Мәдениет және туризм министрлігінің Ұлттық кітапханасының архиві. Мәдениет және туризм министрлігінің Ұлттық кітапханасының архивінде, грампластинкаларды цифрландыру тәжірибесіне ерекше назар аударылған. Архивте 5000-ға жуық грампластинка бар, олардың көпшілігі 1950-1960 жылдары шыққан, ал ең көнесі 1928 жылғы. Қордағы барлық пластинкалар цифрлық форматқа ауысқан. Түріктің: Зеки Мурен, Сафие Айла, Садеттин Кайнак, Мунир Нуреттин Селжук, Иесари Асым Арсой, Селахаттин Пынар, Мүзеййен Сенар, Хамиет Иужесес сынды атақты әншілері мен композиторларының грампластинкалары жеке каталог болып жарық көрді. Сонымен қатар әйгілі еуропалық композиторлар - Бах, Бетховен, Брамс, Шопен, Лист, Моцарттың шығармалары жазылған грампластинкалар бар.(Фотосурет-6).
Ал ҚР ОМ КФҚДЖ архивіне келетін болсақ аудиоқорда жазбадыбыс құжаттардың түпнұсқалары магниттік пленкадарда, грампластинкаларда, ықшам кассеталарда, DAT-кассеталарда және CD-ROM-да түпнұсқалық жазбаларда сақталған.
2001 жылдан бастап архив ең алдымен магниттік таспадағы аудио құжаттарды цифрландыруды қолға алған. Бүгінде аудио қордың 40 пайызы цифрландырылған. «Асыл мұра» жобасы аясында 2001 жылдан бастап 2009 жылға дейін 15 дискі және тиражы 1000 дана болатын диск альбомдары жарық көрді, 2004 жылы «Мәңгілік сарын» жобасы аясында «Қазақ күйлерінің антологиясы» жарық көрді, 2009, 2010 жылдары «Мәдени мұра» жобасы аясында «1000 күй» және «1000 ән» альбомдары шығарылды.
Бүгінде архив барлық магниттік таспада және грампластинкалардағы дыбысжазбаларға салыстырмалы сараптама жүргізуді жоспарлап отыр. Аудио жазбалардың аннотацияланған каталогын дайындап, жеке орындаушылар немесе тақырыптарға арналған дисктердің коллекциялық каталогтарын шығармақпыз. Мысалы, Қазақ радиосының Алтын қорынан архивке өткізілген ертегілер, белгілі қазақ жазушылары, ақындарының дауыстары және т.б.
Достарыңызбен бөлісу: |