Г. Е. Берікханова Элементарлық математика 5B 01 11 00 «Информатика» және 5B 01 10 00 «Физика» мамандығы бойынша оқитын студенттерге оқулық



бет22/503
Дата08.07.2017
өлшемі67,2 Mb.
#20734
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   503
. 3 = 30 . 2; 60 = 60. Бөлшектер тең екен.

Олай болса, бөлшектің алымын да, бөлімін де бірдей санға көбейтуден немесе бөлуден бөлшектің шамасы өзгермейді.

Бөлшектің қарастырылып өткен бұл қасиетінің бөлшектерді түрлендіруде үлкен маңызы бар, сондықтан ол - бөлшектің негізгі немесе басты қасиеті деп аталады.



Бөлшектерді қысқарту және бөлшектерді ортақ бөлімге келтіру осы қасиетке негізделген.
Бөлшектерді қысқарту және оларды ең кіші ортақ бөлімге келтіру.

1-анықтама. Бөлшектің алымы мен бөліміндегі олардың ортақ көбейткіштерін, бөлшектің мүшелерін осы көбейткіштерге бөлу арқылы жоюды, яғни бөлшегін бөлшегімен алмастыруды бөлшекті қысқарту деп атайды.

Бұл сияқты алмастыруды орындауға болады, өйткені бөлшектің алымын да, бөлімін де бірдей санға бөлуден оның шамасы өзгермейді.

Әрбір бөлшектің қысқартылмайтын түрі деп аталатын бір ең жай түрі болу керектігі өзінен-өзі түсінікті. Бөлшектің қысқартылмайтын түрін шығарып алу үшін бөлшектің алымын да, бөлімін де олардың ең үлкен ортақ бөлгішіне бөлу керек. Қысқартылмайтын бөлшектің алымы мен бөлімі өз ара жай сандар болады.
Бөлшектерді қысқартудың екі тәсілі.

1. Біртіндеп қысқарту. Сандардың бөлінгіштік белгілерін пайдаланып, бөлшектің алымын да, бөлімін де олардың ортақ бөлгішіне біртіндеп бөледі.



Мысал. = = = = .

2. Толық қысқарту. Бөлшектің алымы мен бөлімінің ең үлкен ортақ бөлгішін табады да, осыған бөлшектің мүшелерін бөледі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   503




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет