Негізгі қорлар тозуы
Сурет 2 - Негізгі қорлар тозуы
Физикалық тозу негізгі қорлардың өндірістік үрдіске әрекет етуінде де және оның әрекет етпегенінде де (сыртқы орта әсерінен бұзылуы, атмосфералық әсер, коррозия) жүзеге асады. Негізгі қорлардың физикалық тозуын анықтау үшін есептеудің екі тәсілі қолданылады – жұмыс көлемі бойынша және қызмет ету мерзімі бойынша.
Моралды тозу – олардың ұдайы өндірісіне қажетті қоғамдық шығындардың азаюы әсерінен машина мен қондырғылар құнының төмендеуі (моралды тозудың бірінші түрі) немесе жаңа, прогрессивті және экономикалық жағынан тиімді машиналар мен қондырғылар түрін енгізу нәтижесінде олардың құнының төмендеуі (моралды тозудың екінші түрі).
Қорларды жаңартуға байланысты шығындарды жабудың негізгі көздері ұйымның жеке меншік қаржылары. Олар негізгі қорлардың қызмет көрсету кезеңі ішінде амортизациялық аударымдар түрінде жинақталады.
Амортизация - негізгі қорлар құнының бір бөлігін өнімді өндіруге кеткен шығындарға қосу арқылы негізгі қорлардың тозуын ақшалай төлеу. Содан, амортизация - негізгі қорлардың физикалық және моралды тозуларын ақшалай көрсету.
Амортизация үрдісі – бұл негізгі қорлардың қызмет көрсету кезеңі ішінде өз құнын өндірілетін өнімге біртіндеп ауыстыруы және осы құнды пайдаланылған негізгі қорлардың орнын толықтыру үшін қолдану деп түсіндіруге болады. Өнім құрамына ауыстырылған негізгі қорлар құны өндіріс сферасынан өтіп, айналым сферасына түседі. Өнім өткізілгеннен кейін негізгі қордың ауыстырылған құнына сәйкес ақшалай сомасының бір бөлігі амортизациялық қорға түседі.
Амортизациялық қор тозған негізгі қорлардың орнына жаңа негізгі қорларды сатып алу үшін пайдаланылады.
Шаруашылық тәжірибеде амортизацияны есепке алу үшін амортизациялық аударымдар мен амортизациялық норма пайдаланылады. Амортизациялық аударымдар – аударылған құнның ақшалай көрінісі және белгіленген амортизация нормалары бойынша өнімнің өзіндік құнына енгізіледі. Амортизация нормасы - негізгі қорлардың нақты түрі бойынша нақты кезең ішіндегі пайыз есебінде баланстық құнда белгіленген амортизация мөлшері. Амортизация нормасы келесі формула бойынша есептелінеді
Амортизациялық аударымдардың мөлшерлері төрт тәсіл арқылы анықталады:
бірқалыпты тәсіл, негізгі қорлардың бастапқы құны мен амортизация нормасы бойынша анықталады;
бірқалыпсыз тәсіл, негізгі қорлардың қалдық құны мен амортизация нормасы бойынша анықталады;
құнды тиімді пайдалану мерзімінің жыл саны бойынша өтеу тәсілі, негізгі қорлардың бастапқы құны мен жылдық ара қатынасқа, яғни алымында – объектінің қызмет ету кезеңінің соңына дейін қалған жыл саны, ал бөлімінде – объектінің қызмет ету кезеңі арқылы анықталады.
құнды өнім (жұмыс) көлеміне пропорционалды түрде өтеу тәсілі, есепті кезеңдегі натуралды өлшем бірлігіндегі өнім көлемі мен негізгі қордың бастапқы құны мен негізгі қорды тиімді пайдалану кезеңі ішіндегі өндірілетін өнім көлемінің ара қатынасы арқылы анықталады.
Достарыңызбен бөлісу: |