Г. М.Қырғызбаева Жоғарғы геодезия 3


Г.М.Қырғызбаева Жоғарғы геодезия



Pdf көрінісі
бет90/100
Дата29.09.2022
өлшемі1,82 Mb.
#151230
1   ...   86   87   88   89   90   91   92   93   ...   100
Байланысты:
Жограы геодезия оку куралы

Г.М.Қырғызбаева Жоғарғы геодезия 
122 
береді. Полигонның контуры жер сілкінісінің жағдайы изосызықтары (тең 
тербеліс сызықтары) бойынша анықталады. 
Қазіргі 
кездегі 
сейсмикалық 
активті 
аймақтарда 
құрылған 
геодинамикалық 
полигондар, 
қалыптан 
тыс 
жылдамдықтағы 
қозғалыстардың территориясын кешенді зерттеулер жүргізу арқылы 
анықтайды және болжайды. Батыс, Оңтүстік және Оңтүстік-Шығыс 
Қазақстан, оның ішінде Алматы ТМД елдеріндегі ең қауіпті территориялар 
қатарына жатады.
Жер қыртысының осы заманғы қозғалыстарын (ЖОЗҚ), күшті жер 
сілкінудің хабаршыларын зерттеу және ЖОЗҚ бақылаудың әдістемесін 
жетілдіру үшін , Қазақстанда 1971-1972 жылдары Алматы геодинамикалық 
полигонын құрылды. Аймақтық жағынан қарағанда полигон Іле 
Алатауының солтүстік жарының ортасы мен жотасының ең биік бӛлігінің 
Іле тауы арасындағы ойпатына қосылған және Алматы қаласының 
аумағында орналасқан. Полигонның территориясы Алматы, Іле, Боралдай 
және басқа да терең бұзылыстар сияқты үлкен құрылымдық блоктардан 
тұрады, олар одан да жоғары қатардағы геологиялық бұзылыстармен 
байланысқан. 
Блоктардың 
ӛздерінің 
жарылым 
жүйелері 
бар. 
Жарылымдардың ӛзара байланысы мен оның әсерінен жер қыртысы 
қабатының ауысуы аймақтағы тектоникалық бұзылыстардың жүйесін 
құрады және де осы күнгі горизонталь және вертикаль қозғалыстардың 
тәртібін анықтайды.
Алматы геодинамикалық полигонының ерекшелігі – оның пландық 
және биіктік тораптары жер қыртысының осы заманғы қозғалыстарын 
(ЖОЗҚ) зерделеу үшін құрылған. ЖОЗҚ зерттеу – Алматы полигонында 
жүргізілетін, нивелирлік және сызықтық-бұрыштық ӛлшеулерден, еңкіш-
деформографиктік және жерсеріктік бақылаулардан тұратын кешенді 
жұмыстардың бір бӛлігі. 
Бақылау тораптарын таңдау қиын да жауапкершілігі мол мәселе, 
оған полигоннан алынатын барлық мәліметтер тікелей байланысты.
Полигонның нивелирлік торабы меридианальдық трассалар мен 
тұйықталған ендік жүрістердің жүйесінен құрылған және 200 км
2
алдаңды 
алып жатқан 12 полигоннан тұрады. Бұл торап 1967 жылдан бері
нивелирленуде және осы аралықта 20 рет қайталанған ӛлшеулер жүргізілді. 
Іле ойпатының солтүстік жағы мен Дмитриевка аулы арқылы ӛтетін 
ендіктен басталып Кіші және Үлкен Алматы ӛзендерінің шатқалы бойынша 
жүретін Медеу ендігімен аяқталатын нивелирлік сызықтардың жалпы 
ұзындығы 200 км және онда іргелі 200 репер салынған. Нивелирлеу 
жұмыстары 1-кластық жетілдірілген бағдарлама және ЦНИГАИК ұсынған 
әдістеме бойынша жүргізілді (24сурет).




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   86   87   88   89   90   91   92   93   ...   100




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет