Г. Ж. Сұлтанғазина Мәдени және пайдалы өсімдіктер


Зертханалық сабақтың әдістемелік нұсқаулары



бет24/47
Дата03.11.2023
өлшемі1,53 Mb.
#189193
түріСабақ
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   47
Байланысты:
abf bio mukaz mad j paid sultan
ссылка Айналайын, 09.10 матем, 260538
Зертханалық сабақтың әдістемелік нұсқаулары
1 тақырып Талшықты дақылдардың морфологиясы
Мақсаты: Талшықты дақылдардың өсімдіктердің тоқыма өнеркәсібіндегі
маңызы мен техникалық
Жоспар: 1 Өсімдікте талшықтардың орналасуы.
Мақта, зығыр, кенеп, кендір- негізгі талшықты өсімдіктер.
2 Өсімдік шикізатын өңдеу.
Жалпы түсінік
Талшықты өсімдіктер талшық өндіру үшін өсіріледі, ал ол әртүрлі тоқыма маталары мен көптеген басқа бұйымдар өндірісінде пайдаланылады.
Талшықты дақылдар тобы әртүрлі ботаникалық тұқымдастарға жататын көптеген өсімдіктер түрлерін біріктіреді. Талшықтың пайда болу орнына байланысты оларды үш топқа бөледі:
1.Жемістері талшықты өсімдіктер –талшықтары тұқымдары мен жемістерінде түзіледі. Оларға мақта өсімдігі (құлқайыр тұқымдасы) жатады (18-сурет).



18-сурет. Мақта өсімдігінің бұтасы
1- негізгі сабақ; 2 – қорапшалары; 3- жеміс бұтақтары; 4- өскіш бұтақ

Сабақтары талшықты өсімдіктер – талшықтары сабақтарында қалыптасады.


Оған зығыр (зығыр тұқымдасы), қарақурай (қарақурай тұқымдасы),
кенеп пен канатник (құлқайыр тұқымдасы), кендір (жөке тұқымдасы), рами,
(қалақай тұқымдасы) кіреді (19,20-сурет).

19-сурет. Зығыр:1—салалы зығыр;2—3-аралық зығыр; 4 — бұйра зығыр.

20-сурет. 1 — аталық; 2 —аналық

Жапырақтары талшықты өсімдіктер – талшықтары жапырақтарында пайда


болады. Бұл топқа тоқымалық агава, жаңазеландиялық зығыр және сизаль жатады.
Талшықты дақылдар тоқыма өнеркәсібінің шикізат көзі болып табылады. Дүние жүзілік егіншілікте талшықты дақылдардың ішінде алдыңғы орынды мақта өсімдігі, кендір, зығыр, қарақурай, және кенеп иеленеді, ал ТМД елдеріндегі маңызды талшықты дақылдар – мақта өсімдігі, талшықты зығыр, кенеп. Талшықты дақылдардың тұқымдарында тамаққа және техникалық мақсаттарға пайдаланатын май болады. Тұқымды майға өңдегенде шығатын қосымша өнім – күнжара бағалы белокты мал азығы.
Қазақстан Республикасында талшықты дақылдардан Оңтүстік Қазақстан облысының 9 ауданында – Мақтаарал, Жетісай, Киров, Сарағаш, Ордабасы, Түркістан, Арыс және Шардара – тек қана мақта өсімдігі өсіріледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   47




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет