Г. Е. Берікханова Элементарлық математика 5B 01 11 00 «Информатика» және 5B 01 10 00 «Физика» мамандығы бойынша оқитын студенттерге оқулық



бет10/503
Дата08.07.2017
өлшемі67,2 Mb.
#20734
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   503

4. 1. Берілген бірнеше сандардың ортақ еселігі деп берілген сандардың әрқайсысына қалдықсыз бөлінетін санды айтамыз.

2. Берілген сандардың ең кіші ортақ еселігі деп олардың барлық ортақ еселіктерінің ең кішісін айтамыз.

Мысал. 20 мен 15 сандарының ортақ еселіктері 60, 120, 180, 240, 300 т.с.с. сандар болады. Ал 20 мен 15-тің ең кіші ортақ еселігі 60-қа тең болады.

(a; b; c; …; l) сандарының ең кіші ортақ еселігі мынадай символмен белгіленеді m (a; b; c; …; l).

Ескертпе. Әдетте мектеп тәжірибесінде ең кіші ортақ еселікті былай белгілейді:

ЕКОЕ (20; 15) = 60



Берілген натурал екі санның ең кіші ортақ еселігі сол сандардың көбейтіндісін олардың ең үлкен ортақ бөлгішіне бөлгендегі бөліндіге тең болады.

Берілгені: натурал сандар a мен b, (a; b) = c

Дәлелдейтініміз: ЕКОЕ .

және болсын, сонда болады.

a санының еселігінің түрі ap болады, мұндағы p – натурал сан. Ал a = cq болатындықтан, a –ға еселік сан cqp болады. Бұл cqp саны, сонымен қатар, b –ге де, яки cq1 санына да еселік болу үшін p-нің q1-ге қалдықсыз бөлінуі қажетті және жеткілікті болады. Расында да, (q; q1) =1 болатындықтан, cqp көбейтіндісі cq1 көбейтіндісіне бөліну үшін p-нің q1 көбейтіндісіне бөлінуі шарт.

a мен b сандарының ортақ еселігі ең кіші еселік болу үшін p-нің q1-ге бөлінетін мәндерінің ең кішісін алу керек, яғни p = q1 болу керек. Демек, a мен b сандарының ең кіші ортақ еселігі cqq1 көбейтіндісіне тең болады. Бұл көбейтіндіде cq = a және екендігін еске алсақ, a мен b-нің ең кіші ортақ еселігі, яғни ЕКОЕ (a; b) мынаған тең болады.

ЕКОЕ , яғни ЕКОЕ .

Мысал. 105 және 42 сандарының ең кіші ортақ еселігін табу керек.



ЕКОЕ .

1-салдар. Өз ара жай екі санның ең кіші ортақ еселігі олардың көбейтіндісіне тең.



2-салдар. Берілген екі санның кез келген ортақ еселігі олардың ең кіші ортақ еселігінің де еселігі болады.

Каталог: ebook -> umkd
umkd -> Мамандығына арналған Сұлтанмахмұттану ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Студенттерге арналған оқу әдістемелік кешені
umkd -> ПӘннің ОҚУ Әдістемелік кешені 5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына арналған «Ұлы отан соғысы және соғыстан кейінгі жылдардағы қазақ әдебиетінің тарихы (1941-1960)» пәнінен ОҚытушыға арналған пән бағдарламасы
umkd -> «Балалар әдебиеті» пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар 2013 жылғы №3 басылым 5 в 050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті»
umkd -> ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешенінің
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> «Филология: қазақ тілі» мамандығына арналған


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   503




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет