Г. Р. Мухтарова1 1Орталық мемлекеттік кино-фото құжаттар және дыбысжазба архиві Алматы, Қазақстан



бет2/9
Дата21.07.2020
өлшемі104,5 Kb.
#63635
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Кілт сөздер: архив, қарым-қатынас, тәжірибе, қор.
Кіріспе. Н.Назарбаев университеті түлектерін құттықтау барысында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев: "Қазіргі әлемде бастапқыда алған біліммен шектеліп қалған адамнан өмір бойы ізденіп оқитын адам озады. Маған университетте Президент болуды үйреткен жоқ. Оны мен үздіксіз білім алу арқылы үйрендім, уақыт талабына жауап беру үшін күндіз-түні әрқашан ізденіс үстінде жүруге тура келді. Есіңізде болсын, кім өзгерістерге дайын болса, сол жеңіске жетеді. Зерттеушілермен, инвесторлармен бір тілде сөйлесетіндер жеңіске жетеді"- деп атап өткен еді. (1)

Техникалық прогресс және әлеуметтік институттардың рөліне қатысты қоғам түсінігінің өзгеруі басқарудың әдістері мен стилін жаңартуды талап етеді. Еңбек құралдары мен жағдайлары өзгерді, бұл қазіргі басшыдан өзі басқаратын кәсіпорынның бәсекеге қабілетті болып, мекеменің жүктелген міндеттерді табысты орындауы үшін үнемі «уақыт тынысын» сезіп, көштен қалып қоймауын талап етітіндігі түсінікті де. Қазіргі басшы өзі басқаратын ұйымның құзыретінен хабардар болуы және бүкіл әлемде өз саласы бойынша дамудың негізгі үрдістерін білуі тиіс. Оған осы саланың кәсіби маманы болу міндет емес, бірақ ол бұл әлеуетті жұмыста пайдаланып, сала бойынша жаңашылдықтың барлығын жұмыс процесіне жылдам енгізуге ықпал етуі тиіс, бұл мекеменің уақыт көшіне ілесіп, бәсекеге қабілетті болу үшін жасалады. Өзінің ұйымын үздік технологиялар мен әдістемелерге бейімдей отырып, оларды қызметкерлердің қызметін ұйымдастыруда қолдана білу, сол арқылы бірлескен командалық жұмыстың тиімділігін арттыру арқылы қоғам игілігіне қызмет етуі шарт.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет