36. «Таныстым», «Келісемін», «Қарсы емеспін» сөздері қандай іс
қағазына тән?
А) Түйіндемеге.
В) Бұрыштамаға.
С) Жеделхатқа.
D) Бұйрыққа.
Е) Мінездемеге.
37. Талап арызды ... жазады.
А) жауапкер;
В) талапкер;
С) төраға;
D) хатшы;
Е) басшы.
38. Мүлікті пайдалану үшін берілетін сенімхаттардың жарамдылығы:
А) 2 жыл.
В) 3 жыл.
С) 4 жыл.
D) 5 жыл.
Е) 1 жыл.
39. «Құжат» - латын тілінде:
А) «Әдіс», «Жеткізу тәсілі» деген мағына береді.
В) «Сенемін», «Растау үшін» деген мағына береді.
С) «Құқық», «Жазу ережесі» деген мағына береді.
D) «Куәлік», «Дәлелдеу тәсілі» деген мағына береді.
Е) «Сөз», «Айту мәнері» деген мағына береді.
40. «Тілдерді қолдану мен дамытудың 2001-2010 жылдарға арналған
мемлекеттік бағдарламасы» бекітілген жыл:
А) 1998.
В) 2001.
138
С) 1990.
D) 1995.
Е) 1986.
41. Ғылыми стильдің лексикасындағы ерекшелік:
А) Мұнда барлық стильдердің элементтері кездеседі.
В) Қоғам өмірі үшін маңызды мәселелерді талқылау деген үғымда
жұмсалады.
С) Сөз тек өзінің негізгі мағынасында жұмсалады.
D) Сөйлеудің ауызша формасымен тығыз байланысты.
Е)
саяси-публицистикалық
лексиканың,
әкімшілік
терминдердің
қолданылуы басым келеді.
42. Акт дегеніміз:
А) үміткер туралы объективті мәліметтер беретін құжат түрі.
В) қандай да бір болмасын фактіні не оқиғаны сипаттап растайтын құжат.
С) бірнеше лауазымды адамдардың белгілі бір фактіні не оқиғаны растап
қол қойған құжат түрі.
D) қызметкердің іскерлік қабілетін, моральдық сапасын танытатын құжат.
Е) қызметкерлер мен жұмысшылардың еңбек қызметін растайтын негізгі
құжат.
43. Анықтаманың заңдық күші:
А) қызметкердің суретімен бекітіледі.
В) бастықтың қолымен бекітіледі.
С) ұйымның мөрімен бекітіледі.
D) комиссия шешімімен бекітіледі.
Е) хаттама қаулысымен бекітіледі.
44. Талап арыз келісім талаптары ... жағдайда жазылады.
А) жазылмаған;
В) аяқталған;
С) өзгерген;
D) орындалмаған;
Е) жоғалған.
45. Төлемақы алу үшін берілген сенімхаттардың жарамдылығы неше
ай?
А) 3 ай.
В) 6 ай.
С) 2 ай.
D) 5 ай.
Е) 1 ай.
46. Мекеменің ішкі іс қағаздарына:
А) мекеменің қызмет барысында өзге ұйымдармен хат алмасу іс қағаздары
жатады.
В) мекемеге басқа ұйымдар мен мекемелердің келіп түскен іс қағаздары
139
жатады.
С) мекеменің қызмет ету барысында, оны құжаттау процесінде мекеме
ішінде дайындалған іс қағаздары жатады.
D) мекеменің құпия белгісі қойылған іс қағаздары жатады.
Е) мекеме басшысы бұйрығымен дайындалатын іс қағаздары жатады.
47. Өмірбаян әдетте:
А) оқу бітіру, еңбекте жеткен табыстары үшін марапаттау кезінде
жазылады.
В) баланың тууы туралы куәлігін алу, некеге тұру кезінде жазылады.
С) қызмет бабымен жоғарылату, диплом беру кезінде жазылады.
D) оқуға түсу, жаңа қызметке орналасу кезінде жазылады.
Е) қызметтік мінездеме әзірлеген кезде жазылады.
48. Талап арыз бойынша іс ...
А) орындалады.
В) жасалады.
С) қозғалады.
D) қарастырылады.
Е) беріледі.
49. Кәсіпорын жұмысын ұйымдастыру, қаржыландыру, жоспарлау
сияқты өндірістік мәселелерді шешуге бағытталған бұйрықтар:
А) негізгі қызмет бойынша бұйрықтар деп аталады.
В) жеке құрам бойынша бұйрықтар деп аталады.
С) арнайы бұйрықтар деп аталады.
D) төтенше жағдайға байланысты бұйрықтар деп аталады.
Е) күнделікті мәселелерге байланысты бұйрықтар деп аталады.
50. «Қабылдансын», «Жүктелсін», «Тағайындалсын» сөздері қандай іс
қағаздарына тән?
А) Өтініш.
В) Бұйрық.
С) Баянат.
D) Хаттама.
Е) Сенімхат.
51. Арнайы бұйрықтар көбіне:
А) Қаржы-экономикалық мәселелерге байланысты беріледі.
В) Күнделікті болып жататын түрлі мәселелерге байланысты беріледі.
С) Күтпеген оқиғаның етек алуына байланысты беріледі.
D) Жұмыстың жалпы тәртібін реттеуге байланысты беріледі.
Е) Уақытша қызметкердің міндетін атқаруға байланысты беріледі.
52. Анықтама көп жағдайда:
А) Қызметкерді басқа бір қызметке я оқу орнына ұсыну мақсатында
беріледі.
В) Нақты бір мәселені шешу мақсатында беріледі.
140
С) Қызметкердің еңбек құқығын қорғауға қосымша кепілдік беру үшін
беріледі.
D) Белгілі бір адамның атқарып отырған қызмет орнына лайықтығын
анықтау үшін беріледі.
Е) Жеке адамға байланысты нақты бір ақпаратты растау үшін беріледі.
53. Іс қағаздарының қай түрі «Құрметті», «Аса қадірлі», «Қымбатты»
деген сөздермен басталады.
А) Жеделхат.
В) Сенімхат.
С) Қолхат.
D) Хабарламахат.
Е) Құттықтаухат.
54. Талап арыз қандай жағдайда жазылады?
А) Келісім талаптары орындалмаған жағдайда немесе келісімде көрсетілген
талаптарды орындаудан бас тартқан жағдайда жазылады.
В) Тараптар арасында қандай да бір қатынастардың орнауы туралы
келісімді белгілейтін және реттейтін құжаттар жоғалған жағдайда жазылады.
С) Тараптардың еңбек құқығы қатынастары туралы келісімді реттеу қажет
болған жағдайда жазылады.
D) Көздеген жұмыс орнына қол жеткізу мақсатында жазылады.
Е) Басшылық тарапынан қызметкерге негізсіз айыптаулар тағылған және
қызметкердің еңбек құқығы бұзылған жағдайда немесе оның еңбекақысы
уақытылы төленбеген жағдайда жазылады.
55. Жеке куәлікті жоғалтып алғанда оның орнын уақытша:
А) Арыз ауыстыра алады.
В) Сенімхат ауыстыра алады.
С) Анықтама ауыстыра алады.
D) Жеделхат ауыстыра алады.
Е) Қолхат ауыстыра алады.
56. Бұйрықтың жауапкершілігі:
А) кадрлар бөліміне жүктеледі.
В) оны дайындаған құрылымдық бөлімшеге жүктеледі.
С) сол құжат дайындалған мекемеге жүктеледі.
D) оған қол қойған лауазымды адамға жүктеледі.
Е) ол ешкімге жауапкершілік жүктемейді.
57. Публицистикалық стильге:
А) газет-журнал тілінің, әдеби-сын мақалалар тілінің, әлеуметтік памфлет,
очерктер тілінің стилі жатады.
В) күнделікті өмірде, тұрмыстық қарым-қатынаста қолданылатын, жалпы
халыққа белгілі, сөйлеу тілінің аясындағы сөздер жатады.
С) жарлық, заң, жарғы т.б. мемлекеттік құжаттар тілінің стилі жатады.
D) әңгіме, повесть, роман, поэзиялық туындылар тілінің стилі жатады.
Е) ғылым салалары тілінің стилі жатады.
141
58. Жеке құрам жөніндегі бұйрықтар:
А) тәрбие жұмысы бөлімінде дайындалады.
В) хатшылық бөлімінде дайындалады.
С) саптық бөлімде дайындалады.
D) кадрлар бөлімінде дайындалады.
Е) кезекшілік бөлімінде дайындалады.
59. Қызметкерлерді құттықтау үшін ... бұйрық беріледі.
А) жеке құжат бойынша;
В) төтенше;
С) негізгі қызмет бойынша;
D) арнайы;
Е) күнделікті мәселелерге байланысты.
60. Құжаттар мазмұнына қарай:
А) қызметтік және ресми-жекелік (атаулы) құжаттар болып бөлінеді.
В) ішкі және сыртқы (кіріс, шығыс) құжаттар болып бөлінеді.
С) жедел және жедел емес (жай) құжаттар болып бөлінеді.
D) ұйымдық-өкімдік, қаржы-есеп, жабдықтау-өткізу құжаттары болып
бөлінеді.
Е) қарапайым, күнделікті қызметте қолдану үшін және құпия құжаттар
болып бөлінеді.
61. Түйіндеме жазуда сіздің мақсатыңыз:
А) өзіңіздің шығармашылық қабілетіңізді, сауаттылығыңызды таныту.
В) жұмыс бабымен жоғары лауазымға қол жеткізу.
С) ойлаған жұмыс орнына қол жеткізу.
D) осы арқылы марапаттау қағазына ие болу.
Е) өз пікірлеріңіздің дұрыстығын басшылыққа ұтымды түрде жеткізе алу.
62. Талап арыз сот ... жазылады.
А) басшысына;
В) хатшысына;
С) төрағасына;
D) иесіне;
Е) комиссиясына.
63. Іс қағаздары мазмұны мен қызметіне қарай:
А) трафареттік және еркін мәтінді деп бөлінеді.
В) түпнұсқалық және көшірмелік деп бөлінеді.
С) жеке адамға қатысты және қызметтік деп бөлінеді.
D) үзінді және толық деп бөлінеді.
Е) ішкі және сыртқы (кіріс, шығыс) деп бөлінеді.
64. Алқалық деген түсінік нені білдіреді?
А) Ресми түрде құрылған, лауазымды адамдар тобынан тұратын
әкімшіліктік, кеңестік немесе өкілеттік ұйым.
В) Мекеменің іс қағаздарының заңға сәйкес жүргізілуін қадағалайтын,
142
тілдерді дамыту жөніндегі басқарма.
С) Ақпараттық-әдістемелік немесе ұйымдастырушылық сипатқа ие құжат.
D) Басқарудың шұғыл мәселелері бойынша шығарылатын құқықтық акт.
Е) Құпия дауыс беру негізінде басшылар құрамынан құрылған әкімшіліктік
ұжым.
65. Бұйрық:
А) танысқан күннен бастап күшіне енеді.
В) жылдың алғашқы күнінен бастап күшіне енеді.
С) жеке құрамға жарияланған кезден бастап күшіне енеді.
D) жазылған күннен бастап күшіне енеді.
Е) қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.
66. Қызметкерлер мен жұмысшылардың еңбек қызметін растайтын
негізгі құжат:
А) өмірбаян.
В) еңбек кітапшасы.
С) түйіндеме.
D) жеке іс парағы.
Е) қызметтік мінездеме.
67. Бос қызмет орны туралы хабарландыруда бірінші не көрсетіледі?
А) байқау мерзімі мен мекеменің мекенжайы;
В) қандай мекеме байқау жариялағаны;
С) үміткерлерге қойылатын талаптар;
D) қандай қызмет орнына жариялайтыны;
Е) қажетті құжаттардың тізімі.
68. Негізгі қызмет жөніндегі бұйрықтар ... мәселелерді шешуге
бағытталады.
А) жедел;
В) мерекелік;
С) төтенше;
D) жеке;
Е) өндірістік.
69. Төтенше жағдайға байланысты бұйрықтар ... реттеу үшін беріледі.
А) жағдайды;
В) шешімді;
С) жұмыс тәртібін;
D) қызмет жауапкершілігін;
Е) кезекшілік қызметін.
70. Талап арыз бойынша заң жүзінде ... қолданылады.
А) талап;
В) іс;
С) өтініш;
D) шара;
143
Е) келісім.
71. Констатациялық бөлікте ... көрсетіледі.
А) кімге жүктелетіні;
В) қабылданған шешім;
С) орындайтын тұлғалар;
D) бұйрыққа негіз болған дерек;
Е) бұйрықтың жалпы сұрақтары.
72. Талап арыз бойынша кім шешім қабылдайды?
А) сот басшысы;
В) сот төрағасы;
С) сот сараптамасы;
D) сот кеңесшісі;
Е) сот талапкері.
Тест сұрақтарының кілттері
1
С
21
Д
41
С
61
С
2
Е
22
Е
42
С
62
С
3
А
23
С
43
С
63
С
4
А
24
С
44
Д
64
А
5
В
25
Д
45
А
65
Е
6
А
26
А
46
С
66
В
7
Е
27
Е
47
Д
67
В
8
Д
28
Е
48
С
68
Е
9
А
29
Д
49
А
69
С
10
С
30
Е
50
В
70
Д
11
Е
31
А
51
А
71
Д
12
В
32
А
52
Е
72
В
13
Е
33
Д
53
Е
14
С
34
С
54
А
15
В
35
С
55
С
16
А
36
В
56
Д
17
А
37
В
57
А
18
Д
38
В
58
Д
19
Е
39
Д
59
Д
20
В
40
В
60
Д
144
Г қосымша
ӨЗ БЕТІНШЕ ОҚУҒА АРНАЛҒАН
МӘТІНДЕР ЖИНАҒЫ
1. Әлем елдеріндегі жаза өтеудің ерекшеліктері
Адамзат дамуының қазіргі сатысы қылмыс жасап сотталғандарды
жазалаудың түпкі мақсаты - адамды түзеуге қол жеткізу үшін қылмыстық-
атқару жүйесін ізгілендіру бағытын таңдаумен сипатталады. Осы орайда
өлім жазасынан бас тарту талабын орындаумен қатар, бас бостандығынан
айырылғандарды ұстау жағдайын ізгілендіру немесе тіпті балама жаза
қолдану қажеттігі әр түрлі беделді халықаралық ұйымдардың сынынан
кейін ғана өмір талабына айналды. Өткен ғасырдың екінші жартысында
түрмеге қамауға балама жаза қолдану бірқатар елдің қылмыстық-атқару
заңнамасының бір бөлігі ретінде орнықты. Бірақ кейде қылмыс
жасағандарды қоғамнан оқшаулауға болмайтын жағдайлар да кездеседі.
Осындай кезде сотталғандардың қоғамға қалыпты адам болып қайта
оралуына назар аударудың маңызы зор.
Америка құрама штаттары
Америкадағы сотталғандар саны шамамен 2100000 миллион
адамды құрайды. Бұл АҚШ Әділет министрлігінің ресми мәліметі.
Сотталғандардың саны жағынан Калифорния, Техас, Флорида мен Нью-
Йорк штаттары алдыңғы орында. Бірақ федералдық түрмелерде 162 мың
адам қамауда отыр, бұл штаттар бойынша бөліп салыстырғаннан артық
көрсеткіш. Бір мың адамға шаққандағы сотталғандар саны жағынан
Америка Құрама Штаттары барлық Батыс мемлекеттерін артқа тастап,
Қытайдан да (онда 1,2 млрд. адамның 1,4 млн. сотталған) озып кетті.
«Түрме тұрғындары» санының артуы қылмысқа қарсы күрестің, әсіресе,
есірткі саудасына қарсы күрестің күшейтілуімен түсіндіріледі. Сонымен
қатар соңғы заң талабына сәйкес үш рет қылмыс жасаған адам өмірлік
қамауға алынуы мүмкін. Түрмелерді ұстау үшін АҚШ үкіметі жыл сайын
40 млрд. доллар қаржы жұмсайды. АҚШ-тағы сотталғандар түрмелерге,
сондай-ақ уақытша оқшаулау орындарына қамалады. Изоляторларда
тергеуде жүргендер мен қысқа мерзімге сотталғандар отырады. Ресей
ғалымдары Америкада әр 100 мың адамға шаққандағы сотталғандар
саны Ресейдегімен бірдей деп тұжырымдайды. Дегенмен АҚШ
түрмелерінде сотталғандарды ұстау жағдайы Ресейге қарағанда анағұрлым
жақсы. Бұл, ең алдымен, тазалық, тамақтану, кітапхана қызметін
пайдалану, серуенге шығу және спорт ойындарына қатысты айтылады.
Яғни, сотталғандар тіршілікке қажетті жағдайдан таршылық көрмейді, тек
сот шешімімен белгіленген жаза мерзімін қоғамнан тыс, түрме
қабырғасында өтейді. Оларды қинайтыны, жаңа заң бойынша американ
түрмелерінде темекі шегуге тыйым салынған.
145
АҚШ түрмелерінде бірнеше адамға есептелген камералармен қатар,
«макси-макси» тұрпатындағы түзеу орындары бар. Бақылау жасаудың
электрондық құралдарымен жабдықталған мұндай орындарда бір адамға
арналған камералар көзделген. Сотталған адам жуынатын жері мен
дәретханасы, серуендеу және жаттығуға арналған алаңы бар камерада
отырады. Бірақ ол басқа адамдармен араласа алмайды. Яғни, ол тән азабын
көрмесе де, қоғамнан оқшауланғандықтан рухани азап шегеді.
Заңгер ғалымдар АҚШ-та өлім жазасын қолдануға тыйым
салынбағанына қатысты алаңдаушылық танытып отыр. Шындығында
Батыстағы өркениетті елдердің ішінде тек АҚШ-та өлім жазасы сақталған.
Дегенмен бұл жаза барлық штатта бірдей қолданыла бермейді. Айталық,
14 штаттың қылмыстық заңнамасында өлім жазасы көзделгенмен, іс
жүзінде бірде-бір рет тағайындалмаған (Канзас, Орегон, Колорадо және
т.б.). Тағы бір штаттарда сот жазаның шекті түрін белгілесе де, ол
баламалы жазаға ауыстырылады (Вайминг, Монтана, Пенсильванияда
соңғы 20 жылда бір-бір адамнан жазаланған). Ал Мэн, Нью-Гемпшир,
Солтүстік Дакота штаттарында бұл жаза мүлдем көзделмеген.
Германия
Германияда қылмыстық жазаны атқару Әділет министрлігінің
құзырында. Ол 1977 жылы күшіне енген Федералдық заңнамамен реттеледі.
Осы елдегі жазаны атқару жүйесінің алдында тұрған басты міндет –
сотталған адамның түрмеден шыққаннан кейін қоғамға бейімделіп, заңды
бұзбай тіршілік етуіне көмектесу. Қылмыстық жазаны атқару туралы заң
ГФР-дің бүкіл аумағы үшін ортақ. Бас бостандығынан айырылғандарды
қоғамға қайта бейімдеу ісінде үлкен жетістікке қол жеткізген жер Солтүстік
Рейн-Вестфалия. Онда Германия халқының 18 пайызы тұрады. Солтүстік
Рейн-Вестфалияда
арнайы
психологиялық
қызмет
құрылған,
сотталғандарды мекемелер бойынша бөліп орналастыратын түрме бар, ол
сонымен бірге диагностикалық орталық қызметін атқарады. Кәмелеттік
жасқа жеткен Германия азаматтары екі жылдан ұзақ мерзімге бас
бостандығынан айыру жазасына кесіліп, соттың үкімі күшіне енгеннен кейін
осы түрмеге жеткізіледі. Ол Хаген қаласында орналасқан.
Хаген түрмесінде заңгер, жұмысқа орналастыру жөніндегі кеңесші,
педагог, психолог, әлеуметтік қызмет адамдары, әлеуметтанушы
ғалымдары, жаза орындау жүйесінің қызметкерлері кіретін арнайы
комиссия жұмыс істейді. Бұл комиссия әрбір сотталғанның тұлғасын алты
апта бойы жан-жақты зерттеп, оны қоғамға қайта бейімдеу үшін қандай
шаралар қолдану тиімді екендігін анықтайды. Тексеру нәтижесінде
комиссия өз ұсынысында сотталғанның мінез-құлқындағы ауытқуды
сипаттап, оны жою үшін қандай жұмыс жүргізу керектігін тұжырымдап
көрсетеді. Сотталған адам жазасын өтейтін жерге жөнелтілгенде осындай
ұсыныс-құжат онымен бірге жіберіледі. Сонымен қатар комиссия сотталған
адамның қай мекемеде жазасын өтегені тиімді екендігін анықтайды. Бұл
146
ретте мекеменің мамандану сипаты мен орналасқан жері назарға алынады (ол
сотталғанның тұрғылықты жеріне жақынырақ болу керек).
Сотталған адамның жазасын өтегеннен кейін қоғамға неғұрлым оңай
бейімделуі үшін ГФР-дің Қылмыстық-атқару кодексінде сотталғанды ашық
үлгідегі түрмеде ұстау мүмкіндігі қарастырылған. Олар бір-екі адамдық
жатақхана бөлмелерінде тұрады. Кез-келген азамат сияқты еркін жалданып,
жұмыс істей алады. Ақша ұстап, шіркеуге бару, кейде туыстарымен не
достарымен бірге қалаға шығып келуіне рұқсат беріледі.
«Өтпелі үйлер» деп аталатын мекемелер сотталғандарды ашық үлгіде
ұстаудың ерекше нысаны болып саналады. Себебі олар ұзақ мерзімге бас
бостандығынан айырылғандарға бостандықта өмір сүруге тезірек
бейімделуге көмектеседі. Ондай мекемелерге жазасын өтеу мерзімінің
аяқталуына 6-12 ай қалған сотталғандар жіберіледі, қадағалау оқтын-
оқтын жасалатын бақылаумен шектеледі. Сотталғандар кәсіпорындарда
жұмыс істейді немесе мектепте оқуы мүмкін. Осы кезеңде олар түрмеде
отырғанына жұмсалатын шығынды толығымен төлеуі және жәбірленушіге
келтірген зиянды өтеуі тиіс.
Франция
Францияның пенитенциарлық жүйесі - Әділет министрлігінің
құрамдас бөлігі, әрі ол «түрме әкімшілігі» деп аталатын әкімшілік органға
тікелей бағынады. Еуропа елдерінің көпшілігі сияқты Франция да өз
азаматтарына бас бостандығынан айыру жазасын және қамауға алу сияқты
бұлтартпау шарасын қолдануға сақтықпен қарайды. Өйткені көп жағдайда
адамды қоғамнан оқшаулау шарасының оны қайта тәрбиелуге не түзеуге
көмектеспейтіні туралы күдік басым болады.
Сондықтан бұл елде сынақ мерзімін белгілеп, шартты түрде
мерзімінен бұрын босату, қоғамдық жұмыстарға тарту, айыппұл салу
сияқты
шаралар
кеңінен
қолданылады.
Бірақ
балама
жаза
тағайындалғандар түрме әкімшілігінің қадағалауында болады. Олардың
саны бас бостандығынан айырылған адамдардан 3 есеге көп. Францияда
сотталғанды бас бостандығынан айыру орындарында ұстаудың орташа
мерзімі 8 ай (ал Ресейде бұл көрсеткіш 3-4 жылға тең), ал тергеу
изоляторында - 4,2 ай (Ресейде - 9 ай). Франция түрмелерінде шартты түрде
мерзімінен бұрын босату тәжірибесі кеңінен қолданылады. Мысалы: 1997
жылы онда 8100 адам шартты түрде мерзімінен бұрын бостандыққа шыққан
(бұл барлық сотталғандардың 37 пайызы).
1996 жылы 6267 сотталған адам жартылай еркін тәртіпке
ауыстырылды. Режимнің бұл түріне сотталғандар түрмеге қону үшін ғана
келеді. Күндіз жұмыс істейді, оқиды немесе қажет болса емделуіне де
болады. Сонымен қатар егер сотталғанның тәртібі жақсы болса, ол жаза
мерзімін жыл сайын 3 айға қысқартып отыру жеңілдігін пайдалана алады.
Ал адам бірінші рет сотталған болса, оған қосымша жеңілдік берілуі
мүмкін, яғни оның жазасы жыл сайын 2 айға қысқарып отырады. Демек
147
тәртібі жақсы болса, ол белгіленген 2 жылдың орнына іс жүзінде 14 айын
ғана түрмеде өткізеді.
Франция түрмелерінде сотталғандардың сыртқа шығуына рұқсат
беріледі. Мысалы: 1997 жылы отбасы жағдайына байланысты 30 169
сотталғанға үйіне барып қайтуға рұқсат берілген, 2 600 адам жұмыс
берушімен кездесу үшін сыртқа шығып келді. Сотталғандардың кәсіби
даярлығына да көңіл бөлінеді. Бұл шараның 80 пайызын Әділет министрлігі
қаржыландырады. Сотталғандардың денсаулық жағдайын қоғамдық
аурухана
қызметі
қадағалайды.
Дәрігерлік
кеңестеме
және
амбулаториялық емдеу орындары барлық мекемеде бар. Сонымен қатар
түрмеде отырғандардың бәрі әлеуметтік сақтандырылған.
«Түрмеге кіріп шығудың ұлттық қауымдастығы», «Бовэден келген
хат», «Оксилия» сияқты үкіметтік емес ұйымдар бас бостандығынан
айыру орындарында отырғандармен қарым-қатынас жасайды. Түрмеге
бақылауды жергілікті органдар, жоғары тұрған түрме органдары, соттар,
соның ішінде Еуропаның Адам құқықтары жөніндегі соты, халықаралық
ұйымдар жүзеге асырады ( «Жазаларды орындау», №5 (31) 2005, баспасөз
беттерінен).
Достарыңызбен бөлісу: |