Г. И. Нестеренко 2010ж


ПӘННІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК ҚАМТЫЛУ КАРТАСЫ



бет3/8
Дата06.07.2018
өлшемі0,6 Mb.
#47730
1   2   3   4   5   6   7   8

4. ПӘННІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК ҚАМТЫЛУ КАРТАСЫ

Кафедра Менеджмент және кәсіпкерлік тьюторы Алтаякова С.Н.


Пән Туризмнің белсенді түрлерінің техникасы және тактикасы негіздері
Кредит саны 3





Әдебиет атауы


Барлығы


Ескерту


кітапханада


кафедрада


Студенттердің қамтылу пайызы (%)

Электронды түрі


1

2

3

4

5

6

7

1

Туристско-краеведческая экспедиция «Жайык-Урал»

11

-

0,57

-

-

2

Туристские тропы Приуралья

2

-

0,1

-

-

3

Путеводитель Приуралья

3

-

0,16

-

-

4

Возможности и перспективы туризма Западного Казахстана

2

-

0,1

-

-

5

Туристік-өлкетану экспедициясы- оқушылардың экологиялық тәрбиесінің бір түрі

1

-

0,53

-

-

6

Основы техники и тактики активных видов туризма

1

-

0,53

-

-

5. ДӘРІСТІК КЕШЕН

А) Тақырып атауы

В) Дәріс мақсаты

С) Негізгі сөздер

Д) Негізгі сұрақтар мен қысқаша мазмұны

Е) Негізгі схемалар, формулалар және т.б., иллюстрациялық мазмұны

З) Өзіндік бақылау сұрақтары

И) Ұсынылатын әдебиеттер


І. Туризмдегі белсенді саяхаттың тактикасы және техникасы

Дәріс мазмұны:

Туризм техникасы.

Туризм тактикасы.

Негізгі тактикалық түсініктер.
Маршрутпен жылжу кезінде турист өзінің жеке физикалық күш- жігерін жұмсаса, мұндай туристік саяхат түрін белсенді туристік саяхат деп атаймыз. Белсенді туристік саяхатқа жаяу, шаңғы, тау, су, велосипед туризмі сияқты спорттық туристік саяхат түрлері жатады. Қазақстанның туристік индустриясында белсенді саяхатты кең көлемде қолдану ғаламдық және аймақтық мәнге ие. Өйткені белсенді туристік жорықтарда танымдылық, әлеуметтік- коммуникативтік, спорттық, эстетикалық, эмоциональды- психологиялық, сауықтыру, шығармашылық, кейбір жеке жағдайда қажылық сияқты туризмнің барлық функциялары қарастырылады. Міне, осылардың әсерінен белсенді туризмнің ғаламдық мәні құралады. Қазақстанның туристік- рекреациялық ресурстарының негізгі бөлігі табиғи ресурстардан құралады. Өз кезегінде табиғи туристік- рекреациялық ресурстардың көп бөлігін белсенді туристік саяхат арқылы экономикалық мақсатта пайдалануға болады. Осы себепке байланысты Қазақстанның туристік индустриясында белсенді туризм белгілі бір мәнге ие.

1986 жылы бұрынғы КСРО құрамындағы елдерге туристік ресурс анализі өткізілгенде, Қазақстан белсенді туристік саяхатты дамытуға қолайлы туристік ресурсқа бай екендігі анықталды. Бұл ресурстардың басым бөлігі тау және су туризмін дамытуға ыңғайлы. Бұған Қазақстан территориясындағы Солтүстік, Батыс, Орталық Тянь- Шань, Алтай және Жоңғария таулары жатады.

1.1. Туризм техникасы деп нақты бір туристік маршруттағы табиғи кедергілерден өту тәсідерінің жиынтығын және туристердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге арналған жарақтарды пайдалан білуін айтамыз. Туризмснің түріне байланысты туристерге әртүрлі кедергілерден өтуге тура келеді. Ол үшін төмендегідей нәрселерді білуі қажет:

а) маршруттағы табиғи кедергілердің ерекшеліктерін білуі;

б) белгілі бір туризм түріндегі кедергілерден өту кезінде тәжірибесі мен білімін қалыптастыра білуі;

в) сапардың қауіпсіздігін қамтамасыздандыра отырып, тиісті жарақтарды таңдай және пайдалана білуі.

Маршрут кезінде жіберілген техникалық қателіктердің саны иен сапасы жорық жетекшісінің және қатысушыларының техникалық дайындығына байланысты болады.

Техникалық қателіктер техникалық тәсілдерді білмеуден немесе оларды қалай қолдану керектігін білмеудің нәтижесінде туындайды.

Туризм тактикасы. Белсенді туристік саяхат үшін «тактика» түсінігін маршрутпен жүру кезіндегі қажетті жабдықтар мен іс- әрекеттер жиынтығы деп қарастыруға болады, немесе қойылған мақсатқа аз күш жұмсап және белгілі бір қауіпсіздік деңгейіне байланысты жабдықтар мен уақытты шығындамай жетуді қамтамасыз ететін шаралар мен іс- әрекеттер жиынтығы.

Туристік жорық тактикасын 2ге бөліп қарастыруға болады:



  1. Жорық алдындағы тактика кезінде:

  • маршрут таңдау;

  • жорықтың графиктік жоспарын құру;

  • тамақтардың, жабдықтардың тізімін құру;

  • маршрутты басқаруға тәжірибесі, білімі, физикалық дайындығы жағынан сай келетін жетекшіні және туристік топты таңдау әрекеттері қарастырылады.

  1. Жорықтағы тактика кезінде:

  • маршруттың белгілі участкелерінде тиімді іс- шараны және техникалық тәсілдерді пайдалану;

  • маршруттағы әрбір участкеден өткенде топтың қозғалысын реттеп отыру.



ІІ. Белсенді туристік саяхаттың отандық және шетелдік классификациясы.

Дәріс мазмұны:

Туристік саяхаттың классификациясы.

Туристiк саяхат жүйесi туралы ұғымның туристiк жүйе ұйымдастыру кезiндегi тигiзер көмегi.

Отандық белсендi саяхат түрiнiң дамуы мен қалыптасуы.


  1. Белсенді туризмдегі классификациялық туристік саяхат деп белгілі бір қиындық категориясына сай келетін маршрутты айтамыз.

Туристік маршрут дегеніміз- бұл белгілі бір уақыт аралығында бағдарламалық және туристік- экскурсиялық қызмет алу мақсатында алдын ала жоспарланған туристердің жылжу трассасы.

Белсенді саяхат туризмнің негізін қалаушы саяхат түрі, шығу тегі спорттық сипатқа ие, яғни табиғи кедергілерден өту және т.б.

Маршрутты классификациялаудың қажеттілігі туризмнің белсенді түрлерінің ерекшеліктерінен туындайды, яғни туристердің алдағы саяхаттың қиындығына дайын болуы. Туристік саяхаттың классификациясы маршруттарды қиындық деңгейіне бойынша бөлу арқылы оларды бір- бірімен салыстыруға мүмкіндік береді. Мысалы, Солтүстік Тянь- Шаньдағы немесе Альпыдағы маршрут түрін салыстыру. Классификация табиғи және логикалық құрылған маршруттарға бағытталған. Логикалық маршрутта туристер табиғи кедергілерді және физикалық, техникалық, психикалық күш – жігерлерін мақсатты пайдалана отырып, аймақтың табиғи ландшафтымен таныса алады.

Туристік құрылымдағы менеджерге туристік саяхат классификациясын нақты білу төмендегідей жағдайлар үшін қажет:



  1. Тапсырыс берушінің талаптарына сәйкес маршруттарды мақсатты таңдауға және білікті жүзеге асыруға.

  2. Туристік маршруттың қиындық категориясына сәйкес қызмет көрсетуші персоналдың туристік мезгіл алдындағы дайындығын және жоспарлардың орындалуын бақылауға және реттеуге.

  3. Белсенді туристік саяхаттағы туристердің қауіпсіздігін қамтамасыздандырушы топты білікті қалыптастыруға.

Тауға шығу классификациясы 11 категория бойынша жіктеледі, яғни 1б, 2а, 2б, 3а, 3б, 4а, 4б, 5а, 5б, 6а, 6б. Бұл классификация жүйесі қазіргі кезде бұрынғы КСРО елдерінде, соның ішінде Қазақстанда да әлі қолданылып келеді. Ал шетелдік елдерде классификациялау мүлдем басқа жүйесі қалыптасқан. ХХ ғасырдың 20 жылдары Батыста «Мюнхен классификациясы» деп аталатын Вельценбахтың 6 сатылы қиындық шкаласы пайда болды. 1947 жылы ресми қабылданған халықаралық ресми шкаласы 6 Рим цифрымен белгіленген категорияларға бөлінеді.

І- қиын емес түрі. Жылжуға және тепе- теңдік сақтауға кей жағдайда қолдың көмегі қажет. Бұл категорияда өткелден өту үшін өзіне деген сенімділікпен тереңдіктен қорықпауы қажет.

ІІ- орташа қиын түрі. Жылжу және тепе- теңдікті сақтау қолдың күшінсіз мүмкін емес. Тәжірибелі альпенистер бұл жерде арқанның көмегімен арнайы сақтандырғышты пайдаланады.

Ш- қиынырақ түрі. Бұл категорияда арқанмен қоса карабин сияқты қосымша сақтандырғыш құралдары ауадай қажет, бұл тәжірибелі альпенистердің өзіне де қиындық туғызады.

IV- өте қиын түрі. Тік жастарға еркін спорттық өрмелеу. Бұл жерде ілмек арқылы сақтандырғыш және қосымша сақтандырғыш құралдарымен қатар білікті тәжірибе қажет.

V- ерекше күрделі. Күнделікті жаттығуды, техниканы, күш қорын, сонымен қатар арқан мен қосымша сақтандырғыш құралдарымен сенімді жұмыс істеуді талап етеді, яғни тауға өрмелеу шеберлігін қажет етеді.

VI- аса күрделі. Бұл категория өрмелеуге немесе ұстауға арналған тіректердің аздығымен ерекшеленеді, яғни тіректерді арнайы ілмектердің көмегімен қолдан істеуге тура келеді.

ІІІ. Белсенді саяхат түрлеріндегі тәсілдік өңдеуді құрудың тәсілі мен мазмұны.

Дәріс мазмұны:

Белсендi саяхат түрлерiнде желiнi тәсiлдiк өңдеу.

Тәсiлдiк өңдеудiң белсендi саяхат түрлерiнiң коммерциялық түрiнде алатын ролi.

Белсендi туристiк саяхат маршрутын таңдаудың ерекшелiктерi. Физико-географиялық және табиғи кедергi жағдайларындағы желi.
Белсенді туристік саяхаттағы тәсілдік өңдеу дегеніміз белгіленген маршрутты жүріп өту кезінде қауіпсіздікпен қамтамасыздандыруға қажетті іс- әрекеттермен күштерді, мақсатты анықтаушы құжат.

Тәсілдік өңдеу өзіне жорық алдындағы тактикалық іс- әрекеттер жөніндегі және саяхат кезінде топқа не істеу керектігі жөніндегі ақпараттарды кірістіреді. Белсені саяхат түрлерін коммерциялық мақсатта пайдаланғанда тәсілдік өңдеу жеке туристік өнім болып табылады және айтарлықтай мағынаға ие болады. Егер тәсілдік өңдеуді жүргізбесе турдың құнын және сәйкес баға белгісін, жарнамалық іс- шараларды жүзеге асыру, материалды- техникалық қамтамасыздандыру, тіпті саяхаттың өзін ұйымдастыру мүмкін емес.

Тәсілдік өңдеуді ұсынылған маршрут бойынша келесідей критериилерге бөліп қарастыруға болады: қауіпсіздігі, танымдық қызығушылық, жазғы уақыттағы ауа райының тұрақтылығы мен қолайлығы, тәсілдік өңдеудің екінші бөліміндегі маршруттың желісі, яғни физико- географиялық пункттері және табиғи кедергілері ( өзен, көл, асу, мұздық, батпақ, орман және т.б.) Мысалы, № 2 маршрут төмендегідей бағыттар бойынша сипатталған: Алматы қаласы- Медеу шатқалы-Шымбұлақ таулы шаңғы базасы- Талғар асуы-Талғар өзені-Туристер асуы- Озерный асуы- Чон- Кемин өзені- Жасық көл көлі- Солтүстік Ақсу асуы- Чон Ақсу өзені- Григорьевка ауылы- Ыстықкөл көлі (8 күн, 124 км жаяу). Әрі қарай тәсілдік өңдеуде сапардың әр күнінің бастапқы және соңғы нүктелері, ұзақтығы, саяхаттау түрі көрсетілген маршрут кестесі құрылады.

Қозғалыс кестесі дегеніміз маршүруттан өту этаптары уақыт бойынша бөлінген кестелік немесе таблицалық формадағы мәлметтер. Қозғалыс кестесінде сапардағы әрбір этаптың басталуы және аяқталуы, оның ұзақтылығы, сағаты және минуты көрсетілген. Этаптан өту уақыты, биіктік нүктелері, сапардың сипаты, қолданылатын қозғалыс техникалары мен сақтандырғыштар, қауіпті жерлер көрсетіледі.

Тәсілдік өңдеудің төртінші бөлімінде маршруттың күні, сағаты, табиғи кедергілерден өту техникасы нақты сипатталады. Бұл бөлімде табиғи кедергілердің профильді суретері мен кроктар пайдаланылады. Крок деп ( француз тілінен аударғанда жол- жоба, нобай) жергілікті жер учаскесінің маңызды элементтері нақты сипатталған сызбаны айтамыз. Кроктарды ерекше қызығушылық танытатын маршрут учаскелерінде құрады ( қиын асулар,өзен өткелдері және т.б.). Негізінен кроктың масштабы 1: 100000- 1: 25000 және одан ірі масштабта. Крокқа жергілікті ориентирлер, кедергілерден өтудің мүмкін жолдары, масштаб, магниттік мередианның бағыты, түсірілген уақыты енгізіледі. Асудан өту кезіндегі крокта жарықтардың, қар көшкіні және тас домалау қауіпі бар учаскелердің, түнеуге мүмкін орындардың, жоғарға өрлеу және төмен түсу жолдарының биіктігінің шарт белгілері, жартастардың құламалылығы, асудан өту уақыты көрсетіледі.

Су маршрутындағы өзеннен өту кезіндегі крокта жағалаудағы ориентирлер, ағыстың бағыты, судағы және су астындағы тастар көрсетіледі. Табиғи кедергілерден өтудің профильдік суретінде немесе жергілікті жердің перспективті кескіндемесінде фотосуреттер пайдаланылады. Жол- жобаны жасағанда 1: 100000 немесе 1: 50000 масштабтағы карталар ыңғайлы. 1: 50000 масштабтағы карталар түнеуді және заброскаларды ( лақтырмаларды) өте дәл белгілеуге мүмкіндік береді.

Түнеу дегеніміз туристік топтың түнде ұйықтайтын жері және түнгі демалысы.

Заброска деп маршруттың белгілі бір учаскесіне туристердің жүктерін алдын ала жеткізу. Заброскаларға медикаменттер, арнайы құрал- жабдықтар, жанар- жағармайлар, бұзылмайтын тағамдар жатады және олар жануарлардан, құстардан, ауарайының қолайсыздығынан қорғалып сенімді жасырылуы тиіс.

Тәсілдік өңдеудің бесінші бөлімінде маршруттың қосымша (запас) және апаттық варианты көрсетілуі тиіс. Маршруттың қосымша варианты біреу болады және негізгі вариантқа қарағанда онша күрделі емес табиғи кедергілерді қамтиды. Маршруттың қосымша варианты негізгісіне қарағанда сапарды аз уақыт ішінде өтіп шығуға есептелген. Бұл вариант негізінен ауарайы тез немесе күтпеген жерден бұзылғанда және жорыққа қатысукшылардың, негізгі маршруттың ұзақтығына, күрделілігіне физикалық мүмкіндіктердің сәйкес келмегенінде қолданылады. Маршруттың апаттық вариантын жасаған кезде төтенше жағдай маршруттың кез келген учаскесінде, соның ішінде күрделі учаскелерінде көп ұшырасатынын ескеру қажет. Сондықтанда маршруттың апаттық варианты бірнешеу болы қажет және олардың барлығы туристік топ қалай және қайтіп саяхаттау аймағының кез келген нүктесінен максималды түрде шыға лалды деген сұраққа жауап беруі тиіс.

Тәсілдік өңдеудің жетінші бөлімінде туристік топта клиенттер санының қанша болатыны немесе қанша болу керектігі көрсетіледі.Жасы және жынысы көрсетілген клиенттердің нақты саны тәсілдік өңдеудің басқа бөлімдері бойынша есеп жүргізуге мүмкіндік береді. Клиенттердің саны тиімді, егер олар маршруттардың алғашқы нүктесіне барлық топты тасымалдауға мүмкіндік берсе немесе саяхаттау аймағына минималды транспорттық жабдықтар санымен кері тасымалдауға мүмкіндік берсе. Бұл шығындарды азайту үшін маңызды.

Турды жарнамалағанда немесе көбінесе сатқан кезде белсенді туристік маршрутты сәтті жүріп өту үшін керекті физикалық және техникалық дайындау параметрлері міндетті түрде көрсетілуі тиіс. Сонымен қатар бұл бөлімде клиенттер үшін қажетті жеке құрал- жабдықтардың, киімдердің, аяқ киімдердің санын нақты көрсетуі тиіс.

Тәсілдік өңдеудің 8 бөлімінде туристерді қызмет көрсетуші бригаданың жеке құрамы, қызметкерлер саны, олардың лауазымы, физикалық-техникалық дайындық деңгейі қарастырылады.Бригаданың сандық және сапалық құрамы туризм түріне, саяхаттың қиындық категориясына, аймақтың ерекшелігіне, туристтердің жасына және жынысына, қауіпсіздік жағдайына байланысты анықталады.Қазіргі кездегі таулы туристтік саяхаттағы бригаданың құрамы гид-инструктордан, аудармашыдан, екі аспаздан, дәрігерден, сирдардан (зеңбілшілер бригадасының жетекшісі) жәнә зеңбілшілерден тұрады.

Тәсілдік өңдеудің 9 бөлімінде тамақтанатын тағам тізімінен және санынан, жалпы салмағынан және мәзірдің калориялылығынан құралады.Жорықтағы тамақтану туристердің энергиялық шығындарының орнын жабуы тиіс. 1-2 қиындық категориясындағы энергиялық шығындар 4000 ккал жетеді.

Тәсілдік өңдеудің 10 бөлімінде топтық жарақтанудың және жеке туристке арналған жарақтардың жалпы салмағы, саны және тізімі көрсетіледі.Топтық жарақтануға бивак жарақтары және сақтандырғыш құралдары жатады.Бивактың топтық жарақтар құрамына палаткалар, жаңғыш және жылытқыш құрылғылар, тамақ пісіруге арналған ыдыс-аяқтар, асхана саймандары, сіріңкелер, қол шамдар, сабындар, жөндеу құралдары және т.б кіреді.

Бірінші категориядағы таулы маршруттан сақтандырғыш құралдарына 40 м екі негізгі арқан, 4-5 карабин, репшнурлар, 2-3 қайла жане 1 мұзжарғыш жатады.
IV. Белсенді туристік саяхаттағы тамақтануды ұйымдастыру.

Дәріс мазмұны:

7.1. Адамның дұрыс тамақтануы туралы ғылыми негiздер мен олардың мағынасы.

7.2. Дене-күш жүктемесi кезiндегi адам ағзасының қалыпты энергиялық шығыны.

7.3. Белсендi туристiк саяхат кезiнде дұрыс тамақтануды ұйымдастыру негiздерi.

Тамақтану функциясы- белсенді қозғалысқа, демалу және қан айналым функцияларына өте күшті ықпал ететін бізге бұрыннан таныс құбылыс. Адам организміі ең бірініші тамақтың сапасына және санына байланысты, яғни ол адамның ақыл- ойына, мінезіне, әлеуметтік қабілеттілігіне әсер етеді. Қазіргі кезде адамдардың тамақтануы және тағамы организмнің биологиялықталғамына сәйкес келмейді, яғни адамдар алькогльді ішімдіктерді, ащы қоспаларды және етті, майлы тағамдарды, қантты, тұзды артық көлемде пайдалануда. Тағамды жоғары температурада өңдеу оның биологиялық құндылығынан және витаминдерінен айырады.

Артық тамақтанудың ағзаға зиян екендігі адамзатқа Гиппократтың кезінен белгілі болған. Адамға қажетті тағам мөлшерін ағзаның энергетикалық шығынына байланысты 1 кг- 1 ккал/ сағ анықтайды. (егер салмақ 70 кг болса, күніне 700 ккал)

Қазіргі кезде биосинтез процесін қамтамасыздандырушы тағамның биологиялық белсенділік факторы ерекше роль атқаратындығы айқындайды. Оларға ақуыз, майлар, көмірсутегі, микроэлементтер, дәрумендер сияқты тағам ингридиенттері жатады.

Адам организмінің энергиялық шығыны жылу түрінде бөлінетін энергия көлемімен анықталады. Энергияның өлшем бірлігі килокалориямен (1 л суды 1 0с жылытатын жылу мөлшері) сипатталады. Қазіргі кезде адам организміне түсетін физикалық ауыртпалық аз мөлшерде. Мысалы, студентке күніне 2500- 3000 ккал керек. Ал күрделі туристік саяхаттарда 8000 ккал дейін энергиялық шығындар жұмсалады.

Белсенді туристік саяхатта тамақтануды дұрыс ұйымдастыру үшін маман төмендегідей ақпараттарға жүгінуі тиіс:



  1. Жынысы, жасы, салмағы, ұлты, тұрғылықты жері, мамандығы, саяхаттаушының жұлдыз белгісі

  2. Маршруттың техникалық сипаттамасы

  3. Саяхаттаушыларға түсетін физикалық, психологиялық, техникалық ауыртпалықтар сипаттамасы

  4. Туристерге және көмек көрсету бригадасына арналған маршруттардың максимальды нақты анықталған қозғалыс графигі

Ғалымдар көп жылдық зерттеулердің арқасында адам өмірін 15 жылға дейін ұзартатын 10 тағамды анықтады. Оларға сүт, картоп, қызанақ, шпинат, балық, банан, қара нан, цитрус, фасоль, өсімдік майы жатады. Бұл көрсетілген тағамдарда ағзаға қажетті барлық заттар бар және денсаулыққа зиянды емес.

Қазіргі кезде ТМД соның ішінде Қазақстанда шетелден әкелінетін тағамдар көбейіп кетті. Олардың қораптарында Е103, Е105, Е477 (және тағы басқа сандармен) деген белгілері бар. Олар тағамда денсаулыққа зиян тигізетін эмульгаторлар (консерванттар) бар екендігін білдіреді. Е221- 226, Е320- 322, Е338- 341, Е407, Е450, Е461- 466 сандары тағамның ішек- қарын жолдарының ауру қаупін туғызуы мүмкіндігін ескертеді. Ал аллергиямен ауратындарға Е230- 232, Е339, Е311- 313 сандары бар тағамдарды пайдаланбаған жөн. Е171- 173, Е320- 322 консерванттар мен бояғыштар- бауыр мен бүйрекке зиян тигізеді.

Белсенді туристік саяхаттағы тамақ рационына бал, грек жаңғағы, кептірілген жеміс шырындары, шырындар және концентрацияланған томат пастасы, қытырлақ нандар, бульон кубиктары, сүт, пияз, сарымсақ, сыр, өрік, мейіз, шоколад, халва, қақталған шошқа майы, уылдырық, шпрот, судак, паштет, ет жатады.

Тамақ рационы дегеніміз адамның тағамға деген тәуліктік сұранысын қамтамасыздандырушы тағамдардың жиынтығы.

Тамақтану режимі қабылдайтын тағам саны және олардың арасындағы интервалы көрсетілген қатаң сақталған уақыт. Тамақтану режимінің маңызды бөлігі бұл су- тұз режимі. Су- тұз режимі дегеніміз физикалық ауыртпалыққа, климаттың жағдайына және адам организмінің жағдайына байланысты ішетін судың химиялық құрамы және қалыптастырушы көлемі. Судың ішуге жарамдылығын қалыптастыру немесе арттыру үшін глицерофосфат қосады.
V. Белсенді туристік саяхаттағы физикалық дайындық

Дәріс мазмұны:

Жалпы және арнайы физикалық дайындық анықтамасы.

Белсендi туристiк саяхат кезiнде қатысушылар мен қызмет көрсететiн адамдарға қойылатын басты талаптар.

Қызмет көрсететiндердiң жалпы және арнайы физикалық дайындығына қойылатын басты талаптар.
Белсенді туристік саяхаттағы туристік қызметтің басқа түрлеріне қарағанда ерекше қасиеттерге ие. Оған негізгі себептер агрессивті табиғи орта (ауаның жоғары немесе төменгі температурасы, атмосфералық жауын- шашындар, күшті дауылдар, судың тереңдігі, теңіз деңгейінен биіктік жағдайлары және т.б.), тұрмыстық қомфрттың жоқтығы немесе өте төмен деңгейде болуы, маршруттағы табиғи кедергілерден өту үшін біліктіліктің қажеттілігі, физикалық ауыртпалықтар және т. б.

Жеткіліксіз дәрежедегі физикалық дайындық туристердің жарақат алуына, ауырып қалуына кейде тіпті өлімге ұшырауына да себепші болады. Сондықтан да туристердің физикалық потенциалы таңдалған маршрутқа сәйкес болуы өте маңызды.

Туристердің физикалық дайындығы дегеніміз физикалық сапаны дамыту яғни туризммен шұғылдануға қажетті қозғалыс тәжірибесін жүйелі жаттықтыру арқылы қалыптастыру және бекіту.

Физикалық дайындық жалпы және арнайы физикалық дайындық деп екіге бөлінеді. Жалпы физикалық дайындықтың мақсаты туристердің физикалық сапасын жан- жақты дамыту. Арнайы физикалық дайындық белгілі бір туризм түрімен тұрақты айналысуға қажетті физикалық сапа мен тәжірибені детальді дамытуға бағытталған.

Адамның негігі физикалық сапасына күш- жігер, төзімділік, тепе- теңдік, ептілік, шапшаңдық, иілгіштік және басқалары жатады. Туризмнің көптеген түрлерінде белсенді туристік саяхатқа қатысушылар үшін алғашқы үшеуі өте қажет.

Күш- жігер деп сыртқы кедергілерден өту және оған бұлшықеттің жұмысы арқылы қарсы әрекет ету қабілеттілігі. Күш- жігер келесідей көрсеткіштермен сипатталады: абсолюттік күш- жігер (мысалы, адамның салмағына сәйкес келетін нормадан артық рюгзагты арқалап жүруі); жылдамдық күш- жігері яғни минимальды уақыт аралығында арттырылған максимальды күш- жігер (мысалы, бір орында секіру); төзімділік күш- жігері (мысалы, бірнеше рет отырып тұру).

Төзімділік дегеніміз ұзақ уақыт аралығында жұмысты өнімділігін төмендетпей орындау қабілеттілігі. Төзімділік көбінесе жүрек қантамырларына, дем алу және орталық жүйке жүйесіне байланысты болады.

Тепе- теңдік- кеңістікте денені бір қалыпта сақтап тұру.

Жорыққа дайындық жорық алдындағы және негізгі дайындық деп 2 кезеңге бөлінеді. Бірінші кезеңнің мақсаты организмді жоғары ауыртпалыққа біртіндеп үйреу, екінші кезеңнің мақсаты жорыққа сәйкес физикалық ауыртпалыққа организмнің оң реакциясын қалыптастыру.

Туризм менеджерлеріне белсенді туристік саяхатқа қатысушылардың негізгі физикалық сапасын қалыптастыруға қажетті жаттығу түрлерін білу өте қажет. Мұндай жаттығуларға ұзақ дистанцияға жүгіру, марш бросок, бір күндік туристік жорықтар (15- 20 км), спорттық ойындар (баскетбол, футбол, волейбол және т.б.), туризм техникасы бойынша жорықтарға қатыстыру.

Жүгіру туристік физикалық дайындықтың негізгі құралы болып табылады. Адам жүгірген кезде денесінің көп бұлшықеттері жұмыс істейді және тыныс алу, жүрек соғысы да жұмыс істейді. Жүгіруді ақпан- мамыр айларының аралығында азайту керек, өйткені адам организмінде дәрумендер аз болып, адам физикалық әлсіз болады. Әсіресе организмге таң мезгілінде жүгіру өте пайдалы және демалағанда мұрынмен тыныс алу қажет.

1985 жылы Польшадағы Ворцлав политехникалық институтының студенттері Эверест шыңына шығуды сипаттайтын жарыс ұйымдастырды. Бұл үшін биіктігі 29 м 67 см яғни 11 қабат үйге 299 рет баспалдақпен мініп түсу керек болды. Қатысушылардың арқасында 4 күнге есептелген тамақ, салмағы 20 кг болатын рюгзаг болды. Жеңімпаз эдвард Павелко мәреге 21 сағат 44 мин 30 сек жетті, ал қыздар арасынан Рената Крашевская шыңға 30 сағат 22 мин 15 сек жетті. Жарысқа қатысушылар 56325 баспалдақпен орташа 405 м/сек жылдамдықпен мініп, ал төмен лифтімен түсті.




VI. Белсенді туристік саяхаттағы жабдықтаудың жалпы сипаттамасы

Дәріс мазмұны:

“Туристiк құрал-жабдық” анықтамасының басты белгiлерi және оларға қойылатын басты талаптар.

Жеке құрал—жабдық және оның түрлерi.

Саяхатқа қажеттi құрал – жабдықтарды әзiрлеу, оларды тасымалдау, жөндеу, күту және сақтау.
Туристік жабдықтарға киім, аяқ киім, бивактік жарақтар, жылыну құралдары және сақтандырғыштар, жүктерді тасымалдау кіреді. Жабдықтар жеке және топтық болып бөлінеді. Белсенді туристік саяхаттағы тәжірибе жабдықтарға мынадай негізгі талаптар қойады: минимальды салмақ және көлем, жорықтық жағдайда қолданғанда және жөндегенде қарапайым болуы, сенімді болуы, гигиена, қауіпсіздік, техникалық эстетика, табиғатты қорғау талаптарына сай болуы, тотқа, ескіруге және атмосфераның ықпалына шыдамдылығы, жеке және топтық пайдалануға жарамдылығы.

Туризмнің кез келген түрінде белсенді туристік саяхатта табысқа жету көбіне жабдықтарды дұрыс таңдауға және олардың сапасына байланысты болады.

Төмендегі № 1 кестеде тау туризмі бойынша 1-ші категориялық қиындықта қажет болатын жеке жабдықтар тізімі көрсетілген.

Кесте 1.




Жабдықтар атауы

Жабдықтар салмағы (кг)

Саны

Жалпы салмағы (кг)

1

Рюкзак

0,9- 1,6

1

0,9- 1,6

2

Ұйықтайтын қап

1,5- 2

1

1,5- 2

3

Төсеніш кілемше

0,5

1

0,5

4

«Вибрам» аяқ киімі

2,2-2,7

1

2,2- 2,7

5

Кроссовки, спорттық аяқ киім

0,8- 1

1

0,8- 1

6

Мамық күртеше

1,1- 1,5

1

1,1- 1,5

7

Желден қорғағыш костюм

0,5

1

0,5

8

Жүннен тоқылған жұқа свитер

0,3

1

0,3

9

Ковбойка

0,3

1

0,3

10

Футболка

0,25

2

0,5

11

Жүннен тоқылған рейгуз

0,4

1

0,4

12

Жаттығу костюмы

0,5

1

0,5

13

«Гольф» матасынан тігілген шалбар

0,4

1

0,4

14

Плавки

0,1

2

0,2

15

Шорты

0,2

1

0,2

16

Шұлық

0,05

2

0,1

17

Жүннен тоқылған шұлық

0,2

3

0,6

18

Бахила

0,2

1

0,2

19

«Жокейка» кепкасы

0,1

1

0,1

20

Жүннен тоқылған шатючка

0,2

1

0,2

21

Марля

0,05

1

0,05

22

Әйнек қара көзілдірік

0,1

1

0,1

23

Жүннен тоқылған қолғап

0,2

1

0,2

24

Брезент қолғап

0,1

1

0,1

25

Киіз ұлтарақ

0,1

2

0,2

26

Әжетхана бұйымдары

0,2

комплект

0,2

27

Жаңбырдан қорғағыш жамылғы

0,5

1

0,5

28

Сапты аяқ, қасық, табақ, пышақ

0,3

комплект

0,3

29

Сіріңке

0,01

3 қорап

0,03

30

Құжаттарға арналған пластикалық қап

0,2

комплект

0,2

31

Сақтандырғыш белдігі

0,35

1

0,35

32

Репшнур 5 м

0,1

2

0,2

33

Карабин

0,08

2

0,16

34

Мұз шапқыш

1,1

1

1,1

35

Шаңғы таяқтары

1

2

2




Жалпы салмағы







19,49

Каталог: dmdocuments
dmdocuments -> Семинар ожсөЖ 15 сағ. Емтихан 4 Барлығы 45 сағ Орал, 2010
dmdocuments -> Әдеби өлкетану Преподаватель Ақболатов Айдарбек Ахметұлы Вопросы: Вопрос №1
dmdocuments -> 2009ж. «Қазақ филологиясы» кафедрасы
dmdocuments -> Семинар ожсөЖ 5 сағ. СӨЖ 15 сағ. Емтихан Барлығы 45 сағ Орал, 2010
dmdocuments -> Жаратылыстану математикалық факультет
dmdocuments -> Барлығы – 45 сағат
dmdocuments -> 2007ж. Қазақ тілі мен әдебиеті және оқыту теориясы кафедрасы
dmdocuments -> Қазақ филологиясы кафедрасы 050205
dmdocuments -> Барлығы – 90 сағат


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет