Екінші кезең – суретке түсіру. Суретке түсіру үшін fisheye
түріндегі кең бұрышты объектив немесе объективі бар цифрлық
айналы камера қолданылады. Арнайы панорамалы басы бар
тұрақты штативке бекітілген камерамен кадрлар сериясы жаса-
лынады. Жоспарлаған объектінің түсірілім нүктелерін суретке
тү сіріп, кез келген графикалық редактор арқылы өңдеуге
(суреттің жарығы мен түстерін, тондары мен қанықтылығын
өзгерту) болады.
Үшінші кезең – виртуалды турға фотосуреттердің үшөлшемді объектілерін біріктіру. 1. Kolor Panotour 2.3.2 программасын
https://kolor-panotour. ru.uptodown.com/windows/download/113033 сілтемесі арқы-
лы орнатыңдар және іске қосыңдар. Аталған программаға
өңделген үшөлшемді панорамаларды біріктіру қажет.
3 2 1 4 5 Kolor Panotour 2.3.2 программасының терезесі 1. Мәзір қатары
2. Құрал-саймандар қатары
3. Виртуалды тур жасау функциялары
4. Соңғы Panotour жобасын ашу
5. Жаңа Panotour жобасын құру
2. Программаның
Tour терезесіне өтіңдер. Ашылған терезе-
ден
батырмасын басып, панорамаларды (панорамалық
суреттерді) жүктеңдер және жаңа жобаға атау беріп, қо сым-
ша қызмет түрімен танысыңдар.
Start parameters қызметін
таңдап, жобаны автоматты түрде қозғалатын режимге
өзгертіңдер.
107
Tour терезесі 3.
Build терезесіне өтіңдер, жасалып жатқан жұмысты алдын
ала сақтаған дұрыс. Жаңа виртуалды турды сақтау орнын
көрсетіп, сақтау форматын таңдаңдар. Flash, HTML5 фор-
ма тында сақтауға болады. Соңында терезенің төменгі қата-
рындағы
Build батырмасын басу арқылы виртуалды тур
құрыңдар.