Г.М.Қырғызбаева Жоғарғы геодезия
33
Доплер жүйесінің үш нұсқасы бар. Бұл, ең алдымен, ғарыштық
геодезияда қолданылатын ұсыныссыз жүйелер болып табылады. Ғарыштық
аппарат бортында жоғарғы тұрақты генератор жиілілігінен алынатын
радиосигнал бергіші болады. Жер беті станциясы - тірек генератор сигналы.
Жиілікті қолданудағы салыстыру және тірек сигналдар ӛлшенетін жиілікті
бӛлуге мүмкіндік береді, олар подставка жиілігі мен доплер жиілігінің
айырмашылығына тең (тұғырық жиілігі жербеті және Жер серігі генератор
жиілігінің айырмашылығы деп аталады).
Ұсыныссыз жүйелерге қарағанда, ұсынысы бар жүйелерде бір ғана Жер
бетіндегі генератор жиілігі қолданылады, ал ғарыш объектісінде станцияда
қабылданған сигналдарды қайта Жерге жіберетін қабылдағыш жауап бергіші
орнатылады, Жер беті станциялары ұсыныс жиілігін мен жауап сигналын
салыстырады және жиілік ауытқуын ӛлшейді.
ЖЖС сигналдарында қолданылатын жиілікті ӛлшейтін аппаратурамен
доплерлік станциялары жабдықталады, олар ұзақ мерзімді бағдарламаларда
қолданылады.
Мұндай станцияларда жоғары дәлдікті уақыт стандарты болу керек,
олардың жұмысын дәл синхрондау керек. Осымен қоса кӛптеген ӛлшеулерді
ӛңдеу мәселесі туындайды, ӛйткені Жер серігінің горизонттан бір рет ӛтуі
доплерлік жиілікке бірнеше ӛлшеулер береді.
Интегралдау доплер әдісінің идеясы екі соңғы есеп алудың
айырмашылығы доплер сигналының цикл саны үшін екі кезекті
есептеулердің айырмашылығы топоцентрлік арақашықтықтардың екі бір-
бірінен кейін реттік орналасуы ЖЖС-тің орбитада және тұғырықжиілігіндегі
айырмашылығына негізделеді.
3.3 Геодезиялық тораптарды қҧруда GPS-технологиясын қолдану
3.3.1 Геодезиялық тораптарды қҧруда GPS-технологиясымен
жҧмыс істеу тәртібі
Қазіргі уақытта ГЛОНАСС (Ресей), GPS (АҚШ - 24 спутник) және
Галлилео (Европа) дәл навигациялық жүйелері құрылған. Оның әрқайсысы
Жердің 8 спутнигінен тұрады және кез келген уақытта геоцентрлік
координаттарды ӛте жоғары дәлдікте анықтауға мүмкіндік береді.
Осының ішіндегі кӛп функциялы міндетін ғарыш блогі атқарады (9-
сурет). Ғарыштық блокта 24 ЖЖС бар, олар орбитада қатаң тәртіппен
орналастырылған, ӛйткені кез келген уақытта жердің кез келген нүктесінде
тұрып 4 ЖЖС-тен ғана тікелей кӛрініс болу керек. ЖНЖ орбитасының
биіктігі шамамен 20 000 км болуы тиіс, ол әрбір жер серігінен
радиокӛрінушіліктің сипатын ғаламдық тұрғыда қамтамасыз етеді. Мұндай
|