Жағымсыз әсері:бас аурады, организмде жинақталады (кумуляция)
Қарсы көрсеткіштері: бауыр, бүйрек ауруларында.
2. Бензодиазепин туындылары – бұл топ препараттары орталық жүйке жүйесін тыныштандырады, ұйқы туғызады.
Нитразепам – Nitrazepam (Эуноптин, неозепам, радедорм). Шығу түрі: таблетка 0,005 N20 1 таблетка ұйықтар алдында 30 мин бұрын қолданады,ұйқы, 6 сағатқа созылады.
Фармакологиялық әсері – ұйқы туғызады, тыныштандырады, бұлшықетті босатады.
Қолдануы: әр-түрлі жағдаймен ұйқы қашқанда, тыныштандыру үшін, невроздарда.
Ж ағымсыз әсері: бас аурады, үйқы басады, әлсірейді, жүрістің бұзылуы, препаратка дағдылану болуы мүмкін.
Қарсы көрсеткіштері: бұлшық ет босағанда, жүкті әйелдерге, көлік жүргізушілерге. Рогипнол – Rohypnol– шығу түрі: таблетка 0,002 N10, 30 мин бұрын ұйықтар алдында 1 таб. қолданады, әр-түрлі жағдаймен үйқы бұзылғанда
Пиридин туындылары
Ивадал (Золпидем)–Ivadаl – шығу түрі: таблетка 0,01 N10
1 табл. ұйықтар алдында 1 рет. Әр-түрлі жағдайлармен ұйықтамағанда. Қарсы көрсеткіштері:жүкті әйелдерге, бүйрек ауруларында, 15 жасқа дейінгі балаларға қолдануға болмайды.
4. Пирролон туындылары Имован, сомнол ( – Imovanum, Somnolum) таблетка 0,075 N10 1 табл 1 рет қолданады ұйықтар алдында, Әр-түрлі жағдайлармен ұйықтамағанда
Донормил – Donormyl таблетка 0,015 N20 1 табл. 1 рет қолданады ұйықтар алдында, препараттар рецепт арқылы жібереді.
Эпилепсияға қарсы дәрілер – қояншық ауруға Бұл дәрілер эпилепсияға ұстамаларын алдын алады, немесе басады.
Эпилепсия – орталық жүйке жүйесінің созылмалы ауруы үш түрлі ұстама болады: үлкен, кіші, психикалық өзгеріс, эпилепсияда (қояншық ауру) ұстама болады, аяқ қолы тартылып, есінен танып, аузы көпіреді. Ең алғашкы эпилепсияға қарсы дәрі ретінде фенобарбитал қолданған, үлкен ұстамада, ұстаманы басып, үйқы туғызады.
Эпилепсия ұстамасы әртүлі болады: 1.Үлкен ұстамада дененің барлық бұлшық еттері тартылып, есінен танады, аяқ қолы тартылып, аузы көпіреді, ұстамдан кейін ауру көп ұйықтайды.
2. Кіші үстамада бұлшықет тартылмауы мүмкін, бірнеше секунд ауру естен айырылады
3. Психикалық эквиваленттерде аурудың есі бұзылады, біреуге тиісіп, ұрыссып,
нәрселерді қиратуы мүмкін.