Г. К. Ибраева Фармакология,фармакотерапия (оқу құралы) 2019 ж



бет77/153
Дата05.11.2022
өлшемі6,73 Mb.
#156664
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   153
Байланысты:
Оқу құралы фармакология, фармакотерапия
2 Презентация 4 сабақ, Қазақстан тарихы Бакина Н. 6 кл, Пиза. Оку сауаттылығы 5-9 сынып, Қмж 13 апта, СОР Математика 5 класс каз
А наприлин – Anaprilinum (обзидан) шығу түрі таблетка 0,01, 0,04
N50 1 таблетка күніне 3 рет, ампула 0,25% -1 мл N 10, тамырға 5% глюкоза ерітіндісімен..
Фармакологиялық әсері: β1β2 – адреноблокаторларды тежеп, жүрек жұмысын сиретіп оттегін қабылдауын төмендетеді, бұл әсері стенокардияны емдеуге қолданады, жүрек автоматизімін төмендетеді, сондықтан аритмияларда қолданады. Бір қалыпта қолданғанда қан қысымын төмендетеді. Қолдануы:  артериялық гипертензияда,тұрақсыз стенокардияда,синустық тахикардияда (соның ішінде гипертиреозда), қарыншаүстілік тахикардияда, жыпылықтағыш тахиаритмияда, қарыншаүстілік және қарыншалық экстрасистолияда, миокард инфарктісінде (систолалық артериялық қысым - 100 мм сын.бағ. артық),бас сақинасында (ұстамалардың алдын алуда)
Жағымсыз әсерлері: әлсіреу, жүрек жұмысының сиреуі, ентікпе, жүрек айну,
іш өту, ұйқы бұзылу.
Атенолол( атенол, атенова) –Atenololum; шығу түрі таблетка 0,1, 0,05, 0,025 N 50, 1 табл. күніне 1 рет,
Қолдануы: аритмияның әр түрлерінде, артериалды гипертензия, стенокардия талмасын алдын алу үшін.
Т разикор (коретал, оксперенолол)-Trasicorum; шығу түрі таблетка 0,02, 0,08 N 20 1 табл. күніне 1-2 рет, әр түрлі аритмия және стенокардияда қолданады, артериалды гипертензияда.


III топ. Реполяризацияны сирететін дәрілер
Бұл топтың дәрілері иондарды тасымалдамайды, қан айналысын жақсартады, коронар қан тамырларын кеңейтеді, жүрек соғуын бәсеңдетеді, оттегін қабылдауын төмендетеді.
Препараттары:
Орнид( бретилат) – Ornidum «Б» тізімі шығу түрі: ампула 5%-1 мл N 10 тері астына, бұлшық етке күніне 2-3 рет
Фармакологиялық әсері: симпатолитикалық әсері бар, сондықтан қан қысымын төмендетеді.
Қолдануы: гипертониялық ауруларда, экстрасистолия, тахикардияда, миокард инфаркта.
Жағымсыз әсері – ортостатикалық колапс туғызады, әлсіздік, бас айналады, құсады, мұрын шырыш қабаты қабынады, жүрек аурады, көру нашарлайды.
Қ арсы көрсеткіштері: гипотония, бас ми қан айналысының бұзылуында, жүкті әйелдерге
Кордарон –(Амиадарон)- Cordaronum – шығу түрі таблетка 0,2 N 60 1 таблеткадан
2 -3 рет күніне, ампула 5% -3 мл N 5 тамырға, тері астына еңгізу.
Фармакологиялық әсері: орнидке ұқсас.
Қолданылуы: созылмалы жүрек кемшіліктерінде, аритмияларға қарсы.
Жағымсыз әсері: аллергиялық реакция диспенсия өзгерістері ОЖЖның қозуы
Қарсы көрсеткіштері: жүрек әлсіздігі, жүкті әйелдерге, демікпеде.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   153




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет