Кәсіпорын кадрлары және қызметкерлер саны
Кәсіпорын кадрлары – бұл кәсіпорында қызмет ететін және тізімдік құрамына енетін түрлі кәсіби-біліктілік топтар қызметкерлерінің жиынтығы. Кәсіпорын қызметкерлерінің жеке құрамы мен категорияларының құрамдық және сандық ара қатынасы кадрлар құрылымын сипаттайды.
"Кадрлар", "персонал", және "кәсіпорынның еңбек ресурстары" түсініктері де әр түрлі. "Кәсіпорынның еңбек ресурстары" түсінігі оның потенциалды жұмыс күші, "персонал" – тұрақты және уақытша жұмыс жасайтын біліктілігі бар және біліктілігі жоқ қызметкерлердің барлық жеке құрамы. "Кадрлар" деп кәсіпорынның көп жағдайда біліктілігі бар негізгі (штаттық, тұрақты) қызметкерлер құрамы.
Өнім өндірісі үрдісімен тікелей байланысты, яғни негізгі өндірістік қызметпен айналысатын кәсіпорын кадрларын өнеркәсіптік-өндірістік персонал деп атайды (сурет 4).
Тәжірибеде кадрлады есепке алу және жоспарлауда олардың тізімдік, келгендер және орташа тізімдік құрамы қолданылады. Тізімдік сан – нақты күндегі қызметкерлердің тізімдік құрамының саны, онда сол күні жұмысқа қабылданған және шығарылған қызметкерлер есепке алынады. Келгендер саны – нақты күні жұмысқа келгендердің, соның ішінде іс-сапардағы қызметкерлердің тізімдік құрамының санын сипаттайды.
Ай ішіндегі қызметкерлердің орташа тізімдік саны әр күнгі тізімдегі барлық қызметкерлер санының қосындысын сол айдағы календарлық күндер санына қатынасы арқылы анықталады.
Құжаттарды дайындауды, есепке алуды және бақылауды, шаруашылық қамсыздандыруды жүргізізетін қызметкерлер
Инженерлі- техникалық, экономикалық және т.б. жұмыстармен айналысатын қызметкерлер
Кәсіпорын және оның құрылымдық бөлімшелерінің басшыларының лауазымындағы қызметкерлер
Сурет 4 - Кәсіпорын кадрлары (персоналы)
Қызметкерлердің демалыс және мейрам күндеріндегі тізімдік саны деп оның алдыңғы күніндегі саны есепке алынады. Кварталдағы (жылдағы) қызметкерлердің орташа тізімдік саны кәсіпорынның кварталда (жылда) жұмыс жасаған барлық айларындағы қызметкерлердің орташа санын қосып, осы қосындыны 3 (12)-ге бөлу арқылы анықтауға болады.
Кәсіпорын кадрлары тұрақты өлшем емес: бір қызметкерлер жұмыстан босатылады, ал біреулері жұмысқа қабылданады. Кәсіпорындағы қызметкерлердің қозғалысын (айналымын) сипаттайтын көрсеткіштер:
кадрлардың жұмыстан босатылуы бойынша айналым коэффициенті – кезең ішінде барлық жұмыстан босатылған қызметкерлер санының сол кезеңдегі қызметкерлердің орташа тізімдік санына қатынасы арқылы анықталады;
кадрларды жұмысқа қабылдау бойынша айналым коэффициенті – кезең ішінде жұмысқа қабылданған барлық қызметкерлер санының сол кезеңдегі қызметкерлердің орташа тізімдік санына қатынасы арқылы анықталады;
кадрлардың тұрақсыздық коэффициенті – дәлелсіз себептер бойынша (қызметкерлердің өз тілегі, бұзақылықтары мен келмегендері үшін және т.б.) кәсіпорын жұмысынан босатылған қызметкерлердің сол кезеңдегі қызметкерлердің орташа тізімдік санына қатынасы арқылы анықталады.
Достарыңызбен бөлісу: |