Г. М.Қырғызбаева Жоғарғы геодезия 3


Г.М.Қырғызбаева Жоғарғы геодезия



Pdf көрінісі
бет86/100
Дата29.09.2022
өлшемі1,82 Mb.
#151230
1   ...   82   83   84   85   86   87   88   89   ...   100
Байланысты:
Жограы геодезия оку куралы

Г.М.Қырғызбаева Жоғарғы геодезия 
118 
Бірінші ретті есептері бұл стационарлы емес Жердің фигурасын және 
физикалық ӛріс зерттеу. Қазіргі кездегі геодинамикалық зерттеулер 
астрономиялық-геодезияда Жерді зерттеуді дамытудағы XXI ғасырдың 
болашақтық бағыты болып есептеледі. 
 
 
10.3 Геодинамикалық полигондар 
Соңғы жылдары жер бетінде күшті, кейбір жерлерде аппатты 
геодинамикалық жағдайлардың тіркелгендері белгілі. Бұл жағдайлар 
жерсілкіністер, тау жыныстары мен жер қабаты жарылымдарының 
қозғалысы, жер бетінің шӛгуі сияқты түрде кӛрініс береді. Әсіресе мұндай 
құбылыстар мұнай-газ және тау-кен ӛндіріс орындары күшті дамыған 
аймақтардағы геологиялық ортаның геодинамикалық тәртібінің бұзылуынан 
болады.
1990 жылдары геодинамика мәселелерін шешу үшін Халықаралық GPS 
қызметі (IGS) құрылған болатын. IGS қызметіне ғаламдық тіректік 
геодезиялық торапқа кіретін пункттердегі үздіксіз жерсеріктік бақылауды 
ұйымдастыру 
жауапкершілігі 
жүктелген. 
Мұндай 
мониторинг, 
қарастырылып жатқан пункттерді см-лік және мм-лік дәлділікте жылжуын 
бақылауға арналған. Бұл құрлықтар мен ашық мұхитта орналасқан жеке 
аралдардың пайда болуы нәтижесінде әрқашан жаңарып тұратын қозғалыс 
картасын жасауға мүмкіндік береді. 
Мұндай ақпарат – жердегі референцтік нүктенің нақты орнын анықтауда 
және жер қыртысында жүріп жатқан процестердің тектоникалық 
белсенділігін зерттеу кезінде үлкен қызығушылық танытады. Мұндай 
зерттеулерді жүргізу процесінде зерттелетін аймақтағы «тұрақты» тірек 
нүктелерін теңестіру қажеттілігіне байланысты, маңызды қиындық пайда 
болды. Онда тірек нүктелерге қатысты айқындалған жылжулар тіркеп 
жазылады. Бұл проблема – жеке зерттеулер нысаны болды. 
Жер қабатының қазіргі заманға сай қозғалысы заңдылығын зерттеу 
үшін Қазақстан Республикасының оңтүстік және шығыс ӛңірлерінде 
геодинамикалық полигондарда жыл сайын жоғары дәлдікті геодинамикалық 
ӛлшемдер жүргізіле бастады. Жер сілкінуіне икемділікті ескере отырып, 
республикамыздың барлық аумағы бойынша батыс және орталық ӛңірлерде 
геодинамикалық полигондар (ГДП) құру қажеттігі туды, ӛйткені 
Қазақстанның сейсмобелсенді аумақтары мен Каспий маңы ӛңірлері жоғары 
дәлдікті геодезиялық ӛлшемдермен толық қамтылмаған.
Сол себептен де, біріншіден, Республиканың оңтүстік және шығыс 
ӛңірлерінің жер бетінің қазіргі кездегі қозғалысының зерттеуде, жыл сайын 
геодинамикалық полигондарда жоғары дәлдікті геодезиялық ӛлшемдер 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   82   83   84   85   86   87   88   89   ...   100




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет