Г. б юнусова Экологиялық құжаттау және сараптау



бет7/8
Дата06.02.2017
өлшемі1,69 Mb.
#8813
1   2   3   4   5   6   7   8

2.   Жалпы ережелер

  Осы ережелердiң мақсаты қала аумақтарындағы адамдар өмiршеңдiгiн жайлы, қолайлы қамтамасыз ететiн, Өскемен қаласында көркейту тәртiбiн анықтау, санитарлық жағдайын қамтамасыз ету, жер жұмыстарын жүргiзу және жасыл желектердi қорғау болып табылады.

Үнемi тазалық пен тәртiптi қолдау мақсатында кәсiпорындар, мекемелер, қоғамдық және кооперативтiк ұйымдардың ұжымдары, тұрғындар бөлiнген және бекiтiлген аумақтар мен жасыл желектердi күтуге қатысуға мiндеттi болып саналсын.

Меншiк түрiне қарамастан, кәсiпорындар, жеке меншiк үй иелерi сәулет және санитарлық нормаға сай, бөлiнген және бекiтiлген аумақтар шекарасын өз есебiнен ұстауға мiндеттi:

1) тұрғын, мәдени-тұрмыстық, әкiмшiлiк, өнеркәсiптiк және сауда ғимараттары, вокзалдар, әуежайлар, кемежайлар, стадиондар мен басқа да олардың аумақтарының маңындағы нысандар;

2) көшелер, алаңдар, өтетiн жолдар, аула аумақтары, жаяусоқпақтар, жағажайлар, демалыс аймақтары мен көпшiлiк қыдыратын орындар, базарлар мен базар алаңдары, маңындағы аумақтармен қала зираттары, автокөлiк тұрақтары;

3) қоршаулар, шарбақтар, көк шөп шығатын алаңдар қоршаулары, жарнаманың және жарнама қондырғыларының барлық түрi, ғимараттар мен ескерткiштердi декоративтiк жарықтандыру бойынша қондырғылар, көшенi жарықтандыру шамдары, маңдайшадағы жазулар, сөрелер, тiрек бағандар, көшедегi сағаттар, ескерткiш тақталар, көше атауларының көрсеткiштерi, үйлердiң нөмiр белгiлерi, бақты- саябақ отырғыштары, урналар, арбалар, науалар, жолаушылар көлiгiнiң аялдамаларындағы отырғызатын алаңдар мен павильондар;
    4) жол желiлерi, су құбырлары, трансформаторлық қондырғылар, көшелер мен алаңдардың жол төсемдерi, көше қозғалыстарын реттеу белгiлерi, телефон будкалары, радиотрансляциялық қондырғылар, антенналар, телефон байланыстарының будка-постылары және метеорологиялық қызметтер, диспетчерлiк қызметтердiң сөйлесетiн қондырғылары, қайық, құтқару стансалары және басқа да гидротехникалық, инженерлiк-техникалық және санитарлық құрылғылар;
    5) бөлiнген және бекiтiлген аула аумақтары: оларды жүйелерi көркейту, жөндеу, жинау, сыпыру, суару, жуу, қарды шығару және құм шашу, су ағар мен кәрiздердi тазарту, қоқыс пен жапырақтарды жағуға жол бермеу;

6) "Қоршаған ортаны қорғау туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 15 шiлдедегi Заңына сай жасыл желектердi сақтау, себебi жасыл желектер олардың ведомстволық қатыстылығына қарамастан, жұмсалмайтын қор құрады және заңмен қатаң қорғалады;

7) толық кешендi агротехникалық iс-шаралар өткiзу: суару, шырпу, дiңдердi ағарту, тамырына жақын өскiндердi жұлу, тыңайтқыштар салу, дiңнiң айналасын қопсыту, улау және жараларын жабу, қуысын бiтеу, көк шөп шығатын алаңдар шөбiн шабу;

8) зиянкестер мен арамшөптердi (арамсояу, амброзия, сора және басқа) жою жөнiнде өз күштерiмен немесе арнайы қызметтермен шарт бойынша жүйелi жұмыстар атқару;


    9) жыл сайын сәуiр-мамыр айларында қала аумақтарын көркейту және санитарлық тазарту бойынша айлық өткiзу;

10) қала аумақтарын көркейту, көгалдандыру бойынша байқау-конкурстар өткiзу;

11) жер асты коммуникацияларының иелерi дер кезiнде жөндеу жұмыстарын жүргiзгеннен кейiн бұзылған көркейтудi қалпына келтiру.

 

3.   Қала аумақтарын жинау тәртiбi

  Кәсiпорындар (барлық меншiк түрiндегi), кәсiпорындар, қоғамдық ұйымдар, жеке пәтер иеленуші кооперативтері, кондоминиумдар, үй-жайлар иелерi немесе жалдаушы жеке тұлғалар, азаматтар бөлiнген және бекiтiлген арнаулы белгіленген орындарда орнатылған контейнерлік алаңшаларда өздерінің қалыпты контейнерлеріне қоқысты жинайды, аумақтарды жинайды және қоқысты өздерi шығарады немесе штатта аула сыпырушыны ұстайды немесе бұл жұмыстарды арнайы кәсiпорындармен шарт негiзiнде орындайды.

Бөлiнген және бекiтiлген аумақтарды жинаудан басқа, суару мен көшелердi, алаңдарды және басқа да аумақтарды жууды орындалуы керек.



<*> Ескерту. 15-тармақ толықтырылды- III шақырылған Өскемен қалалық мәслихатының XIII сессиясының 2005 жылғы 14 сәуірдегі N 13/4 шешімімен.

Жетiлдiрiлген төсемi бар, көшелер мен алаңдардың жүретiн бөлiктерiн механикалық жинау жоспарлы түрде таңғы 4-тен 6-ға дейiн және қажет болған жағдайда күн ағымында қайта жиналады.

Түнгi уақытта жинау кезiнде (кезеңге қарамастан) шуды ескертетiн шаралар қолдану керек.

Көшелер, жаяусоқпақтар, алаңдардың жүретiн бөлiктерiн жуу жоспарлы түрде, бiрақ аптасына екi реттен кем емес механикалық қызметтермен сағат 24-тен таңғы 6-ға дейiн жүргiзiледi.

Шаңдануы көп болатын көшелердi суару күнделiктi екi реттен кем емес жүргiзiледi, соның iшiнде күндiз бiр реттен аз емес.

Көшелердiң жол төсемiн, маңайындағы көк шөп шығатын алаңдарын, жаяусоқпақтарды, еңiсiн, қоғамдық көлiк қозғалыстарының қиылыстары (қызыл сызық) шекарасында, автобус аялдамаларының қалташалары мен отырғызу алаңдарын, алаңдарды, автожол көпiрлерiн, жолжелiлерiн, жер асты өтетiн жерлердi, саябақтар, саяжолдар, бульварлар, зираттар аумақтарын жинау қала бюджетiнiң қаржысы есебiнен жүргiзiледi.

Темiржол жолы мен көпiрлер, еңiстер, үйiндiлер, өткелдер, жол арқылы өтетiн жер, рельстер шетiнен 10 метр ендiктегi аумақтар осы құрылғыларды пайдаланатын, темiржол ұйымдарының күшiмен және қаржысымен жиналады.

Трамвай жолдарын, рельстер арасындағы төсемдерiн, жеке тұрған трамвай жолындағы отыру алаңшаларын, жол өтпелерi мен аумақтарын және рельстер шетiнен екi жағына 0,5 метр ендiктегi аумақтарды тиiстi техникалық және санитарлық қалпында ұстау, "Трамвайный парк" ЖШС жүргiзедi.



<*> Ескерту. 19-тармаққа өзгерістер енгізілді- III шақырылған Өскемен қалалық мәслихатының XIII сессиясының 2005 жылғы 14 сәуірдегі N 13/4 шешімімен.

Автобекеттердi, көлiк шаруашылығының диспетчерлiк пункттерiн, диспетчерлiк қызметтерiмен сөйлесу құрылғыларын және оларға бекiтiлген аумақтарды жинау мен ұстау олардың теңгерiмiнде болып табылатын, көлiк шаруашылығының ведомствосымен жүзеге асырылады.

Инженерлiк-техникалық және гидротехникалық құрылғыларға жататын аумақтар маңын жинау мен ұстау (газгольдерлер, ТП және басқалар) осы құрылғылар иелерiмен жүргiзiледi.

Халыққа қызмет көрсететiн, сауда нүктелерi бар, жеке тұлғалар және басқа пункттер, сондай-ақ осы үй-жайларды жалдаушылар күнi бойы тазалық сақтауы керек және жұмыс аяқталғаннан кейiн 10 метр радиусты жиналған қоқысты өздерінің контейнерлеріне жинайды қоқыс пен батпақтан тазартулары қажет.

Ұсақ бөлшек сауда сататын дүңгiршектер, палаткалар, павильондар мен дүкендер маңына босаған ыдыстар мен тауарлар қорын үюге, сондай-ақ бекiтiлген аумақтарға үюге тыйым салынады.

Ескерту. 22-тармаққа өзгерістер енгізілді- III шақырылған Өскемен қалалық мәслихатының XIII сессиясының 2005 жылғы 14 сәуірдегі N 13/4 шешімімен.

Қоғамдық дәретханалар мен тұрмыстық қатты қалдықтар полигонын тиiстi жағдайда ұстау шарт негiзiнде, меншiк субъектiлермен қала бюджетiнiң қаржысы есебiнен жүргiзiледi.

Маңындағы базар алаңдарымен базар аумағын жинау, қалдықтар жинайтынды тазарту және оларды тиiстi ұстауды базардың меншiк иесi жүргiзедi. Базарлар аумақтарының (соңын iшiнде шаруашылық, базар алаңдары) қатты төсемдерi (асфальт, плитка, булыжник және басқа) болу керек.

Жылдың жылы кезiнде мiндеттi түрде сыпырудан басқа, базар аумақтарын жуу жүргiзiледi.

Көркейтудiң орындалған жобаларына сай, жағажайлар, демалыс аймақтары, көпшiлiк қыдыратын жерлер аумақтарында:

1) 75 келушiге бiр орын есебiмен, жағажайда-суға түсетiн жерге 200 метрден кем емес қашықтықта қоғамдық дәретханалар;


    2) ара қашықтықтары 40 метрден аспайтын, 600 шаршы метрге бiр урнадан кем емес урналар;

3) 3500-4000 шаршы метр алаңға бiр контейнер есебiнен қалдықтар жинағыш, киiм шешетiн орын, гардероб болу керек;

4) стационарлық дәретханалар жоқ қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындарда, ашық алаңдарда, кәуәп жасайтын орындарда, киоскілерде, сауда павильондарында және т.б. қызметкерлер мен келушілерге міндетті шарттың бірі көшірмелі дәретхана орнату болып табылады;

5) канализациясы жоқ рыноктарда - қоғамдық дәретханалар сауда орнынан 50 м кем емес қашықтықта орналастыру керек. Есептеу орынның саны әр 50 сауда орнына бірден аз болмау керек.



Ескерту. 25-тармақ толықтырылды - III шақырылған Өскемен қалалық мәслихатының XIII сессиясының 2005 жылғы 14 сәуірдегі N 13/4 шешімімен.

Жағажайлар, демалыс аймақтары мен көпшiлiк қыдыратын орындар аумақтарын жинау, сондай-ақ күнделiктi таза құм немесе ұсақ тас себу, жиналған қалдықтарды алып, құмның үстiңгi қабатын механикалық қопсыту осы аумақтар бекiтiлген ұйымдармен белгiленген заң тәртiбiнде жүргiзiледi.

Жағажайдың техникалық жұмысшылары оны жапқаннан кейін жағаның, шешінетін орындардың, дәретханалардың, жасыл аймақтың негізгі жинауын, дәретханаларға дезинфекция жүргізу керек. Жиналған қоқыстарды шығаруға сағат 8.00-ге дейін рұқсат беріледі.

<*> Ескерту. 26-тармақ толықтырылды - III шақырылған Өскемен қалалық мәслихатының XIII сессиясының 2005 жылғы 14 сәуірдегі N 13/4 шешімімен.

Жағажайлардағы, саябақтар, саябаулар, демалыс аумақтары мен көпшiлiк қыдыратын орындардағы сауда нүктелерiн жинау, мiндеттi түрде қоқысты шығару, күн ағымында сауда сатқан мекемемен жүргiзiледi.

Стадиондар, спорт алаңдарын ұстау және жинау теңгерiмiнде ұсталатын техникалық персоналдармен жүзеге асырылады.
     Кооперативтiк гараждың, саяжайлардың, жасыл желектермен бау-бақша қоғамдарының бөлiнген және бекiтiлген, радиусы 10 метр аумақтарын ұстау және жинау меншiк иелерiмен немесе осы кооперативтердiң қоғамдық ұйымдарымен және қоғамдармен атқарылады.

Тұрғын және қоғамдық ғимараттар ауласының iшiнде темiр гараждар мен жерқоймалар орнатуға тыйым салынады. Өз еркiмен орнатылған гараждар мен жерқоймалар бұзылады.

Бөлiнген және бекiтiлген зираттар аумақтарын ұстау мен жинау қала бюджетiнiң қаржысы есебiнен жүргiзiледi.
     Зираттар аумақтары қоршалған болу керек, өтетiн жолдарда қатты жамылғылар болу керек. 

Бақылау сұрақтары:

1.   Негiзгi түсiнiктері мен анықтамалары қандай?

2.   Жалпы ережелерге нелер кіреді?

3.   Қала аумақтарын жинау тәртiбi қандай?

Қоғамдық экологиялық сараптама
Мақсаты: Қоғамдық бiрлестiктердiң қоршаған ортаны қорғау саласындағы құқықтары мен мiндеттерi. 6-бап.

Жоспар:


1. Қоғамдық бiрлестiктердiң қоршаған ортаны қорғау саласында өз қызметiн жүзеге асыруы

1. Қоғамдық бiрлестiктердiң қоршаған ортаны қорғау саласында өз қызметiн жүзеге асыру кезiнде:


өздерiнiң экологиялық бағдарламаларын әзiрлеуге, бекiтуге және насихаттауға, азаматтардың құқықтары мен мүдделерiн қорғауға, оларды ерiктi негiзде қоршаған ортаны қорғау саласында белсендi қызметке тартуға;
қоршаған ортаны қорғау мен сауықтыру, табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану мен молықтыру жөнiндегi жұмыстарды орындауға, экологиялық, ғылыми және мәдени жағынан ерекше құнды қоршаған орта объектiлерiн қорғауға, ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды ұйымдастыру мен олардың қызметiне қатысуға;
экологиялық тәрбие мен бiлiм беру жөнiндегi жұмыстарды, қоршаған ортаны қорғау саласындағы ғылыми зерттеулердi белгiленген тәртiппен орындауға;

мемлекеттiк экологиялық сараптама өткiзудi талап етуге және қоғамдық экологиялық сараптама өткiзуге;

қоршаған ортаны қорғау саласында қоғамдық бақылауды жүзеге асыруға;

мемлекеттiк органдар мен ұйымдардан қоршаған ортаның жай-күйi және оны сауықтыру жөнiндегi шаралар туралы дер кезiнде, толық және анық ақпарат алуға;

қоршаған ортаны қорғау саласында мемлекеттiк органдармен және халықаралық ұйымдармен ынтымақтасуға және өзара iс-қимыл жасауға, олармен келiсiмдер жасаса отырып, олар үшiн шарттар бойынша заңдарда көзделген белгiлi бiр жұмыстарды орындауға;

қоршаған ортаны қорғау жөнiндегi заң жобаларын талқылауға қатысуға;

кәсiпорындарды құрылыстар мен экологиялық жағынан зиянды өзге де объектiлердi орналастыру, салу, қайта құру және пайдалануға беру туралы, сондай-ақ заңды және жеке тұлғалардың қоршаған орта мен адам денсаулығына терiс әсер ететiн шаруашылық және өзге де қызметiн шектеу, тоқтата тұру және тоқтату туралы шешiмдердiң әкiмшiлiк немесе сот тәртiбiмен күшiн жоюды талап етуге;

кiнәлi ұйымдарды, лауазымды адамдар мен азаматтарды жауапқа тарту туралы мәселелер қоюға, қоршаған ортаны қорғау туралы заңдардың бұзылуы салдарынан азаматтардың денсаулығы мен мүлкiне келтiрiлген зиянды өтеттiру туралы сотқа талап-арыз беруге;

өздерiнiң заңдарда және өзге де нормативтiк құқықтық актiлерде көзделген басқа да құқықтарын белгiленген тәртiппен iске асыруға құқығы бар.

2. Қоғамдық бiрлестiктер өздерiнiң қызметiн қоршаған ортаны қорғау және қоғамдық бiрлестiктер туралы заңдарға сәйкес жүзеге асыруға мiндеттi.

Бақылау сұрақтары:

1. Қоғамдық бiрлестiктердiң қоршаған ортаны қорғау саласында өз қызметiн жүзеге асыруы


Экологиялық сараптаудың қорытынды деңгейі
Мақсаты: Экологиялық сараптаудың қорытынды деңгейінің талаптарымен танысу

Жоспар:


1. Мемлекеттік экологиялық сараптауының қорытынды денгейінің шешімін дайындағандағы шығаратын негізгі критериялары

2. МЭС бекітуінің құрылысы.


1. Негізгі критерийлері Мемлекеттік экологиялық сараптауының қорытынды денгейінің шешімін дайындағандағы шығаратын негізгі критериялары болып оның толық және сапалы тексергеннен кейнгі келесі позициялары жатады:

1 тарау. Жалпы ережелер (1 - 4 баптар)

2 тарау. Азаматтар мен қоғамдық бiрлестiктердiң (5 - 6 баптар) қоршаған ортаны қорғау саласындағы құқықтары мен мiндеттерi

3 тарау. Мемлекеттiк өкiмет пен жергiлiктi өзiн-өзi (7 - 10 баптар) басқару органдарының қоршаған ортаны қорғау саласындағы құзыретi

4 тарау. Табиғи ресурстар мен табиғат пайдалану (11 - 20 баптар)

5 тарау. Табиғи ресурстарды пайдалану және қоршаған (21 - 23 баптар) ортаны қорғау жөнiндегi қызметтi лицензиялау

6 тарау. Қоршаған орта мен табиғи ресурстардың (24 - 25 баптар) мониторингi

7 тарау. Қоршаған ортаны қорғаудың экономикалық (26 - 34 баптар) тетiгi

8 тарау. Экологиялық нормалау (35 - 42 баптар)

9 тарау. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы (43 - 45 баптар) стандарттау мен сертификаттау

10 тарау. Шаруашылық және өзге қызметке қойылатын (46 - 62 баптар)

экологиялық талаптар

11 тарау. Экологиялық сараптама (63 - 65 баптар)

12 тарау. Қоршаған ортаны қорғаудың экологиялық, (66 - 67 баптар)

ғылыми және мәдени жағынан ерекше құнды объектiлерi

13 тарау. Төтенше экологиялық ахуал және (68 - 70 баптар) экологиялық апат аймақтары

14 тарау. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы (71 - 72 баптар) ақпарат пен мемлекеттiк статистика

15 тарау. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы (73 - 75 баптар)

экологиялық тәрбие мен бiлiм беру, ғылыми зерттеулер

16 тарау. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы бақылау (76 - 80 баптар)

17 тарау. Экологиялық аудит (81 - 83 баптар)

18 тарау. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы дауларды (84 - 86 баптар)

шешу және қоршаған ортаны қорғау туралы заңдарды бұзғаны үшiн жауапкершiлiк

19 тарау. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы (87 - 89 баптар) халықаралық ынтымақтастық


09.12.04 ж. № 8-III ҚР Заңымен мәтіндегі сөздері өзгерді (бұр. ред. қара)


Табиғат пен оның байлықтары Қазақстан Республикасы халықтарының өмiрi мен қызметiнiң, олардың тұрақты әлеуметтiк-экономикалық дамуы мен әл-ауқатын арттырудың табиғи негiзi болып табылады.
Осы Заң қазiргi және болашақ ұрпақтардың мүдделерi үшiн қоршаған ортаны қорғаудың құқықтық, экономикалық, және әлеуметтiк негiздерiн белгiлейдi және экологиялық қауiпсiздiктi қамтамасыз етуге, шаруашылық және өзге де қызметтiң табиғи экологиялық жүйелерге зиянды әсерiн болғызбауға, биологиялық алуан түрлiлiктi сақтау мен табиғатты ұтымды пайдалануды ұйымдастыруға бағытталған.
09.12.04 ж. № 8-III ҚР Заңымен тараулардың тақырыптарындағы "I-ХIХ" деген цифрлар "1-19" деген цифрлармен ауыстырылды (бұр. ред. қара)

Жалпы ережелер

1 тарау.

04.06.01 ж. № 205-II; 09.12.04 ж. № 8-III (бұр. ред. қара); 2004.20.12 № 13-III (бұр. ред. қара); 2005.08.07. № 71-III (бұр. ред. қара); 2006.10.01. № 116-III (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2006.31.01. № 125-III (бұр.ред.қара) ҚР Заңдарымен 1-бап өзгертілді

Негiзгi терминдер мен анықтамалар

Осы Заңда мынадай негiзгi терминдер мен анықтамалар пайдаланылады:

қоршаған орта - табиғи объектiлердiң, өзара қарым-қатынастағы атмосфералық ауаны, Жердің озон қабатын, суды, топырақты, жер қойнауын, жануарлар мен өсiмдiктер дүниесiн, сондай-ақ климатты қоса алғанда жиынтығы;

қоршаған ортаны қорғау - табиғат пен адамның өзара үйлесiмдi iс-қимылына, қоршаған ортаның сапасын жақсартуға, табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану мен молықтыруға бағытталған мемлекеттiк және қоғамдық шаралар жүйесi;

қоршаған ортаны қорғау объектiлерi - қоршаған ортаның заңдармен қорғалатын құрамдас бөлiктерi;

табиғи ресурстар - қоғамның материалдық, мәдени және басқа қажеттерiн қанағаттандыру үшiн қоршаған ортаның шаруашылық және өзге қызмет процесiнде пайдаланылатын құрамдас бөлiктерi;

табиғат пайдалану - адамның шаруашылық және өзге де қызметiнде табиғи ресурстарды пайдалануы;

қоршаған ортаның сапасы - қоршаған ортаның құрамы мен қасиеттерiнiң сипаттамасы;



қоршаған ортаның мониторингi - адамды қоршаған табиғи ортаның жай-күйiн бақылау және адамдардың денсаулығы мен өзге де тiрi организмдерге зиянды немесе қауiп туғызатын қатерлi ахуалдар туралы ескерту;
экологиялық нормалау - адамның өмір сүруі мен биологиялық алуан түрлілікті сақтау үшін қолайлы ортаны айқындайтын және қамтамасыз ететін ережелердің (нормалардың) және олардағы қоршаған ортаның жай-күйі мен оған ықпал ету дәрежесін бағалаудың сан және сапа көрсеткіштерінің (нормативтерінің) жүйесі;
қоршаған ортаны ластау - қоршаған ортаға ықтимал қауiптi химиялық және биологиялық заттардың, радиоактивтi материалдардың, өндiрiс пен тұтыну қалдықтарының түсуi, сондай-ақ қоршаған ортаға шудың, тербелiстiң, магниттi өрiстердiң және өзге де зиянды физикалық ықпалдардың әсерi;
экологиялық талаптар - Қазақстан Республикасының заңдық, өзге де заңға қосымша нормативтiк құқықтық және нормативтiк-техникалық актiлерiнде қамтылған қоршаған ортаға терiс әсер ететiн шаруашылық және өзге де қызметте орындауға мiндеттi шектеулер және ондай қызметке тыйым салу;
экологиялық қауiпсiздiк - жеке адамның, қоғамның өмiрлiк маңызды мүдделерi мен құқықтарын қоршаған ортаға антропогендiк және табиғи ықпал ету нәтижесiнде туындайтын қатерден қорғалуының жай-күйi;
экологиялық жүйе - организмдердiң және олар мекендейтiн жансыз ортаның өзара байланысты бiртұтас функционалдық жиынтығы.
қолайлы қоршаған орта - объектілерінің жай-күйі экологиялық қауіпсіздікті және халықтың денсаулығын сақтауды, ластануға жол бермеуді, экологиялық жүйелердің тұрақты жұмыс істеуін, табиғи ресурстарды молықтыруды және ұтымды пайдалануды қамтамасыз ететін орта;
қоршаған ортаға және адам денсаулығына келтірілетін нұқсан (зиян) - қоршаған ортаны ластау немесе тірі организмдер мен адамның ауыруын, жұтауын немесе қырылуын, табиғи ресурстардың сарқылуын туғызған немесе туғызатындай етіп табиғи ресурстарды белгіленген нормативтерден тыс алып қою;
қоршаған ортаны ластауға лимиттер - ластағыш заттардың, өндіріс пен тұтыну қалдықтарының жалпы түсу көлемінің, сондай-ақ қоршаған ортаға шудың, тербелістің, магнитті өрістер мен өзге де зиянды физикалық ықпалдар әсері деңгейлерінің қолайлы қоршаған орта сақталатын шектері;
шығарылудың, тасталудың үлес нормативі - өнімнің, қуаттың, көлік немесе өзге де жүріп-тұру құралдарының бірлігіне шаққанда атмосфераға, су объектілеріне зиянды (ластаушы) заттарды шығарудың, тастаудың ең көп массасының нормативі, ол шығарылудың, тасталудың, технологиялық процестер мен жабдықтардың қозғалмалы, тұрақты көздері үшін белгіленеді;
өндiрiс қалдықтары - өнiмдердi шығару, өзге де технологиялық жұмыстарды орындау кезiнде пайда болған және, техногендiк минералдық түзiлiмдер мен ауыл шаруашылығы өндiрiсiнiң қалдықтарын қоса алғанда, тиiстi өндiрiсте қолдануға қажеттi бастапқы тұтыну қасиеттерiн толық немесе iшiнара жоғалтқан шикiзаттардың, материалдардың, химиялық қосылыстардың қалдықтары;
коммуналдық-тұрмыстық қалдықтар - адамның тiршiлiк әрекетi нәтижесiнде пайда болған қалдықтар;
қалдықтардың түрi - ортақ белгiлерi бар қалдықтардың жиынтығы;
қалдықтардың қауiптiлiк сыныбы - адамдардың денсаулығы мен қоршаған ортаға ықтимал зиянды әсер ету дәрежесi бойынша анықталатын қалдықтардың зияндылық көрсеткiшi;
аз қалдықты технология - өнiмдер бiрлiгiн шығару кезiнде осы өнiмдердi алудың қолданылып жүрген тәсiлдерiмен салыстырғанда қалдықтардың аз саны пайда болатын өнiмдердi шығару процесi;
қалдықтармен жұмыс iстеу нормативтерi - қалдықтардың қоршаған ортаға әсер етуiн ескере отырып, олардың пайда болуына, жиналуына, сақталуына, пайдаланылуына, кәдеге жаратылуына, тасымалдануына және көмiлуiне байланысты сандық және сапалық шектеулер;
қалдықтармен жұмыс iстеу - қалдықтардың пайда болуына, жиналуына, сақталуына, пайдаланылуына, кәдеге жаратылуына, тасымалдануына және көмiлуiне байланысты қызметтiң барлық түрлерi;
қалдықтарды орналастыру объектiсi - полигондар, күл-қоқыс сақтау орындары, қалдық сақтау орындары, кен жыныстарының үйiндiлерi мен қалдықтарды сақтауға және көмуге арналған басқа да арнайы жабдықталған орындар;
қауiптi қалдықтар - зиянды заттарды қамтитын және қауiптi қасиеттерi бар (уыттылық, жарылыс қаупi, өрт қаупi, жоғары реакциялық қабiлетi бар) не адам денсаулығы мен қоршаған орта үшiн жеке тұрғанда немесе басқа заттармен өзара әрекетке түскен кезде қауiп төндiруi мүмкiн қалдықтар;
тұтыну қалдықтары - табиғи және моральдық тозу нәтижесiнде өзiнiң тұтынушылық қасиетiн толық немесе iшiнара жойған бұйымдар, материалдар мен заттар;
қалдықтардың паспорты - қалдықтардың сандық және сапалық сипаттамасын куәландыратын құжат;
қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi орган - қоршаған ортаны қорғау саласында мемлекеттiк саясатты iс жүзiне асыратын Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғау саласындағы орталық атқарушы органы және оның аумақтық органдары;
қоршаған ортаға ықпал етудің жол берілетін шекті нормативтері - экологиялық жүйелердің тұрақтылығын бұзуға әкеп соқпайтын, қоршаған ортаға барынша жасалуы мүмкін антропогендік ауыртпалық;
ластағыш заттардың шығарылуы мен тасталуына жол берілетін шекті нормативтік - атмосфераға, су объектілеріне, топыраққа шығарылатындар мен тасталатындардағы ластағыш заттардың, қоршаған ортаға жасалатын физикалық ықпалдық ол жасалған жағдайда жол берілетін ауыртпалықтың экологиялық нормативтерінің сақталуын қамтамасыз ететін көлемі;
ластағыш заттардың қордалануы мен ықпал ету деңгейінің жол берілетін шекті нормативтері - атмосфералық ауада, су объектілерінде, топырақта ластағыш заттардың жол берілетін құрамының және қоршаған ортаға физикалық факторлар ықпалының адам денсаулығын сақтау және өсімдіктер мен жануарлар дүниесіне зиянды әсеріне жол бермеу мақсатында белгіленетін шамасы;

экологиялық қауіп - антропогендік және табиғи ықпалдар әсерінің, соның ішінде дүлей зілзалаларды қоса алғанда, зілзалалар мен апаттар себептерінен қоршаған ортаның жай-күйі бұзылуының, өзгеруінің болуымен немесе ықтималдығымен сипатталатын және осыған байланысты жеке адам мен қоғамның өмірлік маңызы бар мүдделеріне қауіп төндіретін жағдай.


стратегиялық объект - iске асырылуы табиғи ресурстарды барлау, өндiру, тасымалдау, қайта өңдеу, пайдалану, республикалық маңызы бар инфрақұрылым, республикалық маңызы бар аэроғарыштық және әскери кешендер, байланыс, энергетика саласындағы қызметпен тiкелей байланысты сараптама объектiсi;
трансшекаралық объект - iске асырылуы екi немесе одан да көп облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) және (немесе) шектес мемлекет аумағының қоршаған ортасына және адамдар денсаулығына зиянды әсер ететiн немесе зиянды әсер етуi ықтимал сараптама объектici;
экологиялық қауiптi объект - iске асырылуы ауқымы әрi ұзақтығы бойынша қоршаған ортаға зиянды әсер ететiн немесе әсер етуi ықтимал және халықтың өмiрi мен денсаулығына ерекше қауiп төндiретiн сараптама объектiсi;
қоршаған ортаны қорғау жөнiндегi iс-шаралар - қоршаған ортаны қорғауға және оның сапасын жақсартуға бағытталған технологиялық, техникалық, ұйымдастырушылық, әлеуметтiк және экономикалық шаралар кешенi.
экологиялық аудит - аудиттелетiн субъектiлердiң шаруашылық және өзге де қызметiн экологиялық тәуекелдердi анықтау мен бағалауға және олардың қызметiнiң экологиялық қауiпсiздігі деңгейiн арттыру жөнiнде ұсыныстар әзiрлеуге бағытталған тәуелсiз тексеру;
аудиттелетін субъект - экологиялық аудитормен немесе экологиялық аудиторлық ұйыммен экологиялық аудит жүргізуге шарт жасасқан жеке немесе заңды тұлға;
экологиялық аудитке тапсырыс берушілер - мүдделi жеке және (немесе) заңды тұлғалар, сақтандыру ұйымдары, инвесторлар, қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi орган және өзге де мемлекеттік органдар.
қоршаған ортаны қорғау саласындағы мемлекеттік бақылау - қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның табиғат пайдаланушылардың Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғау заңнамасын, қоршаған орта сапасының нормативтерін және экологиялық талаптарды сақтауын бақылау жөніндегі қызметі;
өндірістік экологиялық бақылау - табиғат пайдаланушының қоршаған ортаны қорғау саласындағы мониторинг, есеп, есептілік және өзге де ішкі әкімшілік шараларды қамтитын нормативтік-құқықтық талаптарды сақталуын бақылау үшін қабылдайтын шаралар жүйесі;
табиғат пайдаланушы - қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган берген табиғат пайдалануға рұқсаттың негізінде қоршаған ортаға ластайтын заттарды шығаруға және тастауға, өндіріс пен тұтыну қалдықтарын орналастыруға құқығы бар субъект.
Каталог: files -> book
files -> Қазақстан тарихы 5 сынып. 2013-2014 оқу жылы
files -> Расул гамзатов
files -> Жамбыл атындағы республикалық жасөспірімдер кітапханасы Қазақстан ақын – жазушылары ХХ ғасырда
files -> «№ мектеп-лицей» мемлекеттік мекемесі Күнтізбелік- тақырыптық жоспар
files -> Ермұхан Бекмахановқа Сыздайды жаным, мұздайды қаным, жан аға!
files -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, жергілікті атқарушы органдар көрсететін білім және ғылым саласындағы мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту туралы
book -> Макс Лукадо сенің Қолыңнан келеді
book -> Игілігіміз үшін болатын азаптар Құдай неге қиындыққа жол береді?


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет