Дұрыс емес галактикалардың ортасында ядро болмайды және жұлдыздар орналасуында ешқандай симметрия бақыланбайды. Олардың жарықтануы төмен болады.
Пекулярлық галактикалар
Пекулярлық галактикаларда жоғарыда қарастырылған түрлерге жатқызуға мүмкіндік бермейтін кейбір ерекшеліктері болады.
Бір түрге жататын галактикалардың да массасы, жарықтануы және өлшемдері бойынша айырмашылықтары үлкен бөлу мүмкін.
Галактикалардың айқын көрінетін шегі сирен кездеседі, ал ең үлкен спиральді және эллиптикалық галактикаларда жұлдыздар ортасынан 15-20 кпс қашықтықта бақыланады.
Галактикалардың айналатын қасиеті болады, олардың сыртқы бөліктерінің айналу периодының реті жыл.
Егер ергежел галактикаларды есептемесек, галактикалардың орташа массасы Күн массасына тең болады.