Туристік түйіндер саяхатқа шыққанда, әсіресе таулы жерде, яғни арқандар, карабиндер және сақтандыру жүйесін пайдалану арқылы кедергілерден (өрмелеу, түсу, траверс, аспалы өткел және т.б.) өткен кезде қолданылады. 1) Бірдей диаметрдегі жіптерді байлауға арналған түйіндер: «прямой», «ткацкий», «встречный», «грейпвайн». 2)Әртүрлі диаметрдегі жіптерді байлауға арналған түйіндер: «академический», «брамшкотовый». 3)Сақтандыруға арналған түйіндер: «проводник», «восьмерка», «серединный австрийский проводник», «двойной проводник». 4)Арқанды бағанаға байлауға арналған түйіндер: «рифовый», «удавка», «булинь», «стремя». 5)Көмекші түйін: «схватывающий». Бірдей диаметрдегі жіптерді байлауға арналған түйіндер. «Прямой» түйінін екі тәсілмен байлауға болады. 1. Бірінші жіппен ілмек жасалады , ал екінші жіп суреттегідей түйін шығу үшін тиісінше оралады. Демеуші түйіндер байлау үшін, жіптің шығып тұрған ұштарының ұзындықтары 15- 20 см кем болмауы тиіс .Егер жіптің бір ұшы төменнен, ал бір ұшы жоғарғы жағынан шығып тұрса немесе керсінше болса, түйін дұрыс байланбаған болып есептеледі. Жіптің ұштары тек қана астынан немесе тек қана үстінен шығуы тиіс. 2. Екі жіп бірінің үстіне бірі қойылады, содан кейін екі қарапайым түйін байланады . Егер түйіндер бір жаққа байланса, онда «бабий» түйіні пайда болады . Одан әрі жіптің екі ұшына демеуші түйіндер байланады. «Ткацкий» түйіні.Диаметрлері бірдей екі жіп аламыз, бірінің үстіне бірі қойылады, бірінші бір жағына, асодан кейін екінші жағына демеуші түйіндер байланады. Одан кейін түйінді тартамызда демеуші түйіндер байлаймыз. «Встречный» түйіні. Диаметрлері бірдей екі жіп аламыз, біреуінің ұшына қарапайым түйін байланады , содан кейін екінші жіпті қарсы бағытпен қарапайым түйінді қайталап өткіземіз. Сонда екі қабатты қарапайым түйін пайда болады және жіптің ұштары бір- біріне қарсы бағытта болады .Түйін тартылып байланады және бұл түйінге негізінен демеуші түйін байланбайды. Грейпвайн» түйіні. Диаметрлері бірдей екі жіп алып бір- біріне міңгестіреміз, бір жағынан қосарлы демеуші түйінін байлаймыз , екінші жағынан да қосарлы демеуші түйінін байлаймыз .Түйінді тартамыз . Демеуші түйіндер байланбайды . Әртүрлі диаметрдегі жіптерді байлауға арналған түйіндер. - «Академический» түйіні. Әртүрлі диаметрдегі екі жіп аламыз, жуандау жібінен ілмек істейміз, ал жіңішкесімен суреттегідей етіп айналдырып ораймыз. Содан кейін түйін тартылады, дұрысталады және екі жағына да демеуші түйін байланады.
Сақтандыруға арналған түйіндер. «Проводник» түйіні.Бір жіп ілмек шығатындай етіп екіге қабатталады да қарапайым түйін байланады және соңына демеуші түйін байланады. «Восьмерка» түйіні. Бір жіппен байланады.Екіге қабатталады және 8 санына ұқсас түйін байланады . Түйін түзетіледі, буылады және демеуші түйін байланады. «Австрийский проводник» түйіні. Түйін бір жіппен байланады. Жіпті ортасынан алып 360° бұрғанда сегіздік шығады , жоғарғы шеңбердің басы төменгі шеңбердің ішінен өткізіледі де ілмек шығады . Дұрыс түйін шығу үшін , жіптің ұштарын екі жаққа тарту керек. Демеуші түйін байланбайды. «Двойной проводник», немесе «заячьи уши» түйіні. Бір жіппен байланады. Жіп екі қабатталады да құр қуыс істеледі , буылады және ілмектен тартқан кезде шешілмейтіндей етіп байланады. Төменгі ілмек жоғарғы екі ілмек өтетіндей етіп киіледі , және жоғарғы ілмектен түйінге қарай тартылады . Дұрыс байланған түйін суретте көрсетілген . «Двойной проводник» түйінінде демеуші түйін болмайды. Бөренеге немесе тіреуге байланатын түйіндер. «Удавка» түйіні. Түйін треуді айналып бір жіппен байланады. Жіптің ұшы яғни қозғалыс бөлігі тіреуді айналып жіптің жұмыс істейтін бөлігін бірнеше рет айналдырылып байланады және демеуші түйін байланады. «Стремя» түйіні. Түйін жіптің бір ұшымен тіреуді айналып байланады.Содан кейін түйін буылады және демеуші түйін байланады .«Стремя» түйіні жіппен жоғары ға көтерілген кезде аяққа тіреу ретінде пайдалануға болады. Ол «проводник» және «восьмерка» түйіндеріне қарағанда жеңіл байланады, жеңіл шешіледі және бір қолмен байлауға болады. «Булинь» түйіні. Түйін жіптің бір ұшымен тіреуді айналып байланады. Жіптің шетінен керекті аралықты ала отырып, сағат тілінің бағытымен180° ілмекпен жіпті айналдырамыз. Жіптің ұшын ілмекке кіргіземіз. Келесі әрекет: жіптің ұшымен жіптің жұмыс істейтін бөлігін айналдырамыз және ілмекке кері бағытта кіргіземіз . Түйін буылады және демеуші түйін байланады. Көмекші түйіндер. «Схватывающий» түйіні. Түйін негізгі арқанға (диаметрі 10-12 мм) репшнур (6 мм) арқылы байланады. Репшнур тең бүктеледі де арқанға оралады. Содан кейін осылай тағы қайталанады Түйінді дұрыстаймыз, демеуші түйінін байлаймыз
Достарыңызбен бөлісу: |