«YERTAD» Түркия Республикасының тарихы мен мәдениеті қауымдастығы. «YERTAD» Түркия Республикасының тарихы мен мәдениеті қауымдастығы 2007 жылы құрылған және түркі әлемінің мәдени мұрасын сақтаумен айналысады. «YERTAD» мәдени және білім беру мекемелерімен, әр түрлі елдердің қоғамдық ұйымдарымен ынтымақтастық жасайды, әртүрлі халықаралық мәдени жобаларға қатысады. Бұл мекеменің негізгі халықаралық жобаларының бірі - Түркі әлемінің Отырар электронды кітапханасын құруы және оның жұмысын жүргізуі. Қазіргі уақытта қауымдастық кітапханасының қорларында әлемнің 70 000-нан астам сирек кітап басылымдары, қолжазбалар, түрлі елдердің мерзімді басылымдары қамтылған. Бірлестік директоры Низаметтин Айкуртпен кездесу барысында бірлескен көрме өткізу, архив материалдары негізінде альбомдар, каталогтар шығару мәселелері талқыланды.
«YERTAD» қауымдастығының архивінде негізінен осман тілінде Османлы сұлтандары мен қазақ хандарының жазысқан хаттары (1200 бірлік) сақталғанын атап өткен жөн. Бұл құнды архивтік материалдардың сандық және қағаз көшірмелері Қазақстан Республикасы орталық мемлекеттік кино- фотоқұжаттар және дыбысжазбалар архивіне тапсырылды. Бұл құжаттар өз кезегінде кино-фото құжаттар және дыбысжазбалар архивінен Орталық мемлекеттік архив қорына тапсырылды. (Фотосурет-5) Ал, 2019 жылғы 25-26 қыркүйекте «YERTAD» қауымдастығының басшылары архивке ресми сапармен келіп, екі мекеме өзара келісім-шартқа қол қойды. «YERTAD» қауымдастығы Туркияда өткізілген қазақ халқының тарихына, мәдениетіне байланысты ісшараларға арналған 500 ге жуық фотоқұжаттарды архив қорына тапсырды. 1920 жылы Туркияның екі қаласында ҚР ОМ КФҚДЖ архивінің қоры негізінде Қазақстанның қалаларының тарихына арналған көрме ұйымдастыру жоспарланды.
Достарыңызбен бөлісу: |