Г. К. Андабаева КӘсіпорын экономикасы


Кәсіпорынның өндірістік қызметі



бет14/25
Дата08.02.2022
өлшемі178,05 Kb.
#122794
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   25
Байланысты:
andabaeva gk ksiporyn ekonomikasy

Кәсіпорынның өндірістік қызметі




    1. Өндірістік үрдіс түсінігі мен түрлері


Өндірістік үрдіс деп еңбек құралын еңбек өніміне өзгертуге бағытталған табиғи үрдістер мен еңбек үрдістерінің байланысқан жиынтығын атайды. Белгілі бір өнім түрін өндірумен қатар, үрдіс белгілі бір жұмыс түрін жасауға да бағытталуы мүмкін.
Өндірістік үрдіс сәйкес біліктілігі бар жұмыс күшін, арнайы еңбек құралдары мен еңбек бұйымдарын пайдалануға, сонымен қатар өндірістің ерекше технологиясын қолдануға жұмыстанады. Кез-келген өндірістік үрдістің негізі –адамның саналы іс-әрекеті – еңбек болып табылады. Өндірістік үрдістер бір-бірінен қызметтері, механизациялық және автоматтандырылған деңгейлері мен ұйымдастыру тәсілдері арқылы ерекшеленеді .
Технологиялық үрдіс – еңбек затының мөлшерін, геометриялық пішінін немесе физика-химиялық қасиеттерін өзгертуге тікелей байланысты болатын өндірістік үрдістің негізгі және басты бөлігі.
Технологиялық операциялар – бір немесе бірнеше бұйым түрін бір немесе бірнеше жұмысшымен (бригадамен) жұмыс жасалатын құрал-жабдықтардың қайта жөндеусіз бір жұмыс орнында орындалатын өндірістік үрдістің элементарлы бөлігі. Операциялар қолдық, машина-қолдық, машиналық, автоматтандырылған және аппаратуралық болып бөлінеді.
Өндірістік үрдістің экономикалық мәні қосылған құнның қалыптасуымен сипатталады. Өндірістік үрдіс мазмұнына әсер ететін факторлар: бұйым конструкциясы; жасалынатын бұйымдардың шығарылған көлемі мен еңбек сыйымдылығы; техника мен технология деңгейі; өндірістің мамандану және кооперациялау деңгейі. Өндірістік үрдіс түрлері 5 суретте көрсетілген.
Қарапайым үрдіс – нақты объектіні дайындауда тізбектей орындалатын операциялар қатары (мысалы, дайын бөлшектерден

Негізгі

Өндірістегі қызметі
қосалқы бөлшектер дайындау). Мұнда еңбек затына тізбектей жүзеге асатын еңбек қызметтер қатары әсер етеді, нәтижесінде дайын немесе жеке өнім шығарылады. Күрделі үрдіс – уақыт бойынша реттелген қарапайым үрдістердің жиынтығы. Мұнда дайын өнім жеке өнімдерді біріктіру тәсілі арқылы алынады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   25




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет