Г. К. Андабаева КӘсіпорын экономикасы



бет25/25
Дата08.02.2022
өлшемі178,05 Kb.
#122794
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   25
Байланысты:
andabaeva gk ksiporyn ekonomikasy

Топтастыру белгілері

Белгілерге сәйкес түрлері

Сипаттамасы

1

2

3

Шығындардың

өнімді

Рационалды технология мен

рационалдылығы




өндірісті ұйымдастырудағы

бойынша




белгіленген сапасы бар өнім







өндірісіндегі еңбек шығындары







(жоспарланған шығындар)




өнімсіз

Технология және өндірісті







ұйымдастырудағы кемшіліктердің







салдары (өнімнің брак болуы,







тоқтап қалудан болатын шығындар







және т.б.) (жоспарланбаған







шығындар)




Кесте 3 жалғасы

1

2

3

Шығындарды

тікелей

нақты өнім түрін өндіруге тікелей

өнімнің өзіндік




қатысатын және өзіндік құнға

құнына енгізу




бекітілген норма бойынша

тәсілі бойынша




енгізілетін (шикізат, материалдар,







жанармай, энергия) шығындар




жанама

өнімнің әр түрлерін дайындауда







қамтылады және өнімнің жеке







түрлерінің өзіндік құнына қандай-







да бір белгісіне пропорционалды







жанама (шартты) түрде енгізіледі.







Оған жататындар: қондырғыларды







қалыпта сақтау және







пайдаланудағы, жалпы өндірістік,







жалпы шаруашылық және т.б.







шығындар

Шығындардың

негізгі

өнім өндірудің технологиялық

өндіріс




процестерімен тікелей байланысты.

үрдісіндегі




Оған жататын шығындар: шикізат,

қызметі роліне




негізгі материалдар,

байланысты




технологиялық жанармай, энергия,







жұмысшылардың негізгі жалақысы




үстеме

өндірістің әрекет етуі үшін қажетті







жағдайлар туғызумен, оны







ұйымдастыру, басқарумен, қызмет







көрсетумен байланысты







шығындар. Үстеме шығындар –







бұл жалпы өндірістік, жалпы







шаруашылық шығындар

Шығындардың

ағымды

сол кезеңге қатысты пайда болады

пайда болу




және сол кезеңдегі өнімнің өзіндік

уақытына




құнына жатады.

байланысты

болашақ

нақты кезең ішінде шығындалады




кезеңдегі

да, бірақ өнімнің өзіндік құнына







енетін біраз үлесі келесі кезеңдерге







жатады




алдағы

смета тәртібі бойынша резервке







алынатын, бірақ әлі пайда







болмаған шығындар (демалыс







уақытын төлеу және т.б.)




Кесте 3 жалғасы

1

2

3

Шығындардың

элементарл

элементарлы (біртекті)

біртектілік

ы

шығындарды құраушыны

дәрежесі




бөліктерге бөлуге болмайды

бойынша

кешенді

бірнеше біртекті шығындардан







тұратын шығындар статьясы

Шығындардың

айнымалы

өндіріс көлемінің өзгерісіне

өндіріс көлемінің

(пропорцио

тікелей байланысты шығындар

өзгерісіне

налды)

(өндірістік жұмысшылардың

байланысты




жалақысы, шикізат, және т.б.)




тұрақты

өндіріс көлемінің өзгерісі




(пропорцио

жағдайыында өзгермейтін немесе




налды

шамалы ғана өзгеретін шығындар




емес)

(құрылыс амортизациясы,







жанармай, энергия, басқарушылық







персонал жалақысы). Айнымалы







және тұрақты шығындар







қосындысы кәсіпорынның жалпы







шығындары болып табылады

Нарықтық экономика жағдайында өнімнің өзіндік құны кәсіпорынның өндірістік-шаруашылық қызметінің басты көрсеткіші болып табылады. Нарықтық экономикасы дамыған елдерде өндіріс шығындарын есепке алу және өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау басқарушылық есепте көрсетіледі. Оның негізгі мақсаты – мамандарға, басқарушылық персонал мен кәсіпорын бөлімшелеріне өнімнің өзіндік құнын басқару үшін ақпараттармен қамту.




    1. Өнімнің өзіндік құны калькуляциясы


Калькуляция – барлық тауарлы өнім мен оның бөліктерінің өзіндік құнын, нақты бұйым түрінің өзіндік құнын, өнім өндірісі мен оны өткізудегі кәсіпорын бөлімдерінің шығындарын есептеудегі жүйе. Өнімнің өзіндік құнының калькуляциясы өнім білігінің бағасын анықтау үшін қажет. Калькуляциялаудың басты объектісі - өткізуге
арналған дайын бұйым (өнім).
Калькуляция баптарының тізімі, оның құрамы мен өнім (жұмыс, қызмет) түрлері бойынша шығындарды бөлу тәсілі өндіріс сипаты мен құрылымын ескеру арқылы өнімнің (жұмыстың, қызметтің) өзіндік құнын жоспарлау, есепке алу және калькуляциялау мәселелері бойынша салалық әдістемелік нұсқаулармен анықталады. Өнеркәсіп
кәсіпорындарының көпшілігіндегі шығындардың калькуляциялық баптарының номенклатурасы төмендегідей болады (кесте 4).

Кесте 4 – Калькуляциялық баптар бойынша шығындардың топтастырылуы



Шығындар баптары

Өзіндік құн түрлері

1

2

1 Шикізат пен материалдар

Толық емес өндірістік (цехтық)


өзіндік құн

Толық өндірістік (фабрика, зауоттық) өзіндік құн



Сатылған (өткізілген) өнімнің өзіндік құны



2 Қатарылатын қалдықтар

3 Сатып алынатын бөлшек бұйымдар, жартылай фабрикаттар мен өндірістік
сипаттағы қызметтер

4 Технологиялық мақсаттағы
жанармай және энергия

5 Өнім өндірісі үрдісіне тікелей қатысатын қызметкерлер
жалақысы шығындары

6 Әлеуметтік салықтар

7 Өндірісті дайындау және
игеру шығындары










8 Жалпы өндірістік шығындар

9 Жалпы шаруашылық
шығындар




10 Басқа да өндірістік
шығындар

11 Брактан болатын шығындар

12 Коммерциялық шығындар




Калькуляцияның жеке баптары бойынша шығындарды анықтау тәртібі:



  1. бұйымды дайындаудағы тікелей шығындарды нормативті есептеу;

  2. жанама шығындарды жеке бұйымдардың өзіндік құнына

бөлу.
Калькуляциялық баптар бойынша өзіндік құн құрылымы
өнімнің толық өзіндік құнындағы шығындар арақатынасын, не шығындалғандығын, қайда шығындалғандығын, қаржылар қандай мақсаттарға бағытталғандығын көрсетеді. Ол кәсіпорынның әр цехының немесе бөлімшесінің шығындарын бөліп көрсетеді.
Өндіріс шығындарының сметасы тек шығындардың экономикалық біртекті элементтерін бірлестірсе, калькуляция баптарында кейбіреулері ғана біртекті, ал қалғандары шығындардың әр түрлерін қамтиды, яғни кешенді құрайды. Қолдануға байланысты калькуляция түрлері бірнешеге бөлінеді.
Жоспарлы калькуляция – жоспарлы кезеңде өнімді дайындауға қажетті шығындардың максималды мүмкін болатын мөлшерін қамтиды және жоспарға енгізілген өнімнің барлық түріне жасалады.
Сметалық калькуляция – жоспарлы сияқты жұмыстың бір түріне және сырттан келген тапсырыс бойынша өнім өндірісіне жасалады. Тапсырыс берушілермен есептесу кезіндегі бағаның негізі болып табылады.
Нормативті калькуляция – шикізат, материалдар, энергия шығындарының нормасы бойынша бұйымның өзіндік құнын есептеу.
Жобалық калькуляция - өнім өндірісіне дайындық кезінде анықталады және жобаланған жаңа өндіріс пен технологиялық үрдістердің тиімділігіне түсініктеме беру үшін қажет.
Есепті калькуляция - өнім бірлігінің нақты өзіндік құнын көрсетеді, онда бұйымға кепілдік жөндеу және кепілдік қызмет көрсету шығындары, дұрыс жасалмаған бұйымдар шығыны және т.б. ескеріледі.
Шаруашылық есепті калькуляция – кәсіпорын бөлімшесінің өніміне жасалынады.
Өнімнің нақты өзіндік құнын есепке алу мен оны калькуляциялаудың негізгі тәсілдері:

    • нормативті;

    • тапсырыстық;

    • өндірістің кезеңдері (фазалары).



    1. Өнім өндірісі мен өткізу шығындар сметасы


Өнім өндірісі мен оны өткізудегі шығындар сметасы кәсіпорынның жалпы шығындарын анықтау мақсатында есептелінеді. Шығындар сметасын құрудағы әрекеттер: 1) қосымша цехтар шығынының сметасын анықтаумен басталады, өйткені олардың өнімдері кәсіпорынның негізгі цехтарымен пайдаланылады және бұл цехтар шығындары негізгі өндірістік цехтар өнімінің өзіндік құнына енеді; 2) содан соң кәсіпорынның негізгі цехтары бойынша шығындар сметасы есептелінеді, оның негізінде шығындардың өндірістік (зауоттық) сметасы қалыптасады және тауарлы, өткізілген өнімнің өзіндік құн көрсеткіштері анықталады.
Шығындар сметасын жасаудың негізі – шығындарды экономикалық элеметтер бойынша топтастыру болып табылады.
Шығындар элементі – бұл экономикалық жағынан біртекті шығындар (материалды шығындар, амортизация және т.б.), кәсіпорында шығындар элементі бойынша өндірістің шығындар сметасы жасалады. Экономикалық элементтері бойынша шығындарды топтастыру толықтай кәсіпорын және оның бөлімшелері бойынша өнім өндірісіне шығындалған не және қандай көлемде шығындалғанын және жеке элементтерінің шығындардың жалпы сомасындағы арақатынасын көрсетеді.
Шығындар элементі:

  1. материалдық шығындар;

    • шикізат және негізгі материалдар;

    • сатып алынатын бұйымдар;

    • қосымша материалдар;

    • сырттан сатып алынған жанармай;

    • сырттан сатып алынған энергия;

  2. өнеркәсіптік-өндірістік персонал еңбегін төлеу шығындары;

    • жұмысшылардың еңбекақысы;

    • инженерлі-техникалық қызметкер еңбекақысы;

    • қызметкерлер еңбекақысы;

  3. әлеуметтік мұқтаждықтарға төленетін аударымдар;

    • әлеуметтік сақтандыру;

    • зейнетақы қоры;

    • медициналық сақтандыру;

    • салалық сақтандыру тарифі;

  4. негізгі қорлар амортизациясы;

    • негізгі өндірістік қорларды толықтай қалпына келтіруге аударымдар (үдемелі амортизацияны ескереді);

  5. басқа да шығындар;

    • салықтар, жарналар, бюджеттен тыс арнайы қорларға аударымдар;

    • мүлікті міндетті сақтандыру бойынша төлемдер;

    • байланыс, есептеу орталықтарының, банктердің қызметін төлеу;

    • кадрларды дайындау және қайта дайындықтан өткізу, іс- сапар шығындары;

    • негізгі қорларды жалға алу төлемдері;

    • басқа да төлемдер.
  1. Кәсіпорын пайдасы, рентабельділік көрсеткіштері




    1. Кәсіпорын пайдасы мен табысы


Пайда – кәсіпорынның кәсіпкерлік қызметінің соңғы қаржылық нәтижесі болып табылады, жалпы түрде өнім бағасы мен оның өзіндік құнының арасындағы айырма арқылы анықталады, ал толықтай кәсіпорын бойынша - өнімді өткізуден түскен түсім мен өткізілген өнімнің өзіндік құны арасындағы айырма ретінді анықталады. Пайда экономикалық категория ретінде кәсіпкерлік қызмет үрдісінде материалдық өндіріс саласында пайда болған таза табысты көрсетеді. Кәсіпорын деңгейінде таза табыс пайда нысанын қамтиды.
Нарықтық қатынастардың басты категориясы ретінде пайда бірнеше қызмет атқарады:

  1. пайда – кәсіпорын қызметі тиімділігінің көрсеткіші, яғни пайдасы бар кәсіпорын, оның қызметінің тиімді екендігін куәлендіреді;

  2. пайда – түрлі деңгейдегі бюджет табысын қалыптастыру көзі. Ол бюджетке салық түрлері, экономикалық санкциялар арқылы жинақталады және бюджеттің шығыс бөлігінде көрсетілген түрлі мақсаттарға пайдаланылады;

  3. пайда – қызметкерлер үшін еңбек жағдайын жақсарту көзі. Кәсіпорынның өз иелігінде қалған, яғни салықтар мен бірінші реттегі төлемдерді және дивидендтарды төлегеннен кейін қалған пайда есебінен қызметкерлерге материалдық сыйақы, әлеуметтік жеңілдіктер төленеді;

  4. пайда – өндірілген өнім мен негізгі қорларды жаңарту көздері. Кәсіпорынның иелігінде қалған пайда мөлшерінің негізінде капитал иесі мен менеджерлер кәсіпорынның даму болашағын ескере отыра, кәсіпорын қызметіне қажетті инвестициялық саясат жүргізу туралы шешімдер қабылдайды.

Кәсіпорын пайдасы – оның экономикалық және әлеуметтік дамуының негізгі факторы, сондықтан оның кәсіпорында қалыптасу механизмін анықтау өте маңызды болып табылады. Оның бірнеше түрлері бар: жалпы пайда, баланстық, салық салынатын (есепті) және таза пайда.
Жалпы пайда тауарларды (жұмыс, қызмет түрлерін) сатудан түскен түсім мен өткізілген өнімнің толық өндірістік өзіндік құны арасындағы айырма арқылы анықталады.
Баланстық пайда әр қызмет түрлері бойынша бөлек-бөлек жоспарланады:

    • товарлы өнімді өткізуден түскен пайда;

    • басқа өнімдерді және товарлы емес сипаттағы қызмет түрлерін өткізуден түскен пайда;

    • негізгі қорларды және басқа да мүліктерді өткізуден түскен пайда;

    • өткізулерден тыс табыстар мен шығындардан түскен пайда.

Товарлы өнімді өткізуден түскен пайда - әрекеттегі бағамен есептелінген өнімді өткізуден түскен түсім мен өнімнің өзіндік құнына енетін товарлы өнімді өндіру мен оны өткізуге кеткен шығындар арасындағы айырма арқылы анықталады.
Басқа өнімдерді және товарлы емес сипаттағы қызмет түрлерін өткізуден түскен пайда (немесе шығын) - әр қызмет түрі бойынша жеке-жеке жоғарыдай анықталады, яғни негізгі кәсіпорынның балансындағы ауыл шаруашылықтары, көлік шаруашылығы және басқа да шаруашылықтар.
Негізгі қорларды және басқа да мүліктерді өткізуден түскен пайда (немесе шығын) – сол мүлікті (қос, акцизді есепке алмағанда) өткізуден түскен түсім мен инфляция индексіне сәйкес коэффициентке дұрысталған баланс бойынша қалдық құн арасындағы айырма арқылы анықталады.
Өткізулерден тыс табыстар мен шығындардан түсетін пайда (немесе шығын) түрлі тәсілдермен анықталынады, соның ішінде өткен жылдар тәжірибесінің негізінде есептелінеді.
Осы өткізулерден түскен пайда (немесе шығындардың) қосындысын баланстық пайда құрайды. Осы пайданың есебінен бірінші реттегі төлемдер, яғни салықтардың түрлері, пайдаға салынатын салықтан басқалары төленеді, несие пайыздары, басқа да төлемдер төленеді, соның ішінде ренталық төлемдер. Қалған пайда салық салынатын пайда деп аталады. Оның есебінен пайдаға салынатын салық төленеді, қалған пайда мөлшері таза пайданы құрайды. Ол кәсіпорынның өз меншігінде қалады, өздігімен жеке дербес пайдаланылады және кәсіпкерлік қызметті дамыту үшін бағытталады.
Таза пайда бағытталатын бағыттар:

    • кәсіпорынның өндірістік дамуын қаржыландыру;

    • тұтынушылық және әлеуметтік мұқтаждықтарды қанағаттандыру;

    • әлеуметтік-мәдени сфераларды қаржыландыру;

    • еңбек ақыға қосымша еңбек ақы төлеу қорына бөлінетін аударымдар;

    • қайырымдылық мұқтаждықтар, театр ұжымдарына көмек көрсету, көркем өнер көрмелерін ұйымдастыру және т.б. мақсаттар.

Кейбір кәсіпорындарда, соның ішінде акционерлік қоғамдарда таза пайда келесі бағыттарда бөлінеді: жинақтау қоры, пайдалану қоры, резервті қор, әлеуметтік сфера қоры, валюталық аударымдар қоры, құрылтайшылар (акционерлер) арасында пайданы бөлу және т.б. Бөлінбеген пайда кәсіпорынның жарғылық капиталына қосылады. Сонымен пайданы бөлу деп кәсіпорындағы пайда бюджеті мен оны пайдалану статьялар бойынша бағыттауды айтады. Пайданы жоспарлаудың негізгі тәсілдері:

    • тікелей есептеу тәсілі;

    • аналитикалық тәсіл;

    • жиынтық есептеу тәсілі.

Тікелей есептеу тәсілі - өндірілетін өнімнің көп емес ассортиментінде қолданылады; бұл жағдайда пайда товарлы өнімді өткізуден түскен түсім мен оның толық өзіндік құнының арасындағы айырма арқылы есептелінеді

П=(Q*Баға) - (Q*S), (9.1)




мұндағы

П

-

жоспарлы пайда;




Q

-

натуралды өлшем бірлігіндегі жоспарланған
кезең ішінде өндірілген товарлы өнім көлемі;




Баға

-

өнім бірлігінің бағасы (қос пен акцизді
есептемегенде);




S

-

өнім бірлігінің толық өзіндік құны.

Пайданы жоспарлаудың аналитикалық тәсілі өндірілетін өнімнің көп ассортименті болған жағдайда қолданылады және жоспарлы пайдаға әсер ететін жеке факторларды анықтаумен сипатталады. Аналитикалық тәсілде пайда жоспарлы жылдағы өндірілетін өнімнің әр түрі бойынша анықталмайды, толықтай салыстырылатын өнім бойынша есептелінеді. Салыстырылмайтын өнім бойынша пайда жеке анықталынады.


Жиынтық есептеу тәсілі бірінші және екінші тәсілдер элементтерін қамтиды. Сонымен, жоспарлы жылдағы бағамен және есепті жылдағы өзіндік құн бойынша товарлы өнім құны тікелей есептеу тәсілі арқылы анықталады, ал жоспарлы пайдаға өзіндік құн өзгерісі, сапаның арытуы, ассортименттің, бағаның және т.б. өзгеруі сияқты факторлардың әсері аналитикалық тәсіл көмегімен анықталады.
    1. Өндірістің рентабельділік көрсеткіші


Рентабельділік – ресурстарды пайдалану дәрежесін және шығындарды қайтару деңгейін сипаттайтын өндіріс тиімділігінің салыстырмалы көрсеткіші. Рентабельділік коэффициенттерін есептеу негізінде пайданың (көп жағдайда есепке таза пайда алынады) шығындалған қаржыларға немесе өткізуден түскен түсімге немесе кәсіпорын активтеріне қатынасымен анықталады, яғни кәсіпорын қызметінің тиімділік дәрежесін сипаттайды және оның бірнеше түрлері бар (кесте 5).

Кесте 5 - Рентабельділік көрсеткіштері



Рентабельділік көрсеткіштері

Есептеу формуласы

Сипаттамасы

1

2

3

Жеке өнім түрлерінің, барлық тауарлы өнім мен өндіріс рентабельділігі

өнім бірлігіне шаққандағы пайда



өнім бірлігінің өзіндік құны

Түрлі өнімнің, барлық тауарлы өнімнің пайдалығын және кәсіпорынның рентабельділігін (табыстылығын) сипаттайды. Баға белгілеуде негізге алынады.

тауарлы өнімге шаққандағы пайда
тауарлы өнімнің өзіндік құны

баланстық (таза) пайда негізгі өндірістік қорлар мен материалдық
айналым қорлар құнының қосындысы

Өткізу (сату) рентабельділігі

өнімді сатудан түскен пайда

өткізуден түскен түсім



Өткізудің әр 1 теңгесінен кәсіпорын пайданың қандай пайызын алатындығын көрсетеді.
Өндірілетін өнім номенклатурасын таңдауда негіз
болады.

баланстық пайда




өнімді өткізуден түскен таза түсім + басқа да өткізулерден және өткізулерден тыс операциялардан түскен табыс

Кесте 5 жалғасы

1

2

3

Активтер
(капитал) рентабельділігі

Пайда
жиынтық активтер

Сәйкес активтердің 1
теңгесіне келетін қайтарымдылықты сипаттайды.
Кәсіпорынға салынған ақша қаржыларының
тиімділігін көрсетеді.

Ағымдағы активтер
рентабельділігі

пайда

ағымдағы активтер



Таза активтер рентабельділігі

пайда

таза активтер



Жеке меншік капитал рентабельділігі

таза пайда

жеке меншік капитал



Салықтар мен несие пайыздарын төлегеннен кейінгі
1 теңге жеке меншік капиталға келетін пайданы сипаттайды.

Әдебиеттер





  1. Аяпова М.М., Арынов Е.М. Іскер адамның орысша-қазақша экономикалық түсiндiрме сөздiгi. – Алматы, 1993. – 350 б.

  2. Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі (Жалпы және Ерекше бөлімдері). – Алматы : ЮРИСТ, 2004. – 309 б.

  3. Жданов В.П. Организация и финансирование инвестиций. – Калининград : «Янтарный сказ», 2000. – 160 с.

  4. Зайцев Н.Л. Экономика промышленного предприятия: учебник. – 4-е изд., перераб. и доп. – М. : ИНФРА-М, 2002. – 384 с.

  5. Калдыбаев О., Темирбаев А. Экономика предприятия: учеб. пособие. – Алматы : Санат, 1997. – 320 с.

  6. Магомедов А.М. Экономика предприятия: учебник для вуза. – М. : Издательство «Экзамен», 2004. – 352 с.

  7. Меденский В.Г., Шаршукова Л.Г. Инновационное предпринимательство: учеб. пос. – М. : ИНФРА-М, 1997. – 240 с.

  8. Романенко И.В. Экономика предприятия. – М. : Финансы и статистика, 2002. – 208 с.

  9. Скляренко В.К., Прудников В.М. Экономика предприятия: конспект лекций. – М. : ИНФРА-М, 2004. – 208 с.

  10. Скляренко В.К., Прудников В.М. Экономика предприятия: учебник. – М. : ИНФРА-М, 2005. – 528 с.

  11. Тоқсанбай С.Р. Экономика, қаржы-несие, салық-кеден, сақтандыру, биржа және кәсiпкерлiк атауларының орысша-қазақша сөздiгi. – Алматы, 1999. – 65 б.

  12. Үмбетәлиев А.Д., Керімбек Ғ.Е. Кәсіпорын экономикасы және кәсіпкерлік: оқу құралы. – Астана : «Фолиант» баспасы, 2005. – 176 б.

  13. Экономика предприятия: учебник для вузов/под ред. проф. В.Я. Горфинкеля, проф. В.А. Швандара. – 4-е изд., перераб. и доп. – М. : ЮНИТИ-ДАНА, 2004. – 670 с.

  14. Экономика предприятия. Серия «Учебники и учебные пособия»

/под ред. проф. А.С. Пелиха. – Ростов н/Д : «Феникс», 2002. – 416 с.

  1. Экономика предприятия: учебник для вузов/под ред. проф. В.П.Грузинова. – М. : Банки и биржи, ЮНИТИ, 1998. – 635 с.

  2. Экономика предприятия/под ред. В.Я.Хрипача. – Минск : Экономпресс, 2000. – 320 с.

  3. Экономика предприятия: учебник /под ред. проф. О.И.Волкова.

– М. : ИНФРА-М. 1997. – 416 с.

Мазмұны


Кіріспе 3

  1. Нарықтық экономика жағдайындағы кәсіпорын 4

    1. Кәсіпорын сипаттамасы мен классификациясы 4

    2. Кәсіпорын құрылымы және оны басқару 6

  2. Кәсіпорынның негізгі қорлары 8

    1. Негізгі қорлар түсінігі, құрылымы және оны бағалау 8

    2. Негізгі қорлар тозуы мен амортизациясы 11

    3. Негізгі қорларды пайдалану тиімділігінің көрсеткіштері 14

  3. Кәсіпорынның айналым қорлары 15

    1. Айналым қорларының түсінігі мен олардың құрамы 15

    2. Айналым қорларының айналымдылығын үдету жолдары 17

  4. Кәсіпорын кадрлары 19

    1. Кәсіпорын кадрлары және қызметкерлер саны 19

    2. Еңбек өнімділігі және оны жоспарлау 21

  5. Кәсіпорынның өндірістік қызметі 23

    1. Өндірістік үрдіс түсінігі мен түрлері 23

    2. Кәсіпорынның өндірістік қуаты. Өндірістік қуатты есептеу әдістемесі 25

    3. Кәсіпорынның өндірістік бағдарламасы 28

  6. Кәсіпорынның инновациялық қызметі 30

    1. Кәсіпорынның инновациялық қызметін сипаттайтын негізгі түсініктер 30

    2. Инновациялық кәсіпкерлік 33

    3. Инновациялық үрдіс 34

  7. Кәсіпорынның инвестициялық қызметі 37

    1. Инвестиция және инвестициялық қызмет 37

    2. Инвестициялық жоба тиімділігін анықтау және бағалау 40

  8. Кәсіпорын шығындары, өнімнің өзіндік құны 44

    1. Кәсіпорын шығындары, өнімнің өзіндік құны 44

    2. Өнімнің өзіндік құны калькуляциясы 46

    3. Өнім өндірісі мен өткізу шығындар сметасы 48

  9. Кәсіпорын пайдасы, рентабельділік көрсеткіштері 50

    1. Кәсіпорын пайдасы мен табысы 50

    2. Рентабельділік көрсеткіштері 53

Әдебиеттер 55

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   25




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет