Г. К. Андабаева КӘсіпорын экономикасы



бет2/25
Дата08.02.2022
өлшемі178,05 Kb.
#122794
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   25
Байланысты:
andabaeva gk ksiporyn ekonomikasy

Кіріспе


Нарықтық қатынастар жағдайында, яғни жеке меншік нысандардың түрлігімен, соның ішінде тауар өндірушілердің жеке бәсекелестігі, кәсіпкерлік жағдайында өнеркәсіп пен толықтай халық шаруашылығының негізгі буыны – кәсіпорынның мәні өсуде.


Кәсіпорын экономикасы (грек тілінен аударғанда шаруашылық заңы деген түсінікті білдіреді) шаруашылық жүргізудің обьективті экономикалық заңдары мен заңдылықтарын зерттейді, материалдық және рухани тауарларды өндіру және оларды бөлу мақсатымен ресурстарды рационалды пайдалану ережелері мен тәсілдері, нысандары, басқарушылық, ұйымдастырушылық, техника- экономикалық және ақпараттық мәселелер қамтылған.
Ұсынылып отырған оқу құралында кәсіпорынның құрылу мақсаты мен міндеттерінен басталып, өз қызметін тоқтатқанға дейінгі іс-әрекеттері, оларға әсер ететін факторлар толықтай қарастырылған.
Оқу құралында нарық жағдайында қызмет ететін кәсіпорын түсінігі мен олардың түрлері, құрылымы, қызмет етуіне қажетті ресурстар, соның ішінде, негізгі қорлар мен айналым қорлары, кәсіпорын кадрлары туралы түсініктер мен олардың жағдайын анықтаудағы негізгі көрсеткіштері қарастырылған. Сонымен бірге кәсіпорынның өндірістік, инновациялық, инвестициялық қызметтері мен қаржы ресурстары көрсетілген.


  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   25




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет