Г. ТӨРТҚарина, Е. АҚылжанов, Н. Толқынбаев


 Өмір бойына бас бостандығынан айыру өлім жазасы емес



Pdf көрінісі
бет13/14
Дата15.01.2020
өлшемі1,37 Mb.
#55900
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14

 
2. Өмір бойына бас бостандығынан айыру өлім жазасы емес  
Қазақстан  Республикасында  жүргізіліп  жатқан  құқықтық  реформа 
біздің елімізде негізгі заң – Конституцияға сәйкес келетін демократиялық, 
зайырлы,  құқықтық  мемлекет  құруға  бағытталуы  тиіс.  Адам  және 
азаматтардың құқықтары мен бостандығын іске асыруды қамтамасыз ету, 
атап  айтқанда,  қылмыстық  сот  ісін  жүргізуде,  қылмыстылықпен  күрес 
саласында  мемлекеттің  қызметтің  одан  әрі  ізгілендіруге  бағытталған 
кешенді  заңнамалық  шараларды  қабылдаудың  қажеттілігі  біздің 
мемлекеттің қызметіндегі басты бағытқа айналған. 
Қазақстан соңғы жылдары қылмыстық жазаны либерализациялау және 
ізгілендіруге деген курсты бірізділікпен жүргізіп келеді. 
Алдымен  соттарға  жазаны  өлім  жазасы  түрінде  тағайындау 
практикасын  азайтып,  өлім  жазасына  мораторий  енгізіп,  одан  әрі  оны 
толығымен алмастыру жазасын барынша кең қолдануға әкелді. Бұл ереже 
Қазақстан  Республикасы  ҚК-нің  48-бабының  4-тармағымен  негізделіп, 
адам  өміріне  қол  сұғатын  аса  ауыр  қылмысты  жасағаны  үшін  өлім 
жазасының  баламасы  ретінде  өмір  бойы  бас  бостандығынан  айыруды 
тағайындайды.  Өмір  бойынан  бас  бостандығынан  айыру  өлім  жазасынан 
кейінгі ең қатал жаза болып табылады. Осыны ескере отырып, өмір бойына 
бас бостандығынан айыру әйелдерге, сол сияқты 18 жасқа дейінгі қылмыс 
жасаған  жасөспірімдерге  және  үкім  шығару  сәтінде  65  жасқа  толған  ер 
адамдарға тағайындалмайды. 
Ізгілендіру 
ұстанымын 
жалғастыра 
отырып, 
Қазақстан 
Республикасының  Президенті  Н.Ә.  Назарбаев  «2004  жылға  арналған  ішкі 
және  сыртқы  саясаттың  негізгі  бағыттары»  деген  Қазақстан  халқына 
арнаған  өзінің  Жолдауында  өлім  жазасын  өмір  бойы  бас  бостандығынан 

 
148 
айырумен ауыстыра отырып, өлім жазасына мораторий енгізу мақсатында 
ұйымдастырушылық,  материалдық  және  заңнамалық  жағдайды  жасауға 
кірісу  туралы  Үкімет  алдында  тапсырма  қойған  болатын.  Президент 
жүктелген  міндетті  орындау  біздің  елімізге  Еуропалық  қауымдастыққа 
толық құқылы мүше ретінде  енуге мүмкіндік береді, себебі өлім  жазасын 
қолданудан  бас  тарту  аталған  беделді  ұйымға  қабылдаудың  басты 
белгілерінің  бірі  болып  табылады.  Алайда,  өмір  бойына  бас 
бостандығынан  айыруды  тек  өлім  жазасының  баламасы  ретінде  ғана 
қабылдауға  болмайды.  Өмір  бойына  бас    бостандығынан  айыру  бас 
бостандығынан айыру түріндегі жаза  түрлерінің бірі болып, ол Қазақстан 
Республикасының ҚК-нің 39-бабына сәйкес жазаның негізгі түрлерінің бірі 
болып саналады. 
Қылмыстық-атқару  кодексі  (ҚР  ҚАҚ-нің  122-123-бб.)  жазаның  бұл 
түрін  атқарудың  тәртібін  барынша  нақтылай  түседі.  Атап  айтқанда,  онда 
өмір  бойына  бас  бостандығынан  айыруға  ауыстырылған  сотталғандар 
айрықша режимдегі колонияда басқа сотталғандардан бөлек ұсталады деп 
айтылған (Жазаларды орындау №11 қараша 2008 ж.). 
  
3. Еңбек – тәрбие берудің тиімді жолы  
Бүгінде  Қарағанды  облысы  бойынша  ҚАЖ  комитеті  басқармасына 
қарасты Көксу елді мекенінде орналасқан АК-159/9 түзеу мекемесінде 800-
ден аса әйелдер жазасын өтеп жатыр. Олардың әрқайсысы ауыртпалығы әр 
түрлі  дәрежедегі  қылмыстары  үшін  жазасын  өтеуде.  Басым  көпшілігі 
алаяқтық,  ұрлық,  есірткі  заттарын  сақтау,  бұзақылық  қылмыстары  үшін 
жауапқа  тартылған.  Мұндағы  әйелдердің  еңбекке  араласуының 
нәтижесінде  олардың  ауыр  күндері  байқалмай  өтуде  деп  айтуға  болады. 
АК-159/9 
жалпы 
режимдегі 
мекеменің 
өндірістік 
аймағында, 
наубайханада, асханада 200-ге жуық сотталған әйелдер еңбек етуде. Түзеу 
мекемесінің асханасында жазасын өтеушілерден бес аспазшы мен екі ыдыс 
жуушы жұмыспен қамтылған. Ал наубайханада үш-төрт адамнан күндізгі, 
түнгі кезекке бөлініп шығады. Олардың жұмысын қадағалап, нұсқау беріп 
отыратын  арнайы  маман  бар.  Аспазшылар  мен  нан  пісірушілер  осы  істің 
қыр-сырына  жете  таныс,  тәжірибесі  бар  мамандар.  Аспаз  қыздар 
таңертеңнен  бастап  үш  мезгіл  тағам  әзірлеп,  наубайшылар  болса  күніне 
мыңнан аса бөлке нан пісіреді. Өндірілген нан өнімінің жартысы жазасын 
өтеушілердің  өзіне  жұмсалса,  қалғаны  жақын  маңдағы  көрші  ауылдарға 
сатылымға түседі. 
АК-159/9  мекемесінің  аумағында  орналасқан  тігін  цехында  170-тен 
аса  әйел  еңбек  етеді.  Тігін  цехының  ішінде  екі  тоқыма  машинасы 
орнатылған,  онымен  жұмыс  істей  білетін  тоқымашы  қыздар  да  бар.  Олар 
арнайы  тапсырыс  бойынша  жұмыс  істейді.  Осы  күндері  тігіншілер 
қолынан  6660  дана  арнайы  киім,  1000  дана  брезент  костюм  дайындалды. 
Сондай-ақ 
тігіншілер 
күзетшілердің 
арнайы 
киімін, 
ҚАЖ 
қызметкерлерінің  әскери  киімдерін  тігумен  айналысады.  Бүгінде  олар 
Қарағанды,  Павлодар,  Солтүстік  Қазақстан  облыстарының  қылмыстық-

 
149 
атқару  жүйесі  қызметкерлеріне  әскери  киім  тігуге  тапсырыс  алған  (М. 
Қайыртас).  
4. Ертеңін ойлаған ел есірткімен күреседі 
Қазақстан  есірткімен  күрес  саясатын  ТМД  елдерінің  ішінде  ең 
алғашқы  болып  қабылдады.  Еліміздің  экономикалық  әл-қуаты  артқан 
сайын  есірткімен  күрес  қарқынды  жүргізілуде.  Қазіргі  таңда  бұл  дертке 
шалдыққандардың 
басым 
көпшілігін 
жастар 
құрайды. 
Яғни 
нашақорлардың  60%-ын  бірнеше  рет  көзге  түскен  жастар  құрайды.  Ал 
жасырын  түрде  есірткі  қолданып  жүрген  жастар  қаншама?  Нашақорлық 
жеңе  алмайтын  құштарлық  түріне  ие  бола  отырып,  психикалық  және 
физикалық  тәуелді  құбылыстарын,  психоактивті  заттарды  қайта-қайта 
қолданудың ұдайы қажеттілігімен сипатталады. 
Ішімдік  пен  есірткіге  бой  алдырған  сотталғандарды  емдеу  мен 
бақылауды реттейтін құжаттар: ҚР ДСМ мен ҚР ӘдМ бірлескен 2004 жылғы 
25  мамырындағы  «ҚР  Әділет  органдарының  тергеу  изоляторларында  және 
түзету  мекемесінде  ұсталатын  тұлғалардың  емдеу-профилакториялық 
саулығын  реттейтін  нормативтік-құқықтық  актілерді  бекіту  туралы»  №145 
бұйрығы, ҚР ДСМ мен ҚР ӘдМ бірлескен 2001 жылғы 11 желтоқсандағы 
«ҚР  ӘдМ  Қылмыстық-атқару  жүйесіндегі  түзету  мекемелерінде 
медициналық 
сипаттағы 
мәжбүрлеу 
шараларының 
ұйымдастыру 
ережелерін бекіту туралы» №155 бұйрығы, ҚР Қылмыстық кодексінің  93-
бабы,  ҚР  Қылмыстық-атқару  кодексінің  16-бабы.  Осы  заңдарға  сәйкес 
бұрынғы  жылдары  ЕЦ-166/ІО  мекемесі  ішімдікке  тәуелді  азаматтарды 
емдеумен  ғана  шектелген болса, қазір 2003 жылдың наурыз айынан бастап 
нашақорлықтан  емдейтін арнайы мекеме болып  отыр. Мекемеге  келіп түскен 
жазасын  өтеушілерді  үш  күн  мерзім  ішінде  психиатр-нарколог  дәрігерлері 
қарайды.  Алғашқы  әңгіме  барысында  дәрігер  науқастарды  мекемедегі  емнің 
жүргізілуімен  ұйымдастырудың  негізгі  ережелерін  таныстырады,  оларды 
диспансерлік  есепке  қояды.  Әрбір  тіркелген  жазасын  өтеушіге 
наркологиялық    ауруларды  диспансерлік  қадағалауды  бақылау      мен 
медициналық    картасы  жүргізіледі.  Бұл  көрсеткіштерді  қараған 
жағдайда  токсикациялық  терапия  жүргізілмейді.  Емдеудің  ұзақтығы  
ҚР  Қылмыстық  кодексінің  93-бабы  және  ҚР  Қылмыстық-атқару 
кодексінің  16-бабы  бойынша  белгіленеді,  яғни  алты  ай  болады.  Түзету 
мекемесіндегі  нашақорларға  ауруларының  күшті  емес  кезеңінде,  негізінен 
есірткі  заттарды  қолданудың  салдарын  жоюға  бағытталған  симптомдық 
терапия өткізіледі. 
Нашақорлықты  емдеудің  дәстүрлі  әдістерін  бірнеше  топқа  бөлуге 
болады: 
Бірінші  -  адам  психикасына  еріксіз  әсер  ету:  кодтау,  наркологиялық 
гипноз, гипнозбен иландыру. 
Екінші  -  ерекше  фармакологиялық  тәсіл,  психофармакологиялық 
заттарды пайдалану. 
Үшінші  -  дәстүрлі,  дәстүрлі  емес  емдеу  әдістері;  инемен  емдеу, 
лазерлік терапия, гомеопатия. 

 
150 
Төртінші  -  салауатты  өмір  сүру  қоғамы,  клубы  сияқты  әр  түрлі 
бірлестіктер және т.б. 
Алайда  тәжірибелік  жағынан  алғанда  бұл  әдістер  нашақорлықтың 
себебін  емдеуге  емес,  оның салдарына бағытталған. Нашақорларға  көмек 
көрсетуде био-психо-әлеуметтік-рухани үлгісін жүзеге асырудың кетпенді 
тәсілдерін  ұсынады.  Осы  үлгі  нашақорлықты  емдеудің  әлемдік 
тәжірибесінде  қабылданып,  оның  іске  асырылуын  бас  бостандығынан 
айырылғандарға  да  пайдалану  көзделген  болатын.  Кешенді  медициналық-
әлеуметтік және социологиялық  гторвлйрдың  нәтижесінде  есірткіге  тәуелді 
адамдардың өз күшіне деген сенімділігі артады, дербес әлеуметтік қызмет 
ету  қажеттілігі,  фрустрациялық  мәселелерді  (науқастың  көзқарасы 
бойынша 
қиын 
шешілмейтін) 
психоактивті 
заттарсыз 
шешуге, 
психоактивті  заттарға  тәуелділікті  жеңу  қалыптасады.  Олар  қоғамға, 
отбасына, кәсіби қызметіне қайтып оралу мүмкіндігіне ие болады.   
Сақтандыру мақсатында мекеменің барлық арнайы құрамы арасында 
санитарлық-таратушылық жұмыстары жүргізіледі. Бұл – ақпараттық білім 
беру сабақтары, үкіметтік емес ұйымдарды тарту мен әңгімелер (тестілеу), 
дәрістер, әр түрлі көрнекі құралдар, бейне және аудио жазбалармен жұмыс 
жасауға  бағытталған  әдістердің  бірі.  Түзету  мекемесі  жағдайларында 
құрамы  үшке  бөлінетін  ақтау  шараларын  өткізуге  болады:  медициналық, 
психологиялық,  әлеуметтік  ақтау.  Медициналық  шаралардан  басқа 
есірткіге 
тәуелді 
азаматтарды 
әлеуметтік-позитивті 
белгілерді 
қалыптастыру  жөніндегі  ақтау  бағдарламаларына  қатыстыруға  дайындау 
қажет.  Бұл  олардың  есірткі  заттардан  бас  тарту,  ақталуға  бағыттау, 
қоғамға  оралу,  рухани  өсудің  алғы  шарттарын  құру  жүйесін 
қалыптастыруға  тәрбиелейді.  Түзеу  мекемесіндегі  нашақорларға 
жасалатын  емдеу-тәрбиелік  ықпалдың  негізінде  жіктелу  мен  даралау 
принциптері пайда болады. Жеке тұлғаға қатысты мінез-құлық ерекшелігі 
күдікшілдік,  регидтілік,  үрейленудің  жоғары  деңгейде  болуы,  өз-өзімен 
болу,  тұлғааралық  қатынастарды  орнатудағы  қиыншылықтарды  реттеуге 
септігін тигізеді. 
Есірткі  заттарын  пайдаланатын  тұлғалар  жас  ерекшеліктеріне  қарай 
бірнеше топтарға бөлінеді:  
Бірінші  топты  14-20  жас  аралығындағы  тұлғалар  құрайды.  Олардың 
психологиялық  ерекшелігі  балалық  шақтан  өткен  соң  сыртқы  орта 
жағдайларының  өзгеруіне  бейімделе  алмау  салдарынан  есірткі  заттарды 
пайдалану болып табылады. 
Екінші  топты  20-30  жас  аралығындағы  адамдар  құрайды.  Мұндай 
адамдарға  материалдық  және  әлеуметтік  жоспарлардың  тым  баяу  жүзеге 
асырылуына наразылық білдіру тән. 
Үшінші  топқа  30-50  жас  аралығындағы  жасы  келген  адамдар  кіреді, 
олардың  сырт  көзге  табысты  адам  ретінде  көрінуі  әбден  мүмкін,  алайда 
өмірге  көңілі  толмау,  қатты  дағдарысқа  ұшырау  салдарынан  есірткі 
заттарын  қолданады.  Есірткіні  қолдану  барысында  ағзаның  барлық 
органдары мен жүйесі зақымданады: орталық жүйке жүйесі – бас миының 

 
151 
қызметінің  бұзылуына  әкеледі,  осыдан  ашушаңдық,  ұйқысыздық,  бас 
аурулары  пайда  болады.  Ауру  адамдарға  тыныштандыратын  дәрі-
дәрмектер  (валерьяна  экстрактісі,  персен,  ұйықтататын  дәрілер, 
новопассит,  Павлов  микстурасы)  беріледі,  физиоемдеу  шаралары-
электросон, бас миының қан айналымын жақсартатын (фезам, пирацетам, 
циннаразин,  аминолон),  бауырдың  зақымдануы  кезінде  -  карсил, 
эсенциале  форте,  аллохол,  ішек-қарын  жолының  зақымдануы  кезінде 
тракта-фестал,  мезим-форте,  панкрим,  альмагель,  беллагин,  но-шпа 
беріледі.  Жүрек-қан  тамырларының  жүйесі  де  тыс  қалмайды,  аурулар 
кардиотропты  дәрі-дәрмектер  –  рибоксон,  валидол,  кордафен,  корвалол 
және  т.б.  алады.  Поливитаминдерді  қабылдау  міндетті.  Осы  уақытта 
наркологиия  және  психиатрия  саласындағы  мамандармен  танылған 
фактіге қарағанда, емдеудің анағұрлым қолданылатын тәсілі топтық және 
жеке курстардан құралатын сансыз әдістемелері бар психотерапия болып 
табылады.  Психотерапия  әдістерінің  бірі  психотерапиялық  әңгіме  болып 
табылады,  онда  алдымен  есірткіні  қолдану  себебі  белгіленеді, 
қалыптасқан қиын жағдайдан шығудың әр түрлі жолдары қарастырылады, 
мүмкіншілікке  қарай  өмірлік  көзқарасы  жорамалданады.  Аурудың 
қайталануының болмауы және емдеу курсының бұзылуы барысында ВКК 
мәжбүрлі емдеуді тоқтату үшін құжаттар әзірленеді.  
Мәжбүрлі  емдеудің  аяқталуы  мен  ұзартылуы  барысында  жасалатын 
медициналық қорытындыда оның нәтижелері белгіленеді, яғни қол жеткен 
тиімділігі, психикалық  және соматикалық күйде  пайда болған өзгерістер, 
есірткі  және  басқа  да  естен  тандыратын  заттарды  қолданудан  бас 
тартудағы  белгіленген  мінез-құлқы.  Мәжбүрлі  емдеуді  тоқтату  туралы 
қолдау  хаттың  сотпен  қанағаттандырылуы  кезінде  олар  диспансерлік 
қадағалау  тобына  ауыстырылады  және  бес  жыл  ағымында  қадағаланады. 
Сонымен  қатар  олар  профилактикалық  емдеу  алады,  онда  негізінен  дәрі-
дәрмекке  емес,  психотерапияға  назар  аударылады.  Ал  белгілеудің  ары 
қарай бекітілуі – есірткісіз өмір деген сөз.   
«Адам  жалғыз  өзі  адаспайды.  Адасудың  қауіптілігі  сонда,  әр  адам 
адасқан кезде өзінің адасуын айналасындағыларға да таратады»  - деп ұлы 
философ  Сенека  айтып  кеткен  екен.  Сондықтан  да  өмірде  өз  жолынан 
адасқандарға қол ұшын беріп, қолдау көрсетіп, көмектесіп келе жатқан ақ 
халатты абзал жандардың еңбегі жана берсін демекпіз (Г. Төлегенова).
 
 
5. Қайта сотталған әйел 
Қазақ  халқының  ұлы  ақыны  Абай  атамыз  «Күллі  адам  баласын  қор 
қылатын  үш  нәрсе  бар,  содан  қашпақ  керек:  әуелі  -  надандык,  екіншісі  - 
еріншектік, үшіншісі - зұлымдық» деп адамдарды сақтандыру мақсатында 
даналық сөзін айтқан екен. Өкінішке орай, өмірде жаза басып зұлымдыққа 
баратындар да аз кездеспейді. 
Зұлымдық  дегеніміз  кең  ұғым,  мәселен,  біреудің  бала-шағасының 
аузынан  ағын  айырып,  жалғыз  сиырын  ұрлап  бас  пайдасына  жарату,  әке 
мен  шешені  баласынан  айыру  немесе  баланы  жетім  қалдырып  өмірін 

 
152 
өксіту,  әйел  адамдарды  жәбірлеу,  айта  берсең  зұлымдық  атаулы  жетіп 
артылады. Зұлымдыққа қарсы күресу бүгінгі күннің еншісіне қалып отыр. 
Республика аумағында ондаған түзеу мекемелері болса, соның жетеуі 
біздің  облыстың  аумағына  орналасқан.  Ал  онда  бүгінгі  таңда  5  мыңнан 
астам адамдар жазасын өтеп отыр. Осы мекемелердің бірі жасөспірімдерге, 
енді бірі әйелдерге арналған. Өз өмірінің болашағына балта шауып, түзеу 
мекемесіне  жазасын  өтегенде  не  таппақ.  Жарайды  өмірде  шалыс  басып, 
сүрінген  екен,  одан  ары  түзеу  жолына  түс.  Алайда  кейбір  жазасын  өтеп 
жатқандардың  ішінде  қайтадан  сол  жерде  қылмыс  жасайтынына  қайран 
қаласың. Сонда олар қандай қылмыстар жасауы мүмкін деген сұрақ туады. 
Оған  бірер  ауыз  сөзбен  жауап  берсек,  түзеу  мекемесінің  әкімшілігіне 
бағынбаушылық, мекеменің ішкі ережесін бірнеше рет бұзу, қоныс аудару 
колониясында  жазаны  өтеуден  жалтару  тәрізді  қылмыстар  кездеседі. 
Сөйтіп,  ондай  жазасын  өтеушілер  үстінен  қылмыстық  іс  қозғалып, 
қайтадан сотталып жатады. 
2002  жылы  осындай  фактілермен  32  қылмыстық  іс  қозғалып,  қайта 
соттауға соттың 20 үкімі шықты. Сотталғандардың ішінде 2 әйел адам бар. 
Атап  айтқанда,  осыдан  бірнеше  жыл  бұрын  қасақана  кісі  өлтіргені  үшін 
Жамбыл облыстық сотының үкімімен ұзақ мерзімге сотталған Сиксай Роза 
есімді  жас келіншек әйелдерге  арналған түзеу  мекемесінде  жазасын өтеп, 
түзелу  жолына  түскенін  дәлелдеген  негізде  ол  қоныс-колониясына 
жіберілген.  Адам  аласы  ішінде  демекші,  Сиксай  Роза  жазаны  өтеу 
жеңілдетілген қоныс-колониясына ауысқаннан кейін  ебін тауып  жасырын 
арақ  ішіп,  өзінің  заң  орындарының  бақылауында  екенін  ұмытып,  масаң 
күйде  туған  ауылым  қайдасың  деп  Жамбыл  облысындағы  үйіне  тартып 
кеткен. Мекеме қызметкерлері оған дереу іздеу салады, соның нәтижесінде 
ол  ұсталды.  Қазақстан    Республикасының  Қылмыстық  кодексінің  358-
бабымен  оған қарсы қылмыстық  іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілді. 
Жақында  іс  сот  алқасында  қаралып,  оған  бұрынғы  сот  үкімімен 
тағайындалған  жазаның өтелмеген бөлігін қоса отырып, ұзақ мерзімге бас 
бостандығынан айыруға Қапшағай қалалық соты үкім шығарды. Осылайша 
Сиксай  Роза  екінші  рет  өз  қолымен  өз  өмірін  қор  етіп  қайтадан  жабық 
есікті түзеу мекемесіне қосымша тағайындалған жазасын өтеуге жіберілді 
(Д. Есенжанов, Жазаларлы орындау, 2003 қаңтар-ақпан. №1 (41) 93-бет). 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

 
153 
Ғ қосымша 
 
ҚАЗАҚША-ОРЫСША СӨЗДІК 
А 
Абырой – честь 
Автотұрақ – автостоянка 
Ағымдағы кезең – текущий период 
Адал – честный 
Азамат – гражданин 
Аймақ – зона 
Азаматтық – гражданство 
Айналысу – заниматься 
Айып төлеу – платить штраф 
Ақаулық – брак 
Ақкөңіл – добродушный 
Аққұба – белолицый 
Ақпарат – информация 
Ақша аудару – перевести деньги 
Ақы – плата 
Ақылы – платный 
Ақша аударымдары – денежные переводы 
Ақылдасу – советоваться 
Алып тастау – исключить 
Алдын ала – заранее 
Алқа – 1. цепочка, 2. коллегия 
Алмасу – обмениваться 
Амал – способ 
Анықтама – справка 
Анықтау – определять 
Апта – неделя 
Апталық – еженедельник 
 
Ә 
Әдемі – красивый 
Әдепсіз – невоспитанный 
Әдепті – воспитанный 
Әдетте – обычно 
Әзірге – пока 
Әзірлеу – подготовить, разработать 
Әділ – справедливый 
Әділет – юстиция 
Әділетсіз – несправедливый  
Әдіс – метод 
Әлеуметтік тегі – социальное происхождение 

 
154 
Әңгіме – рассказ 
Әңгімелесу – собеседование 
Әрекет – действие 
Әрең – еле-еле 
 
Б 
 
Баға – цена 
Бағдарлама – программа 
Бағдарламашы – программист 
Бағыт – направление 
Баж – пошлина 
Байланыс – связь, контакт 
Байланысты – связано 
Байланыс орнату – устанавливать связь 
Бақылау – контроль 
Барлық – все 
Басқосу – саммит, совещание 
Баспа – 1. издательство, 2. ангина 
Баспалдақ – лестница 
Бастау – начинать 
Бастама – инициатива 
Бастамашыл – инициативный 
Бастапқы – начальный 
Бастапқы баға – стартовая цена 
Бас тартау – отказываться 
Басшылық – руководство 
Батылдық – смелость 
Белгі – знак 
Белгілеу – отмечать 
Белгілі – известный 
Белгісіз – неизвестный 
Белсенді – активный 
Берекелі – экономный, бережливый 
Биыл – в этом году 
Бойынша – по 
Болашақ – будущий, перспектива 
Болжам – прогноз 
Болып табылады – является 
Бос – свободно 
Босату – освободить 
Бос қызмет орны – вакансия 
Бөлу – выделить 
Бума – кипа, связка 
Буын – сустав 

 
155 
Бұзу – нарушить 
Бұйра – кудрявый 
Баяндама – доклад 
Баяндау – докладывать 
Баяу – медленно 
Бедел – авторитет 
Бейне – образ 
Бейнелеу – изобразить 
Бейнетаспа – видеокассета 
Бекіту – утвержать 
Бұрыштама – виза, резолюция 
Былтыр – в прошлом году 
Былтырғы – прошлогодний 
Біліктілік – квалификация 
Білдіру – дать, знать, выразить 
Білім – знание 
 
Ғ 
 
Ғажап – чудесно 
Ғаныш – гипс 
Ғимарат – здание 
Ғаламшар – планета 
Ғылыми – научный 
Ғасыр – век 
Ғұмырнама – мемуары 
 
Д 
 
Дағдылану – развивать навыки 
Дайындау – подготовить 
Дайындық – подготовка 
Дамыту – развивать 
Дана – экземпляр 
Дастархан мәзірі – меню 
Дау – спор 
Дауыс беру – голосовать 
Даярлау – подготовить 
Дәлелдеу – доказать 
Дәреже – степень 
Дәріс – лекция 
 

 
156 
Е 
 
Егу – сеять, прививать 
Еңбекқор – трудолюбивый 
Ел – страна 
Елеулі – значительный 
Емдеу-сауықтыру – лечебно-оздоровительный 
Емес – не 
Емтихан – экзамен 
Емхана – поликлиника 
Еншілес құрылым – дочерняя структура 
Ең – самый 
 
Ж 
 
Жабдық – оборудование 
Жабу – закрыть 
Жабық – закрыто 
Жағажай – пляж 
Жағдай – условие, обстоятельство 
Жалақы – зарплата 
Жақында – недавно 
Жалқау – ленивый 
Жалпақ – плоский 
Жамандық – плохое 
Жанар-жағармай – горюче-смазочные масла 
Жандандыру – активизировать 
Жан-жақты – со всех сторон 
Жаңаша – по-новому 
Жарасып тұр – к лицу, идет 
Жәрдемақы – пособие 
Жеделхат – телеграмма 
Жеке тұлға – физическое лицо 
Жеке куәлік – удостоверение личности 
Жеке құрам – личный состав 
Жеке меншік – частная собственность 
Жеке іс парағы – личный листок 
Жекешелендіру – приватизация 
Желдеткіш – форточка 
Жеңіл – легкий 
Жеткізілім – поставка 
Жеңілтек – легкомысленный 
Жеңімпаз – победитель 
Жергілікті – местный 
Жер тайғақ – гололед 

 
157 
Жетекші – 1. ведущий, 2. руководитель 
Жету – дойти, достичь 
Жарғы – устав 
Жарғылық – уставной, уставный 
Жарым – половина 
Жарыссөз – прения 
Жариялау – объявить, опубликовать 
Жарлық – указ 
Жаттығу – упражнение 
Жауап – ответ 
Жауап беру – отвечать 
Жауапкершілік – ответственность 
Жауапты – ответственный 
Жаяу – пешком 
Жәрдем – помощь 
Жуынатын бөлме – ванная комната 
Жұбай – супруг\а 
Жұқа – тонкий 
Жұлу – вырвать 
Жұмсақ – мягкий 
Жұмыс беруші – работодатель 
Жұмыс күшін тарту – привлечение рабочей силы 
Жұмыссыз – безработный 
Жұмысшы – рабочий 
Жұтыну – глотать 
Жүзеге асыру – осуществить 
 
З 
 
Заң – закон 
Заңгер – юрист 
Заңды түрде – законно 
Заңнама  - законодательство 
Зауыт  - завод 
 
И 
 
Ие – хозяин 
Иелену – обладать 
Иегер – кавалер 
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет