Г. К. Андабаева КӘсіпорын экономикасы



бет6/25
Дата08.02.2022
өлшемі178,05 Kb.
#122794
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   25
Байланысты:
andabaeva gk ksiporyn ekonomikasy

Негізгі қорлардың ақшалай бағасы

Сипаттамасы

Негізгі қорлардың бастапқы құны

Бұл қорларды дайындау немесе сатып алу құны, оларды жеткізу бойынша транспорттық шығындар мен монтаждау құны. Бастапқы құн бойынша қорлар есепке алынады және амортизация нормасы мен амортизациялық аударымдар
мөлшері, кәсіпорын активтерінің пайдасы мен рентабелділігі, негізгі қорларды пайдалану көрсеткіштері анықталады.

Негізгі қорлардың қалпына
келтіру құны

Бұл қазіргі заман жағдайында негізгі қорлардың ұдайы өндіріс шығындары. Ол қорларды қайта бағалау кезінде қалыптасады.

Негізгі қорлардың
қалдық құны

Негізгі қорлардың бастапқы немесе қалпына келтіру құны мен тозу сомасының айырмасы арқылы анықталады.

Негізгі қорлардың
ликвидациялық құны

Өндірісте пайдаланудан шығарылған немесе тозған негізгі қорлардың жеке объектілерін өткізу құны (көбіне металлолом бағасы).

Негізгі қорлардың баланстық құны

Қайта бағалау арқылы кәсіпорын балансында тізімге алынатын объекті құны. Бұл аралас баға: бір объектілер үшін баланстық құн ретінде қалпына келтіру құны, басқалары үшін
– бастапқы құны қолданылады.

Негізгі қорлардың
нарықтық құны

Сұраныс пен ұсыныс арақатынастарын, олардың нақты жағдайын ескеру арқылы негізгі қорлар объектілерін
сатудағы мүмкін болатын бағасы.

Негізгі қорлардың орташа жылдық құны

Экономикалық көрсеткіштерді есептеу үшін анықталынады. Есептеу негізгі қорлардың бастапқы құны негізінде және ену және шығу көрсеткіштерін ескеру арқылы жүзеге асырылады: НҚорт.ж. = НҚж.б. + (НҚенг.*n1)/12 - (НҚлик.*n2)/12,
мұндағы НҚорт.ж. - негізгі қорлардың орташа жылдық құны; НҚж.б. - негізгі қорлардың жыл басындағы (баланстық) құны; НҚенг. - кезеңде енгізілген негізгі қорлар құны;
НҚлик. - негізгі қорлардың ликвидациялық құны;
n1 - негізгі қорлардың енгізілген кезеңінен бастағандағы айлар саны;
n2 - негізгі қорлардың шығарылған кезеңінен бастағандағы айлар саны.

Негізгі қорларды ақшалай немесе құндық бағалау негізгі қорлардың жалпы көлемін, динамикасын, құрылымын, дайын өнімге аударылатын құн мөлшерін анықтау, сонымен бірге күрделі салымдардың экономикалық тиімділігін есептеу үшін қажет.


Негізгі қорлардың жеке топтарының ара қатынасы (пайыз есебінде) қорлар құрылымын құрайды. Негізгі қорлар құрылымы салалық, өндірістік, технологиялық, өспелі деп бөлінеді. Салалық құрылым өнеркәсіп бойынша негізгі қорлардың жиынтық баланстық құндағы өнеркәсіп салалары бойынша негізгі қорлар құнының үлестік салмағымен сипатталады; өндірістік құрылым – негізгі қорлардың әр тобының немесе әр элементінің жалпы құнындағы үлестік салмағымен сипатталады, технологиялық құрылым – негізгі қорлардың нақты тобының ішіндегі әр түрінің үлесі, өспелі құрылым
– негізгі қорлардың түрлі өспелі топтарының олардың жалпы құнындағы үлестік салмағымен сипатталады.
Негізгі қорлардың ұдайы өндірісінің қарапайым және кеңейтілген формалары бар. Ұдайы өндірістің қарапайым формасы – тозған еңбек құралдарын ауыстыру және күрделі жөндеу. Кәсіпорынның жөндеу қорын құру құқы бар, онда аударымдардың жылдық сомасы кәсіпорынмен жеке бекітілген нормативтер бойынша анықталады. Бұл қор негізгі қорларды жөндеудің барлық түрлерін қаржыландыру үшін пайдаланады. Сонымен бірге жөндеу қоры құрылмауы мүмкін, онда жөндеу шығындары өнімнің өзіндік құнына енгізіледі, ал өндірістік емес қорлар бойынша шығындар пайда есебінен төленеді. Жөндеу қоры жөндеуге кеткен шығындарды бірдей етіп бөледі.
Негізгі қорлардың ұдайы өндірісінің кеңейтілген формасына жататындар: жаңа құрылыс, әрекеттегі кәсіпорындардың кеңеюі, олардың реконструкциясы және техникалық жағынан қайта қамсыздандырылуы, қондырғылардың модернизациясы.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   25




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет