Г. ТӨРТҚарина, Е. АҚылжанов, Н. Толқынбаев



Pdf көрінісі
бет11/14
Дата15.01.2020
өлшемі1,37 Mb.
#55900
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14

 
Ескерту:  Араб  халықтары  аты-жөндерімен  келетін  ибн  сөзі  кіші 
әріппен бөлек жазылады: Әмір ибн Кулсум, ибн Халдун, ибн Сина, Тарафа 
ибн әл-Абд. 
Араб  атауларында  келетін  демеуліктер  де  алдыңғы  сөзден  бөлек,  ал 
өзінен  кейінгі  сөзден  дефис  арқылы  жазылады:  жами  ат-тауарих,  әл-
Маджмағу л-илмий («ғылым академиясы» деген мәндегі тіркес), Катиб әл-
Хамаса (Батырлар туралы кітап). 

 
125 
Түркі,  парсы  т.б.  халықтар  есімдерінің  соңында  келетін  паша,  бей, 
бек, заде, оглы сияқты тұлғалар да дефис арқылы кіші әріппен жазылады: 
Турсун-заде, Нахас-паша, Измаил-бей, Абдулла-бек. 
Түркі, монғол хандары есімдерінің соңында келетін хан сөзі дефиссіз 
бөлек  жазылады  (ал  орыс  жазуында  бұл  дефис  арқылы  таңбаланады): 
Шыңғыс  хан  (орысша  –  Чингис-хан),  Тәуке  хан  (орысша  –  Тауке-хан), 
Жәңгір хан (орысша – Джангир-хан). 
 
42.  Реттік  сан  есімдер  цифрмен  жазылса,  өзіне  қатысты  сөзбен 
араларына  дефис  қойылады:  7-сынып  (жетінші  сынып),  15-үй  (он  бесінші 
үй),  50-километр  (елуінші  километр).  Кейде  реттік  сан  есім  жасайтын  
ншы,  -нші,  -ыншы,  -інші  жұрнақтары  көрсетіліп  жазылуы  мүмкін,  ондай 
жағдайда да дефис сақталады: 7-нші сынып, 15-інші үй, 50-інші километр. 
Айды,  жылды  көрсететін  цифр  мен  ай  атын  білдіретін  сөз  және  жылы 
деген сөздердің арасына дефис қойылмайды: 8 наурыз, 1 қазан, 1987 жыл. 
 
43.  Шылаулар,  негізінен,  бөлек  жазылады:  Қалам  да,  қарындаш  та 
үстел үстінде жатыр. Қалам мен қарындаш үстел үстінде жатыр. Мен 
әрі қаламмен, әрі қарындашпен жазамын. 
Бөлек  жазылатын  шылаулар  мыналар  (алфавит  тәртібімен):  ал, 
алайда, әйткенмен, әрі, әлде, басқа, бері, бұрын, бірақ, біресе, бірде, гөрі, 
ғана  (қана),  ғой,  дағы  (сан  дағы),  да  (де,  та,  те),  дегенмен,  дейін,  және, 
жуық  (жүзге  жуық),  екеш  (бала  екеш  бала  да  түсінеді),  кейін,  қабат, 
қарай, қаралы (жүз қаралы), қатар, құй, құйт, ма (ме, ба, бе, па, пе), мен 
(бен,  пен),  менен  (бенен,  пенен),  мейлі,  не  болмаса,  немесе,  онда  да, 
өйткені,  сайын,  себепті,  сондықтан,  сияқты  (секілді,  сықылды),  соң, 
сынды, туралы, түгіл, шақты, шамалы, ше, шейін, үшін, я, я болмаса, яки. 
 
44.  Да  (де,  та,  те)  шылаулары  бірақ,  әлі,  тағы,  сондықтан,  сонда, 
әйтсе, сөйтсе, және, қандай, сірә деген сөздермен жанаса қолданылғанда, 
олардан  бөлек  жазылады:  бірақ  та;  әлі  де  (болса),  тағы  да  (айтарым), 
сондықтан да, сонда да, әйтсе де, және де, қандай да болса, сірә да (Сірә 
да, бұл сөзіңіз естен кетпес. М. Әуезов). 
(Аудармашыға көмек. Аударманың көкейтесті мәселелеріне арналған 
әдістеме. - Астана, 2005.) 
 
 
 

 
126 
Ә қосымша 
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МИНИСТРЛІКТЕРІ, 
АГЕНТТІКТЕРІ МЕН БАСҚА ДА ҰЙЫМДАРДЫҢ ТОЛЫҚ 
ЖӘНЕ ҚЫСҚАРТЫЛҒАН АТАУЛАРЫНЫҢ 
ТІЗБЕСІ 
Толық атауы 
Қысқартылған атауы 
Әріптік қысқарту 



 
Министрліктер 
 
Қазақстан Республикасы 
Әділет министрлігі 
 
Қазақстан Республикасы  
Ішкі істер министрлігі 
 
Қазақстан Республикасы 
Индустрия 
және 
сауда 
министрлігі 
 
Қазақстан Республикасы 
Денсаулық сақтау министрлігі 
 
Қазақстан Республикасы 
Сыртқы істер министрлігі 
 
Қазақстан Республикасы 
Мәдениет 
және 
ақпарат 
министрлігі 
 
Қазақстан Республикасы 
Қорғаныс министрлігі 
 
Қазақстан Республикасы 
Білім және ғылым министрлігі 
 
Қазақстан Республикасы 
Қоршаған 
ортаны 
қорғау 
министрлігі 
 
Қазақстан Республикасы 
Ауыл 
шаруашылығы 
министрлігі 
Әділетмині 
 
 
Ішкіісмині 
 
 
Индустриямині 
 
 
 
Денсаулықмині 
 
 
Сыртқыісмині 
 
 
Мәдениетмині 
 
 
 
Қорғанысмині 
 
 
Біліммині 
 
 
Қоршағанортамині 
 
 
 
Ауылшармині 
 
 
ӘдМ 
 
 
ІІМ 
 
 
ИСМ 
 
 
 
ДСМ 
 
 
СІМ 
 
 
ММ 
 
 
 
ҚорМ 
 
 
БҒМ 
 
 
ҚОҚМ 
 
 
 
АШМ 
 
 

 
127 
Қазақстан Республикасы 
Көлік  және  коммуникациялар 
министрлігі 
 
Қазақстан Республикасы 
Еңбек  және  халықты  әлеуметтік 
қорғау министрлігі 
 
Қазақстан Республикасы 
Қаржы министрлігі 
 
Қазақстан Республикасы 
Экономика 
және 
бюджеттік 
жоспарлау министрлігі 
 
Қазақстан Республикасы 
Энергетика  және  минералдық 
ресурстар министрлігі 
 
Қазақстан Республикасы 
Төтенше жағдайлар министрлігі 
Көліккоммині 
 
 
 
Еңбекмині 
 
 
 
Қаржымині 
 
 
Экономикамині 
 
 
 
Энергетикамині 
 
 
 
Төтенше жағдайлар 
ККМ 
 
 
 
ЕХҚМ 
 
 
 
ҚарМ 
 
 
ЭЖМ 
 
 
 
ЭМРМ 
 
 
 
ТЖА 
 
Агенттіктер 
 
Қазақстан Республикасы 
Мемлекеттік 
материалдық 
резервтер жөніндегі агенттігі 
 
Қазақстан Республикасы 
Мемлекеттік 
сатып 
алу 
жөніндегі агенттігі 
 
Қазақстан Республикасы 
Көші-қон 
және 
демография 
жөніндегі агенттігі 
Мемматрезерв 
 
 
 
Мемсатыпалу 
 
 
 
Көші-қон агенттігі 
 
 
ММРА 
 
 
 
МСА 
 
 
 
ҚДА 
 
 
 
Ұлттық компаниялар 
 
«ҚазМұнайГаз 
ұлттық 
компаниясы» 
Жабық акционерлік қоғам 
 
«КЕGОК» 
электр 
желілерін 
басқару  жөніндегі  қазақстандық 
компания»  ашық  акционерлік 
«ҚазМұнайГаз» 
 
 
 
«КЕGОК» 
 
 
ЖАҚ 
 
 
 
ААҚ 
 
 

 
128 
қоғамы 
 
«Қазақстан  темір  жолы»  ұлттық 
жабық акционерлік қоғамы 
 
«Азық-түлік 
келісім-шарт 
корпорациясы» жабық  
акционерлік қоғамы 
 
«Қазатмопром»  ұлттық  атом 
компаниясы  жабық  акционерлік 
қоғамы 
 
«Қазақтелеком» 
ашық 
акционерлік қоғамы 
 
«Хабар 
агенттігі» 
жабық 
акционерлік қоғамы 
 
 
«Қазақстан 
темір 
жолы» 
 
«Азық-түлік 
келісімшарт 
корпорациясы» 
 
 
«Қазатомпром» 
 
 
 
«Қазақтелеком» 
 
 
«Хабар агенттігі» 
 
 
ҰК ЖАҚ 
 
 
ЖАҚ 
 
 
 
ҰАҚ 
ЖАҚ 
 
 
ААҚ 
 
 
ЖАҚ 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

 
129 
Б қосымша 
ҚЫЛМЫСТЫҚ-АТҚАРУ ЖҮЙЕСІ КОМИТЕТІНІҢ 
БАСҚАРМАЛАРЫ МЕН ДЕРБЕС БӨЛІМДЕРІНІҢ ТОЛЫҚ 
ЖӘНЕ ҚЫСҚАРТЫЛҒАН АТАУЛАРЫ 
Толық атауы 
Қысқартылған атауы 
 
Қылмыстық-атқару 
жүйесі 
комитеті 
 
Штаб басқармасы 
 
Сотталғандардың 
еңбегін 
ұйымдастыру басқармасы 
 
Жедел басқармасы 
 
Режим,  қадағалау  және  күзет 
басқармасы 
 
Тәрбие 
жұмысы 
жөніндегі 
басқармасы 
 
Қаржы-экономикалық басқармасы 
 
Медициналық  қамтамасыз  ету 
басқармасы 
 
Құқықтық  қамтамасыз  ету  және 
халықаралық 
ынтымақтастық 
басқармасы 
 
Тергеу изоляторлары және арнайы 
есеп басқармасы 
 
Қылмыстық-атқару 
инспекцияларына  басшылық  ету 
басқармасы 
 
Ақпарат  және  жұртшылықпен 
байланыс бөлімі 
 
Мемлекеттік тілді дамыту бөлімі 
Өзіндік қауіпсіздік бөлімі 
ҚАЖ комитеті 
 
 
ШБ 
 
СЕҰБ 
 
 
ЖБ 
 
РҚжКБ 
 
 
ТЖБ 
 
 
ҚЭБ 
 
МҚБ 
 
 
ҚҚжХЫБ 
 
 
 
ТИжАЕБ 
 
 
ҚАИББ 
 
 
 
АжЖББ 
 
 
МТДБ 
ӨҚБ 

 
130 
Қылмыстық-атқару 
жүйесі 
комитетінің басқармасы  
 
Бұқаралық ақпарат құралдары 
 
Республикалық 
мемлекеттік 
кәсіпорын 
 
 
ҚАЖКБ 
 
 
БАҚ 
 
РМК 
 
 
  
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

 
131 
В қосымша  
ТЫҢДАУШЫЛАРДЫҢ БІЛІМІН ТЕКСЕРУГЕ АРНАЛҒАН 
ТЕСТ ТАПСЫРМАЛАРЫ 
1. 
«Қазақстан 
Республикасындағы 
тіл 
туралы 
Қазақстан 
Республикасы Заңының» шыққан жылын көрсетіңіз. 
А) 1996. 
В) 1998. 
С) 1997. 
D) 1995. 
Е) 1993. 
 
2. Ресми, іс қағаздар тілінің ерекшелігін белгілеңіз. 
А) Газет-журнал, әдеби-сын мақалалар тілінің стилі жатады. 
В) Барлық стильдердің элементтері кездеседі. 
С) Жалпы халыққа белгілі, сөйлеу тілінің аясындағы сөздер жатады. 
D)  Ой  күрделі  баяндалып,  анықтама,  дәлелдеме  және  формулаларға 
негізделеді. 
Е) Факті дәл көрсетіліп, бір ізбен жүйелі жазылады.  
 
3. Сақталу мерзіміне қарай құжаттардың түрлерін көрсетіңіз. 
А)  10  жылдан  жоғары  тұрақты  мерзімге  сақталатын  және  10  жылға  дейін 
уақытша сақталатын. 
В)  15  жылдан  жоғары  тұрақты  мерзімге  сақталатын  және  15  жылға  дейін 
уақытша сақталатын. 
С)  5  жылдан  жоғары  тұрақты  мерзімге  сақталатын  және  5  жылға  дейін 
уақытша сақталатын. 
D)  1  жылдан  жоғары  тұрақты  мерзімге  сақталатын  және  1  жылға  дейін 
уақытша сақталатын. 
Е)  20  жылдан  жоғары  тұрақты  мерзімге  сақталатын  және  20  жылға  дейін 
уақытша сақталатын. 
 
4. Құжаттың жеке құрамды бөлігінің аталуын көрсетіңіз. 
А) Деректеме. 
В) Формуляр. 
С) Мәтін. 
D) Бұрыштама. 
Е) Жарлық. 
 
5. Мазмұны жағынан бұйрықтардың екі түрге бөлінуін көрсетіңіз. 
А) Белгілеуші және жарлық бұйрықтар. 
В)  Негізгі  қызмет  бойынша  және  жеке  қызметкерлер  құрамы  бойынша 
бұйрықтар. 
С) Нормативті және жекелік бұйрықтар. 
D) Констатациялық және өкімдік бұйрықтар. 
Е) Төтенше жағдайға байланысты және арнайы бұйрықтар. 
 
 

 
132 
6. Нұсқаудың түсінігін көрсетіңіз. 
А) Ақпараттық-әдістемелік немесе ұйымдастырушылық сипатқа ие құжат. 
В) Басқарудың шұғыл мәселелері бойынша шығарылатын құқықтық акт. 
С) Қандай да бір болмасын фактіні не оқиғаны сипаттап растайтын құжат. 
D)  Белгілі  бір  адамды  біліктілік,  кәсіптік  тұрғыда  сипаттап  жазатын  іс 
қағазы. 
Е) Келіп түскен іс қағаздарының бұрышына жазатын мекеме басшысының 
қысқаша нұсқауы. 
 
7. Формуляр-үлгінің түсінігін көрсетіңіз. 
А)  Авторы  өзінің  өміріне  қатысты  мәліметтерді  хронологиялық  тәртіппен 
құрастыратын құжат. 
В) Құжаттың негізгі деректемесі. 
С) Құжаттың жеке құрамды бөлігі. 
D)  Іске  асқан  бір  фактіні,  мысалы,  ақша  не  басқа  бір  қымбат  дүниені 
алғанын растайтын құжат түрі. 
Е) Құжаттың бірыңғай пішімге түскен моделі. 
 
8.  Бұйрықтың  өкімдік  бөлігінің  жеке  жолға  қандай  сөзден  бастап 
жазылатынын көрсетіңіз. 
А) «ҚАУЛЫ ЕТЕМІН». 
В) «КЕЛІСЕМІН». 
С) «АНЫҚТАДЫМ». 
D) «БҰЙЫРАМЫН».  
Е) «ҚАБЫЛДАНСЫН». 
 
9. Баяндау хаттың түсінігін көрсетіңіз. 
А) Ұйым басшысына қандай да бір мәселені жан-жақты қамтып баяндаған, 
қорытынды, ұсыныстар жасаған құжат. 
В)  Қызметкердің  қандай  да  болмасын  бір  жарлықты  орындамау  немесе 
тәртіп бұзу себептерін түсіндірген құжат түрі. 
С) Қандай да болмасын бір фактіні не оқиғаны сипаттап, растайтын құжат. 
D)  Бірнеше  лауазымды  адамдардың  белгілі  бір  фактіні  не  оқиғаны  растап 
қол қойған құжат түрі. 
Е)  Ақпарат  беру  әдісі  жағынан  бірдей,  әр  түрлі  мазмұндағы  құжаттардың 
жалпы түрдегі жинақтама атауы. 
 
10. Үзіндінің түсінігін көрсетіңіз. 
А) Телеграф арқылы берілетін жедел сипатты құжат. 
В)  Құжат  жоғалған  кезде  берілетін  құжаттың  түпнұсқасымен  күші  бірдей 
көшірмесі. 
С) Құжаттың қажетті бөлігінің мәтіні өзгертілмей жазылған, қолға берілетін 
нұсқасы. 
D) Келіп түскен іс қағаздарының бұрышына жазатын мекеме басшысының 
қысқаша нұсқауы. 
Е)  Жеке  адамның  өмір  жолы  хронологиялық  тәртіпте  қысқаша  жазылған 
ресми құжат. 
 

 
133 
11. Талап арыз ... түрде беріледі. 
А) қатаң; 
В) ауызша; 
С) ресми; 
D) еркін; 
Е) жазбаша. 
 
12.  Белгілі  бір  адам  туралы  мәліметтер  ықшам  әрі  нақты  түрде 
берілетін іс қағазының түрін көрсетіңіз. 
А) Өтініш. 
В) Түйіндеме. 
С) Өмірбаян. 
D) Анықтама. 
Е) Нұсқау. 
 
13. Қолхаттың түсінігін көрсетіңіз. 
А)  Тараптар  арасында  қандай  да  бір  қатынастардың  орнауы  туралы 
келісімді белгілейтін және реттейтін құжат. 
В)  Қандай  да  бір  жағдайды  хабарлау  үшін  немесе  қандай  да  бір 
міндеттердің орындалмағанын ескерту үшін жіберілетін іс қағазының түрі. 
С)  Сенім  білдірілген  тұлғаға  сенім  білдіруші  атынан  қандай  да  бір  іс-
әрекетті жүзеге асыруға құқық беретін құжат. 
D) Белгілі бір деректі дәлелдейтін, растайтын, сипаттайтын құжат. 
Е) Белгілі бір құндылықтардың алынғанын куәландыратын ресми құжаттың 
бірі. 
 
14.  Мына  сөйлемнің  іс  қағаздарының  қай  түрінде  кездесетінін 
белгілеңіз: 
«Сенім»  нотариалдық  кеңсесі  кеңесші-заңгер  қызметінің  бос  орнына 
конкурс жариялайды. 
А) Хабарламахат. 
В) Түйіндеме. 
С) Хабарландыру. 
D) Анықтама. 
Е) Өтініш. 
 
15. Өмірбаянның таза қағазға қолмен, кейде арнайы бланкке нешінші 
жақта жазылатынын көрсетіңіз. 
А) Үшінші жақта. 
В) Бірінші жақта. 
С) Төртінші жақта. 
D) Екінші жақта. 
Е) Бейтарап жақта. 
 
16. Стильдің анықтамасын белгілеңіз. 
А)  Өмірдің  белгілі  бір  саласында  қолданылып,  тарихи  қалыптасқан  тілдік 
құралдардың жүйесі. 
В)  Жеке  адамның  өмір  жолы  хронологиялық  тәртіпте  қысқаша  жазылған 

 
134 
ресми құжат. 
С) Белгілі бір деректі дәлелдейтін, растайтын, сипаттайтын құжат. 
D) Тілдің қолдану заңдылықтарын зерттейтін ғылым. 
Е) Басқару қызметіндегі негізгі бір сала. 
 
17.  Жеделхаттың  мәтінінің  сөзі  қанша  сөзден  аспауы  керектігін 
белгілеңіз. 
А) 300. 
В) 100. 
С) 50. 
D) 30. 
Е) 10. 
 
18. Сөйлем қай іс қағазында кездеседі? 
Маған қойылған сұрақтардың мән-жайы бойынша жауап беремін. 
А) Арызда. 
В) Баянатта. 
С) Анықтамада. 
D) Түсініктемеде. 
Е) Іссапар куәлігінде. 
 
19. Жеделхаттың анықтамасын белгілеңіз. 
А) Басқарудың шұғыл мәселелері бойынша шығарылатын құқықтық акт. 
В)  Телефон  я  радио  арқылы  телефонограмма,  радиограмма  ретінде 
жеткізілетін жедел сипаттағы құжат. 
С)  Белгілі  бір  тұлғаның  өз  өкілеттігі  мен  құқығының  екінші  бір  тұлғаға 
берілгенін жазбаша растайтын іс қағазының бір түрі. 
D) Ұйым басшысына қандай да бір мәселені жан-жақты қамтып баяндаған, 
қорытынды, ұсыныстар жасаған құжат. 
Е) Телеграф (телетайп) арқылы берілетін жедел сипатты құжат. 
20. Қызметтік мінездеменің қандай жағдайда жазылатынын көрсетіңіз. 
А)  Қызметкердің  атқарып  отырған  қызмет  орнына  лайық,  лайық  еместігін 
анықтау мақсатында жазылады. 
В)  Қызметкерді  объективті  әрі  нақты  мінездеу  қажет  болған  жағдайда 
жазылады. 
С) Қызметкерді басқа жұмысқа ауыстыру үшін жазылады. 
D)  Қызметкерді  белгілі  бір  жетістігі  үшін  марапаттаған  жағдайда 
жазылады. 
Е) Қызметкерді жоғары лауазымға тағайындау үшін жазылады. 
 
21. Бұрыштаманың түсінігін белгілеңіз. 
А)  Қызметкерлер  мен  жұмысшылардың  еңбек  қызметін  растайтын  негізгі 
құжат. 
В)  Баянаттың  кімнің  атына  жазылғанын  көрсететін,  жоғарыда  оң  жақта 
орналасқан бөлігі.  
С)  Іске  асқан  бір  фактіні,  мысалы,  ақша  не  басқа  бір  қымбат  дүниені 
алғанын растайтын құжат түрі. 
D) Келіп түскен іс қағаздарының бұрышына жазатын мекеме басшысының 

 
135 
қысқаша нұсқауы. 
Е) Ақпараттық-әдістемелік немесе ұйымдастырушылық сипатқа ие құжат. 
 
22. Түсініктеменің ұғымын белгілеңіз. 
А)  Белгілі  бір  құндылықтардың  алынғанын  куәландыратын  ресми 
құжаттың бірі. 
В) Ұйым басшысына қандай да бір мәселені жан-жақты қамтып баяндаған, 
қорытынды, ұсыныстар жасаған құжат. 
С) Қандай да бір болмасын фактіні не оқиғаны сипаттап растайтын құжат. 
D)  Бірнеше  лауазымды  адамдардың  белгілі  бір  фактіні  не  оқиғаны  растап 
қол қойған құжат түрі. 
Е)  Қызметкердің  қандай  да  болмасын  бір  жарлықты  орындамау  немесе 
тәртіп бұзу себептерін түсіндірген құжат түрі. 
 
23. ҚР ӘдМ ҚАЖ комитеті іс қағаздарын мемлекеттік  тілде жүргізуге 
қашан көшірді? 
А) 2003 жылы. 
В) 2005 жылы. 
С) 2006 жылы. 
D) 2004 жылы. 
Е) 2000 жылы. 
 
24.  Тараптар  арасында  қандай  да  бір  қатынастардың  орнауы  туралы 
келісімді белгілейтін және реттейтін құжат:   
А) өтініш. 
В) еңбек келісімі. 
С) келісімшарт. 
D) сенімхат. 
Е) қолхат. 
 
25. Сөйлем қандай құжат үлгісіне тән: 
Іс  жүргізу  бойынша  Нұсқаулық  2005  жылдың  10  қаңтарынан  бастап 
енгізілсін. 
А) Талап арызға. 
В) Өтінішке. 
С) Анықтамаға. 
D) Бұйрыққа. 
Е) Сенімхатқа. 
 
26. Әдеби тілдің анықтамасын белгілеңіз. 
А) Әдеби тіл – жалпыхалықтық тіл. 
В) Әдеби тіл – ғылымдар тілі. 
С) Әдеби тіл – сөйлеу тілі көшірмесі. 
D) Әдеби тіл – терминдер тілі. 
Е) Әдеби тіл деген – ауызша сөйлеу. 
 
27. Ұйымдық-өкілеттік құжаттар іштей: 
А) типтік, үлгілік, жекелік қалыпты болып төртке бөлінеді. 

 
136 
В) ішкі, тысқы, жалпы, жарғылық болып төртке бөлінеді. 
С) ұйымдық, құқықтық, коммерциялық болып үшке бөлінеді. 
D) жазба, графикалық, акустикалық болып үшке бөлінеді. 
Е) ұйымдық, өкілеттік және анықтама-ақпараттық болып үшке бөлінеді. 
 
28. Сенімхат қанша дана болып дайындалады? 
А) 5 дана. 
В) 3 дана. 
С) 2 дана. 
D) 4 дана. 
Е) 1 дана. 
 
29. «Атқарып отырған қызметіне лайық». Сөйлем қандай мінездемеге 
тән? 
А) Қызметтік мінездемеге. 
В) Жеке мінездемеге. 
С) Жалпы мінезедемеге. 
D) Аттестациялық мінездемеге. 
Е) Функционалдық мінездемеге. 
 
30. «Резюме» терминінің мағынасын анықтаңыз. 
А)  «Қызметтік  құжаттарды,  хаттарды  жазарда  есте  болатын  кейбір 
жағдайлар» деген мағына береді. 
В) «Жазушының немесе жеке шығарманың тілі» деген мағына береді. 
С) «Дыбысталуы бірдей, бірақ мағынасы әр басқа» деген мағына береді. 
D) «Хаттың аяқ жағына қол қою» деген мағына береді. 
Е) «Айтылған я жазылған мәселенің қысқаша түйіні» деген мағына береді. 
 
31. Мінездеменің көлемі қанша беттен аспауы керектігін белгілеңіз. 
А) 1. 
В) 2. 
С) 3. 
D) 5. 
Е) Жарты. 
 
32. «Тыңдалды», «Жарыссөз», «Қаулы» сөздері қай іс қағазына тән. 
А) Хаттама. 
В) Бұйрық. 
С) Қаулы. 
D) Баянат. 
Е) Анықтама. 
 
33. «Стиль» терминінің мағынасы: 
А) «Дыбыстау мүшелері» деген мағына береді. 
В) «Дұрыс жазамын» деген мағына береді. 
С) «Сөздің айтылуы» деген мағына береді. 
D) «Жазу құралы» деген мағына береді. 
Е) «Емле белгілері» деген мағына береді. 

 
137 
34. Мінездеменің жазылу әдісін белгілеңіз. 
А) Көркем әдебиет тілінің стилінде көркемделіп жазылады. 
В) Ғылыми стильде бірінші жақта жазылады. 
С) Ресми стильде бейтарап тонмен жазылады. 
D)  Саяси-публицистикалық  лексиканы  қолданып,  жай  сөйлемдермен 
жазылады. 
Е) Ауызекі сөйлеу тілі стилінде, түсінікті, жеңіл тілде жазылады. 
 
35. Іс қағаздар стиліне: 
А) Әр түрлі газет, журнал материалдары жатады. 
В) Әр түрлі ғылыми конференция жинақтары тілі жатады. 
С) Әр түрлі мекемелерде жүргізілетін жазу үлгілері жатады. 
D) Әр түрлі кітаптардан жасалған аударма үлгілері жатады. 
Е) Жалпы халыққа белгілі, сөйлеу тілінің аясындағы сөздер жатады. 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет