Қуат – нақты кезең ішінде жүйеден ең жоғары мүмкін шығу компоненті. Өндірістік қуат өндірістен шығу нормасын анықтайды, яғни календарлы кезең ішінде (апта, ай, жыл) нақты өнім атының (номенклатурасы) ең жоғары мүмкін болатын көлемін өндіруді қарастырады.
Нақты өнімді өндіру мүмкіндігі ретіндегі өндірістік қуат кәсіпорында, оның бөлімшелерінде өндірістік ресурстардың: құрал- жабдықтар, персонал, материалдың болуын қамтиды. Өндірістік қуат түсінігінің анықтамасының екі тәсілі бар. Біріншісі бойынша өнімді өндіруге қатысатын өндірістік ресурстардың барлық түрлері есепке алынады, ал екінщісі бойынша – тек өндірістік құрал-жабдықтар мен аудандар. Тәжірибеде кеңінен екінші тәсіл қолданылады.
Кәсіпорынның (цехтың, учаскенің) өндірістік қуаты – нақты өндірістік ресурстар (өндірістік құрал-жабдықтар мен аудандар) жиынтығын тиімді пайдалану арқылы нақты кезең ішінде нақты сандық қатынастар мен номенклатурасы бойынша ең жоғары мүмкін болатын өнім өндірісі.
Сұраныстың өзгерісі жағдайында өндірістік қуатты басқару үшін өндірістік ресурстар жиынтығы құрамынан екі құраушыны – тұрақты және айнымалы деп бөліп көрсетеді. Басқару объектісі ретінде олар бір-бірінен ерекшеленеді. Тұрақты құраушысы – құрал- жабдықтар мен аудандар, ал айнымалы құраушысы – персонал мен материалдар. Сұраныс өзгерген жағдайда өндіріс көлемі де өзгереді, ал ол қолданылатын өндірістік ресурстардың барлық түрлері көлемінің өзгерісіне әкеледі.
Қуат өндірістік ресурстарды қамтығандықтан, өндірістік ресурстардың өлшем бірлігімен есептелінеді. Өндірістік қуат сұранысқа бағытталғандықтан сұраныс сияқты товарлар (жұмыс, қызмет) бірліктерімен өлшенеді.
Өндіріс тек бір өнім түрін өндірсе, қуат кәсіпорынмен немесе бөлімшелермен өндірілетін өнім бірлігімен өлшенеді, ал түрлі өнім өндірілсе, өнім өндірісіне кеткен жұмыс уақытымен есептелінеді.
“Өндірістік қуат” терминімен бірге “өткізу қабілеттілігі” деген термин қолданылады, бірақ ол кәсіпорынға, цехқа, учаскеге қатысты емес, ол құрал-жабдықтың, станоктың, агрегаттың, станоктар топтарының жұмысына қатысты ең жоғары өнім өндірісін сипаттайды.
Кәсіпорынның өндірістік қуатын есептеу үшін төмендегі бастапқы мәліметтер пайдаланылады:
құрал-жабдықтардың саны, құрамы мен техникалық жағдайы және өндірістік аудандар туралы мәліметтер. Есепке негізгі өндірістің барлық құрал-жабдықтары алынады (соның ішінде жөндеудегі, бұзылып қалған және модернизациядағы жұмыс істемейтіндері де бар);
құрал-жабдықтар өнімділігінің техникалық нормалары және өндірілетін өнімнің еңбек сыйымдылығы. Жаңадан құрылатын кәсіпорындар үшін құрал-жабдықтар өнімділігінің паспорттық нормалары қолданылады, ал әрекеттегі кәсіпорындар үшін – техникалық түсініктемесі бар өнімділік көрсеткіштері қолданылады, олар паспорттық нормалардан төмен болмауы керек;
құрал-жабдықтар жұмысының уақыт қоры мен кәсіпорын жұмысының тәртібі. Есептеулерде құрал-жабдықтар жұмысының ең жоғары мүмкін болатын жоспарлы (тиімді) жылдық уақыт қоры ескеріледі;
өндірілетін бұйымдардың номенклатурасы және олардың бағдарламадағы өзара сандық қатынастары. Есептеулерде өндірілетін өнімнің жоспарлы номенклатурасы мен ассортименті (еңбек сыйымдылығы) пайдаланылады. Орташа жылдық қуатты есептеген кезде өнімнің номенклатурасының өзгерісінің есебінен (еңбек сыйымдылығының азаюы мен арытуы) қуаттың арытуы (төмендеуі) толық мөлшерде ескеріледі.
Кәсіпорынның өндірістік қуаты негізгі (алдыңғы қатардағы) өндірістік бірліктердің: цехтардың, учаскелердің қуатымен анықталады. Цехтар мен учаскелердің өндірістік қуаты негізгі технологиялық құрал-жабдықтардың: агрегаттардың, жабдықтардың, құрал-жабдықтар топтарының және т.б. қуаты бойынша анықталады.
Алдыңғы қатардағы цехтың өндірістік қуаты (Мц) келесі формуламен есептелінеді
Мц = М1*а1 + М2*а1 + ... + Мn*аn, (5.2)
мұндағы
|
М1, М2, ... ,
Мn
|
-
|
бір типті құрал-жабдық түрінің жылдық
өндірістік қуаты;
|
|
а1, а1, ... , аn
|
-
|
құрал-жабдықтың нақты түрінің саны.
|
Кәсіпорынның өндірістік қуатының пайдалану дәрежесі қуатты пайдалану коэффициентімен (кқ.п.) сипатталады
кқ.п. = Qн / Морт, (5.3)
мұндағы
|
Qн
|
-
|
өнім өндірудің нақты көлемі;
|
|
Морт
|
-
|
орташа жылдық өндірістік қуат.
|
Өндірістік қуаттың түрлері: ену, шығу, жобалық және орташа жылдық. Ену қуаты деп ағымдағы жылдың 1 қаңтарындағы немесе нақты күндегі кәсіпорынның (цехтың, учаскенің) өндірістік қуатын қарастырады.
Шығу қуаты (Мш) деп жоспарлы кезең соңындағы кәсіпорынның (цехтың, учаскенің) өндірістік қуатын атайды, келесі формула арқылы есептелінеді
Мш = Мб + Мқ + Мж + Мт + Мн – Мқжш , (5.4)
мұндағы
|
Мб
|
-
|
кезең басындағы өндірістік қуат;
|
|
Мқ
|
-
|
қуатты құрылыс нәтижесінде енгізу;
|
|
Мж
|
-
|
кәсіпорынды жаңарту салдарынан қуаттың
өсімі;
|
|
Мт
|
-
|
техникалық жағынан қайта жарақтандыру және басқа да шаралардың нәтижесінде қуаттың
арытуы;
|
|
Мн
|
-
|
өнім номенклатурасының (еңбек
сыйымдылығының) өзгерісінің әсерінен қуаттың арытуы (төмендеуі);
|
|
Мқжш
|
-
|
құрал-жабдықтардың шығуының салдарынан
қуаттың төмендеуі.
|
Кәсіпорын (цех, учаске) бойынша әрекетке енгізілген, бірақ игерілмеген қуаттарда өндірістік қуат деп әрекетке енгізілген жобалық қуатты айтады.
Орташа жылдық қуат (Морт.ж.) – есепті кезең немесе жыл ішінде орташа есеппен кәсіпорынның (цехтың, учаскенің) иелігінде бар қуат, ол баланстық тәсілмен анықталады
Морт.ж. = Мб + Σ (Менг* Nенг) / 12 - Σ (Мшығ* Nшығ) / 12, (5.5)
мұндағы
|
Мб
|
-
|
кезең басындағы өндірістік қуат;
|
|
Менг
|
-
|
жыл ішінде әрекетке енгізілген қуат;
|
|
Nенг
|
-
|
әрекетке енгізілген қуаттың пайдаланылған
айлар саны;
|
|
Мшығ
|
-
|
жыл ішінде шығарылған қуат;
|
|
Nшығ
|
-
|
қуаттың шығарылған кезеңінен жыл соңына
дейінгі айлар саны.
|
Достарыңызбен бөлісу: |