойынша жобаларға инвестицияларды тартуға ықпал ету мақсатымен түрлі іс-шаралар ұсынылып отыр.


2.4 мақсат. Парниктік газдар эмиссияларын төмендету

2.4.1 міндет. Киото хаттамасының іске асырылуы.

Ағымдағы жағдай:

Климаттың өзгеруі туралы негіздемелік конвенцияға Киото хаттамасын ратификациялаған Қазақстан онда Киото хаттамасының мақсаттары үшін 1-қосымшаның тарапы ретінде ұсынылған және Киото хаттамасының Б қосымшасына кіруге өз ниетін білдірді.

Киото хаттамасының 5-бабына сәйкес Қазақстан Монреаль хаттамасымен реттелмейтін көздерден антропогендік шығарындыларды және барлық парниктік газдарын жұлушылары абсорбциясын бағалау үшін ұлттық жүйесін құруы тиіс.

Сондай-ақ, шығарындылар қысқартуларын айналымға енгізуді, сақтауды, алуды, табыстауды, сатып алуды, жоюды және айналымнан алуды нақты есепке алуды қамтамасыз ету үшін ұлттық тізілім құрылуы керек, олар Киото хаттамасының 7-бабы 4-тармағына сәйкес Тараптар конференциясының басшылық қағидаттарында анықталған.

Проблемалық мәселелер:

Парниктік газдар эмиссияларын төмендетудің және республиканың төмен көміртекті дамуға көшуінің негізгі кедергілері ретінде:

энергия тасығыштарына төмен бағалар (өнеркәсібі дамыған елдердегі бағалар деңгейіне қатысты);
тұтынылған энергияны есепке алудың заманға сай аспаптарының жетіспеушілігі энергияны тұтынудың ескірген стандарттары;

энергия тудыратын желілік қуаттылықтардың және энергетикалық кәсіпорындардың негізгі өндірістік қорларының тозуы;

елімізде энергетикалық және технологиялық машина құрылысының, энерготиімді құрылыс материалдары индустриясының және энергоүнемдеу мәдениетінің болмауы қарастыру қажет.

2.4.2 міндет. Басқа елдермен парниктік газдарды төмендету бойынша бірлескен жобаларды жүзеге асыру.

Ағымдағы жағдай:

Қазіргі уақытта, халықаралық инвесторлар, донорлар және банктер қызығушылық танытқан жаңартылатын энергия (жел, күн, су энергиясы) саласындағы жобаларды іске асыру үшін техникалық-экономикалық негіздеме және жобалық-сметалық құжаттама әзірленуде.

Киото хаттамасының қабылдануын ескере отырып, ұлттық заңнаманы үйлестіру шеңберінде 2008 жылғы 19-22 маусым аралығында Жапонияға ресми сапардың қорытындылары бойынша «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 8 желтоқсандағы № 1201 қаулысына толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 4 тамыздағы № 799 қаулысы қабылданды, онымен Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігі туралы ережеге толықтырулар енгізілді, олар Министрліктің құзыреттілігін:

көздерден антропогендік шығарындыларды және барлық парниктік газдарын жұлушылары абсорбциясын бағалау үшін ұлттық жүйесін жүргізу, сондай-ақ, оның жүргізу тәртібін бекіту;

көміртегі бірліктерінің мемлекеттік тізілімін жүргізу және оның жүргізу тәртібін бекіту;



парниктік газдар шығарындыларын төмендету бойынша жобаларды қарау, мақұлдау, тіркеу және оларға мониторинг жүргізу тәртібін бекіту бойынша қарастырады.

2.4.3 міндет. Пост-Киото кезеңіне парниктік газдар шығарындыларын қысқарту бойынша Қазақстанның міндеттемелерін орындау.

Ағымдағы жағдай:

2009 жылғы қарашада Үкіметтің қаулысымен базалық негізбен салыстырғанда парниктік газдар шығарындыларын 2020 жылға қарай 15%, ал 2050 жылы 25% төмендету бойынша ерікті сандық міндеттемелерді қабылдау туралы шешім қабылданды, ол жөнінде
2009 жылғы желтоқсанда Копенгагенде өткен Тараптар Конференциясында мәлімделді.

Киото хаттамасының 2-бабы 1-тармағына сәйкес Қазақстан


І қосымшаға қосылған Тарап ретінде 3-бапқа сәйкес шығарындыларды шектеу мен қысқарту жөніндегі өзінің белгіленген сандық міндеттемелерін орындаған кезде және тұрақты дамуды ынталандыру мақсатында өз ұлттық жағдайларына сәйкес парниктік газдар шығарындыларының төмендеуіне және олардың сіңірулерінің артуына мүмкіндік туғызатын саясат пен шараларды жүзеге асырады және/немесе одан әрі әзірлейді.

Проблемалық мәселелер:

Қазақстан Киото хаттамасының Б қосымшасына кірмегендігіне және оның Киото хаттамасының 2008-2012 жылдарға арналған бірінші бюджеттік кезеңінде бекітілген сандық міндеттемелерінің жоқ болуына байланысты, ол бірлесіп жүзеге асыру және халықаралық сауда жобаларын іске асыруды қамтитын халықаралық тетіктерді пайдалана алмайды, ол жағдайда ішкі саясат тиімділігін және парниктік газдар шығарындыларын төмендету бойынша шараларды арттыру мақсатымен Қазақстанда ішкі көміртегі нарығы құрылады. Көміртегі нарығын құру үшін квоталарды таратудың ұлттық жоспарын қоса алғанда құқықтық негіз бен оның жұмыс істеу ережелері әзірленуі тиіс.


ІІІ стратегиялық бағыт.

Гидрометеорологиялық және экологиялық мониторингті жаңғырту және жүргізу

3.1 мақсат. Гидрометеорологиялық және экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету

3.1.1 міндет. Гидрометеорологиялық бақылаулардың мемлекеттік жүйесін және қоршаған ортаның жай-күйіне бақылаулар желісін дамыту.

Ағымдағы жағдай:

Ақмола облысы Аршалы ауданы Жібек жолы ауылындағы жер учаскесінде гидрометеорология бойынша Республикалық оқу орталығының құрылыс-монтаждау жұмыстары басталды.

Алматы облысындағы Іле-Добын өзенінде автоматты деңгейлік бекет құрылды. Қостанай гидрометеорология орталығының Арқалық метеорологиялық станциясын, Оңтүстік Қазақстан гидрометеорология орталығының Түркістан метеорологиялық станциясын, Қызылорда гидрометеорология орталығының Арал теңізі метеорологиялық станциясын, Ақмола гидрометеорология орталығының Жақсы метеорологиялық станциясын көшіру жүргізілді. Алматы гидрометеорология орталығының Ақжар ауылындағы метеорологиялық станциясын және гидрологиялық бекетін көшіру жүргізілді.

Алматы гидрометеорология орталығы Бартоғай су қоймасына ойықтан жоғары – Шелек өзеніндегі гидрологиялық бекеттің қызметтік ғимараты мен көпірі бойынша құрылыс-монтаждау жұмыстары аяқталды. Петропавл метеорологиялық станциясын Солтүстік Қазақстан облысының Бишікөл ауылына көшіру жүргізілді және Ақмола облысында жаңа Степняк метеорологиялық станциясы ашылды. Экологиялық жабдықты тексеру бойынша зертхананы ұйымдастыру жүргізілді.

Автоматты экологиялық бекеттерінің үздіксіз жұмыс істеуі үшін МГА-915М атомдық-абсорбциялық спектрометр және инвертор сатып алынды, сондай-ақ, фондық мониторинг жүргізу бойынша жұмыстар көлемінің ұлғаюына байланысты электрмен қамтамасыз ету желілерінің энергия сыйымдылығын арттыру бойынша жұмыс жүргізілді.

Проблемалық мәселелер:

Бөлінген қаражаттың жетіспеушілігі бақылау желілерінің техникалық қайта жарақтандырылуын жүргізуге ғана мүмкіндік береді.



2011 жылға арналған жоспар:

Ақмола облысы Аршалы ауданы Жібек жолы ауылындағы жер учаскесінде гидрометеорология бойынша Республикалық оқу орталығының құрылыс аяқтау;

Солтүстік Қазақстан гидрометеорология орталығына әкімшілік ғимарат сатып алу;

Ақмола облысы Аршалы ауданы Жібек жолы ауылындағы жер учаскесінде гидрометеорология бойынша Республикалық оқу орталығының негізінде өлшеу құралдары қызметін құру үшін материалдарды сатып алу;

екі қар өлшеу бағыттарын құру үшін жабдықтарды сатып алу;

7 жаңа гидробекеттерді құру;

мемлекеттік бақылау желісін толық жабдықтау және техникалық қайта жарақтандыру үшін жабдықтарды сатып алу.

3.1.2 міндет. Байланыс, деректерді өңдеу және беру құралдарын жаңғырту

Ағымдағы жағдай:

Кәдімгі байланыс арнасынан кең жолақты интернет ғаламдық желіге көшу бойынша жұмыстар орындалды.

Арнаның жіберу мүмкіндігі 2048 кб/сек ұлғайды. Бұл қалалардағы ақпаратты жинау және өңдеу орталықтары арасында алмасуды жүргізуге мүмкіндік берді. Сондай-ақ, аталған арна Мәскеуден және басқа орталықтардан да ақпарат алу үшін пайдаланылады. Сонымен қатар, арнаның жылдамдығын ұлғайту ақпаратты қабылдауға кететін уақытты екі есе қысқартуға мүмкіндік берді, нәтижесінде синоптикалық деректерді беру және өңдеу көлемі ұлғайды.

2011 жылға арналған жоспар:

Ақпаратты берудің жіберу жүйесін ұлғайту және жүйені одан әрі автоматтандыру.



3.1.3 міндет. Болжау қызметін жаңғырту

Ағымдағы жағдай:

Болжамдаушылар үшін автоматтандырылған жұмыс орындары ендірілді. Автоматтандырылған жұмыс орындары болжаудың шұғылдығы мен сапасын ұлғайтуға мүмкіндік берді.

Алматы және Ақмола облыстары бойынша нақтылаумен республика аумағы үшін 1 тәулікке сандық консультативтік қысқамерзімді метеорологиялық болжамды шығару үдерісінің технологиясы бойынша жұмыстар жүргізілді. Кіші кластерлік жүйе жабдығын жинау және тестілеу жүргізілді, кластердің әкімшілік, жүйелік және есептеу жергілікті желісін баптау жүргізілді. Жоғары өндірістік есептеу жүйелеріне арнайы талаптардың сақталуымен LINUX операциялық жүйесі орнатылды.

2011 жылға арналған жоспар:

72 сағат ішінде болжаудың сандық әдістерін әзірлеу.

Болжаудың сапасын жақсарту үшін серіктік ақпаратты зерделеу.

3.1.4 міндет. Қазақстан Республикасының ұлттық гидрометеорологиялық қызметін ұйымдастыру және басқару жүйесін жетілдіру.

Ағымдағы жағдай:

«Қазгидромет» РМК Алматы қаласының «Гидрометеорологиялық мониторинг орталығы» ЕМК тексеру зертханасы ретінде аккредиттелген.

Қар өлшеу бағыттарының бақылаушылары (Алматы қаласы) және Алматы облысы Дүбін гидробекетіндегі гидрологтар үшін санатын арттыру курстары өткізілді.

Проблемалық мәселелер:

Экологиялық жабдықты тексеру бойынша аккредиттеу саласын кеңейту.



2011 жылға арналған жоспар:

Астана қаласы маңындағы гидрометеорология бойынша Республикалық оқу орталығында аспаптарды жөндеу және тексеру бойынша Өлшеу құралдары қызметін құру және дамыту.



3.1.5 міндет. Ұлттық гидрометеорологиялық қызмет бөлімшелерін қызметтік-өндірістік ғимараттармен қамтамасыз ету

Ағымдағы жағдай:

Ақмола облысы Аршалы ауданы Жібек жолы ауылындағы жер учаскесінде гидрометеорология бойынша Республикалық оқу орталығының құрылыс-монтаждау жұмыстары жүргізілуде.



2011 жылға арналған жоспар:

Ақмола облысы Аршалы ауданы Жібек жолы ауылындағы жер учаскесінде гидрометеорология бойынша Республикалық оқу орталығының құрылысын аяқтау және қолданысқа енгізу.



3.2 мақсат. Гидрометеорологиялық және экологиялық мониторингті жетілдіру

3.2.1 міндет. Мемлекет пен халықтың гидрометеорологиялық ақпаратта қажеттілігін қамтамасыз ету, оның ішінде, қауіпті және стихиялық гидрометеорологиялық құбылыстар жөнінде дер кезінде ескерту.
Ағымдағы жағдай:

2010 жылы гидрометеорологиялық мониторинг


259 метеостанцияда, 291 гидрологиялық бекетте,
185 агрометеорологиялық бақылау пункттерінде, 8 аэрологиялық станцияларда, 2 қар көшкіні станцияларында және 20 қар өлшеу бағыттарында жүргізілді.

Күн сайын Қазақстанның облыстары мен қалалары бойынша түрлі алдын алушылық ауа райы болжамдары, сондай-ақ, маусымдық болжамдар және орталық мемлекеттік органдардың сұраулары бойынша болжамдар жасалады. Гидрологиялық болжамдар жасалады, теңіз және агрометеорологиялық болжамдары және ауа бассейні ластануының қолайсыз метеорологиялық жағдайларының болжамдары беріледі.

Күні бұрынғы қауіпті және стихиялық гидрометеорологиялық құбылыстар жөнінде дауылдық ескертулер 48 сағатты құрды.

2011 жылға арналған жоспар:

Гидрометеорологиялық және экологиялық мониторингті жүргізу бойынша жұмыс 006 және 008 бағдарламаларға сәйкес жүргізілетін болады.



3.2.2 міндет. Мемлекеттік органдар мен халықты қоршаған ортаның ластануының жай-күйі жөніндегі ақпаратпен қамтамасыз ету.

Ағымдағы жағдай:

Атмосфералық ауада ластаушы заттардың 16 көрсеткіші анықталады: салынды заттар (шаң), күкірт диоксиді, көміртегі оксиді, азот диоксиді, фторлы сутегі, күкіртсутегі, аммиак, күкірт қышқылы, хром, формальдегид, фенол, азот оксиді, хлорлы сутегі, хлор, мышьяк.

Су нысандарында ластаушы заттардың 45 көрсеткіші анықталады: температура, мөлдірлігі, түсі, салынды заттар, ерітілген оттегі, оттегімен қанықтыру пайызы, көміртегінің қос тотығы, хлоридтер,сульфаттар, гидрокарбонадтар,кальций иондары, магний иондары, натрий, калий, минералдануы, бихроматтық тотығу, БПК5, аммонийлі азот, нитритті азот, нитратты азот, азот сомасы, фосфаттар, жалпы фосфор, жалпы темір, темір (2+), кремний, ұшпа фенолдар, мұнай өнімдері, СПАВ, мыс, мырыш, жалпы хром, хром (6+), хром (3+), кадмий, қорғасын, мышьяк, сынап, фтор, күкіртсутегі, карбонадтар, бор, марганец, никель.

Топырақта ластаушы заттардың 5 көрсеткіші анықталады: қорғасын, мырыш, кадмий, мыс, хром.



Проблемалық мәселелер:

Қоршаған орта сапасының стандарттарын үндестіру әдістемесі жоқ.



2011 жылға арналған жоспар:

Ластаушы заттар көрсеткіштерінің спектрін кеңейту: атмосфералық ауада 17 көрсеткішке дейін, топырақта 6 көрсеткішке дейін. Беттік сулардың сапасына бақылаудың тағы 1 пунктін ұлғайту.

Бақылау сұрақтары:

1. Қоршаған орта сапасын тұрақтандыру және жақсарту.

2. Қазақстан Республикасының орнықты дамуға көшу тетіктерін құру.

3. Гидрометеорологиялық және экологиялық мониторингті жаңғырту және жүргізу.




Экологиялық сараптау (ЭС)
Мақсаты: Экологиялық сараптау (ЭС) құжаттарымен жұмыс жасай білу

Жоспар:


1. Табиғат қорғауды жобалау, нормалау және экологиялық сараптау саласындағы жұмыстар жөнiндегi қызметтi лицензиялаудың кейбiр мәселелерi

2. Табиғат қорғауды жобалауға, нормалауға арналған қызметтi лицензиялау кезiнде қойылатын бiлiктiлiк талаптары

3. Экологиялық сараптау саласындағы жұмыстарды лицензиялау кезiнде қойылатын бiлiктiлiк талаптары
1. Табиғат қорғауды жобалау, нормалау және экологиялық сараптау саласындағы жұмыстар жөнiндегi қызметтi лицензиялаудың кейбiр мәселелерi туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 8 қазандағы N 1039 қаулысы

Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж., N 41, 433-құжат

Қазақстан Республикасының "Лицензиялау туралы" 1995 жылғы 17 сәуiрдегi, "Экологиялық сараптама туралы" 1997 жылғы 18 наурыздағы және "Қоршаған ортаны қорғау туралы" 1997 жылғы 15 шiлдедегi Заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:

1. Қоса берiлiп отырған табиғат қорғауды жобалау, нормалау және экологиялық сараптау саласындағы жұмыстар жөнiндегi қызметтi лицензиялау кезiнде қойылатын бiлiктiлiк талаптары бекiтiлсiн.

2. "Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылғы 17 сәуiрдегi N 2201 қаулысын жүзеге асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1995 жылғы 29 желтоқсандағы N 1894 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1995 ж., N 41, 515-құжат) мынадай толықтыру енгiзiлсiн:

көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Лицензиялауға жататын қызметтiң түрлерiне лицензиялар беруге өкiлеттiк берiлген мемлекеттiк органдардың (лицензиярлардың) тiзбесi мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрi 43-жолмен толықтырылсын:

"43. Қазақстан табиғат қорғауды жобалау,

Республикасының Қоршаған нормалау және экологиялық

ортаны қорғау министрлiгi сараптау саласындағы жұмыстар".

3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi және жариялануға тиiс.

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 8 қазандағы N 1039 қаулысымен бекiтiлген мынадай қызмет лицензиялау объектiсi болып табылады:

табиғат қорғауды жобалау - "Экологиялық сараптама туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес мiндеттi мемлекеттiк экологиялық сараптауға жататын қоршаған ортаны қорғау мен табиғат пайдалануға қатысты жоспарлау, жоспарлау алдындағы және жобалау құжаттамасының, өзге де материалдар мен құжаттардың не олардың жекелеген бөлiмдерi мен бөлiктерiнiң барлық түрлерiн әзiрлеу;

табиғат қорғауды нормалау - "Қоршаған ортаны қорғау туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген шаруашылық және өзге де қызметке қойылатын экологиялық нормативтер мен экологиялық талаптардың барлық түрлерiн әзiрлеу;

экологиялық сараптау саласындағы жұмыстар - штаттан тыс сарапшылардың және заңды тұлғалардың (жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң) экологиялық сараптау объектiсiнiң материалдары бойынша ескертулер мен ұсыныстарды дайындауға және мамандандырылған мәселелердi пысықтауға байланысты жұмыстарды орындауы;

Бiлiктiлiк талаптарының сақталуын бақылау лицензиаттың жыл сайын лицензияны алу күнiне оның бiлiктiлiк талаптарын растайтын құжаттар мен материалдарды тапсыруын қамтиды.
2. Табиғат қорғауды жобалауға, нормалауға арналған қызметтi лицензиялау кезiнде қойылатын бiлiктiлiк талаптары

Бiлiктiлiк талаптары мыналардың:

1) заңды тұлға үшiн - өтiнiш берушiнiң басшысында (орынбасарында) жоғары кәсiптiк немесе орта кәсiптiк бiлiмiнiң немесе ғылыми дәрежесiнiң;

жеке тұлға үшiн - тиiстi жоғары кәсiптiк бiлiмiнiң немесе ғылыми дәрежесiнiң және мамандығы бойынша үш жылдан кем емес жұмыс стажының;

2) мынадай:

тиiстi жоғары кәсiптiк бiлiмi немесе ғылыми дәрежесi және мамандығы бойынша үш жылдан кем емес жұмыс стажы бар инженерлiк-техникалық және ғылыми қызметкердiң;

табиғат қорғауды жобалау және нормалау жөнiндегi қызметтi жүзеге асыруға лицензиясы бар мамандардың;

3) тиiстi материалдық-техникалық және өндiрiстiк базаның:

аспаптармен және жабдықпен жарақталған тiркелген мамандандырылған зертханалардың не көрсетiлген зертханалары бар ұйымдардың талдамалы жұмыстарды (қызметтер көрсетудi) орындауы туралы шарттардың;

есептiк материалдарды жасау мен ресiмдеуге қажеттi ұйымдастыру техникасының және электрондық техниканың, бағдарламалық қамтамасыз етудiң;

4) жұмыстың сұрау салатын түрлерi бойынша нормативтiк-құқықтық кесiмдердiң, техникалық және әдiснамалық құжаттаманың, ғылыми-анықтамалық әдебиеттiң болуын қамтиды.
3. Экологиялық сараптау саласындағы жұмыстарды лицензиялау кезiнде қойылатын бiлiктiлiк талаптары

Бiлiктiлiк талаптары мыналардың:

1) заңды тұлға үшiн - өтiнiш берушiнiң басшысында (орынбасарында) жоғары кәсiптiк бiлiмiнiң немесе ғылыми дәрежесiнiң және қоршаған ортаны қорғау саласындағы үш жылдан кем емес практикалық тәжiрибесiнiң;

жеке тұлға үшiн - тиiстi жоғары кәсiптiк бiлiмiнiң немесе ғылыми дәрежесiнiң, мамандығы бойынша үш жылдан кем емес жұмыс стажының және қоршаған ортаны қорғау саласындағы үш жылдан кем емес практикалық тәжiрибесiнiң;

2) мынадай:

тиiстi жоғары кәсiптiк бiлiмi немесе ғылыми дәрежесi және мамандығы бойынша үш жылдан кем емес жұмыс стажы бар инженерлiк-техникалық және ғылыми қызметкердiң;

табиғат қорғауды жобалау және нормалау жөнiндегi қызметтi жүзеге асыруға лицензиясы бар мамандардың;

3) тиiстi материалдық-техникалық және өндiрiстiк базаның:

сараптамалық қорытындыларды жасау мен ресiмдеуге қажеттi ұйымдастыру техникасының және электрондық техниканың, бағдарламалық қамтамасыз етудiң;

4) жұмыстың сұрау салынатын түрлерi бойынша нормативтiк-құқықтық кесiмдердiң, техникалық және әдiснамалық құжаттаманың, ғылыми-анықтамалық әдебиеттiң болуын қамтиды.

3. Трансшекаралық өзендер мен атмосфералық ластануларды алдын алу туралы Қазақстанның халықаралық конвенцияларына қатысуы

Бақылау сұрақтары:

1. Табиғат қорғауды жобалау, нормалау және экологиялық сараптау саласындағы жұмыстар жөнiндегi қызметтi лицензиялаудың кейбiр мәселелерi дегеніміз не?

2. Табиғат қорғауды жобалауға, нормалауға арналған қызметтi лицензиялау кезiнде қойылатын бiлiктiлiк талаптары қандай?

3. Экологиялық сараптау саласындағы жұмыстарды лицензиялау кезiнде қойылатын бiлiктiлiк талаптары қандай?




Экологиялық сараптаудың кейбір негізгі деңгейлері.
Мақсаты: Экологиялық сараптаудың кейбір негізгі деңгейлерімен танысу

Жоспар:


1.   Көшелер, жолдар, жол құрылғыларын пайдалану тәртiбi және оларды ұстау мен қорғау тәртiбiнің құжаттары

2.   Қала аумақтарында кiшi сәулеттендiру түрлерiн


орнату мен ұстау тәртiбiнің құжаттары

3. Жол жабуларын, жаяусоқпақтарды, көк шөп шығатын


 алаңдар мен басқада нысандарды, қалалық Шаруашылық элементтерiн бұзуға байланысты, жұмыстарды жүргiзу тәртiбiнің құжаттары

4. Жасыл желектердi ұстау мен қорғау тәртiбi

5. Инженерлiк жүйелер, құрылғылар мен коммуникацияларды ұстау тәртiбi

6. Сыртқы жарықтандыру қондырғыларын ұстау

7. Аумақтарды көркейту мен сауда кәсiпорындарының қас
беттерiн көркемдеу және халыққа қызмет көрсету жөнiндегi пункттердi, оларды тұрғын ғимараттарға орналастыру жағдайының тәртiбi
1.   Көшелер, жолдар, жол құрылғыларын пайдалану
тәртiбi және оларды ұстау мен қорғау тәртiбi

 

Көшелер мен жолдар олардың құрамына кiретiн барлық құрылғылар мемлекет меншiгi болып табылады және жалпы қолдануға бағытталған. Көшелердi, жолдарды және құрылғыларын пайдалану, оларды ұстау мен қорғау тәртiбi жол қозғалысы Ережелерiнiң талаптарына сай қабылданған, осы Ережелердi сақтаумен жүзеге асырылуы қажет.



Инженерлiк құрылғылармен көшелердi, жолдарды пайдаланушылардың барлығының мiндетi көлiк қозғалысының үзiлiссiздiгiн қамтамасыз ету болып табылады:

1) көшелер, жолдар мен жол құрылғыларына, жол қозғалыстарын реттейтiн белгiлер, құралдар, жасыл желектер мен басқа жол құрылымдарына нұқсан келтiруге;

2) көшелер мен жолдарды қандай-да бiр заттармен, құрылыс материалдарымен, машиналармен қоршап немесе үйiп тастауға;

3) белгiленген шекаралардан артық жұмыстар орындауға;

4) жердi және ағаштарды, бұталарды, көк шөп шығатын алаңдарды, құдықтар люктерiн, су ағатын торларды, науалар мен қыраттарды, су өткiзетiн құбырлар мен дренаждарды құрылыс материалдармен жабуға;

5) көшелер мен жолдардың өтетiн бөлiгiне кәрiздiк, өндiрiстiк және iркiлген суларды ағызуға;

6) жол төсемдерiн бұзуға байланысты жұмыстарды келiсiмiнсiз жүргiзуге;

7) жолдардың жүру бөлiгiне лас шығаратын көлiк құралдарын шығаруға;

8) МемСТ белгiлеген немесе тыйым салынатын белгiлерде көрсетiлген, жалпы габариті, бiлiкке салмағы мен жүк салмағы нормадан артатын көлiк құралдарының көшелер мен жолдардан өтуiне;

9) көшелер мен жолдардың белгiленбеген орындары арқылы және жиек тастар арқылы өтуге, көлiк құралдары мен басқа техникалардың кiруiне және шығуына;

10) жаяусоқпақтарда, жүргiншiлер жолдарында, бөлiк жолақтарында, көк шөп шығатын алаңдарда, тұрғын үйлер, дүкендер, дәрiханалар, базарлар, қызметтiк ғимараттар маңын жалпы қолдану орындарына көлiк құралдарын қоюға;

11) көшелер мен жолдарды ластайтын, тиiстi орауы жоқ төгiлетiн және басқа да жүктердi тасымалдауға;

12) қысқы уақытта қызыл судан өтетiн бөлiгiн тазарту үшiн айрықша жағдайдан басқа, шынжыр табанды техниканың өтуiне тыйым салынады.

47. Қала көшелерi мен жолдарының жол жабуын ұстауды қадағалау теңгерiмде ұстаушымен және iшкi iстер басқармасы жол полициясы бөлiмiмен үнемi қадағалау және жүйелi тексеру арқылы жүзеге асырылады, мақсаты:

1) қалалық көлiктер мен жүргiншiлердiң тәулiк бойы, үзiлiссiз, қауiпсiз қозғалысын қамтамасыз ету;

2) жол жабуларын ерте тозу мен бұзылудан сақтау;

3) қалалық көлiктi дамыту талаптарына сай, қала жолдарының жағдайын жүйелi жақсарту;

4) жол жабуларының қалыпты жағдайынан оларды жою үшiн дер кезiнде ақаулар мен бүлiнудi анықтау, жекелеген жағдайларда (жолдың жүретiн бөлiгiнiң құлаулы, көк тайғақ, апат жағдайында көшелер мен жолдардың бүлiнуi) қорғалыстың қалыпты жағдайларын қалпына келтiру бойынша шұғыл шаралар қабылдау үшiн көшелердiң жекелеген учаскелерiнде көлiк қозғалыстарын шектеу мен тыйым салу. 

 


Каталог: files -> book
files -> Қазақстан тарихы 5 сынып. 2013-2014 оқу жылы
files -> Расул гамзатов
files -> Жамбыл атындағы республикалық жасөспірімдер кітапханасы Қазақстан ақын – жазушылары ХХ ғасырда
files -> «№ мектеп-лицей» мемлекеттік мекемесі Күнтізбелік- тақырыптық жоспар
files -> Ермұхан Бекмахановқа Сыздайды жаным, мұздайды қаным, жан аға!
files -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, жергілікті атқарушы органдар көрсететін білім және ғылым саласындағы мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту туралы
book -> Макс Лукадо сенің Қолыңнан келеді
book -> Игілігіміз үшін болатын азаптар Құдай неге қиындыққа жол береді?


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет