Этил спиртімен жедел улану: орталық жүйке жүйесіңің күйзелу белгілері болады, ауыр уланғанда адам есінен танады, сезгіш қабілеті жойылады, бүлшық еттер босайды, рефлекстер жойылады, тыныс алу, жүрек соғу нашарлайды, қап қысымы төмендейді.
Көрсетілетін қөмек: асқазанды зонд арқылы жуады, спирттің улы қасиетін төмендету үшін, венаға 20 % - 500 мл глюкоза ерітіндісін еңгізеді және метоболизм ацидозын калыптастыру үшін 4 % -500 мл натрий гидрокарбонат ерітіндісін еңгізеді. Ауыр уланғанда спиртті ағзадан тез шығару үшін диурезді жеделдету әдістерін қолданады, этил спиртімен уланғанда жиі болатын асқынулар, өкпе қабынуы, сол себептен антибио-
тиктерді қолданады.
Этил спиртімен созылмалы улану: маскүнемдік, адамдар этил спиртін үнемсіз қолданғанда шалдығады, орталық жүйке жүйесінің функциялары қан айналымы, тыныс алу, ас қорыту бұзылады. Ой-өрісі, ми жұмысы өзгереді, ашуланшақ, мінезі тұрақсыз әр түрлі психикалық аурулар туады, маскүнемдерді арнаулы емханада емдейді (наркодиспансер). Емдеу үшін қолданатын препараттар: тетурам, эспераль, лидевин, колме, тетлонг 250 – теріс рефлекстер туғызады: локсу,құсу, бас айналады, көз қарауытады, өлім қалпын туғызады. Маскүнемдікпен күресу үшін қолданады.
Тақырып бойынша өз бетімен дайындалуға арналған сұрақтар Бақылау сұрақтары 1. Наркозға қолданатын дәрілердің орталық жүйке жүйесіне әсер ету реттілігі?
2. Қандай дәрілер ингаляциялық наркозда колданады?
3. Қандай дәрілер ингаляцияға жатпайтын наркозда колданады?
4.Эфир наркозының кезеңдері?
5. Эфир наркозының жағымсыз әселері?
6. Ингаляциялық наркоздың, ингаляцияға жатпайтын наркоздан айырмашылығы?
7. Тиопентал натрий туғызатын наркоздың ерекшеліктері?
8. Калипсол туғызатын наркоздың ерекшеліктері?
9. Этил спирті орталық жүйке жүйесіне қалай әсер етеді?
10. Этил спирті ас қорыту жүйесінің қызметіне қалай өсер етеді?
11. Этил спирті медицинада не үшін қолданады?
12 Этил спиртімен жедел және созылмалы улану белгілері?
13. Маскүнемдікті емдеу шаралары?