Г. Ж. Сұлтанғазина Мәдени және пайдалы өсімдіктер


Зертханалық сабақтың әдістемелік нұсқаулары



бет21/47
Дата03.11.2023
өлшемі1,53 Mb.
#189193
түріСабақ
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   47
Байланысты:
abf bio mukaz mad j paid sultan
ссылка Айналайын, 09.10 матем, 260538
Зертханалық сабақтың әдістемелік нұсқаулары


1 тақырып Қантты дақылдардың морфологиясы
Мақсаты:
– өндірістік қантты дақылдарға мәлімет беру;
– көмірсулардың өсімдікте жиналуын игеру.
Жоспар:
1 Қант үшін өсірілетін екпе дақылдарға (қант қызылшасы, қант қамысы т.с.с) сипаттама.
2 Көмірсулардың өсімдікте жиналуы. Қызылша өсіру.
Жалпы түсінік
Қант қызылшасы (Beta vulqaris) – қызылша туысына жататын екі жылдық техникалық дақыл. Бірінші жылы тамыр, тамыржеміс, жапырақ, сабақ сияқты вегетативтік органдар өседі де, екінші жылы тұқым алынады. Қант қызылшасының тамыржемісінің салмағы 300-600г. Суармалы жерлерде кейде 2000 г- ға дейін жетеді. Тамыржемісінде 15-20% сахароза, 4-5% клетчатка, 1-1,5% азот қосылыстары, 0,6-0,8% күл болады. Бағалы техникалық дақыл ретінде 19 ғасырдан бастап қоңыржай аймақтың барлық өңірінде өсіріледі. Қант қызылшасынан алынатын қант – негізгі тағамның бірі. Қант өндірісінің қалдығы (сірне мен жем) - өте бағалы мал азығы. Сірнеден спирт алынады. Қант қызылшасы малға жем үшін де өсіріледі. Қант қызылшасын жақсы қопсытылған құнарлы топырақты жерге күздік бидайдан кейін себеді. Қант қызылшасының тұқымы өнуі үшін топырақ 5-60С-қа дейін жылынуы қажет. Себу нормасы 32 кг/га, тұқым 2-3 см (ауыр топырақты жерлерде 4-5см) тереңдікке, қатар аралығы 44,5 см (суармалы жерлерде 50-60 см) шаршы ұялы әдіспен себіледі. Қазақстанда қант қызылшасын Алматы, Талдықорған, Жамбыл облыстарында 78 мың га жерге егіледі. Орта есеппен әр гектарынан 333 ц өнім алынады. Қазақстанда қант қызылшасы Рамонская 1537, Рамонская 06 сорты, Белоцеркавская односемянная, Ялтушковская односемянная, Киргизская односемянная және ВНИС 5 сорттары аудандастырылған. Қант қызылшасы егісін арам шөптен тазартып, топырақты қопсытып, үстеп қоректендіріп, зиянкестермен күрес шараларын үзбей жүргізу керек.
2 Тканінде көп мөлшерде қант жиналатын дақылдар – қантты өсімдіктер деп аталады. Азық-түлік өнеркәсібінде қант қызылшасы, қант қамысы, бал жүгері, жер алмұрты, қант пальмасы (ренга) шарап пальмасының маңызы үлкен. Қарбыз, қауын, тәтті шырынды парсы түйетікені құрамында да қант көп болады. Фотосинтез процесінде жапырағында қант түзілетін – сахарофильді (мыс. қызғалдақ, шалқан, пияз), жапырағында қантпен қатар крахмал жиналатын амилофильді өсімдіктер де болады (17-сурет).

17-сурет. Қант қызылшасыньң тамыр жемісі:1-басы; 2- мойыны; 3 - нағыз тамыр.

Қант өндірісі – қант қызылшасынан не қант қамысынан шекер өндіруге арналған технологиялық процестер.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   47




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет