Г. К. Ибраева Фармакология,фармакотерапия (оқу құралы) 2019 ж


М етандростенолон – Methandrostenolonum



бет107/153
Дата05.11.2022
өлшемі6,73 Mb.
#156664
1   ...   103   104   105   106   107   108   109   110   ...   153
Байланысты:
Оқу құралы фармакология, фармакотерапия

М етандростенолон – Methandrostenolonum; шығу түрі: табл. 0,005 N100, 1 табл. күніне 2р Қолдануы: әр түрлі ауыр аурулардан кейін әлсірегенде, ауыр жарақаттан, жұқпалы аурудан кейін, сүйек ыдырағанда (остеопорозда), сүйек сынғанда (қалыптасуын тездету үшін), күйгенде, жүрек ишемиялық ауруларында, асқазан ж/е 12 елі ішек жараларында.
Қ арсы көрсеткіштері: жүкті әйелдерге, ерлердің қуық түбі қатерлі ісігінде және жас балаларға қолдануға болмайды.
Феноболин - Phebolinum (Nerobolilum); шығу түрі: ампула майлы ерітінді 1% - 1 мл, 2,5%- 1мл N10, б/е аптасына 1 рет 1-2 мл,
Ретаболил - Retabolilum(Nandrolonum); шығу түрі: ампула майлы ерітінді 5% (50мг) - 1 мл, N10, б/е аптада 1 рет 1 мл,
Қолдануы: ауыр жарақаттан, уыттанудан, жұқпалы аурулардан, ауқымды операциялық араласулардан кейінгі реконвалесценция (сауығу) кезеңінде, созылмалы бүйрек жеткіліксіздігі нәтижесіндегі анемияда (кешенді ем құрамында)
Бүйрек түбі безі гормондарының препараттары және синтетикалық аналогтары

Бүйрек үсті бездері бүйректің жоғарғы бөлігінде орналасқан 2 бөліктен тұрады:


1. Ішкі бөлігі- ми бөлігі.
2. Сыртқы бөлігі – қабықша бөлігі.
Ми бөлігі адреналинді өндіреді, ал қабықша бөлігі кортикостероид гормондарын өндіреді.
Кортикостероид гормондары 3 топқа бөлінеді:
1. Минералокортикоидтар.
2. Глюкокортикоидтар.
3. Жыныс гормондары.
Минералокортикоидтар
Минералокортикоидтар бүйрек үсті бездерінің қабықша бөлігінің гормондары минералдардың алмасуына әсер етеді, негізі калий мен натрийдің алмасуына, бұл гормондар бүйрек түтікшелерінде натрийдің қайта сіңуін жақсартып, калийдің бөлінуін нашарлатады. Минералокортикоидтар тапшылығында натриймен судың организмнен бөлінуі күшейеді және Аддиссон ауруы пайда болады.
Дезоксикокортикостерона ацетат – Desoxycorticosteroni acetas; шығу түрі: табл. 0,005 N50, 1 табл күніне 1 рет, тіл астына, ампула майлы ерітінді 0,5% - 1 мл, N10, б/е 1 мл күнара.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   103   104   105   106   107   108   109   110   ...   153




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет