Г. Ж. Сұлтанғазина Мәдени және пайдалы өсімдіктер



бет23/47
Дата03.11.2023
өлшемі1,53 Mb.
#189193
түріСабақ
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   47
Байланысты:
abf bio mukaz mad j paid sultan

Талшықты дақылдар
Жалпы түсінік. Талшықты өсімдіктер – тоқыма өнеркәсібінде тұқымы, жемісі, сабағы, жапырағы, талшығы пайдаланылатын бір жылдық не көп жылдық өсімдіктер. Мысалы, мақтаның тұқымы, сейба деген өсімдіктің жемісі, тінді өсімідіктердің сабағы, агава мен Жаңа Зеландия зығырының жапырағынан талшық алынады. Жер жүзінде көбінесе мақта, джут, сора, зығыр, кенеп егіледі.
Мақта өсіру – тоқыма өнеркәсібі мен басқа өндіріс салалары үшін құнды техникалық шикізат беретін өсімдік шаруашылығының бір саласы. Заводтарда шитті мақтаны өңдегенде шитті мақтаның жалпы салмағынан 29-40% таза мақта, 24-26% май болатын тұқым және бұдан басқа мақта мамағы алынады. 1 т шитті мақтадан 290-400 кг мақта талшығы (бұдан 3000 м мақта тоқылады), 600-700 кг тұқым алынады, 1 т мақта тұқымынан 170 кг мақта майы, 400 кг құн жара, 300 кг қауыз, ондаған килограмм мақта мамығы, олифи, стеарин, глицерин және басқа да құнды өнімдер алынады.
Мақташөп (Panoleria turkestanica) – алабота тұқымдасына жататын біржылдық шөптесін өсімдік. Сабағы көп бұтақты, қалың түсті. Жапырағы қандырмалы, кезекті орналасқан. Гүлі қос жынысты, масақ гүл шоғына топтанған, аталығы 5. Шілде – тамызда гүлдейді. Мақта тақырда, құмда, сексеуіл арасына өседі. Қазақстанда Қызылорда облысында, Зайсан, Бетпақдала, Мойынқұмда, Балқаш – Алакөл алқабында, Түркістан, Жоңғар, Іле, Күнгей Алатауында, Қаратау беткейінде өседі. Мақта – мал жайылымы.
Зығыр (Zinum) – зығыр тұқымдасының бір туысы. Бір жылдық не көп жылдық шөптесін өсімдік. Зығырдың субтропик және қоңыржай аймақтарда өсетін 300- ге жуық түрі белгілі. Екпе зығыр дара сабақты не сабағының төменгі жағы тармақталған, тықыр, тұтқыр балауызды жұмыр келеді. Жапырағы кезектесіп орналасқан, шеті тұтас, қандауыр тәрізді. Гүлі ұсақ, көкшіл, күлгін, қызғылт, ақ, өздігінен тозаңданады. Жемісі қауашақ, тұқымы жалпақ, жылтыр, 44 %-ке дейін май болады. Зығырдың көп жылдық жабайы және екпе түрінің дәнінен май, сабағынан талшық алынады, әсемдік үшін де өсіріледі. Зығырдың талшығы ширатылып келген ұзын, одан әр түрлі мата тоқылады. Екпе зығырдың бірнеше топтары бар. Мысалы, шуда зығырдың биіктігі 80-100 см сабағында 25% талшық болады, май алу үшін өсіріледі; межеумок зығыры көбіне тұқым алу үшін өсіріледі; бұйра зығырдың биіктігі 30-35 см шоқталып өседі, тұқымды көп береді, одан май алынады; ірі дәнді зығырдың дәнінде май болады. Қазақстанда екпе зығырдың бірнеше сорттары бар. Сибиряк сорты Акмола, Орал, Семей, Солтүстік Қазақстан; Авангард сорты – Алматы, Орал; Вир -1650, Вир -1647 сорттары – Семей, Ақтөбе облысында өсіріледі.
Кендір, қызыл қурай (Apocynum) – көп жылдық апта тамырлы өсімдік. Кендірдің гүлі ұсақ, түсі ақ, күлгін, қызғылт, жемісі жіңішке, ұзындығы 8-10 см. Кендірдің 130-ға жуық түрлері бар. Қазақстанда 4 түрі кездеседі. Талшығының сапасы жөнінен венеция және Сібір кендірі жоғары бағаланады. Кендір сабағында 20-27%-тік болады. Сондықтан кендірден жасалатын арқан, қап және түрлі маталар өте төзімді келеді.
Табиғи жағдайда кендір вегетативтік жолмен тез көбейеді. Кендірдің сабағынан, тамыр бүршіктерінен жыл сайын көптеген жас өсімдіктер өсіп шығады. Кендір тұқымынан нашар өседі. Оның тұқымы 12-160С жылылықта өсіп-өніп бір жылда биіктігі 50 см-ге жетеді. Екінші жылы гүлдеп тұқым бере бастайды, үшінші жылы толық жетіледі.
Кендір Қазақстанның Сырдария, Іле және Шу өзендері жағасында көбірек таралған. Кендір тамырынан жүрек ауруына қолданылатын гликозидтер алынады. Бұл өсімдік топырағы құнарлы, ылғалды, жұмсақ жерде жақсы өседі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   47




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет