Г.М.Қырғызбаева Жоғарғы геодезия 120
бойынша қосымша ӛлшеулер де жүргізіліп отырылды.
2001-2004жж. GPS аппаратуралары арқылы жүргізілген мониторинг
нәтижесінде жер бетінің шӛгуін техногендік және сейсмотектоникалық
құрастыруларға бӛлу әдістемесі апробациядан ӛтіп, «Теңізшевройл»
ӛндіріс орнында іске асты.
Мұндай жеке геодинамикалық полигондағы зерттеулер бүкіл жер шары
шеңберінде жер қыртысының кәзіргі замандағы жылжуын зерттеуге
мүмкіндігік ашады. Ол «статистикалық» геодезиядан «динамикалыққа»
ӛтуге мүмкіндік береді.
Сонымен қатар, мұндай жұмыстар зерттелетін аумақ ӛлшемін әрі қарай
шектеу – ірі инженерлік ғимараттар құрылатын және пайдаланылатын
жердегі, оның аймақтарындағы, ірі қалалардың жер бетінің деформациясын
зерттеуге алып келді. Қалалардағы жер бетінің қауіпті деформациясын
бақылау маңыздылығы ең алдымен, адамның геодезиялық құрылымға
қарқынды әсер етуіне байланысты әр түрлі бұзылулардың артуынан
туындаған. Бұған – жер қойнауын игеру, жерасты суының деңгейін
ӛзгерту, кӛлік ағындарының әсерінен болатын вибрациялардың артуы артуы
жатады. Қалалар мен жеке ӛнеркәсіп объектілеріндегі әр түрлі бұзылулардың
алдын алу мақсатында, мамандандырылған геодинамикалық тораптар құрыла
бастады. Олардың пункттерінде максимальды түрде жетілген дәлділік
деңгейдегі жүйелі жерсеріктік бақылау ұйымдастырылады.
Мұндай тораптарда ӛлшеулер жүргізілген кезде тек мүмкіндігі жоғары
ӛлшеу дәлдігін қамтамасыз ету ғана емес, нақты жылжу мәнін тектоникалық
және техногендік құраушыларға қажеттілігі туады. Бұл мәселерді шешу
үшін де арнайы мониторингтік зерттеулер ұйымдастырылуы қажет.
Сейсмикалық қауіптілікті болжауға қажет мәліметтерді алу үшін
сейсмоактивті аудандарда Жер қыртысының қозғалыстарын зерттеу –
геодинамиканың маңызды мәселелерінің бірі. Жер сілкінісінің
хабаршыларын зерттеу, болжамдақ геодинамикалық полигондар (ГДП) деп
аталатын арнайы полигондарда жүргізіледі. Геодинамикалық полигон
дегеніміз – ол жер бетінің деформациялануын анықтау мақсатымен
геодезиялық, геофизикалық бақылаулардың кешені жүргізілетін арнайы
таңдалған территория.
Жер қыртысының осы күнгі қозғалыстарын геодезиялық әдістермен
(аймақтық немесе жергілікті жерде) зерттеу геодинамикалық полигондарда
жүргізіледі. Үлкен масштабты зерттеулер жүргізілетін территорияларға
қарағанда, геодинамикалық полигондардағы бақылаулар сеймикалық
жағынан қауіпті ( күшті жарылымдары бар, жеке геологиялық блоктардың
түйіскен және т.с.с.) жерлердегі шағын аймақтарды қамтиды.
Геодинамикалық
полигондар
жоғары
сапалы
геодезиялық
және
геофизикалық аспаптармен жабдықталған, олар биіктіктерді, кеңістік