Г. Р. Мухтарова1 1Орталық мемлекеттік кино-фото құжаттар және дыбысжазба архиві Алматы, Қазақстан


"Көк Ту" қазақ мәдениеті қауымдастығы



бет7/9
Дата21.07.2020
өлшемі104,5 Kb.
#63635
1   2   3   4   5   6   7   8   9
"Көк Ту" қазақ мәдениеті қауымдастығы. Түркиямен ынтымақтастықтың тағы бір күтпеген және бейресми бағыты менің "Көк Ту" қазақ мәдениеті қауымдастығының төрайымы Ләззат Мұқсатова-Мулазимоғлымен кездесуім болды. Түркиядағы қазақтардың өмірі, мәдениеті мен тарихына қатысты құжаттар мен материалдарды жинау туралы әңгіме өрбіді.

Ләззат Мұқсатова-Мулазимоғлы Талдықорған қаласының тумасы. Музыкалық училищені бітірген. К. Байсейітова атындағы Қазақ ұлттық консерваториясында, Құрманғазы халық аспаптар факультетінде қобыз мамандығы бойынша оқыды. 1992 жылы «дирижерлау» мамандығы бойынша оқуды жалғастыру үшін Түркияға көшіп келді. 1993 жылы Хаджеттепе Университетінің консерваториясына оқуға түсіп, көп ұзамай «Жібек жолы» көркемөнерпаздар ансамблінің құрамында өнер көрсетуге шақыру алды. Биылғы жылдың мамыр айында «Көк ту» қауымдастығының құрылғанына бір жыл болды. Осы уақыт ішінде қазақ мәдениетін дамытуға байланысты көптеген шаралар өтті – Наурыз мерекесі, Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнін мерекелеу, концерттер, кездесулер, көрмелер мен жәрмеңкелер ұйымдастырылды. (Фотосурет-8) Болашақта қазақ тілін ғана емес, Қазақстан тарихын, оның мәдениетін таныту, қазақ ас үй үйірмесін, домбыра мен дәстүрлі қолөнерді үйрету курстарын ашу жоспарлануда.

Кездесу қорытындысы бойынша ҚР Орталық мемлекеттік кино-фотоқұжаттар мен дыбыс жазбалар архивінің қоры "Көк Ту" қазақ мәдениеті қауымдастығының құрылу тарихы, қызметі, Түркиядағы қазақ диаспорасының өмірі туралы фотосуреттермен толықтырылды.

Қорытынды:Тәжірибе алмасу бойынша Түркия Республикасының архивтеріне іссапар нәтижесінде ҚР ОМ КФҚДЖ А-нің қоры Қазақстан мен Түркия арасындағы тарихи-мәдени байланыстар бойынша аудиовизуалды құжаттарымен толықтырылды. Болашақта Түркиядағы қазақ халқы өкілдерінің өміріне байланысты аудиовизуальды құжаттарды топтастыру көздері анықталды. Екі елдің өзара қарым-қатынасының қазіргі тарихы мен Түркиядағы қазақстандық диаспора өмірінің архивін қалыптастыра отырып, ынтымақтастықты тереңдету қажеттігі нақты анықталды. ҚР ОМ КФҚДЖ А-нің техникалық жабдықталуы көп жағдайда түрік архивтерінен кем емес, тіпті кейбір кезде артықта, дегенмен деректі фильмдер каталогтарын және грампластинкалар каталогтарын құруда Түркия Республикасының архивтерінің тәжірибесін біздің архивімізге де енгізу қажет. Бұл бағытта жұмыстар қолға алынып, екі елдің архив және басқа мәдени мекемелерінің арасында ынтымақтастық келіссөздер жүргізілуде.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет