Инвестиция және инвестициялық қызмет
Инвестиция – табыс (пайда) алу мақсатында инвесторлармен кәсіпкерлік объектілеріне және басқа да қызмет түрлеріне салынатын қаржылық, материалдық және басқа да құндылықтардың барлық түрлері. Инвестициялық көрсеткіштер динамикасы ел дамуының потенциалы мен жақсы жағдайын сипаттайтын басты макроэкономикалық индикатор болып табылады.
Инвестицияға арналған ресурстар шартты түрде төмендегі бағыттарға бөлінеді:
жаңа өнімді игеру және шығару;
техникалық жағынан қайта жарақтау;
өндірісті кеңейту;
қайта құру;
жаңа құрылыс.
Кәсіпорында техникалық жағынан қайта жарақтау – ескі өндірістік техника мен технологияны жаңаға ауыстыру. Өндірісті кеңейту – жаңа қосымша цехтардың құрылысы мен басқа да бөлімшелерді құру арқылы өндіріс көлемін арттыру мақсатындағы инвестициялау. Жаңартуға моральды жағынан ескірген және физикалық жағынан тозған машиналар мен қондырғыларды ауыстыру және құрылыс пен ғимараттарды жетілдіру, қайта құру шаралары жатады. Жаңа құрылыс – жаңа өнеркәсіпті кәсіпорындардың құрылысы, толықтай жобалық қуатына енгізілгеннен кейін аяқталған деп есептелінеді.
Кәсіпорынның техникалық жағынан қайта жарақтануы мен қайта жаңартылуында басты негізгі қорлардың белсенді бөлігі ғана жаңартылады.
Инвестициялау объектісіне байланысты инвестиция түрлері:
айқын инвестиция (кәсіпорынның физикалық капиталына салынған қаржылар, мысалы, жаңа негізгі қорларды құру, ескі қорларды жаңартуға немесе оларды қайтадан техникалық жағынан жарақтау);
қаржылық инвестиция (инвестордың қаржылық капиталын арттыру мақсатында акцияларды және басқа да бағалы қағаздарды сатып алуға, басқа да қаржылық құралдарды пайдаланудағы салымдар);
ғылыми – техникалық өнім инвестициясы;
материалдық емес инвестиция (мүліктік құқықтарға, интеллектуальды жеке меншік құқығына салынатын салымдар).
Инвестициялау үрдісіне қатысу сипатына байланысты бөлінуі:
тікелей инвестиция (инвестициялау объектісін таңдауға инвестордың тікелей қатысуы);
тікелей емес инвестиция (үрдісті инвестициялық компания және басқа да қаржылық делдалдар жүргізеді).
Меншік формасына байланысты инвестицияның бөлінуі:
жеке инвестиция;
мемлекеттік инвестиция;
шетелдік инвестиция;
аралас инвестиция.
Инвестициялық қызмет субъектілеріне инвесторлар, тапсырыс берушілер, жұмысты орындаушылар, инвестициялық қызмет объектілерін пайдаланушылар, жеке және заңды тұлғалар жатады. Инвестициялық қызмет субъектілері инвестициялық сферада әрекет етеді (сурет 6), онда қаржы және материалдық салымдар жүзеге асырылады.
Сурет 6 - Инвестициялық сфера құрылымы Кәсіпорынның инвестициялық саясатының негізгі бағыттары:
кәсіпорын қызметінің тиімділігін жоғырлатуға бағытталған инвестициялар. Бұл инвестиция мақсаты – ескірген қондырғыларды ауыстыру, персоналды қайта оқыту немесе өндірістік қуатты өндіріс және өтім шарттары өте тиімді аймақтарға ауыстыру арқылы кәсіпорын шығындарын төмендету үшін жағдайлар туғызу;
өндірісті кеңейтудегі инвестиция. Бұл инвестициялар мақсаты
әрекеттегі өндіріс негізінде қалыптасқан нарыққа арналған тауарлар мен қызмет түрлерінің өндіріс көлемін кеңейту;
жаңа өндірісті құрудағы инвестиция. Бұл инвестициялар кәсіпорынмен бұрын өндірілмеген тауарлар мен қызмет түрлерін шығару үшін жаңа технологияларды игеру және тіптен жаңа қуаттарды құруға арналған;
мемлекеттік басқару органдарының талаптарын қанағаттандырудағы инвестициялар (жаңа экологиялық нормалар немесе қауіпсіздік стандарттары).
Инвестициялық қызметті қаржыландыру көздері әртүрлі болады (сурет 7)
Инвестиция объектісі – Инвестициялық жоба
Коммерциялық эффект Әлеуметтік эффект
Жеке меншік қаражаттары:
-жарғылық қор;
пайда аударымдары;
амортизация;
сақтандыру жарналары
|
|
Республикалық, жергілікті бюджет, түрлі кәсіпкерлікті қолдау қорларының ассигнациялары
|
Активтердің басқа да түрлері:
негізгі қорлар;
жер учаскелері;
өнеркәсіптік меншік (патенттер, сауда маркалары, бағдарламалық өнім және т.б.)
|
Шетелдік инвестициялар:
қаржылық ресурстар;
материалдық ресурстар;
материалдық емес активтер
|
Жоғары буындағы холдингтік және акционерлік компаниялармен, ҚӨТ-мен қайтарылмайтын негізде бөлінетін қаржылар
|
Халықаралық қаржылық институттар мен ұйымдардың, мемлекеттің, түрлі меншік формасындағы кәсіпорындар мен ұйымдардың, жеке тұлғалардың
тікелей салымдары
|
Мейірімдік және басқа да жарналар (қайтарылмайтын негізде)
|
Заем қаржыларының түрлі формалары:
мемлекет немесе қорлар несиесі;
банктер мен институциональды инвесторлар несиесі;
басқа кәсіпорындар несиесі;
-облигациялық заемдар, вексель
|
Сурет 7 - Инвестициялық қызметті қаржыландыру көздері
Достарыңызбен бөлісу: |